Гераклит философиясы және оның ілімдері,дүние туралы көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 10:26, реферат

Краткое описание

Гераклит (б.д.д. шамамен 544- 483)- көне грек философы, материалист, диалектик. Дүниенің тегін оттан іздеген.Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит - ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған.

Вложенные файлы: 1 файл

Гераклит.docx

— 33.91 Кб (Скачать файл)

Гераклит (б.д.д. шамамен 544- 483)- көне грек философы, материалист, диалектик. Дүниенің тегін оттан іздеген.Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит - ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазір де бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың». Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деді, данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек.

 Негізгі көзқарастар

Тіршіліктің бастауы  от деп білді.Қарама қайшылықпен күресу  мен тұтастықтың  заңын алты диалектиканың басты  заңы (Гераклиттің ең маңызды философиялық жаңалығы.) Бүкіл әлем үнемі қозғалыс пен өзгерісте болады  деп есептеді.Табиғаттағы  заттар айналымда болады және тарих  циклды болып келеді  деп айтқан.Қоршаған әлемнің қатыстылығын мойындаған (теңіз  суы адамға  кір , балыққа таза, әртүрлі жағдайларда адамның бір қылығы жақсы да, жаманда болуы мүмкін ) Ең құдіретті деп, әлемдік ақылды есептеген.Адамзат пен әлемдік рухтың , жанныңматериалдығын қолдаған қоршаған шындықтың сезімдік танымын жақтаған барлық процестің қозғаушы күші деп күресті есептеген.

   1. Бұл логос мәңгілік өмір сүріп келе жатса да, адамдар оны түсінбейді  -  ол туралы естігенге дейін де, алғаш рет естігенде де. Бәрі осы логос бойынша жасалады ғой, ал адамдар мен олардың әрбіреуін табиғаты бойынша бөліп және мәнін түсіндіре отырып баяндайтын осындай сөздерге және осындай істерге кіріскенде надандарға ұқсайды. Басқа адамдардан олардың ұйықтамаған, сергек кезде жасайтындары жасырылынған, олардың өз түстерін қалай ұмытса, дәл солай.

2.Сондықтан да жалпыға ортақты  ұстану қажет. Бірақ, логос жалпыға ортақ болса да, адамдардың көпшілігі өзіндік түсінігі бар секілді болып өмір сүреді.

3.(Күннің көлемі туралы). Ені  адамның табанындай.

4.Бақыт дегеніміз тән рахаты  болса, біз бақытты деп жеу  үшін бұршақ тауып алған өгіздерді айтар едік.

5. Біреудің балшыққа түсіп,  балшықпен жуынғысы келгені

секілді, қанға боялған  олардың құрбандық шалулармен тазарғысы  келетіні бос әурешілік. Оның бұлай  жасағанын байқаған адам оны есалаң деп санар еді. Осы мүсіндерге де олар біреулердің үйлермен сөйлескісі келгені сияқты сиынады; олар құдайлар мен батырлардың қандай екенін білмейді.

    1. Күн  -   (Гераклит айтқандай) күн сайын жаңа  ғана емес,

сонымен қатар, мәңгі және үздіксіз жаңа.

7. Егер өмір сүріп жатқанның  бәрі түтінге айналатын болса,  оны

танауымызбен танып-білуге болар еді.

8. Жауласушы бірігеді,  айырыласытындардан  -  тамаша

гармония, және, барлығы күрес  арқылы жүреді.

9.Есектер алтыннан гөрі  сабанды жақсы деп таңдар еді.

10.Байланыстар: бүтін және  бүтін емес, қосылатын және

айырысатын, келісетін және келіспейтін, және барлығынан  -  біреу, біреуден  -  барлығы.

11.Кез-келген жануар жемге қарай (қажеттілік) қамшысымен

бет алады.

12.Бір ғана өзенге құятынға жаңа сулар үсті-үстіне ағып келіп

жатады. Психеялар болса  ылғалдан буға айналып ұшып кетеді.

13.Балшыққа  риза болу.

         Шошқалар балшыққа рахаттанады.

          14. Дүниеге келгеннен кейін олар өмір сүруге, яғни өлуге ұмтылады, жақсырақ айтсақ  -  тыныштануға, және, өлу үшін туылған балаларын қалдырады.

          15. Өлім   -   біз ұйықтамай, сергек жүрген кезде көретініміздің бәрі, ал біз ұйықтағанда көретіннің бәрі  -  түс.

          16. Алтын іздеушілер жерді көп қазады және аз ғана [алтын] табады.

          17. Ең жақсы адамдар бір нәрсені барлығынан жоғары қояды: мәңгілік даңқты - өткінші заттардан; тобыр болса, мал секілді тойынады.

          18. Өмір сүріп отырған барлық нәрселер үшін бір бұл космосты ешқандай құдай және ешқандай адам жаратқан жоқ, бірақ ол  арасында жанып, арасында өшіп отыратын  мәңгілік тірі от ретінде әрқашан болды, бар және бола береді.

          19. Оттың айналулары: әуелі -  теңіз, теңіз болса - жартылай жер және жартылай престер. [Бұл барлығын басқарып отырушы] логос [пен құдайдың көмегімен от ауа арқылы суға айналады дегенді білдіреді -  дүниенің ол] теңіз [деп атайтын негізінің ұрығы сияқты]; [судан жер мен көк және олардың арасындағы барлық нәрселер пайда болады Оның кері бағытта қалай қайтадан қалпына келетінін және қайта жанатынын ол былай түсіндіреді]: теңіз логостың бойымен өзі жер пайда болғанша қандай болса, сондай шамада жайылады.

          20. Ерлер-философтар өте көп білуі тиіс.

          21. Кейбіреулердің көрсетулері бойынша, Фалес бірінші астроном болған, мұны Гераклит пен Демокрит те дәлелдейді.

          22. Көп білу ақылды болуға үйретпейді, әйтпесе ол Гесиод пен Пифагорды, Ксенофан мен Гекатейді де үйретер еді.

          23. Даналық тек бір нәрседе ғана: ақыл-ойды бәрін бәрінің көмегімен басқаратын деп мойындау.

          24. Халық заң үшін өздерінің қорғандары үшін шайқасқандай болып шайқасуы тиіс.

          25. Маңызды заттар туралы өте тез пікір айтпайық.

          26. Садақтың аты -  өмір, ал ісі -  өлім.

          27.Бір адам мен үшін  -  он мың, егер ол ең жақсы болса.

          28. Бір өзенге біз енеміз және енбейміз, өмір сүреміз және өмір сүрмейміз.

          29. [Бәрі  -  біртұтас: бөлінетін -  бөлінбейтін, туылған - туылмаған, өлетін  -  өлмейтін, логос -  мәңгілік; әке -  ұл, құдай -  әділеттілік]; маған емес, логосқа сене отырып, бәрі  -  біртұтас деп тану  -  даналық.

          30. Мәңгілік  -  шахмат ойынын  ермек еткен сәби: сәби патшалығы.

          31. Соғыс -  бәрінің әкесі және бәрінің патшасы; ол біреулерді құдай, басқаларды  -  адам етеді; біреулерді ол құл етеді, басқаларды еркін етеді.

          32. Жасырын гармония көрініп тұрғаннан жақсы.

          33. Мен көруге, естуге және зерттеуге болатынды қалаймын.

          34. Көрініп тұрған нақты [заттарды] танып-білуде адамдар эллиндердің бәрінен де дана болған Гомер секілді алданады; биттерді өлтірген балалар оны: “Біз көргендерімізді және ұстап алғандарымызды лақтырып тастадық, ал көрмегеніміз бен ұстай алмағандарымыз үстімізде жүр”,  -  деп алдаған еді.

         

     35. Көптеген [заттардың немесе адамдардың] оқытушысы   -  Гезиод, күн мен түннің бір нәрсе екенін түсінбеген оны біршама көп біледі деп санайды.

      36. Ізгілік те, зұлымдық та [бір]. Шынында да, ауруларды азаптаушы дәрігерлер, кесушілер және күйдірушілер, оның үстіне ақы талап етеді, олар ақы төлеуге лайық емес, себебі олар дәл соны: ізгілікті және ауруларды жасайды. 

    37. Жоғарыға және төменге жол -  біреу.

    38 . Теңіз суы өте таза және өте лас. Балықтар үшін ол ішуге жарамды және шипалы, адамдарға болса -  ішуге жарамсыз және зиянды.

    39. Өлмейтіндер -  өледі, өлетіндер - өлмейді; бір-бірінің өлімімен олар өмір сүреді, бір-бірінің өмірімен олар өледі.

    40. [Құдай]:  күн -  түн, қыс -  жаз, соғыс - бейбітшілік, тоқшылық  - аштық [бәрі қарама-қарсылықтар. Бұл ақыл] хош иістермен араласып, олардың әрбіреуінен алатын рахаттың әртүрлі екені секілді әртүрлі аталатын от сияқты өзгереді.

    41. [Күннен тарайтын өмірлік жылу өмір сүретіннің бәрін өмірмен қамтамасыз етеді. Осы қағиданы қабылдай отырып, Гераклит психеяны өрмекшімен, денелерді -  өрмекпен тамаша салыстырады. Өрмекшінің өрмектің ортасында тұрып,  -  дейді ол, шыбын оның жіптерінің бірін үзген бойда бірден сезіп, жіпті түзету үшін сол жерге жүгіретіні секілді, адамның психеясы да, егер де оның қандай да бір бөлігі зақымдалған болса, өзі онымен берік және шамасына сәйкесті біріктірілген дененің зақымдалуына шыдай алмағандай болып, сол жерге тезірек ұмтылады].

          42. [Ол адамның ойларын] балалардың ойыны [деді].

          43. Ұмытып кететіндер жолдың қайда апаратынын [да естерінде сақтауы тиіс].

          44. [Ата-аналардың балалары] сияқты, қарапайым сөзбен айтсақ, қалай қабылдаған болсақ, солай іс-әрекет жасамаған дұрыс].

          45. От жердің өлімімен, ауа оттың өлімімен өмір сүреді; су ауаның өлімімен, жер -  судың [өлімімен] өмір сүреді.

          Оттың өлімі  -  ауаның туылуы және ауаның өлімі - судың туылуы. Жердің өлімінен су туылады, судың өлімінен ауа туылады, ауаның [өлімінен]  - от, және керісінше.

          46. Ойлардың адами үлгісі ақыл-ойға ие емес, құдайы үлгісі  -  ие.

          47. Ең әдемі маймыл адам тегімен салыстырғанда жексұрын.

          48. Адамдардың ең данасы даналық, әдемілік және басқа жағынан құдаймен салыстырғанда маймыл болып көрінеді.                       

          49. [Құдайы істердің көпшілігі] сенбеушіліктің кесірінен назардан тыс қалады.

          50. Ақылсыз адам кез-келген іліммен әуестеніп кетеді.

          51. Біздің бойымызда бір нәрсе -  тірі және өлі, ояу және ұйықтап жатқан, жас және кәрі. Себебі, бұл өзгергенде сол, және керісінше, өзгергенде осы.

          52. Отқа бәрі айырбасталады, және, от  -  бәріне, тауарлардың -  алтынға және алтынның  -  тауарға айырбасталатыны секілді.

          53. [Гераклиттің айтуы бойынша], бір өзенге екі рет түсуге болмайды және өлетін табиғатты бір күйде екі рет көруге болмайды, бірақ алмастырудың тездігі мен жылдамдығы] оны ыдыратады және қайтадан жинайды, [бірақ, қайтадан және кейін емес, бір уақытта ол [қалыптасады және күйрейді], жақындайды және алыстайды [деп айтқан дұрысырақ].

          54. Надандықты жасырған дұрыс, бірақ бетімен кеткенде және шарап ішіп отырғанда оны жасыру қиын.

          55. Иттер білмейтін адамдарына қарап үреді.

          56. Егер де Күн болмаса,  -  басқа шырақтардың болғанына қарамастан, түн болар еді.

         57. ...Кезеңдер. Күн, олардың басқарушысы және бақылаушысы [Гераклиттің айтуы бойынша], бәрін әкелетін ауысулар мен жыл кезеңдерін белгілейді, басқарады, тағайындайды және табады.

         58. Мен өзімді зерттедім.

         59. Көз құлақтарға қарағанда дәлірек куәгер.

         60. Құдайда бәрі тамаша, жақсы, әділетті, ал адамдар біреуін әділетсіз, басқасын әділетсіз деп есептейді.

         61. Олардың ақылы немесе түсінуі қандай? Халық әншілеріне олар сенеді, олар үшін ұстаз да тобыр, себебі, “көптің - жаман, аздың - жақсы” екенін олар білмейді.

         62. Дөрекі психеяға ие адамдардың көздері мен құлақтары адамдарға жаман куәгерлер.

         63. Ілімдерін мен естігендердің ешқайсысы даналықтың бәрінен ерекше екеніне жеткен жоқ.

         64. Надандықты көпшіліктің алдында көрсеткеннен гөрі жасырған дұрысырақ.

         65.  Тілегендерінің бәрі орындала берсе, адамдарға жақсы болмас еді.

         66. Ауру  -  денсаулықты, зұлымдық  -  ізгілікті, аштық -  тоқтықты, шаршағандық -  демалысты жағымды етеді.

         67. Ойлау   -  ұлы жетістік, даналық -  ақиқатты айтуда және табиғатқа құлақ салып, үйлесімді әрекет етуде.

         68. Ойлау бәріне жалпы.

         69. Ақылды сөйлегісі келгендер қала сияқты бәріне ортақ заңмен өзін бекітуі және көбірек берік етуі тиіс. Себебі, барлық адами заңдар өзінің билігін қалаған жеріне дейін тарататын, барлығының үстінен қарайтын және барлығын жеңетін біртұтас құдайы заңнан туындайды.

    

    70.Барлық адамдарға өздерін-өзі танып-білу және ойлау тән.

                                     

Гераклиттің нақыл сөздерінің мәнін түсіну қиын болғаннан кейін  оған «күңгірт» деген ат қойылған.Гераклит «Бұл ғарыш,барлық өмір сүргенге бір,еш Құдай,я болмаса адам жаратпаған,болған,болып  жатқан және болатын жарқыраған тірі от,өлшемді түрде сөніп,жанып  отырады».

   «Алтын тауарларға,тауарлар  алтынға алмастырылғандай,бәрі де  отқа,от бәріне алмастырылады»

  Гераклит Дүниенің мәңгілік өзгерістерге,қалыптасу үстінде екенің ашық көрсетті. Пан та рей,бәрі де қозғалыста,бәрі де ағым,ешнәрсе қозғалмай тұрақты тұрмайды,бәрі де өзгеріп басқаға айналады,-деген пікір айтады. «Өзен суына екі рет кіруге болмайды.Біз өзен суына кіреміз,сонымен қатар кірмейміз,біз сол өзімізбіз,сонымен қатар басқамыз».

   Ойшылдың бұл ойлары бізге  түсінікті.Бір қарағанда өзен  сол өзен болып көрінгенмен  оның суы үне бойы ағыста  болғаннан кейін жаңарып отырады.Сондықтан,екінші  реттей өзенге түскенде,алғашқы  сулар ағып кеткен.Сонымен қатар  біздің өзімізде осы уақыт шеңберінде өзгердік.Гераклиттің шәкірті Кратил біз бір реттей де өзенге түсе алмаймыз,өйткені,біз суға кіріп жатқанда олар сол сәтте ағып кетеді,оның орнына жаңа су толқындары келеді,біз өзімізде сол сәтте өзгеріп жатамыз,-дейді. Гераклит Дүниенің мәңгілік қалыптасу екенін көрсетіп қоймай,сонымен қатар,оның қайнар көзін іздейді.Гераклиттің түсінігінше,қалыптасу дегеніміздің қарама қарсылықтың бір-біріне өтуі:суық ыстыққа,ыстық суыққа,дымқыл құрғаққа,құрғақ дымқылға,жас кәріге,тірі өліге,т.с.с айналады.Өмір садакка,лираға ұқсайды(Лира-гректердің музыкалық аспабы,әр түрлі тартылған шектерден тұрады.)Заттардың қарама қарсы жақтары өшпейтін күресте. «Соғыс-бар заттың анасы және басқарушысы»,-дейді Гераклит.Бірақ ол біржақтылықтан аулақ.Соғыс белгілі бір уақытта бейбітке,не үйлесімділікке айналады. «Олар түсінбейді –айырмашылығы бар нәрсе ғана,өз өзіне келеді.Ауыр саулықтың тәттілігіне,аштық тоқтықтың жақсылығын,ауыр еңбек демалысты бағалаудың кепілі.Әділеттіліктің не екенін біз ренжу болмаса білер ме едік»,-дейді ұлы ойшыл.   Қарама қарсылықтардың бәрі бір біріне өтіп гармонияға келеді. Жоғарыға кететін жолмен төменге кететін жол-сол жол,өлі мен тірі-біреу.Сонымен «Бәрі де бір,біреуден бәрі де шығады».Бұл дүниенің гармониясын қадағалайтын Логос. Логос-грек сөзінен ілім,сөз,сөйлем,баяндау,есептеу,қатынастарды анықтау т.с.с . Гераклиттің  «Aion- асықтармен ойнап жатқан сәби» деген ойы жөнінде осы уақытқа шейін философтар әр түрлі түсініктемелер береді.Біздің ойымызша ол заңды түрде сөніп,тағыда лапылдап от болып жатқан Дүниедегі кездейсоқтықтың үлкен орнын көрсеткісі келгендей.Ал мұндай көзқарас қазіргі философиядағы Дүние жөніндегі,оның өз бойында орасан зор әртүрлі даму мүмкіншіліктерінің бар екені,оларлдың өмірге кездейсоқтық арқылы кішкентай ғана бөлігінің іске асатыны еске түсіреді.Сонымен,алғашқы грек философтарының ішіндегі Гераклиттің орнын ерекшелігін,оның аса ғұлама тұлға екенін,қорыта келе тағыда атап өтуіміз керек.

Информация о работе Гераклит философиясы және оның ілімдері,дүние туралы көзқарастары