Yш жастағы бала дағдарысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 12:28, доклад

Краткое описание

Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан баста- уымыз керек, мұндай материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуьшдағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

3жастагы бала дагдарысы псих.doc

— 41.50 Кб (Скачать файл)

1. Баланың  бойындағы жағымсыз әрекет оның  ересектер талап еткен тілектерді  орыңдамауынан басталады. Оның тиісті талаптарды орындаудан бас тарту себебі оған қойылған талаптың мазмұнында емес, баланың сол ересектерге көңіл-күйінің қатынасына байланысты.

2. Баланың  жағымсыз қылығынын көрініс беруі  қойылған талаптан тәуелсіз түрде  пайда болатын оның өзіндік қылығы, өз ойындағы мақсатка жету ниеттілігі.

Қасарыс да дәл сондай. Тіл алмайтын қиын балалары жайындағы аналардын шағымы олардың қасарысьш қалатындығын жиі айтады. Бірақ қайсарлық пен қасарысу екі түрлі нәрсе. Егер сәби бір мақсатқа қалайда жеткісі келсе, ол қайсарлық көрсетеді. Бұл қасарысу қылығына ешқандай ұқсамайды. Қасарысу кезіңде бала өзіне қажетсіз нәрсені талап етеді. Бала өз қажетінің болмысы үшін емес, сол кажетгі қалайда талап етіп отыруына сәйкес қайсарлық көрсетеді. Бұл орайда әлеуметгік жағдайдың себебі орын алады.

Дардарыстың сан қилы ерекшеліктері Өзге адамдарға қатысты әлеуметтік себептермен ұштасты екенін білдіреді.

Егер үш жастағы баланың дағдарысын іс жүзіңдегі сипаттарымен ашып көрсеткіміз келсе, оның мәні әлеуметтік қатынастар дағдарысы деп аталады, солай деп атауға да болады.

Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын психикалық. өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдарына – әкесі мен шешесіне және олардың беделіне деген әлеуметтік көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың «мен» деген өзіндік ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез-қьшыктары пайда болады. Ондай қылықтар ортадағы жағдайды өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, дағдарыс баланың жеке түлғасы мен оның маңындағы адамдардың өзара әлеуметгік қарым-қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп отыруға бағытталатын психикалық фактор деп санаумыз керек


 


Информация о работе Yш жастағы бала дағдарысы