Ассамблея ұлттар бірлігін бекіте түседі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 09:39, реферат

Краткое описание

Ел ішінде Ассамблеяның қалыпты жұмыс істеуі нәтижесінде ұлттар өзара айрандай ұйысқан, тату-тәтті мамыражай тіршілік етіп келе жатқанына қалың бұқара куә. Бүгінде республикадағы этностардың мәдениеттері, тілдері дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдайлар жасалғандығын ешкім де жоққа шығармас. Ал уақыт озған сайын этномәдени бірлестіктердің саны тұрақты өсіп, қазір олардың саны 800-ден асады. Оның ішіндегі 28-і республикалық дәрежеге ие. Статистикаға көз жүгірсек, осы күндері 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарлама мен 7 тілде телебағдарлама тарайды. Ал білім беру саласында өзбек, тәжік, ұйғыр, және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізілуде. Сондай-ақ, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылған. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда, елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істеп келеді. Жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған кітаптар жарық көруде.

Вложенные файлы: 1 файл

Ассамблея.doc

— 179.50 Кб (Скачать файл)

 

Бүгінде әлемдік экономикада «белгісіздік белесі» келе жатыр.

 

Дамыған елдердің рейтингтері төмендеуде, рецессияның жаңа толқынын күту күшейе түсуде.

 

Кипрде болған жақындағы оқиғалар адамдардың игілігіне тікелей ықпал  ететін қаржы тәуекелдері қаншалықты күрделі болатынын көрсетіп берді.

 

Бұл – алаңдатарлық дабыл.

 

Әлемдегі экономикалық жағдай біз  мұқият бақылап отырған этномәдени ахуал трендтеріне ықпал етеді.

 

Қазіргі дәуірдің шешуші парадоксі  әлемде бір мезгілде екі үрдіс: унификация жағына және үлкен әртүрлілік жағына іс-қимыл танытатынына барып тіреледі.

 

Әлем қарапайымданып емес, күрделіленіп барады.

 

Тек Еуропаға ғана миллион-миллиондаған мигранттар келіп жатыр.

 

Біреулер үшін бұл құбылыс табиғи, ал екіншілері үшін апатты көрінеді.

 

Барған сайын шетін риториканың  дауысы қатты естілуде.

 

Мультикультурализмнің бұрынғы практикасы өзін тауысқаны айқындала түсуде.

 

Тіпті болашақта Еуропа мемлекеттерінің  «өзін өзі жоятыны» туралы кітаптар пайда болуда.

 

Мен ашық мемлекеттік стратегия мен ізгі ниет бар жағдайда бірлік пен көп­қырлылық трендтері бір-біріне қайшы келмейтініне, керісінше, бірін бірі толық­тыратынына сенімдімін.

 

Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық жиырма сессиясы бойына нақ  осындай саясат жүргізіп келеміз.

 

Және бұл саясат өзін толық ақтады!

 

Тәуелсіздік жылдарында біз этносаралық  бірліктің өз моделін жасадық.

 

Іс жүзінде азаматтарымыздың тең  құқығы мен мүмкіндігін, өмір сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еттік.

 

Зураб Бобохидзе Атыраудан былай  деп жазады:

 

«Менің үйім, менің отбасым, бауырларым, үш балам, бес немерем осында.

 

Тәуелсіздік жағдайында мен грузин болғаным үшін бірде-бір рет өз елімнің  өмірінен шет қалу сезімін басымнан өткерген емеспін».

 

Бүгінде біздің көптеген азаматтарымыз  осылай дей алады.

 

 

 

Құрметті қазақстандықтар!

 

Бүгінде әлем өзгеріп жатыр.

 

Онда көптеген оқшаулағыш сызықтар: өңірлік және конфессиялық, әлеуметтік және мәдени, тілдік және этностық сызықтар пайда болуда.

 

Жаңа жағдайларда, біз 2050 жылға  дейінгі Стратегияға аяқ басқан кезде қоғамның көпқырлылығын өзіміздің пайдамызға жарата білуге тиіспіз.

 

Жаңа жағдайларда Ассамблея  нағыз жалпыазаматтық, саясатүстілік  және жалпыхалықтық институт болуы  тиіс.

 

Мен мынаны атап көрсетемін: Ассамблеяның XXI ғасырдағы миссиясы тарылып емес, кеңейіп келеді!

 

Өкінішке қарай, мұны барлығы бірдей, тіпті шенеуніктер де түсіне бермейді.

 

Кейбіреулер ҚХА-ға қарап, «ескіше» –  бұл этностық азшылықтың өкілдігі деп  ойлайды.

 

Мен түсінбейтіндерге немесе түсінгісі  келмейтіндерге бүгінде Ассамблеяның не екенін айтқым келеді.

 

Оны БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-да, АӨСШК-де таныды.

 

Ассамблея – бүкілхалықтық өкілдік!

 

Нақ сондықтан Ассамблеяға өзім жетекшілік етемін!

 

Нақ сондықтан мен бүгінде Ассамблея  – бұл барлық 17 миллиондық қазақстандық дедім!

 

 

 

Ардақты ағайын!

 

Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім.

 

Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана.

 

Қазақстандағы қоғамдық келісім –  ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал.

 

Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек.

 

Қазақтың ынтымағы мен бірлігі  мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

 

Халқымыз «тар жерде табысқан кең  жерде келіседі» демейтін бе еді?!

 

Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.

 

 

 

Құрметті отандастар!

 

Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірісудеміз.

 

Бүгінде біздің 2050 жылға дейінгі  этносаралық саладағы стратегиялық болжамымызды қалыптастыруға толықтай негіз бар.

 

Қазақстан 2050 жылы қандай ел болады?

 

2050 жылы Қазақстанның жұдырықтай  жұмылған біртұтас халық, үлгілі  ұлттық мемлекет болатынына мен  сенімдімін.

 

Қоғамдық келісім біртұтас полиэтностық халық, мемлекет пен азаматтық қоғам  институттары, саяси партиялар, діни конфессиялар өмірінің басты ерекшелігі болуы тиіс.

 

Қоғамдық келісім Жалпыға Ортақ  Еңбек Қоғамының ереже тұтар  қалыбы болуы тиіс.

 

Менің өз тәжірибемде талай мәрте  көз жеткізген нәрсем – кез  келген еңбек ұжымында өзара түсіністік пен келісім болғанда ғана табысты.

 

Сессиялардың бірінде мен Парахат  Хаджиметоваға «Бірлік» медалін  тапсырдым.

 

Ол 67 жаста, 10 гектар жерге бау-бақша  салып, осының есебінен балалар үйіне 156 баланы өсіруге көмектесіп жүр!

 

Бұл нағыз патриот! Біз осындайларға көмектесуге тиіспіз! Бұл барша үшін үлгі!

 

Жаңа жағдайларда Қазақстан  халқы Ассамблеясының жауапкершілігі тек арта түсетін болады.

 

Қоғамдық келісім тиімді инновациялық экономикаға негізделеді.

 

Орта тап қоғамдық келісімнің діңгегіне  айналады.

 

Қазақстанның әрбір азаматы айқын перспективалар, болашағына сенімділік, кәсіби өсу үшін барлық мүмкіндіктерге ие болады.

 

Мен мерейтойлы XX сессия қарсаңында қол  қойған ҚХА-ны дамытудың 2020 жылға дейінгі  тұжырымдамасында нақ осы мәселелер  көрініс тапқан.

 

Бұл – жаңа стратегиялық құжат.

 

Оның жібек желісі – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік.

 

Тұжырымдаманы табысты жүзеге асыру  үшін бізге мыналар қажет:

 

Бірінші. Облыс әкімдеріне жергілікті ерекшеліктер мен этнодемографиялық  құрылымдарды есепке ала отырып, өңірлік  ҚХА-ны дамытудың тұжырымдамасын жасау тапсырылады.

 

Екінші. Қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамалардың орталығы ретінде  Достық үйлері жұмысының тиімділігін  арттыру қажет.

 

Мұндай үйлер барлық өңірлерде  болуы тиіс.

 

Бұл жай нәрсе емес.

 

Бірақ мен мынаны баршаңыз нақты ұғынып алғандарыңызды қалаймын – Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үшін қандай баға да көптік етпейді.

 

Ассамблея жанынан Достық үйлері директорларының  республикалық әдістемелік кеңесін  құрып, жұмыстың ең озық және тиімді тәсілдерін табуды және ортақтандыруды тапсырамын.

 

Мәдениет және ақпарат министрлігі  Ассамблея Хатшылығымен бірлесіп, Достық үйлері жұмыстарының тұжырымдамасын жасасын.

 

Олардың бейбітшілік пен келісімнің өңірлік орталықтары ретіндегі  құқықтық мәртебесін айқындаған жөн.

 

Үшінші. Ассамблеяның «тігі» мен «көлбеуі»  әр қазақстандыққа, әсіресе, әр жас  қазақстандыққа жетуі міндет.

 

Жастарды Ассамблеяның қоғамдық келісім  қалыптастыру жөніндегі барлық деңгейдегі шараларына тартуды қамтамасыз ету  маңызды.

 

Төртінші. Қоғамдық келісім бүкіл халық өмірінің басты қағидаты болуы тиіс.

 

Ассамблеяның туы астында барлық өңірлерде Қоғамдық келісім кеңестерін жасақтауды тапсырамын.

 

Сессия қарсаңында біздің өңірлеріміздің этномәдени байлығын көрсеткен, халықтың бірлігін нығайтқан мен бастамашылық танытқан «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы мәресіне жетті.

 

Бесінші. Қоғамдық келісім халықаралық  аспектілерге ие.

 

Қазақстанның этносаралық толеранттылық  пен қоғамдық келісім моделі оның таяу және алыс шетелдердегі брендіне айналды.

 

Ассамблеяның саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Болашақ жолындағы естелік» жобасы мен Толеранттылық мәселелері жөніндегі  азаматтық форумы халықаралық резонанс алды.

 

Жақында Азиядағы өзара іс-қимыл  және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Атқарушы хатшылығы Ассамблеямен ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қою бастамасын көтерді.

 

Сол бастаманы қолдауға шақырамын.

 

Тағы бір мысал. Украинада қазақстандықтардың «Бірлік» Харьков қоғамдық бірлестігі бар.

 

Соның арқасында жүздеген қазақ  отбасылары осыдан 70 жыл бұрын бауырлас Украина халқының бостандығы үшін Харьковті азат ету ұрыстарында қаза тапқан өздерінің ұлдарының, әкелерінің, бауырларының зираттарын біліп, басына барды.

 

Мен оларға қазақ халқының ризашылық  сөзін жеткіземін.

 

Мен Харьков бастамашы тобының мүшелері Макка Сағынғалиқызы Қара­жанованы, Татьяна Николаевна Крупаны, Леонид Михайлович Карцевті «Қа­зақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» марапаттау туралы шешім қабылдадым.

 

Алтыншы. Ассамблеяны дамытуға ЭКСПО-2017-ге дайындық қуатты серпін беруі тиіс.

 

Көрмеге әлемнің ондаған елдерінен, оның ішінде қазақстандық этностар шыққан елдерден делегациялар қатысады және олар өздерінің үлкен мәдени бағ­дарламасын әкеледі.

 

Ассамблея, этномәдени бірлестіктер, халық дипломатиясының жанды көпірі ретінде, көрменің этностық топтар жетістіктерінің жарқын көрінісіне айналуы үшін жағдай жасаулары керек.

 

Қазақстан халқы біздің меймандарымыздың қонақжай қожайынына айналуы тиіс.

 

*  *  *

 

Жаңа кезеңде ұлттық бірлесу  үдерісіндегі қазақ халқының рөлін нығайту міндеті бірінші кезекке шығады.

 

Біріншіден, қазақ халқы Қазақстандағы  барлық этностық, әлеуметтік топтар үшін ұлттық мемлекеттік қауымдастықтың қуатты тарихи діңі ретінде көрініс  табады.

 

Біз қазақ әлемінің тарихи тұрғыда  ешқашан тар моноэтносты және мономә­дениетті болмағанын білеміз.

 

Біз ешқашан да әлемдік өркениет үдерісінен бөлек дамыған емеспіз.

 

Одан да бетер – біздің ата-бабаларымыз  осынау әлемдік үдерісті өздері қалыптастырды!

 

Біздің  Қазақстанда тұратын барлық этностық топтармен – Еуразия ауқымында – талай ғасырлар бірлесе өмір сүріп жатқанымызды атап көрсету қажет.

 

Біздің  ата-бабаларымыз әлемге мәдениет пен  руханилықтың қуаттандырушы үлгілерін  көрсетті – біздер олардың істерін  жалғастыруымыз керек!

 

Қазіргі заманғы  қазақтар, ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетуі тиіс.

 

Екіншіден, бізге ұлттар үшін ортақ тарихи сана-сезім  қажет.

 

Біздің тарихты тануымыз тұтас, оң сипатта болуға, қоғамды бөлініске  салмай, біріктіруге тиіс.

 

Ұлттық рухты қажетті биіктікке  көтеру үшін біздің шынайы тарихымыздың, мәдениетіміздің, дініміздің қандай екенін айқын сезінуіміз қажет.

 

Қазақтардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға созылған бірегей ажырамайтын үдеріс ретінде қарастырылуы тиіс.

 

Осы тұрғыда қазіргі заманғы  Қазақстан ұлы дала өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түрде көрініс  табады.

 

Мен жоғарыда атап өткендей, Қазақстан ешқашан оқшауланған емес.

 

Сондықтан да тарихта, оқу пәніндегідей, қазақтар мен өзге халықтардың мәдени және экономикалық қарым-қатынастар үдерісі, түрлі этностардың ел тарихына үлесі  лайықты танылуы тиіс.

 

Нәтижесінде қазақстандықтардың тарихи сана-сезімі топтасуға, өзінің өткеніне, қазіргісіне және болашағына патриоттық қарым-қатынас қалыптастыруға жұмыс істеуі тиіс.

 

Үшіншіден, біз бүкіл күш-жігерімізбен қазақтардың ішкі бірлігін нығайтуымыз  қажет. Бүгінде ХХІ ғасыр, инновациялар уақыты, сондықтан қазақ қоғамы да бұрынғы ғасырлардағыдай бола алмайды.

 

Қазақтың зиялы қауымы менің  сөзімді естуі тиіс.

 

Қазақстан – біздің жеріміз, біз  өз жеріміздің перзентіміз.

 

Ақиқат қарапайым: қазақтардың  белсенді араласуынсыз Қазақстанда  ешқандай ұзақ мерзімді қоғамдық келісімнің болуы мүмкін емес.

 

Бұл жер әрқашанда біздің ата-бабаларымыздың жері болған.

 

Ол енді біздің ұрпақтарымыздың  жері болмақ.

 

Біз өз жеріміздегі бейбіт өмір үшін тікелей жауаптымыз.

 

Толеранттылық ұлттық құндылық және Қазақстан халқының игілігі болып табылады.

 

Ол қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлері мен мәдени үлгі-қалыптары  негізінде қалыптасты.

 

«Ел-жұрт», «жеті ата», «қонақжайлылық», «асар», «сыйластық», «сабырлылық» –  бұл ұғымдар қазақтардың дүниетанымы  және өмір салттарының негізінде жатыр.

 

Осындай құндылықтардың арқасында  біздің ортақ үйімізде бейбітшілік  пен тыныштық сақталып отыр.

 

Сондықтан қазақтардың толеранттылықты  қалыптастыратын өзіне тән әлеуметтік-мәдени ережелерін, салттары мен дәстүрлерін  жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық емес мәдени мұралардың белгі-нышаны ретінде қарастыру қажет.

 

Осы тәжірибені Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілдігі жұмысы бағыттарының бірі ретінде  тану тиімді болар еді.

 

Төртіншіден, Тәуелсіздік жылдары  ішінде Қазақстандағы тілдердің, мәдениеттер мен салт-дәстүрлердің этностық көптүрлілігі сенімді үндестікке, өзіне тән реңктер мен әсемдіктер молшылығына ие болды.

 

Бүгінде, әлемде түрлі бағалаулар бойынша, күн сайын 10-25-ке дейін жазба  тілдер жойылып, этностық мәдениеттердің бүтіндей бір қатпарлары келмеске кетуде!

 

Чамикуро тілінде сөйлейтіндердің  ең соңғыларының бірі Наталия Сангама  былай деген болатын:

 

«Мен чамикуро тілінде армандаймын, бірақ өз армандарымды ешкімге айтып  бере алмаймын, өйткені, ендігі жерде  чамикуро тілінде ешкім сөйлемейді. Сенің ең соңғы болуың жалғыздыққа ұрындырады».

 

Эяк тілінде ең соңғы болып сөйлеген, 2008 жылғы қаңтарда дүниеден өткен  Мэри Смит мынадай үндеу жасаған  болатын:

 

«Сенің тіліңде сөйлейтін соңғы  адам болу өкінішті. Мен сияқты жалғыз қалмау үшін өз бастауларыңа қайта оралып, өз тілдеріңді үйренулеріңді өтінемін».

 

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан  жоқ.

Информация о работе Ассамблея ұлттар бірлігін бекіте түседі