Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 09:33, реферат

Краткое описание

Былғары мен тері шикізатына үй жануарлары мен жабайы аңдардың терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып табылады. Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай түліктің терісінен жасалғанына ғана емес, сол түліктің қандай түқымның терісінен жасалғанына да байланысты. Терінің құрылымы. Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты.

Содержание

1. Былғары және тері өндірісінің шикізаты
2. Шикізаттың қасиеттері және оны алдын ала өңдеу
3. Былғары шикізаттарының түрлерінің сипаттамалары
4. Жасанды былғары
5. Үлпекті материалдар
6. Былғары және терілердін қысқаша сипаттамалары

Вложенные файлы: 1 файл

Динара.doc

— 141.00 Кб (Скачать файл)

 

Сурет 11.7 - Табиғи былғары 

Мүйізді ірі қараның майда шикізатының келесі түрі - отқа ілінген бүзаудың терісі. Жаңа сойылған кездегі салмағы 10 кг дейін, аяқ киімнің жоғарғы бет былғарысын жасау үшін қолданылады. Белгілері: болашақ мүйіздің орны дүмпиіп біліне бастайды, терісі қалыңдау, бірақ біркелкі емес, мойнында сүт қыртыстары біліне бастаған. Ауданы - 60-150 дм^, қалыңдығы - 1,5-3 мм. Өңделген былғары бетіндегі табиғи өрнек сүт емген бүзаудікіне қарағанда онша майда және әдемі емес, ірілеу. Бүзауларды сою күзде басталады, қысқа таман ылғалды түздау арқылы консервілейді. Көркемдік суреттерді бастыру арқылы алынған табиғи былғары 11.8 -суретте көрсетілген. Мүйізді ірі қараның ірі шикізаты Тана терісі. Жаңа сойылған кездегі салмағы 10- 13 кг дейін. Жақсы күтімде болған малдың 5-7 айлығында, ал кәдімгі жағдайда бағылған малдың 1-1,5 жасында терісі осындай салмаққа жетеді. Ауданы - 120- 250 дм^, қалыңдығы 2,5-3 мм, кейде 4 мм дейін болады. Тананы жазғытүрым немесе қыста сояды, терісін ылғалды түздау арқылы консервілейді. Терісінің қалыңдығы онша біртегіс емес, аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары жасауға, юфть былғарысына пайдаланылады.

Сурет 11.8 - Көркемдік суреттерді бастыру арқылы алынған табиғи былғары 

Өгізше терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы - 13-17 кг аралығында, ауданы - 200-270 дм2, сауыр терісінің қалыңдығы - 3-4 мм. Мойын терісі қалыңдау, сүт сызықтары теріде де, былғарыда да анық байқалады. Өгізше терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары, ұлтарақтық және юфть былғарысын дайындауға қолданылады. Тайынша терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісі жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25кг жоғары) болып екіге бөлінеді. Сауыр терісінің қалыңдығы - 3,5-5 мм, қол терісініңкі - 2-2,5 мм, ауданы - 300-570 дм^, тұрқы 1,75-2,2 м аралығында болады. Тері құрылымы біркелкілеу, аяқ киімнің жоғарғы жағы үшін былғары дайындауда юфть, ұлтан, ұлтарақ, ер-тұрмандық, техникалык және иленбеген шикі қайыс шығаруда қолданылады. Бұқа терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг жоғары. Салмағына қарай бұқа терісін жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп бөледі. Бұқа терісінің салмағы кейде 60 кг дейін жетеді немесе одан да асып кетеді. Ауданы - 550-600 дм^, тері қалыңдығы біркелкі емес, сауыр терісінің қалыңдығы - 4,0-4,5 мм, мойын терісінің

18-6313

қалыңдығы - 4-6 мм және одан да жоғары. Терісінен үлтандық, илен- беген  қайыс, техникалық былғары дайындалады, ал жеңіл теріден үлтарақтық былғары  шығарылады. Сиыр терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13кг жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісін жеңіл (13-17кг) орташа (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп бөледі. Ауданы - 200-450 дм^, қалыңдығы: жеңіл салмақтысыныкі - 2,5-4 мм, орташасынікі - 3-4,5 мм, ауырынікі - 3,5-5 мм. Терісі біршама тегістеу, бірақ көп бүзаулаған сиырдың терісінің қарын жағы созылған, біраз ақаулы болып келеді. Сиыр терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары және юфть шығаруда қолданылады, бағалы аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары шығаруға іске асатын тілінді (спилок) алынады. Одан басқа сиыр терісінен үлтан, үлтарақтық, ертүрмандық, техникалық және иленбеген қайыс шығарылады. Жылқы терісі. Оның негізгі ерекшелігі алдыңғы қол жағы мен сау- ыр терісінің қүрылымы және қасиетінің айырмашылығында. Қол терісі мен сауыр терісінің шекара түсы жонарқаға қарама- қайшы, ат басынан есептегенде түрқының үзындығынан (һ) аралығында болады. Қол терісі бостау, оның үстіне жонарқасы жалға дейін қатты, тығыздау сызаттары бар, ол пішімдеуге ыңғайсыздық тудырады. Жылқының артқы сауыр терісін хазы деп, ал жаясын шпигель деп атай- ды. Терінің жаясы өте тығыз келеді және үйкеліске төзімді, мықты, берік, су және ауа өткізбейді. Жылқы терісін ылғалдап түздау арқылы консервілейді, кейде кептіреді. Жылқы терілері майда және ірі болып бөлінеді. Ірі жылқы терілері. Салмағы 10 кг жоғары жылқы терілері ірі шикізатқа жатады. Терілер салмағына қарай жеңіл (10-17 кг) және ауыр (17кг жоғары) болып бөлінеді. Терінің ауданы 400 дм^ дейін жетеді. Қол терісінің қалыңдығы 1,5-3 мм болса, сауыр терісінікі - 2-4 мм. Жармдылығы әр түрлі болғандықтан, шикізат кезінде жылқы терісін қол және сауыр терісі деп екі бөлікке бөліп, әр түрлі парияларға сүрыптайды. Жылқының қол терісі - терінің бөлінген кездегі алдыңғы жағы. Салмағына қарай жеңіл (12 кг дейін) және ауыр (12 кг жоғары) болып бөлінеді. Қол терісінің ауданы - 160-250 дм^, сауыр терісімен түйіскен жеріндегі қалыңдығы - 2,5-3,3 мм, ауыр салмақтысының ауданы -170- 300 дм^, шекарадағы қалыңдығы - 3-4 мм. Қол терісінен аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған былғары дай- ындайды. Сауыры қол жағынан бөлінген жылқының терісі салмағына қарай жеңіл (5 кг дейін) және ауыр (5 кг жоғары) болып бөлінеді. Жеңіл сау-

ыр терісінің  ауданы - 60 дм2, ең қалың түсы - 3-3,5 мм, ауыр салмақты сауыр терісінің ауданы - 90 дм^, ең қалыңдығы - 3,5мм. Қазіргі кездегі  сауыр терісінен үлтан және үлтарақ жасайды. Майда жылқы терісі. Терінің бүл түрінің алғашқысы - үлбір жасауға жарамайтын, өлі туған немесе іш тастаған қүлын терісі. Ауданы - 30-60 дм,2 салмағы -1-2 кг. Мүндай қүлын терісінен галантереялық бүйымдар жасалады. Келесі түрі - сүт еметін неме- се отқа ілінген қүлын терісі, салмағы 5 кг дейін, ал ауданы 60-130 дм^ болып келеді. Өзең қабаты қалыңдау, тығыздау. Сүт еметін қүлын терісі бағалы үлбірлік шикізат, жүні жақсы дамыған, онша өсік емес, жылтыраған тегіс болады. Үлбір жасауға жарамсыз қүлын терісінен қолғаптық және аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған былғары жа- салады. Ал, тай терісінің салмағы 5-10 кг дейін, ауданы 120-200 дм^, сауыр терісінің қалыңдығы 2-2,65 мм, алдыңғы жағынікі 1,65-2 мм болады. Одан аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары дай- ындайды. Қой терісі. Майда шикізаттың ішіндегі ең негізгісі қой терісі бо- лып табылады. Соның ішінде, біздің елімізде қой түқымы бірнеше ондаған түрге бөлінеді: негізінен етті, етті-жүнді және қаракөл түрлері өсіріледі. Былғары жасауға жүннің сапасы үлбір өндірісі мен тон жасауға жарамайтын қой терілері алынады. Олардың сапасы қойдың түқымына, жасына, сою уақытына және басқа жағдайларға байланы- сты болады. Қой терісі нәзік, жүқа қыртыс қабатымен ерекшеленеді, ол тері қалыңдығының 1,8-2,5% ғана болады. Тері бетіндегі табиғи бедер өрнегі біркелкі, майда, әдемі тегіс болып келеді. Тері өзеңі емізікше және торлы қабатқа айқын бөлінген, және емізікше қабат торлы қабатқа қарағанда қалыңдау. Қылшық жүнді қой терісінің түгі өте төмен тереңдеп орналасқандықтан, емізікше қабаты қалың (70-80%), ал бия- зы жүнді қой терісіндегі емізікше қабат, керісінше, онша қалың бол- майды. Емізікше қабатта май, тері бездері көптеп орналасқандықтан, ол бостау, кеуек қуыстары молырақ болады. Жас малдың терісіндегі өзеңнің емізікше қабаты қалыңдау болады. Торлы қабаты нәзік, онша тығыз орналаспаған коллагенді талшықтар тобынан түрады. Талшықтар өрілімі көлденең және майдың шамасы едәуір мол болғандықтан, бүл қабат осалдау болады. Май көбінесе емізікше қабат пен торлы қабат шекарасына орналасқан. Майсыздандыру кезінде емізікше және тор- лы қабаттың шекарадағы байланысы азая түседі. Осы айтылған жай- лар қой терісінен жасалған былғарының онша берік емес, созылмалы, бостау болып келуінің негізгі себептерін қүрайды және су өткізгіштік қасиеттерін арттырады. Қой терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары аяқ киімдік «шеврет», киімдік және галантереялык былғары дайындалады. Сапасы төмен қой терісінен астарлық және галантереялық былғары дайындалады. Жүні сапалы қой терілері үлбір

мен тон өндірісі үшін қолданылады. Табиғи былғароы бейнесі 11.9-су- ретте көрсетілген. Ешкі терісі. Ешкі терісі - өте қ¥нды шикізат, одан сафиян, шегірен сияқты сапалы былғары бүйымдар жасайды. Әсіресе, жас ешкінің терісі, былғарылық шикізат ретінде өте жоғары бағаланады. Одан әйелдер және ерлер жеңіл аяқ киіміне арналған өте әсем былғары «шевро» дайындайды. Ешкі терісінің қыртыс қабаты, тері қалыңдығының 2-3% қүрайды. Қыртыс пен өзеңнің шекарасы тегістеу болып келеді. Емізікше қабаты кейде торлы қабаттан қалыңдау, себебі түк қалташалары тереңдеп өзеңге еніп жатады. Май бездері ешкі терісінде қой терісіне қарағанда азырақ, осының әсерінен емізікше қабатында бос қуыстар көп болмайды, ал торлы қабаты берік, мықты болады. Өзеңді қүрайтын талшықтар тобы берік және жуандау, олар бір-бірімен ілінісе және көлбей орналасқандықтан, былғары берік, әрі жүмсақ болады. Қой терісі сияқты, ешкі терісінің сапасына малдың жасы, түқымы, сою уақыты және басқада себептер әсер етеді. 

Сурет 11.9 - Үстіңгі  беті кесілген табиғи былғары 

Ешкі терісін  ылғалдап тұздау және кептіру арқылы сақтайды, сондай-ақ ешкі терісі майда  шикізатқа жатады. Сүтті тұқымды  ешкінің терісі қысқалау, селдір, бірақ  өзеңі тығыз болады. Жүнді және түбітті ешкі түқымы терісінің ерекшелігі, сүтті тұқымды ешкіге қарағанда, өзеңі онша тығыз емес, жүні қалың болады. 11.10-Суретте беті тегіс, жылтыр табиғи былғарысы көрсетілген. 

Сурет 11.10 -Беті тегіс, жылтыр табиғи былғарысы 

Түйе терісі. Түйе терісінің қүрылымы бостау болып келеді. Ерекшеліктері - мойын терісінің қалыңдығы біркелкі емес, түк қалташалары өзеңге тереңдей орналасқан, өркештің орны дүмпиіп түрады. Түйенің көп жатқан жағының терісі бүдырланып кетеді. Терінің ауданы үлкен, салмағы ауыр болады. Теріні сыпыру түйенің арқасынан басталып өркеші арқылы аяқталады. Түйе терісін түздай кептіру арқылы консервілейді. Жасына қарай түйе терісі бота және түйе терісі болып екі түрге бөлінеді. Салмағы 10 кг дейін болады. Түйе терісі салмағына қарай жеңіл (10-17 кг), орташа (17-25 кг) және ауыр салмақты (25 кг жоғары) болып бөлінеді. Бота және жеңіл түйе терісі үлтарақ, юфть жасау үшін қолданылады. Ауыр салмақты түйе терісінен иленбеген шикі қайыс (сыромять) және үлтан дайындайды. Мойын терісінен галантереялық былғары, ал өркешінен өкшеге қаптайтын былғары алынады. Шошқа терісі. Шошқа терісі басқа төрт түлік малдың терісінен өзгешелеу. Шошқа қылы (түгі) нашар дамыған, қыртысы қалың, ол өзең қалыңдығының 2-5% қүрайды. Шошқа терісінің сортын анықтау біршама қиынға түседі, себебі терінің бетіндегі ақаулы-кемістікті айыру қиындау. Шошқа түгі сирек- теу және ірі болғандықтан, түк пен қыртысты алып тастағанда, өзеңнің беті тегіс емес, сондықтан былғарының бедеріде сүлу емес, нашарлау бүдырлы көрінеді. Бірақ, тері берік, үйкеліске төзімді бүл қасиет былғарыда да сақталады. Шошқа терісіндегі май мен тер бездері, бүлшық еттері түкті тік түрғызып түрады және ол тері қалыңдығының өн бойын тесіп өтеді де, түк қалташалары өзеңнің төменгі қабатына орналасады. Сондықтан шошқа терісінің өзеңін торлы және емізікше қабатқа бөлмейді. Дайын былғарының бетінде түк орны өзеңде көптеген тесік түтікшелер түрінде қалады да, оның су өткізгіштігіне әсер етеді, табиғи бүл ақауды жөндеу үшін тері арнайы өңдеуді қажет етеді. Эластинді талшықтар терінің өн бойында орналасқан және тері асты май қабаты жақсы дамыған. Шошқа терісі ауданына байланысты майда (30-70 дм^), орташа (70- 120 дм^), ірі (120-дм2 артық) болып бөлінеді. Шошқаның бөксе терісі ауданы бойынша шағын (30-50 дм^) және ірі (50 дм^ жоғары) болып бөлінеді. Олар аяқ киімнің жоғарғы жағына былғары жасауға, юфть әзірлеуге, ер-түрман былғарысын дайындауға, үлтан мен үлтарақ және иленбеген қайыс алу үшін қолданылады. Шошқа мегежіні терісінің ауданы 80 дм^ жоғары болады. Теңіз жануарларының терілері. Теңіз жануарларының ішінен теңіз мысығының терісі сапасы жағынан ерекше орын алады. Қылшық жүні теріліп, түбіт жүні қара түске боялған немесе қылшық жүнін тер- мей, табиғи, боямаған түрінде әйелдер пальтосы үшін, жакет, жаға, бас киімдер және басқа да бүйымдар жасауға қолданылады. Түкті жабынды тюлень терілері жас шамасына қарай ерлер бас киімі мен күртелері үшін қолданылады. Тюлень терілері былғары өндірісінде, сондай-ақ үлбір өндірістерін- де қолданылады. Олардың қүрылымының жалпы, белгілері эпидермисінің мүйізді қабатының жақсы дамуы, тері өзеңінің емізікше мен торлы қабатының үзіліп бөлінуі остік шаштарының тамырының тереңдеп орналасуынан емізікшесі торлыдан қалыңырақ. Тері өзеңі үшін майлы қабаттарының мөлшері тән сипатты. Тюлендердің әр түрлерінен жиі кездесетіні греландық, беломорлық, каспийлік, нерпа, лахтах, теңіз қояны. Тюлень түріне тәуелді терілер өзара айтарлықтай ажыратылады. Соны- мен бірге, бір түрде және әр түрлі жастағы терілердің қолданылуы әр түрлі. Морж терілері. Морж жарғақ аяқтылар отрядының ірі аңдарының бірі. Терілерінің ауданы 600 дм^, ал салмағы 200 кг жетеді (орта- ша салмағы 70- 80кг ) үлкен аңдар 150-200 кг май береді. Терілерінің қалыңдығы 30-50 мм. Үсті сирек жүнмен жабылған, терең әжімдерімен қатпарлары бар, тері үлкен босаңдығымен ерекшеленеді. Морж терілері техникалық былғарыға (аралық поршень, муфт) шыныштарды қайта өндіріледі. Олар өте қалың, дөрекі, босаңдау және тегіс емес бетімен ерекшеленеді. Морж терілерінің сипатты ақаулары атудан, шіруден, кесуден, қүрт жегеннен туындайды. Рептилий терілері. Бүл терілер - қолтырауын, бақа және жылан - галантереялық былғарыларды шығаруда өндіріледі. Қолтырауының терісінің қүрылымы - қалың көп қабатты эпидермистен, ал бақа мен жылан терілерінің мүйіздік қабаты жүйелі өзгеріп отырады. Өзеңі бір бірімен талшықты көпіршелермен байланысып, горизонталь бағытта коллаген талшықтарының шоғырымен айқасатын пласталармен түзілген. Терілерді сорттауда үзындығы бойынша үсақ, орташа, және ірі деп бөледі. Қолтырауын терілері Үндістанда, әсіресе, Калькутта, Бразилияда және Оңтүстік Индия төңірінде, жылына 300 мың дана дайындалады. Қолтырауын терілерінен жасалған табиғи былғарылар 11.11-суретте көрсетілген. 

Сурет 11.11 - Қолтырауын терісінен жасалған табиғи былғары 

 

Сурет 11.12. Рептилий терілерінен жасалған табиғи былғарылар

Жылан терілерін  Үндістанда көбірек өндіреді. Терілерді  жылан- дардан шүлық секілді сылып  алады. Консервілеу ылғалды түздау арқылы жүргізіледі. Өндірілетін жыландардың  үзындығы 2-5м жетеді. Рептилий терілерінен жасалған табиғи былғарылар 11.12- суретте көрсетілген.

11.4. ЖАСАНДЫ  БЫЛҒАРЫ 

Тігін өндірісінде жоғары пайдалану сапасы қаматамасыз ететін және бар тәсілдермен киімдерді  дайындауға мүмкіндік жасайтын, қасиеттер  жиынтығына ие болатын жүмсақ жасанды былғарыны қолданады. Киімге арналған жасанды былғары иілмелі, жүмсақ, беткі қабаты негізбен берік қосылған киімде, пішінін түрақты сақтайтын және пішінді, сәнді көрінетін, жаңа қүралдармен жеңіл пішілетін болуы тиіс. Былғарыны тігін машиналарында тігу барысында жолдан таймау керек, ал пісіру кезінде берік эласты тігістерді қамтамасыз етуі тиіс. Бүйымды кию жағдайын ескере отырып, киімге арналған жасанды былғары көп ретті иілуге берік, түрақты, пайдаланудың, температураның және ылғалдылықтың әр түрлі жағдайында қасиетін өзгертпеуі тиіс. Киімге арналған жасанды былғары белгілі бір гигеналық қасиеттерімен сипатталды: аз мөлшерде жылу өткізгіш, жетерліктей

ылғал өткізгішті және ауа  өткізгішті. Оның бу өткізгіштігі 1 м / (смг) кем болмауы керек. Жасанды  былғарылардың негізгі түрлері - негізгі (мата, тоқыма немесе мата емес төсеме) полимермен немесе полимер қоспасымен жабылған (сіңдірілген). Жүмсақ жасанды былғары үшін «жасанды былғары» атауы қабылданған. Былғарының арналуы және жасанды былғары өндірілген полимердің қысқаша аталуы көрсетіледі (поливинилхлоридті - винил. каучукті - эласто, полиамидті - амид, нитроцеллюлозды - нитро, по- лиэфируретанды - уретан). Соңында әріппен негіз түрі белгіленеді (Т- мата, ТР - тоқыма, НТ- мата емес төсеме). Жүмсақ жас былғарыны полимер қоспаларымен негізін-ерітінді, пластизолмен, қүймаларымен, дисперсияларымен өңдеу арқылы ала- ды. Жүмсақ былғарыны өңдеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады: ағызып әкелу, каландрлі, калалирдік, ламинирлеу, сіңдіру. Полимерлі қоспа негіздің бар қалыңдығы бойынша енуі немесе тек беткі қабат түзуі мүмкін. Ағызу әдісін қолданып, жасанды былғарыны алуда жүмысты тікелей немесе жылжыту тәсілімен орындайды. Тікелей тәсілде по- лимер қоспасын негізге үздіксіз жағады. Мысалы, негізге алды- мен полимердің кеуекті қабатын жағып, содан соң кеуексіз қабатын жағады. Бүл тәсілді негізгі аз созылатын жасанды былғары өндіру үшін қолданылады. Керісінше тәсіл кезінде беткі жабынды негізге емес, табан етегі таспасына жағады және керісінше тәртіппен - алды- мен кеуексіз қабатқа, содан соң кеуекті қабатқа жағады. Соңынан бүл қабаттарды негізбен қатырмалайды. Бүл тәсілді негізгі тығыз емес, қатты созылатын жасанды былғарыларды алу үшін қолданылады. Жасанды былғарыны каландр әдісін қолдану арқылы алу кезінде арнайы жабдық қарастырылады, онда алдын ала ингредиенттер салы- нып, араластырылып, қажетті полимерлі қоспа дайындалады. Арнайы каландрлер дайындалған полимерлі массаны үлпек түрінде қалыптайды және Т, ТР, НТ - негізімен қосады. Каширлеу әдісін қолдана отырып, жүмысты, негізгі бөлігі екі білікті каландр болып табылатын кашировальды машина орындай- ды. Алдын ала түйіршік түрінде дайындалған полимер қоспасы, еріткіш білік аймағына беріледі, онда үлпек түрінде қалыптасады, содан соң кесетін білік зонасында негізбен қатпарланады. Бүл тәсіл көп қабатты жас былғарыны өндіру үшін қолданылады. Негізінен по- лимер қоспаларының монолитті қүрылымынан түрады. Манимерлеу әдісі кезінде экструзионды - ламинирленген қүрылғысы қолданылады. Қүрылғымен жүмыс кезінде полимер балқымасынан білік зонасында негізбен біріктірілетін үздіксіз үлпек түзіледі. Вилинис былғарысы қарастырылған әдістердің бірімен мата не- месе тоқыма негізінде кеуекті, монолитті немесе кеуекті монолитті жабынмен өндіріледі. Негізі ретінде жүмсақтығы, созылғыштығы, қүрылымының жоғары қозғалғышытығымен алынатын мата немесе тоқыма төсеме қолданылады. Жабын ретінде негізгі үздіксіз жағылатын поливинилхлорид (ПВХ) қолданылады, қалыңдығы 0,1-2 мм. Кеуекті қабатты жасанды былғарыны алу үшін - кеуек түзгіш - органикалық заты бар полимерлі қоспаны қолданады. Келесі термо өңделуде, нәтижесінде поливинилхлоридті босаңсытатын көп газ тәрізді өнімдерді түзе отырып, бүл заттың ыдырауы жүреді. Нәтижесінде көп мөлшердегі кеуекті көбіктенген поливинилхлорид қабаты алынады. Одан кейін кеуекті - монолитті жасанды былғарыны өндіру кезінде екінші, кеуексіз поливинилхлорид қабаты жағылады. Былғары тектес түр беру үшін оның жоғары бетіне әрлеу лагін жүқа қабатымен жаба- ды. Эласты былғарыны мата негізіне каучукты жабынды жағу жолы- мен алады. Мақта қағазды репсі негізінде екі түрдегі кеуекті жабын- мен өндіріледі: К - карбоксилатты каучук С жабынымен және С - біріктірілген каучуктер негізіндегі жабын. Бүл жасанды былғарының үстіңгі бетінің тығыздығы 40г/м, ол арнайы киімдерге - 40°С темпера- турада тасымалданатын, майға, бензинге түрақты Т эласты былғарысы. Мақта қағаз негізінде диагоналі бойынша бір жақты латекспен жабылған, жасанды былғарының үстіңгі бетінің тығыздығы 450 г/м. Пелакс материалы латексті жабынымен өңделген жасанды былғарының көптүрлілігі болып табылады. Оны негіздің теріс бетіне көпіршіген латекс қабатын жағу жолымен алады. Негізі ретінде мақтақағазды немесе жібекті маталар қолданылады. Уретан жасанды былғарысы монолитті бір жақты полиэфируретан- ды (ПЭУ) жабынымен және кеуекті жабынымен өндіріледі. Жасанды замша негіздің үстіңгі бөлігіне талшықтарды электростатикалық әдіспен жағу арқылы алады. Технологиялық процесстің ерекшелігі, аз өлшемді талшықтар (киімге арналған зам- шаны өндіруге, сызықтық тығыздығы 0,55 - 0,33 текс, үзындығы 0,5-1 мм болатын капронды талшықтар қолданылады) белгілі бір зарядты алған соң талшықтар көп ток астында керекті бағытқа бағытталып және негізм қоспасымен жағылған және қарсы заряд белгісі бар негіз бетіне қатаң тік жүргізіледі. Нәтижесінде негізмді негізбен түк талшықтары жетерліктей берік қосылып, замша тәрізді бет түзіледі. Негіз ретінде маталар, тоқыма, мата емес төсеме және басқа да матери- алдар қолданылады; түкті жүргізу үшін полиуретан, поливинилхлорид, эпоксидті смола, негізм ерітінділері негізіндегі негізмдер қолданылады. МЕМСТ 28461-90 сәйкес жасанды былғары тоқыма негізіне поливи- нилхлорид немесе полиуретанды жабын жағылған материал. Жасалуына қарай жасанды былғарыны екі түрге бөледі: жаңбырдан қорғайтын киімдерден басқа, жоғарғы киімдер; жаңбырдан қорғау үшін арналған жоғарғы киімдер. Жасанды былғарыларды шартты белгілері хлорид жабынды жоғарғы киімдер үшін төмендегідей: жаңбырдан қорғайтын киімдерден басқа - винилжасанды былғарысы - Т-В МЕМСТ 28461 -90; жаңбырдан қорғайтын полиуретанды жабын- мен тоқыма негіздегі үстіңгі киімдер үшін уретан жасанды былғарысы -ТР-П МСТ -28461-90. МЕМСТ 28461-90 сәйкес өңделген физико-механикалық көрсеткіштері бойынша жасанды былғарылар келесі талаптарға сәйкес келуі қажет және 11.1- кестеде көрсетілген.

Кесте 11.1- жасанды былғарылардың физико-механикалық көрсеткіштері

Көрсеткіш Мөлшері 1м салмағы, көп емес  Түрі үшін В 500 П 250 Үзу  күші да Н, кем емес  Бойлық бағытта  Матада 15 Тоқымада 20 Көлденең бағытта  Матада 10 Тоқымада 8 Қатаңдығы сН, көп  емес 10 Көп ретті иілуге түрақтыл^іғы, кем емес  МИРП аспабында  Түрі үшін В 150 П 100 ММРЦ аспабында  Түрі үшін В 300 П 200 Негізбен қабыршақ жабынының  байланыс беріктігі даН/см 0,3 Кем емес  Суға төзімділігі, мм кем емес 250

Салмағы бойынша шекті  ауытқу көрсетілген мәннен ± болуы тиіс. МЕМСТ 28461-90 сәйкес жасанды былғарыны үстіңгі бетіндегі сыртқы түрінің ақауларының болуынан тәуелді 2 сортқа жіктейді: 1-ші және 2-ші. Сыртқы түрінің ақаулары орнықты (дақ, сыдыру, сынуы, сызат, қалыңдығы, жаншылуы) және тараған (реңтің әр түрлілігі, бастырып сурет салудың анық еместігі, талшықтығы) түрде болады.

1 сортқа үзындығы 30 м жасанды  былғарыға бес орнықты ақау  ғана рүқсат етіледі, ал 2-ші  сорт үшін сегіз орнықты және  бір таралған ақау рүқсат етіледі.  Белгіленген мөлшерден нақты үзындықтың ауытқуы кезінде орнықты ақаулар саны қайта саналады.

11.5. ҮЛПЕКТІ МАТЕРИАЛДАР 

Плаштарды, жамылғыларды, курткаларды  және әртүрлі ар- найы киімдерді (комбенизон, фартуктерді, береттерді, қолғаптарды) дайындау үшін поливинилхлоридті және полиэтиленді үлпектер қолданылады. Оларды қалыптастыру үшін шикізат ретінде сәйкес смола толықтырғыштар, платификаторлар, стабилизаторлар және бояғыш пигменттер және синтетикалық шайырлар қолданылады. Толықтырғыштар үлпектердің механикалық қасиеттерін жақсартады; пластификаторлар созылғыштығын, жүмсақтығын, иілгіштігін жақсар- тады; стабилизаторлар үлпектердің ескіруіне кедергі жасайды. Қүрамын өзгерту арқылы қалауымызша керекті үлпектер алуға бо- лады. Үлпектер мөлдір және мөлдір емес, түсті немесе қүлпырмалы, ал- тынды, күмісті болады. Сонымен қатар баспалы суреті бар үлпектер шығарылады. Үлпек беттері тегіс немесе былғарыға, сондай-ақ матаға үқсатып бедер басады. Поливинилхлоридті үлпекті жанышқыш - каландрлі, немесе экс- трузионды (қолмен немесе плоскощелевой) әдістерімен алады. Бірінші әдіс 0,3-0,8 мм қалыңдықты үлпектер алуға мүмкіндік жасайды. Екінші әдісте жүқа үлпектер алуға мүмкіндік жасайды. Поливинихлоридті үлпектер айтарлықтай берік, иіссіз, қышқылға, сілтіге түрақты, 70°С температурада жүмсарады, өз бетінше сөнгенше жанады, олардың аязға төзімділігі - 46°С. Бүл үлпектер аз бу және су өткізгіштерімен, сондайақ ауа өткізгіштігімен сипатталады және адам денесімен жанасқанда теріні тітіркендірмейді. Хлорвинил сополимер жиынтығын жинай отырып, керекті қасиеттермен, мысалыға қажетті созылғыштығы, жылу өткізгіштігі, иілгіштігі, жылуға және аязға төзімділігі, ультракүлгін және инфрақызылды сәулелер әсеріне түрақтылығы бойынша өндіріледі. Полиэтиленді үлпектер 0,1-0,2 мм қалыңдықпен шығарылады, жеңілдігі, жүмсақтығы, созылғыштығы қасиеттерімен сипатталады; балқыту температурасы 105-110°С, және олар 60-70°С температурада жүмсарады, бүйымға жеңіл қалыптанады. Үлпекті материалдар қүрамында хлоры бар ерітінділерде қүрғақ- тай химиялық тазалау кезінде бүзылады. Үлпекті бүйымдардың бөлшектерін біріктіру жылулық түйістіру әдісімен, ультра дыбыспен немесе арнайы жабдықта жоғарғы жиілікті токпен жалғанады. Жіпсіз алынған тігістердің беріктігі үлпектің беріктігінен артық. Үлпекті материалдардан жасалған бүйымдардың беріктігін арттыру және жылусақтағыштық қасиеттерін жақсарту мақсатында үлпектерді матамен қосарландырып шығарады.

Информация о работе Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар