Шпаргалки по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 23:13, шпаргалка

Краткое описание

Социология оқшауланбай, басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста дамып келеді. Социология пәнінің анықтамасы ғылым ретінде оның басқа қоғамдық ғылымдардан өзгешелігі неде екендігін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнын неғұрлым дәл анықтауға, сондай-ақ олардың жеке түрлерімен қаншалықты тығыз байланысты екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Қоғамды зерделеуге деген социологиялық көзқарастың ерекшелігін нақты анықтап алу үшін социологияның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылыммен және басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасын және өзара әрекетін қарастырудың маңызы зор.

Вложенные файлы: 1 файл

социология.docx

— 71.22 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтену процесінің мазмұны кез  келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды  сыйлайтын азаматтар болуына (саяси  әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі  ретінде сипаттайды. Алайда, адам әлеуметтену  объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде  адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін  жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен  және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.Девиантты және  делинквенті мінез-құлық

Девиянтты мінез  құлық әлеуметтануы. Концепциялары, принциптері, шығу себептері. “Девианттық мінез-құлық” ұғымы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттық деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады.

Девиантты мінез құлық: негативті, позитивті

Негативті ауытқу белгіл бір, моральдық, құқықтық нормалардан ауытқу. Қоғамға және жеке адамға зиянын келтіреді. Позитивті ауытқу бұл ауытқулар тек қоғамға зиянын келтірмейді, керісінше қарама қарсы қоғамның алға қарай дамуына үлес қосады.

Девиантты мінез қ пайда болуына әсер ететін факторлар: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік педагогикалық, әлеум экономикалық, моральды этикалық.

Девиантты мінез  қ Мертон б/ша топтастырылуы: Компромистер, шатақ шығарушылар, ретроитестер (стандартқа сай өмір сүрушілер), иновация (жаңашыл қоғам бөлігі)

Деликвентті мінез  қ күрделі заң бұзушылықты аңғартады, яғни қылмыстың жауапкершілікке тартылуы.

 

 

 

 

 

11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі

Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда “әлеуметтік стратификация” ұғымы  пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген

Питирим Сорокин кез келген ұйымдасқан әлеуметтік топ әрқашан әлеуметтік стратификацияланған деп есептейді. “Жазық” болатын және барлық мүшелері тең дәрежелі болатын бірде-бір тұрақты әлеуметтік топ болмаған және болмайды да. Қабатталмаған, мүшелері шынайы тең дәрежелі болатын қоғам - ол қиял, адамзат тарихында әлі болып көрмеген нәрсе”. Питирим Сорокиннің стратификациялық теориясының негізгі қағидасы әлеуметтік стратификациялардың нақты ипостасьтары көп және әр алуан болса да, олардың барлық санқырлылығы негізгі үш нысанға: экономикалық, саяси және кәсіптік стратификацияға келіп тірелуінде. Әдетте, бұл үш нысан тығыз байланысқан, жоғары топқа қандай да бір қатысы бар адамдар бұл қабатқа әдетте басқа өлшемдер бойынша да қатысты болады және керісінше.

Осыны басшылыққа ала отырып, П.Сорокин әлеуметтік стратификацияның әрбір нысанын жеке-жеке талдауды ұсынады және оларды былай анықтайды:

1. Егер де қандай да  бір қоғам мүшелерінің экономикалық  мәртебесі тең емес, олардың арасында  байлығы барлар да, жоқтар да болатын болса, онда мұндай қоғам қандай принциптермен, коммунистік немесе капиталистік принциптермен құрылғанына қарамастан экономикалық қабаттануымен сипатталады.

2. Егер де қандай да бір топтың шегінде беделі мен рөлі, атағы мен мәртебесі мағынасында иерархиялық әр түрлі дәрежелер болатын болса, онда бұл берілген топтың өзінің конституциясында немесе декларациясында жариялағанына тәуелсіз саяси жіктелгенін білдіреді.

3. Егер қандай да бір қоғамның мүшелері өз қызметінің, айналысатын шаруаларының түрі бойынша әр түрлі топтарға бөлінген болса, ал кейбір кәсіптер осы ретте басқалармен салыстырғанда неғұрлым мерейлі болып саналатын және қандай да бір кәсіби топтың мүшелері әр түрлі рангтегі жетекшілерге және бағыныштыларға бөлінетін болса, онда мұндай топ бастықтары сайланатынына немесе тағайындалатынына, оларға лауазымдар мұраға қалатынына немесе жеке қасиеттерімен келетініне қарамастан кәсіби жіктеледі.

П.Сорокин өзінің теориясының  көмегімен мынадай сұрақтарға жауап  табуға тырысады: “әлеуметтік ғимараттың биіктігі қандай”, “әлеуметтік конустың табанынан төбесіне дейінгі қашықтық қандай”, “оның беткейлері тік пе көлбеу ме”. Бұл сұрақтардың жауаптары  әлеуметтік стратификацияны сандық бағалауға - “әлеуметтік ғимараттың”  сыртқы көрінісін бағалауға көмектеседі. Оның ішкі құрылымы, оның тұтастығы - сапалық  талдау пәні, ол үшін “ғимараттың ішіне  кіріп, оның ішкі құрылыстарын: қатардың сипаты мен орналасуын, бір қабаттан екінші қабатқа жеткізетін лифтілер мен баспалдақтарды және басқа да бір қабаттан бір қабатқа көтерілу және түсуге арналған құрылғыларды зерделеу қажет”. Басқаша айтқанда, әлеуметтік мобильділік механизмдерін зерттеумен айналысу қажет

 

 

14.Әлеуметтік институттар мен ұйымдар

 Әлеуметтік институттар

Ағылшын әлеуметтанушысы Г.Спенсер  “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді. Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізгі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Әрбір институт:

- белгілі бір қызмет аясын;

- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;

- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;

- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.

Әлеуметтік ұйымдар. Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ”. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады. Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институционалдық сипаттағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономды объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен, мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады. Екіншіден, “ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге мақсатты ықпал етумен байланысты процесс ретінде, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті қатысатын процесс ретінде көрінеді. Бұл мағынасында “ұйым” ұғымы “басқару” ұғымын түгел қамтымағанымен соған парапар келеді.

Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектіні ретке келтіру дәрежесінің сипаты ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құрылысты және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Бұл мағынасында объектіні ұйымдастыру - объектінің қасиеті, бір белгісі. Термин мұндай мазмұнымен, мысалы, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, қоғамның саяси ұйымы, тиімді және тиімсіз ұйым және т.б. туралы сөз болғанда қолданылады. “Ресми” және “бейресми” ұйым ұғымдарында дәл осы мәні алынады. Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар

1. Оның табиғатына мақсат  қою тән, өйткені ол белгілі  бір мақсаттарды іске асыру  үшін құрылып, сол мақсатқа  қол жеткізуі арқылы бағаланады. 2. Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. Демек, әлеуметтік ұйым оған кіретін мүшелерінің әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі өзара байланысқан жүйесін білдіреді. 3. Ұйым еңбек бөлінісінің және оның функционалдық белгілері бойынша мамандандырылуының негізінде пайда болады. Сондықтан жекелеген ұйымдарда әр түрлі көлденең құрылымдар орын алады.4. Басқарушы ішкі жүйелер ұйымның қызметін реттеудің және бақылаудың өзіндік ерекше құралдарын жасайды..5. Әлеуметтік ұйымдар тұтас бір әлеуметтік жүйені білдіреді. Ал тұтас жүйе, жоғарыда атап өтілгеніндей, өзі бөліктерінен үлкен болады. Сондықтан ұйымның әр түрлі элементтерін біріктіру базасында ерекше ұйымдық немесе синергетикалық әсер жасалады

Ұйымға тән белгілерді бөліп қараумен қатар олардың  белгілі бір тұрпаттамасы да болады. Ұйымдар көбіне ресми және бейресми болып бөлінеді.

Ресми ұйым. Бұл әлеуметтік ресмилендіру, яғни құқықтық, ұйымдық және әлеуметтік мәдени нысандардағы стандарттық, тұлғасыз мінез-құлық үлгілерін мақсатты түрде қалыптастыру негізінде құрылған ұйым.

Бейресми  ұйым қандай да бір топ ішінде жеке адамдардың бір-бірімен азды-көпті араласуының нәтижесі болып табылатын әлеуметтік байланыстардың, нормалардың, әрекеттердің өздігінен қалыптасқан жүйесін білдіреді.

Ресмиліктен тыс ұйым - бұл ресми ұйымның мүшелері өздігінен дамытатын, ресмиленбеген қызметтік қарым-қатынас-тардың ұйымдастыру міндеттерін ресми түрде алдын ала белгілен-геннен өзге тәсілдермен шешуге бағытталған жүйесі.

Әлеуметтік-психологиялық ұйым - бұл тұлғааралық қатынастың өздігінен пайда болған, тікелей таңдаушылық (ұтымдылығынан қызбалығы басым) және бір-біріне өзара мүдделілік таныту негізінде қалыптасатын жүйесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15.Э.Дюркгейм енгізген  аномия ұғымы

Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы. Аномиялық өз-өзіне қол жұмсау. Бұл тип әлеуметтік байланысты қоғам тарапынан реттеу сипатымен ұштасады. Аномия - “әлеуметтік өзара әрекеттестікті басқаратын нормалардың жарылысымен сипатталатын әлеуметтік жағдай” немесе “қоғам мүшелерінің едәуір билігі міндеттеуші нормалардың бар екенін біле тұра, оларға жағымсыз немесе бей-жай түрде қарайтындай күйі”. Мұндай жағдай қоғам мүшелері бұрынғы нормаларға еті үйреніп және оларды орындауға дағдыланып, жаңа нормалар қалыптасып бітпеген кезде, реформалар дәуірі мен әлеуметтік алапаттар барысында, өтпелі кезеңдерде жиі болып отырады. “Бұрынғы иерархия бұзылды, ал жаңасы лезде орныға алмайды”. Мұндай жағдайда көбісі өзін нормативті вакуум-дегідей сезініп, әлеуметтік бағдарын жоғалтып алатыны түсінікті.

Дюркгейм, мысалы, экономикалық дағдарыс кезеңдерінде өзін-өзі өлтірудің  өршу себептерін қарастырады. Оның пайымдауы  бойынша, қоғамда өзін-өзі ұстай  білуге үйретілген, өз өмірлерінің  жағдайларына байланысты ішкі тәртіптілігімен  ерекшеленетін әлеуметтік топтар бар; бұл адамдар “жаңа қажетті  құбандықтарға неғұрлым аз қысыммен төтеп бере алады” деп санайды. Сонымен бірге, өз кәсібінің түрі мен өмір сүру қалпына сәйкес мүмкіндігінше прогреске тез жетуге ұмтылатындардың өткен шақта да, болашақта да тірегі жоқ, сондықтан да олар экономикалық дағдарыстың жиі құрбаны болып, өмірден өз еркімен кетеді. “Жоғары процент (1 млн-ға 720 адам) өзін-өзі өлтіруге көбінесе тағдырдың тәлкегіне ұшырамаған адамдар бейім екендігіне көз жеткізеді”.

Аномия сонымен қатар неке-отбасы қатынастарын да қозғайды. Дюркгейм Францияның, Германияның, Швейцарияның түрлі аймақтарын салыстыра отырып, ажырасу статистикасы мен өзін-өзі өлтіру статистикасы арасында тұрақты сәйкестік бар деген қорытындыға келеді. Бұл, оған отбасы шырқының бұзылуы өзін-өзі өлтіру факторларының бірі деп тұжырымдауға негіз береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16.Отбасы әлеуметтік институты ретінде

Отбасы әлеуметтік институт ретінде.Отбасы тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт ретінде қарастырылады.Отбасы ерлі-зайыптылар,ата-ана мен балалар арасындағы,басқа да туыстық қарым-қатынастарды негіздей отырып,өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен,мемлекетпен тығыз орг/калық байланыста болады.Отбасы-белгілі бір әлеуметтік нормалар,санкциялар,мінез-құлық,құқық және міндеттер үлгілерімен,ерлі зайыпты,ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт.Отбасы көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады.Әлеуметтану отбасына талдау жасағанда оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады.Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы,оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы-отбасы әлеуметтануы қалыптасты.Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді:Отбасы тарихы;Әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді.Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасын қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сана қалыптасуына әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттамаберуге,отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б баса назар аударылады.Отбасы қоғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады:шаруашылық-экономикалық;рекреациялық;статустық;қорғау.Отбасы бүкіл әлеуметтік институттардың негізі болып саналады,әлеуметтануда отбасының дамуын сөз еткенде жалпы қоғамның дамын қарастырады.

Информация о работе Шпаргалки по "Социологии"