Әлеуметтендіру негіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 17:07, реферат

Краткое описание

Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды.

Содержание

І. Кіріспе: «Әлеуметтену ұғымы»
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Тұлғаны әлеуметтендіру.
2.Әлеуметтендіру агенттері.
3.Әлеуметік мәртебе мен рөл.
4.Тұлғаның әлеуметтік қызметі.
ІІІ. Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Әлеуметтендіру.docx

— 34.79 Кб (Скачать файл)

     Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық топ болып саналады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты.

     Вебер әлеуметік іс-әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:

а) ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір  іс-әрекеттің мақсаты мен құрылымының  бір-біріне сәйкестігі көзделеді.

ә) іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс-әрекеттің  басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық) көзделеді.

б) аффективтік, бұл адамның  эволюциялық реакциясына негізделген (аффективия).

в) дәстүрлік (яғни салт-дәстүрлік), мұнда адмның іс-әрекеті белгілі  бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.

      Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.

     Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.

     Басқаша айтқанда, адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізіг себептер – қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.

     Қорыта  айтқанда, тұлғаның әлеуметтенуі топтық тәжірбиенің негізінде іске асады. Шағын және ірі әлеуметтік топтардағы адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінің нәтижесінде адам қоғамда жинақталған білім мен тәжірбиені, ол қалыптастырған құндылықтар мен нормаларды меңгереді. Әлеуметтендіру – ауқымды және күрделі процесс. Ол өзінің табиғатынан әлеуметтік ортамен байланысты, әлеуметтік объектісі және субъектісі тұрақты, адамның үздіксіз және қарқынды әрекеті. Қандай да бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі орны бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің мазмұнын, мәнін құрайды. Сонымен, әлеуметтік рөл дегеніміз, әлеуметтік дүйеде белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс-әрекетінің жиынтығы.

     Әрбір статус бірнеше рөлдерден құралады. Нақтылы статустан шыққан бірнеше рөлдердің қосындысын рөлдер жиынтығы (набор) деп атайды. Әлеуметтік рөл рөлдік тосу, күту, үміт ету және рөлдік мінез-құлық болып екіге бөлінеді.

     Рөлдік тосу, күту, үміт ету (ожидание) – бұл ойын ережесіне сәйкес нақтылы рөлден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рөлдік тәртіп дегеніміз, адамның өзінің рөлі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күнделікті өмірде адам бір рөлді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді.

     Әлеуметтік  рөл – бұл мінез-құлықтың нұсқасы,  қоғамдық жүйедегі және тұлғааралық  қатынастағы тұлғаның объективті  берілген әлеуметтік ұстанымы. Рөлдердің  жиынтығын рөлдік жүйе дейді.  «Рөлдік жиынтық» ұғымын Р.Мертон  анықтады. Әлеуметтік рөлдер адамға  заң немесе басқа да құқықтық  актілер арқылы формальды бекітілуі  мүмкін, және ол көптеген моральдық  тәртіп нормалары арқылы формальды  емес болуы да мүмкін. Әлеуметтік  рөл рөлдік күтіліс пен рөлдік  мінез-құлыққа бөлінеді. Рөлдік күтіліс  «ойын ережесіне» сәйкес рөлді  күтеді, ал рөлдік мінез-құлықты  адам өз рөлінің шеңберінде  нақты орындайды. Адам кез келген  уақытта қайсыбір рөлді өзіне  алғанда онымен байланысты құқықтары  мен міндеттерін нақты түсінетін  болады, әрекеттердің нобайын және  бір ізділігін біледі, сөйтіп  өзінің төңірегіндегі адамдардың  күткеніндей өз жүріс-тұрысын  құрады. Осыған орай қоғам бәрінің  дұрыс орындалуын қадағалап отырады.  Сол үшін әлеуметтік бақылаудың  тұтас жүйесі – қоғамдық пікірден  заң қорғау органдарына дейінгі  және соған сәйкес әлеуметтік  тыйым жүйесі – бетіне басудан,  айыптаушылықтан күштеп тоқтатуға  дейінгі қамтыған.

     Қоғам бұл мәселеде әр уақытта «осылай болу керек» деген қағиданы басшылыққа алады. Осыған сәйкес қоғамда бақылау жүйесі орнаған. Ол қоғамдық пікірден тәртіп сақтау органдарына дейін бар және осыған орай қоғамдық-әлеуметтік санкция жүйесі орнап, қызмет арқарады. Ол адамды ұялтып бетіне басудан (порицание), кінәлаудан, айыптаудан (осуждение), күштеуге дейінгі шараларға барады.

 


Информация о работе Әлеуметтендіру негіз