Әлеуметтану девидианттық әрекеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 12:25, реферат

Краткое описание

Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

алеуметтану и англиский.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

      Жеке  адам мен қоғам арасындағы  әлеуметтік қатынастар әлеуметтік  бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады. 

       Әлеуметтік  бақылау дегеніміз, оның ішінде  құқықтық түрде де реттеу арқылы  әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің  өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.

       Сол  сияқты әлеуметтік бақылау дегеніміз  – ол жеке дара адам мен  (индивидтің) қоғамның, азамат пен  мемлекеттің өзара қатынастарын  реттейтін құрал. Әлеуметтік бақылау шеңберіндегі әлеуметтік қатынас дегеніміз, ол – субъект (адам, адмдардың алуан топтары мен бірлестіктері) мен объектінің (сырт дүниенің), жай ғана қатынасы емес, бұлар әр түрлі сипаттағы элементтердің өзара қарым-қатынастары.

        Сөйтіп әлеуметік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек қана саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль) тарапынан да реттеу болып табылады.

       Әлеуметтік  бақылау – топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды.

       Адамның  іс-әрекеті деп, оның мұқтаждығы  мен алдына қойған мақсатты  жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің  жиынтығын айтамыз. 

       М.  Вебер атап көрсеткендей, адамның  мінез-құлқы деп, оынң іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:

       а)  инстинктивті; ә) қарапайым; б)  әлеуметтік

     Мінез-құлықтың  бірінші және екінші түрі көбінесе  саналы, ерікті емес түріне жатады  да, оның әлеуметтік мәні болмайды.

       Мінез-құлықтың  мұндай түрлерін, психология ғылымы  зерттейді. Екінші жағынан, кейбір  осындай тәртіптің түрлерінде  әлеуметтік жақтар болуы мүмкін (мысалы, білместіктен, байқаусызда  жасалған қылмыстар). Мінез-құлықтың  саналы өз үлгісі тек адамға ғана тән. Ол адамның ақыл-ойының көмегімен еркін бақылауы арқылы іске асырылады. Сондықтан оынң әлеуметтік маңызы және әлеуметтік мәні болады. Мұндайды әлеуметтік мінез-құлық деп санаайды.

       Әлеуметтік  мінез-құлық әр түрлі болады, олар:

а) индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез-құлқы);

ә) ұжымдық – бұл  жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі және іс-әрекет мақсатының бірлігі кезінде  құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары;

б) бұқаралық – бұл  бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен  бұқара тобының мінез-құлқы.

       Жеке адам мінез-құлқының құрылымы үш элементтен тұрады:

а) мотивация, мұқтаждық  пен себеп-дәлелдердің көкейтесті мәселелері;

ә) шешімдер, яғни шешімнің мақсаты, оны іске асырудағы құралдарды іріктеп алу, жоспарлау;

б) іске асыру, өмірге ендіру. Бұл қоршаған ортаға әсер ету, болатын нәтижені талдау, іс-қимылдарды жүзеге асыру.

       Әлеуметтік  мінез-құлықтың өлшемі болып қылық  (поступок) саналады.

       Қылық  – бұл іс-әрекет. Мұның әлеуметтік  маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытында тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі.

        Әлеуметтік тәртіп белгілі бір  әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді.  Ал, мінез-құлық нормаға сәйкес  келмесе, оны ауытқыған (немесе  девиандтық) мінез-құлық дейді. Бұл  ауытқуды әлеуметтанудың арнаулы теориясы – ауытқы мінез-құлқының әлеуметтануы зерттейді.

       Ауытқу  тәртібіне құқық пен мораль  прициптерінен кейін кету, оларды  бұзу жатады.

       Ауытқу  тәртібі еңбек, өндіріс саласында,  жеке адамдар арасында, ұцымдық  қарым-қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.

Қазіргі қоғамдағы  девианттық әрекеттер      

         Девиантты мінез-құлық ( лат. девіатіо - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды. 

               Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

  • қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
  • тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
  • микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

       Девиация  бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.

  • Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

       Девиантты  мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. Жатады.

      Агрессия(лат. агрессіо - шабуыл) - мемлекеттің егемендігіне, саяси тәуелсіздігіне қарсы бағытталған, БҰҰ- ның Жарғысына қайшы келетін тікелей немесе жанама күш қолдану. Агрессия ұғымы 1974 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді. Агрессия белгілі бір мемлекет екінші бір мемлекетке қатысты бірінші болып күш қолданғанда орын алады. Қарулы шабуыл - аса қауіпті түрі. Бірақ агрессия экономикалық, идеологиялық, психологиялық түрлері де кездеседі. БҰҰ-ның Жарғысы агрессияны айыптайды. Қазіргі халықаралық құқық талаптарына сай агрессия актілері үшін жауапқа тартылады. Бұл тұрғыда қолданылатын санкциялар саяси, экономикалық, қылмыстық, өнегелік сипат алуы мүмкін. Агрессияның алдын алу - кез келген мемлекеттің, халықтың, бейбітшілікті сүйгіш демократиялық күштердің басты парызы.

       Демонстрация - [ лат. демон-стратіо - корсету]

  1. Бір нәрсені көпшілік алдында жариялы түрде корсету (кинофильм Демонстрация, көрмедегі өнер туындыларының Демонстрация және т.б.);
  2. Қоғамдық-саяси көңіл-күйді, талаптарды, наразылықтарды, ынтымақтастықты (мерекелік Демонстрация, үкіметке қарсы Демонстрация, соғысқа қарсы Демонстрация, ) көрсететін бұқаралық шеру.
  3. Назар аударту, қолдау немесе қысым көрсету, өз қатынасын білдіру мақсатымен жасалатын әрекет.

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады. 
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.

       Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады. Мысалы:

  1. Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
  2. Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);
  3. Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);
  4. Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру.

       ХХ  ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын  толғандыратын мәселе ол қазіргі  кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.

       Суицид  термині итальян психологы Г.  Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

       Қазіргі  кезде Суицидалогия деп аталатын  үлкен бір ғылыми бағытты бар,  ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында  пайда болып осындай әрекетке  баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.

       Суицидалды  мінез-құлық – адамның саналы  түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін  тұлғаның мінез-құлқының бір түрі  деп есептеді.

       Адамзат  тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті  әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.

       Орта  ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда  өзін- өзі өлтіруші адамдарды  діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.

       Суицидальді  мінез құлықтың белгілі бір  формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел  факторлары болады. Суицидальді  мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік  жолының ерекшелігі де әсер  етеді.

       Әр  бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады, 

       Суицидтың  ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас  аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас  бұрын, суициденттердің көбі дайындық  кезеңі – суицидалды кезеңінен  өтеді, ол адамның бейімделу  қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

       Қазіргі  кездегі жастардың суицидке бару  себебі, олардың өмір тәжірибелерінің  болмауына, олардың алдарына қойған  мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.

       И.П.  Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат  рефлексін» жоғалту деп түсіндірген.  Осыған байланысты ол: «Мақсат  рефлексі әр адамның өмір мәні  және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...» Тек И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген.

       Суицидальді  мінез- құлықтың 5 типі бар:

1) Протест.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

       Суицидалды  мінез-құлық соматикалық, психикалық  ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

       Суицидальді  мінез-құлық тағыда балалар үйінде  және толыққанды емес отбасында  өскен балалар арасында жиі  кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады.

Информация о работе Әлеуметтану девидианттық әрекеттер