Құқық жүйесінің түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 18:06, реферат

Краткое описание

Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардын субъективтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдің тарихи даму барысымен, оның ұлттық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді.

Вложенные файлы: 1 файл

Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен.docx

— 47.95 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардын субъективтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдің тарихи даму барысымен, оның ұлттық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқык нормалары бір-бірімен келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі құқықтық принциптердің бірлігімен камтамасыз етіледі және атқаратын функцияларымен құқықтық мақсаттарға сай болады.

Құқық жүйесінің өзі шын мәніңдегі қоғамдық қатынастардың сипатына қарай оларға мақсатты ықпал жасайды. Оның тиімді болуының өзі қоғамдық дамудың қажеттілігін калай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге қосқан үлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде кейбір құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты- құқық жүйесінің жағдайына карау, оны жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құкық ережелерінің тұрақтылығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым толықтыру кажет, себебі қоғамдық тәжірибе әр уакытта бір орында тұрмайтыны анық.

Құқык жүйесі өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар, өзін құрайтын шартты бөліктерден тұрады. Құқық салалары және институттары қоғамдық қатынастардың жекелеген топтарын реттейді. Жекелеген құкық нормалары басқа, біржақты нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа құқық институттарына жатады. Сондай қызметтеріне байланысты құқық нормаларының реттеу рөлі көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді.

Құқықтық институттар бірігіп, сол қоғамның құқық жүйесін құрайтын құқық саласына айналады.

 

 

 

 

 

I БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ

1.1. Құқық  жүйесінің түсінігі

 

Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.

Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:

1) Оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды – институттарды, салаларды құрайды;

2) Оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлескен, тығыз байланыстыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;

3) Ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;

4) Ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға тәуелді және адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.

Құқық жүйесі — құқықтың ішкі құрылымы, барлық құқық нормаларының бірлігімен, келісімділігімен, олардың салаларға, қосымша салаларға, құқықтық институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді.

Қоғамдағы құрылған құқық жүйесі осы елдің тарихи дамуындағы заңдылық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың

ықпалымен және қажеттілігімен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды.

Жүйе философиялык түсінік ретіңде бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болатын құбылыс. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды орындай алмайды. Құкық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс. Нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді.

Құқық жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады: біріншіден, құқық жиынтық емес, органикалық тұтас құқықтық құбылыс. Құқық нормалары объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан арнайы нысанда сол жүйенің қатынастарын көрсетеді, екінші жағынан оларға реттеушілік ықпалын тигізеді. Егер құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады.

Былайша айтқанда, заңдар немесе нормалар қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білмесе, ол өз мәнінде жүргізілмеген кұқықтың шығармашылық нәтижесі.

Құқықтық жүйе біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым -қатынастығымен сипатталады. Олардың реттеу күші, жалпылама алға қойған мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде.

Құрамның әрбір бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік қызмет әрекетімен және әлеуметтік маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, құкық жүйесі көп салалы, өзіне мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да өзгеше кұрамдық бөліктерін косып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан, құкық жүйесі құқық нормаларына, құқық институтына, әр түрлі салаларға және сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай бөліну кұкык жүйесінің көрсететін және реттейтін коғамдық катынастардың жан-жақтығына байланысты.

Құқык нормалары - кейіптік қоғамдық қатынастарды реттейді, соған сай алғашкы құқық жүйесінің бөлігін құрайды, ал әр түрлі құқық нормаларының жиынтығы оның басқа бөліктерін (элементтерін) кұрайды: кұқық институты, құқықтық сала бөліктері және құқық салалары, одан да қиын қоғамдық қатынастар құрамының бөліктерін реттейді.

 

1.2.Құқықтық реттеу пәні мен әдісі, салаларының түрлері

 

Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пәні мен әдісін.

Құқықтық реттеу пәні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы-неке реттеу құқығының пәні болып табылады.

Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.

Құқықтық реттеу әдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жү зеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің төмендегідей негізгі әдістері болады:

1) Императивтік – бұл тиымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация әдісі;

2) Диспозитивтік – рұқсат етуге негізделген, тарапардың теңқұқылығы, координация әдісі;

3) Марапаттаушы – белгілі бір жақсы жүріс – тұрыс үшін марапаттау әдісі;

4) Ұсынушылық – мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс – тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.

Құқық саласы – бұл белілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

Құқық саласының белгілері:

  • Әрбір саланың өз пәні болады;
  • Әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;
  • Құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.

Құқық салаларының түрлері:

1) Негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар – азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және оларға сәйкес іс жүргізушілік салалар -  азаматтық іс жүргізушылык, қылмыстық іс жүргізушілік және әкімшілік іс жүргізушілік құқықтары орналасқан.

2) Арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы құқығы, түзету-еңбек құқығы;

3) Кешенді салалар; бұларға негізгі және арнайы  салалардың әртүрлі институттарының  бірігуі тән: шаруашылық құқық, аграрлық  құқық, экологиялық құқық, сауда құқық, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы.

Құқық институты – бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық институты – заң нормаларының құқық саласына қарағанда аз жиынтығы. Әрбір құқық саласында бірқатар институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында – еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта – ескіру мерзімі институты, өкілдік институты және т.б

 


 

 


 


 

 


 


 

 

 

 

1.3. Құқық жүйесінің ұғымдары мен құрылымы

 

Құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйедеген екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің құқық құрылымы, жүйесінің қалыптасуы, дамуы бірдей – ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарих өмірге келуі, дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың қалыптасуы мемлекеттік саяси – экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан, құқықтың жүйелердің де қалыптасуы, дамуы әртүрлі болады. Мұны жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтың жүйелерінің жақсы тәжірибелерін алып, пайдаланып ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға болады.

Сонымен, құқықтық жүйе дегеніміз – әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.

Құқық құрылымы дегеніміз – құқықтық нормалардың ішкі құрылымы және олардың дамуының орындалуының әдістері мен тәсілдері.

Құқық жүйесі дегеніміз – құқықтың өмірге келуі мен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең күрделі өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту, нығайту үшін оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.

Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол қатынастарды реттеу – басқару үшін объективтік жолмен құқық жүйелері қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасуы деңгейіне қарай нормативтік актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.

Ең төменгі денгейдегі бірінші бөлім – құқықтық норма. Бұл деңгейде норма бір қатынастың ішкі мазмұнын, оның орындалу жолдарын, субъектілердің екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктерін көрсетеді. Өмірде қатынас бір нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше ұқсас қатынастырдың толық дұрыс орындалуына бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге тура келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары, т.б.

Құқықтық институт – бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп-басқару. Мысалы, азаматтық құқығы меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік құқығы, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекеттік органдадының қызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.

Құқықтық бөлім – бұл жүйеге құқық саласының бір таралуындағы қатынастарды реттеп-басқару. Мысалы, азаматық құқықтағы авторлық қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбек қорғау, айлық төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.

Құқық саласы – қоғамдағы барлык нормативтік актілерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық,еңбек,қаржы,отбасы т.б құқықтар.

Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық институтты, бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезендегі құқық жүйесінің негізгі салалары:

1) Мемлекеттік ( конститутциялық) құқық – бұл сала әр елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп-басқарып отырады.

2) Әкімшілік құқық – сала қоғамды, мемлекетті басқаруқарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.

3) Қаржы (қаражат) құқығы – бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды басқарады.

4) Жер құқығы – бұл сала жер, су,өсімдік, табиғат, экологиялық бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.

5) Азаматтық құқық – қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік қатынастарды реттеп отырады.

6) Еңбек құқығы – азаматтардың еңбек бағытындағы қаынастарын дамытып, реттейді.

7) Жанұялық құқық – осы саладағы ерлі – зайыптылардың, олардың балаларының өзара қатынастарын ретейді.

8) Азаматтық – процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбек, жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.

9) Қылмыстық құқық – қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен шұғылданады.

10) Қылмыстық – процессуалдық құқық – милиция, прокуратура, сот, т.б. құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қарым-қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.

11) Еңбекпен түзету құқығы – қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды қамтиды.

12) Халықаралық құқық – мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар

Информация о работе Құқық жүйесінің түсінігі