Ақпараттық білім беру ортасының тәуекелдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 20:03, реферат

Краткое описание

1. Ақпараттық технологиялар білім беру
2. Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің дамуының негізгі мәселелері мен жай-күйі
3. Ақпараттық-білім беру ортасының тәуекелдері

Вложенные файлы: 1 файл

Сөж оқыту.docx

— 36.61 Кб (Скачать файл)

Догмалық орта дәстүрмен, беделмен, тәртіппен, арлылықпен, байсалдылықпен, рухани тепе-теңдікпен, тұрақтылық сезімімен, өзінің дұрыстығына сенімділігімен, өзін өзі шектеуімен, өзін өзі анықтауымен, жоғары адамгершілігімен, енжарлыққа дейін жеткізетін дұрыс ойлауымен сипатталады. Бұндай ортада тәрбиеленген субъект тәуелді (басшыға, педагогқа, ата-анасына) әрі енжар. 

Идеялық орта еркін ұшумен, шабытпен, рух еркіндігімен, шығармашылықпен, энтузиазммен, мәселелілікпен; мейірімді ерікпен, моральдік эстетизммен, шыдамдылықпен, болашаққа көзқарасымен, нәзіктігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Бұндай ортада тәрбиеленген субъект белсенді және өз әрекеттері мен қылықтарын таңдауда еркін, оларына өзі жауапкершілік танытады. 

Алаңсыз тұтыну ортасы рух тыныштығымен, уайымсыздықпен, сезімталдықпен; ашықтықпен, бейірімділікпен, ішкі игілікпен, жалқаулықпен, әдеттерінің консервативтілігімен сипатталады. Бұндай ортада тәрбиеленген және дамыған субъект өзінде барына риза, ширығу мен күреске қабілетсіз, еркін, бірақ енжар. 

Сыртқы жылтырлық және мансап ортасы суық есепке тартылу, өзгелердің құндылықтарын жасанды эксплуатациялау, догмалық ұрандармен, епті өзін өзі жарнамалаумен, тойымсыз даңққұмарлықпен, тәкаппарлықпен, наразылықпен, көре алмаушылықпен, зұлымдықпен, этикетпен, сипатталады. Субъект бұндай ортада өтірік айта бастайды, екі жүзділенеді және қуланады, алайда белсенді, бірақ тәуелді. 

Қазіргі кезеңде білім беру түсінігі кәсіби-басқарушылық позициясымен анықталады, өйткені білім беру ортасының өзіндік ерекшелігі білім беру ресурстарымен толықтығы (материалдық-техникалық, ақпараттық, кадрлық және т.б.) және оларды білім беру нәтижелерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатын басқару болып табылады.

Дамытушы білім беру ортасы сапасының интегративтік өлшемі бұл ортаның білім беру үрдісінің барлық субъектілеріне қамтамасыз ету қабілеттілігі тиімді тұлғалық және кәсіби өзін өзі дамыту, яғни орта субъектіге не ұсынады немен қамтамасыз етеді және оған не ұсынады, сондай мүмкіндіктерінің жүйесіболып табылады.  
 
Субъектінің білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану белсенділігі бұл мүмкіндіктер оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес болған жағдайда өзектенеді. 

Ақпараттық орта концепциясын алғаш рет ұсынған Ю.А. Шрейдер болды, ол ақпараттық ортаны тек ақпарат өткізгіш ретінде ғана қарастырған жоқ, сондай-ақ оның қатысушыларына әсер ететін белсенді бастама ретінде қарастырды.  
 
Ақпараттық орта «бағдарламалық аппараттық құралдар жиынтығы, ақпараттық байланыс желілері, әртүрлі пайдаланушылармен түсінілетін және қолданылатын, әртүрлі мағынадағы және әртүрлі мақсаттағы» жоғары мектеп пен заттық саладан қолданбалы ақпарат жүйелерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік элементтері ретінде түсінеді.  
 
Ақпараттық кеңістік ақпараттық ортамен бір мағынада емес: бір ақпараттық кеңістікте өмір сүре отырып, индивид бір ақпараттық ортадан екінші ақпараттық ортаға көше алады, мысалы, мамандығын, жұмысын, қызығуларын өзгерткенде, оқудың жаңа сатысына көшкенде. Бұл көшулердің барлығы да бір ақпараттық кеңістіктің ауқымында жүзеге асырылады. Адам бір мезгілде әртүрлі ақпараттық орталарда бола алады, мысалы, оқу мекемесінің ақпараттық ортасында немесе виртуалды шындықтың ақпараттық ортасы. Егер ақпараттық кеңістік бүкіл адамзаттың өмір іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болса,онда ақпараттық орта белгілі бір адамдар тобының бастамасымен құрылады, және, Я.Корчак пен М.Монтессори идеялары бойынша, субъектілердің еркін белсенділігі шығармашылық ақпараттық орта үлгісін береді. 

Білім берудің ақпараттануы – бұлақпараттық қоғамдағы өмірде білім беру үрдісінің субъектілерін талапқа сай даярлауда білім беру іс-әрекетінің мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру формаларының өзгеруі.  
 
     Ақпараттандыру міндеттері:

  1. Оқу мекемелерін және білім беруді басқаруды компютерлік техникамен, телекоммуникациялық құрылғылармен және оқу және басқарушылық бағдарламалармен қаматмасыз ету, ортақ ақпараттық орта құруды қамтамасыз ететін аймақтың әр оқу мекемесінде локалді есептегіш желілер құру.

  1. Оқу мекемесі мен білім беруді басқаруды ақпараттық компьютерлік білім беру жүйесінің желісімен, ғаламдық Интернет желісімен қосу.

  1. Құрылған аймақтық ақпараттық білім беру порталы мен тиімді ақпарат алмасу ортақ Web-сайттарын ұйымдастыру. 

  1. Қазіргі ақпараттық технологияларды басқару іс-әрекетіне, педагогикалық үрдіске, әлеуметтік-тәрбиелеу жұмыстарына енгізу.

  1. Педагогикалық және басқару кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру (АКТ-құзіреттіліктер). 

  1. Білім беру құрылымдарында ақпараттық технология құралдарын кешенді енгізу, қолдау және қызмет көрсету жүйесін құру. 

 
Білім беру ортасының сапасы нақтылы ортаның кеңістіктік-заттық мазмұнының сапасымен, ондағы әлеуметтік қатынастардың сапасымен және сапасымен кеңістіктік-заттық және ортаның әлеуметтік компоненттері арасындағы интегративтік байланыстар сапасымен анықталады.  
 
Ақпараттық білім беру ортасы қазіргі ақпараттық білім беру технологияларына негізделген және интернет-ортада білім беру (оқу) үрдісін жүргізудің ортақ технологиялық құралдарымен қамтамасыз етілген адамдар өздері құрған басқарылатын психологиялық-педагогикалық жүйе ретінде анықталады.  
 
          Ақпараттық- білім беру ортасының қағидалары

Ақпараттану, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды дамыту амалының нәтижесі ретінде ақпараттық ортаны құру (В.Н. Ефименко) қазіргі жаңа деңгейдегі оқытушыларды даярлау және қайта даярлауды, даму әдісін және түрін, мазмұнын, мақсатын толықтай ой елегінен өткізуге әкеледі. Зерттеушілер (А.И. Бондаревская, О.В. Гукаленко, С.Д. Дерябо, В.Н. Ефименко, И.В. Крупина, С.Л. Новоселова, В.И. Панов, В.В. Рубцов и др.) педагогтар қызметінің ақпараттық- білім беру ортасы ақпараттық-коммуникативті дайындық деңгейіне әсер ететін дамудың негізгі қағидаларын және ақпараттық ортаны өзіндік дамытуды анықтаған.  
 

Білім беру ұйымдарындағы ақпараттық білім беру ортасының негізгі қағидалары 
 
1. Орналасу орнына және мамандығына тәуелсіз білім беру ұйымдарының барлық қатысушыларына бірдей. Білім беру ұйымдарының ақпараттық білім беру ортасының қатысушылары жоғарғы оқу мекемелері және ауыл мектептері болуы мүмкін. Қандай да болмасын оқу мекемесі әртүрлі деңгейдегі оқу-әдістемелік талдауды өткізу сұрақтарын өз бетінше шешеді. Ақпараттық білім беру ортасы қызметінің негізгі міндеттері- әрбір білім беру ұйымдарының білім беру желісінің қолайлы жұмыс жағдайын қамтамасыз ету.  
 
2. Білім беру үдірісінің материалдық қызығушылығы ақпараттық білім беру ортасының өзіндік дамуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі ақтауының виртуальды өкілі- білім беру ортасының тиімді жүзеге асуының негізі.

3. Білім беру деңгейлері және білім беру профилдерін тиімді дамытуға ықпал етуші білім беру жүйесінде жүретін жаңарту және бейімделу инвариантты орта және технологиялар қағидасы. 

4. Кері  байланыс қағидасы. Білім беру ортасына қатысушылармен біріккен әрекет, маркетингтік жұмыс, мониторинг механизмі, сыртқы әлемде болып жатқан үдірісті қадағалау, жүйе тиімділігін өзіндік талдау, сонымен қатар, ақпаратты ақпараттық-білім беру ортасы қамтамасыз етеді, дамыту үшін қажетті, жаңа жағдайға бейімделу, сол сияқты қажетті түзетулер енгізу. 

5. Технологиялық  үдірістердің әмбебап қағидаларын құру, сақтау және ақпараттық білім беру ресурстары үшін пайдалану, оның жүйесі ақпараттық технологияның дамуына қарай жаңарту, білім беру ресурстарының жүйесі автоматты түрде талдау, ақпараттық жаңалықтарды іздеу мүмкіндіктерін жеткілікті түрде қамтамасыз етуі керек. 

6. АБО  ақпараттық бірлік кеңістігінің  қағидасы. Ақпараттық білім беру ортасының бірлік қағидасы ақпарат аламасу деңгейінің жалпы жұмыс ережесісіз бола алмайды. АБО компоненттері бір-бірмен біріккен әрекет етуі үшін, олар бір хаттамамен жүруі тиіс, яғни бір ақпараттық тілде «сөйлеуі» қажет.

 

 

                Ақпараттық-білім беру ортасының тәуекелдері: 

  • Виртуалды білім беру ортасында педагогтар ісәрекетінің психологиялық-педагогикалық проблемалары айтарлықтай көрініп тұрады. 

  • Интернеттің адам психикасына жағымсыз әсер ететін жақтарының анықталуы. Интернетте жағымсыз әсер салдарына әлеуметтік оқшаулануды жатқызып отыр (басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуден біртіндеп немесе толығымен бас тартуы, шынайы достан гөрі виртуалды дос болу, эмоционалды реакцияның әлсіреуі, қызығушылық аймағының азаюы және т.б.)

  • Интернет арқылы оқытуда педагогте тәрбие функциясы төмендеуі мүмкін.

 
Виртуалды оқытуда педагог: 
 
- физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да дәстүрлі жүйе педагогіне 
 
қарағанда үлкен жүктемені көтереді; 
 
- Нормативті-құқықтық вакуумде қалады. 
 
- оның жұмысының өндірістік нормасы және еңбек төлемі жоқ, статусы анықталмаған және т.с.с. 
 
Оқыту үрдісіне АКТ енгізу, педагогты ақпараттық білім беру ортасын жобалау шеберлігімен қаруландыру, мұғалім тұлғасына жоғары талап қояды, ол біліктілікті көтеруді ұйымдаструда есепке алынбайды.  
 
Ақпараттық білім беру ортасының дамуында тұлға дамуы мен оқыту жағдайының өзгергенін анықтайтын өлшеуіштердің жасалмауы. 
 
      Күтілетін нәтижелер 

  • Білім беру ортасынының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;

  • Түрлі әлеуметтік топтар мен түрлі аймақ өкілдеріне білім алу мүмкіндігінің тең дәрежеде болуы;

  • Үздіксіз білім беру жүйесін қолдау;

  • Білім беру процесінің тиімділігін арттыру;

  • Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін компьютерлік технологияны қолдану арқылы ақпаратты сақтау және өңдеу жұмысының тиімділігінің артуы;

  • Оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;

  • Педагогтар мен оқушылардың 21 ғасырдың ақпараттық технологиясына инновациялық және базалық дайын болуы.

  • Оқушылардың оқу материалын көрнекі мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы жақсы меңгеруі;

  • Ақпарат ресуртарына локальді желі немесе Интернет арқылы шығуы 21 ғасырдың медиасауаттылық, сын және жүйелі ойлау, шығармашылық міндеттерді шешуге қабілеттілігі, командада жұмыс жасай білу, дербестік, терең ойлай білу, азаматтық сананың болуы сияқты қасиеттерден тұратын сапасы мен білігінің даму деңгейі 

  • әлемдік білім беру кеңістігінде кіріктірілу

  • орта қатысушылары арасында мәліметтермен ауысудың стандартталған механизмдері

  • халықтың оқу мекемелері ұсынған білім беру қызметінің кешенімен қамтамасыз етілуі 

  • педагогтер мен оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының, оқу әдістемелік кешенмен және т.б. еркін таңдауының қамтамасыз етілуі 

  • оқытушылар мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет мотивациясының, қарым-қатынас мотивациясының, қол жеткізу мотивациясының жоғары деңгейі.

 

 


Информация о работе Ақпараттық білім беру ортасының тәуекелдері