Қытайдың ТМД елдерімен ынтымақтасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 22:12, реферат

Краткое описание

Экологиялық қауіпсіздік негізі – энергияны теңгерімді пайдалану. «Энергетикалық қауіпсіздік» атты стратегияны жүзеге асыруда Батыс пен Шығыстың арасында алтын көпірге айналған Қазақстанның рөлі ерекше. Дегенімен, әлемдік энергетика мәселесін ушықтырып отырған басқа да жағдайлар жетерлік. Олар «Араб көктемі» мен Таяу Шығыстағы саяси ахуал. Сонымен қатар, мұнайдың құбылмалы бағасы мен Еуроаймақтағы экономикалық тұрақсыздық. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ләззат Қиынов Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның географиялық жағдайына тоқталып өтті. біздегі жайлы климаттың әсері елімізге инвестицияның көптеп құйылуына ықпал етті

Содержание

I Энергетикалық қауіпсіздік
Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі энергетикалық қауіпсіздігі
Индустрияландыру бағыты ретінде
II Қытайдың ТМД елдерімен ынтымақтасуы
Орталық Азияда Қытай мүддесі
Ресей қарым-қатынастары
Қазақстан қарым-қатынастары

Вложенные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 52.16 Кб (Скачать файл)

ҚХР басты мақсаты –  осы аумақтың Қытай шеңберінен шығыс-түркестандық күштердің базасы және олардың халықаралық  терроризм байланысындағы каналы болуына  жол бермеу. Сондықтан Қытай Орталық  Азия мемлекеттерінің үкіметтеріне өз территорияларында сепаратистердің  жұмысын шектеу және ҚХР-на территориялары арқылы террористік және экстремистік құрылымдардың өкілдерінің өтуіне жол бермеуді ұсынады. СУАР мен ОА мемлекеттерінің қауіпсіздігі өзара  байланысты және ОА тұрақсыздық жағдайы Солтүстік-Шығыс Қытайдағы қауіпсіздігіне өз әсерін тигізеді.

Қытай коллекивті қорғану  шеңберінде аумақтық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету үшін ОА елдері мен  Ресеймен өзара ынтымақтастыққа  талпынады. Бұл ШЫҰ негізгі міндеті  болып табылады.

Қытайдың тұрақты стратегиялық тыңы ретінде ОА сақтау – Пекиннің глобальды стратегиясы мен геосаясатында  маңызды аспект болып табылады. Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан аумақ  Қытай сыртқы саясатында бірінші  орынға ие. Жақындағы онжылдықтағы Қытай сыртқы саяси стратегиясының мақсаты – Тайвань тәуелсіздігін  алмауға жол бермеу. Осыған байланысты АҚШ-ң Тайбэйді қолдауы мен ҚХР-ң  экономикалық өсуін ұстау саясаты  негізгі проблеманы тудырып отыр. Осы екі фактор қытай-американ стратегиялық конфронтациясының нығаюына мүмкіндің  туғызады.

Қытайдың тұрақты стратегиялық тыңы ретінде ОА сақтау үш жағдайға байланысты:

  • Біріншіден, Қытай мен аумақ елдері арасындағы шекаралары туралы даулы мәселелерді шешу және шекара аудандарында қауіпсіздік орнату.
  • Екіншіден, ҚХР байланысты ОА мемлекеттерінің сыртқы саясатын жүргізуі.
  • Үшіншіден, ОА басқа державалардың қол астында болмау керек. Бұл Орталық Азияда ҚХР саясатының негізг принципі мен міндеті.

ҚХР Үкіметінің мақсаты –  энегротасымалдаушыларды жеткізу, бұл елдің тұрақты экономикалық дамуының алғышарты. Осы мақсатта ОА мемлекеттерімен және Ресеймен ынтымақтастығын  нығайту.

ОА Қытайдың саяси әсері  басқа державалармен салыстырғанда  әлсіз, яғни АҚШ сияқты экономикалық көмек көрсете алмауы. Және ҚХР  мәдениеті мен саяси моделі ОА үшін тартымды емес.

ШЫҰ құрылуы Қытайға Орталық  Азияға стратегиялық жол ашты. ШЫҰ  Қытай үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмі, ОА елдерінің істеріне араласу каналы және көпжақты қатынастар негізін қалайды. Сонымен қатар, ШЫҰ Қытай мен Ресейдің Стратегиялық компромиске келуі мен өзара  стратегиялық ынтымақтастықты жақсартуды білдіреді. Бірақ, Батыс БАҚ пікірінше, осы ұйымның құрылуы ОА-ға АҚШ  пен НАТО-ны кіргізбеуге мүмкіндік  туғызбауы.

Бүгінгі күндегі Қытайдың «Батыстың дамуы» саясаты – ОА елдерінің экономикасы мен ҚХР  экономикасы интеграциясының басты  құралы. Бұл қазіргі Ресейдегі  мұнай алу үрдісіне байланысты Қытайлық запастардың 2040 жылда таусылуынан  шығып отыр. Сондықтан ОА энергетикалық  ресурстар ХХІ ғасырда Қытайдың даму стратегиясы қамтамасыз етудегі  үлкен мәнге ие. Даму жағдайы осы  аумақтағы АҚШ-ң әскери қатысуына  байланысты. Сондықтан ҚХР ШҰЫ шеңберінде өзінің орталықазиялық стратегиясын нығайтуда.

Қытай сарапшылары ойынша, ҚХР мүддесіне әсерін қамти отырып, ОА дамуы үш мүмкін жағдаймен қарастырылады:

  1. Әр жақтың мүддесін ескере отырып, баланс жағдайын сақтау. АҚШ, жалғыз гегемон ретінде, БҰҰ-ң шешімі мен рөлі және халықаралық нормаларды ескереді. Глобальды проблемалар бойынша халықаралық шешім қабылдаған кезде Вашингтон Мәскеумен талқылайды, Пекин жағына құлақ асады.
  2. Державалардың қақатығысуы мен конфронтациясы. Терроризмге қарсы күрес шеңберіндегі жағдай американ-ресей қатынастарына кері әсерін тигізууі және конфронтацияға әкелуі мүмкін. Бұл ОА елдеріне өз әсерін тигізеді. Ресей үшін АҚШ пен Қытайдың жақындасуы жағымды емес. ШЫҰ шеңберінде Пекин мен Мәскеу ынтымақтастығы Вашингтонның ОА саясатына қарсылық білдіруі болып табылады.
  3. Аумақта күш балансын сақтауда державалардың бас тартуы. Ресей өзінің басымдылық жағдайынан бас тартады. Бірақ қазақстандық саясаттың басымдылығынан бас тарпайды. ШЫҰ-ындағы Ресейдің позицясы аумақта Мәскеу әсерін сақтауға мүмкіндік жасау.

Сонымен, Қытайдың ОА негізгі  мүдделері: терроризм, сепаратизм мен  экстремизммен күрес; аумақты тұрақтылықты сақтау; ОА экономикалық дамуын көтеру; ОА елдерімен достық қарым-қатынас; аумақта Пекинге қарсы әскери блоктардың орналасуына жол бермеу; энергоресурстарға ҚХР үшін жол ашу.

 

Ресей қарым-қатынастары

ҚХР «бейбіт жандану» сыртқы саяси концепциясы қытай ресми қарым-қатынастарының саяси негізі болып табылады. Қытай екі ел арасында стратегиялық серіктестікке үлкен үміт артады, Ресемен көпжақты ынтымақтастықтың нығаюына барлық күшін салады. Мәне бойынша Пекин үшін қытай-ресей ынтымақтастығы тек қытай американ қарым-қатынастарына жол береді. Бұл қарым-қатынас конфронтация мен үшінші елге қарсылықтың болмауымен сипатталады. Ол екі елдің ұлттық мүдделерінің негізінде құрылады және қырғи қабақ соғыстың аяқталуынан кейін халықаралық қатынастардың өзгеруін көрсетеді. 2001 ж, 16 маусымда Қытай мен Ресей арасында тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, яғни екі халықтың «жау емес, мәңгілік достық» бейбіт идеологиясы бекітілген.

Ресей АҚШ-пен қарым-қатынас белсенді түрде жақсартуда. 2001 жылы терроризмге қарсы афган соғысы кезінде ол АҚШ үшін әуе коридорын ашты және орталық азия мемлекеттерінде американ әскери базалардың құрылуына өз келісімін берді. Ресей НАТО-ң Шығысқа кеңеюінде саяси дағдайына және ПРО бойынша келісімнен АҚШ шығуын сабырлықпен қабылдады. Ресей сыртқы саясаты тежелеуі Еуропада, оның геосаяси, геоэкономикалық мүдделері мен қауіпсіздік қажеттілігіне негізделеді.

Қытай сарапшылары Ресейдің Батыспен қарым-қатынастарындағы қайшылықтарға көңіл бөледі. Мысалы, НАТО-ға қатысты Ресейдің сенім дағдарысы, сонымен қатар Ресей-американ қарым-қатынастарындағы белгісіздік. Мәскеу Ресейдің ұлттық мүдделерін құрметтеуге үміттенеді, ал АҚШ Ресейді Закавказье, Каспий теңізі, Орталық Азия мен ТМД-дан шығарып тастаудан тырысып жатыр. Осы тұрғыдан Қытай мен Ресей арасында саяси келіспеушілік тумайды.

ҚХР жаңа сыртқы саяси концепциясынан сай Ресей Қытай артықшылықтарының ішінде ерекше мәнге ие. ҚХР мен РФ позициялары қазіргі таңда жаңа халықаралық тәртіптің орнауы, АТА ынтымақтастық мен қауіпсіздік, сонымен қатар Корей аралдарындағы мәселелердің халықаралық шешімдері үйлесімді. Бірақ қытай-орыс қарым-қатынастарында жасырын мәселелері қала береді. Тарихта патшалық Ресей, Сталин мен Хрущев қытай халқының мүдделерімен келіскен жоқ. Қазіргі таңда Ангарск – Дацин мұнай құбырының жоспарлық құрылысынан Ресейдің бас тартуы Пекинді алаңдатады. Бұл қытай-ресей қарым-қатынастарын қиындатады. Келіспеушілік Ресейге кіріс әкелетін қару-жарақ пен әскери техникалардың қытайлық сатып алу көлеміне өз әсерін тигізеді.

Маңызды қарама-қайшылық - территориялық мәселелер. 90 жылдары РФ мен ҚХР арасында шекараға байланысты 5 келісімдерге қол қойылды. Бірақ 2002 жылы Қытайда орта мектептің тарих оқулықтары ресей территориясымен шекарасы 1,5 млн кв. деп бекітілген.

Ресейде демографиялық жағдай соңғы онжылдыққа төмендеуде, ал Қытайда  керісінше өсуде. Қытай миграциясына байланысты Ресей Қиыр Шығыс пен  Сібірдің жартысын жоғалтып алады деген  ресей саясаткерлері мен сарапшылары  қауіптенеді. Қытай саясаткерлері  мен ресей басшылығы барлық мәселерді  жан-жақтан талқылау керек, яғни Қиыр Шығыстың кейбір аудандарының депопуляциясына қытайлықт еңбек ресурстарды қолдана отырып жұмыс күштерінің жаңаруы қажет. Және де, Экономика мен сауда облысында проблемалар бар. Мысалы, осындай көршілес державалар арасындағы сауд айналымы өте төмен деңгейде – 16 млрд. АҚШ долл. аспайды. Сонымен қатар, көп уақыт бойы Ресей жағына жағымды сальдоның сақталуы.

Пекин пікірінше, осы проблемалардың басты себебі – қытай-орсы қарым-қатынастарындағы саяси өзара сенімділік пен өзара түсінушіліктің жоқтығы. Экономикалық пен техникалық сферадағы ынтымақтастықты дамыту керек. Екі ел арасында энергетика, машинақұрылыс, химия өнеркәсібі бен ядролық энергияны бейбіт қолдану облыстарындағы ынтымақтастықтың перспективасы бар.

ҚХР мен Ресей аумақтық ұйымдар шеңберінде белсенді түрде ынтымақтасу керек. Мысалы, Экономикалық ынтымақтастық Азия-Тынық ұйымы (АТЭС), АСЕАН аумақтық форумы (АРФ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) және т.б. Ынтымақтастық экономикалық, саяси және гуманитарлық, сонымен қатар қауіпсіздік облыстарында жүргізіледі. ШЫҰ-на көп көңіл бөлінеді, бұл Қытай мен Ресей мүдделері негізінде құрылған.

Халықаралық аренада ҚХР мен Ресей әріптестігін нығайту керек. Яғни, дүниежүзінде БҰҰ мәні мен ролін арттыру, жаңа халықаралық тәртіп орнату, халықаралық қатынастардың демократизациясын іске асыру.

Солтүстік Корея ядролық дағдарыс, Ирактың соғыстан кейінгі жағдайын қалпына келтіру және Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен халықаралық терроризммен күрес, т.б. проблемалары шеңберінде мемлекетаралық ынтымақтастығын нығайту.

АҚШ-тың шабуыл стратегиясы  мен жаңа интервенционизмі қазіргі күндерді жаңа қарулы қақатығыстарға әкелуде. Сонымен, Пекин пікірінше, бейбітшілікті қолдау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ҚХР мен Ресей алдындағы маңызды міндет болып табылады.

Қытай сыртқы саяси стратегиясының қысқа және орта мерзімді перспективасында Ресей ерекше мәнге ие. Қытай үшін Ресей посткеңестік жеріндегі энергетикалық, т.б. ресурстардың көзі ретінде және келешекте демографиялық және экономикалық экспансия үшін объектісі ретінде  болып табылады. Қазіргі таңда  екі елде БҰҰ-ң қауіпсіздік кеңесі мен ШЫҰ-ң тұрақты мүшелері, Солтүстік Кореяның ядролық проблемасы бойынша алтыжақты келіссөздерге қатысады.

Қытай өзінің ресейлік саясатында келесі мақсаттарды алға қояды: өз тынық  мұхит жағалауына Шығыс Сібірден құбұр өткізу жобасын іске асыру, РФ территориясы арқылы Жапон теңізіне жолды қамтамасыз ету, өзіне қолайлы шартта (бартер, тексеріссіз ресурстардың кедендік импорты) трансшекаралық сауданы интенсифициялау, қытай саудасын кеңейту және Ресей ішкі аудандарында қытайлық экономикалық қатысушылық, Ресейге қытайлық еңбек ресурстарының экспорты туралы мәселенің саяси шешеміне қол жеткізу, Ресейден жаңа территориялық жол берушілігі, демографиялық экспансияны бастау, ШЫҰ-да өз әсерін күшейту, Орталық Азияд проблемаларын шешуде Мәскеуді ығыстыру, АҚШ-пен қарым-қатынасында ресейлік факторды қолдану.

Ресей өзінің қытайлық саясатында келесі мақсаттарды алға қояды: бартерден  валюта-қаржылыққа сауда қатынастарын ауыстыру, Қиыр Шығыс пен Сібірдегі ресурстарды иемденудегі қытайлық инвестициялар, демографиялық экспансияны қауіпсіздендіру, өзара энергетикалық және құбыр өткізу жобалары үшін гарантия алу, қарулы күштерінің экспорты үшін маңызды нарық ретінду Қытайды сақтау, Солтүстік-Шығыс Азиясындағы саяси проблемаларды шешуге Пекинмен тең түрде қатысу, ШЫҰ мен Орталық Азияда Қытай үстемдігін болдырмау және АҚШ-қы қарсылық ретінде Қытайды қолдану.

Қазірге таңда қытай-орыс қатынастарында маңызды проблема –  Ангарс- Дацин құбырын өткізу.

2001 жылы Ресей мемлекетаралық  келісімде ҚХР-да 2003-2005 жылдары мұнай  құбырын салуға міндетті болды және 2010 жылы жылына 30 млн. тонна мұнай жеткізу. Бірақ дау пайды болды: «Транс мұнай» Ангарск пен Находка арқылы жапон марштрутын жақтады, ал ЮКОС қытай Дацинді ұсынды. Бұл геосаяси деңгейге көтерілді. Яғни, жапондықтар Сібір мұнайы Қытайға емес өздеріне жеткізілуі мақсатында үлкен ақша (4-7 млрд долл.) төлеуге дайын. АҚШ «жапон марштрутын» қолдап отыр.

Қытай өз тарапынан 2010 жылға дейін ресей экономикасына 12 млрд. долл. инвестиция салуға сөз берді. Тағы маңызды шиеленіс потенциалын ресейлік Қиыр Шығыстағы жағдай туғызады. Шығыс Ресей аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қытайдағы демограциялық фактор екі ел арасындаға маңызды проблемаға айналуы мүмкін.

 

 Қазақстан қарым-қатынастары

Қазақстан ТМД мен Қытай  нарығына жол ашатын қақпаға айналды. Біздің алдымызда сондай-ақ өңірлер дамуының ала-құлалығы, ресурстардың жетіспеушілігі, экологиялық ахуалдың нашарлауы, тағы басқа осы сияқты проблемалар тұр. Осының барлығы Қытай шындығы. Қытай басқа дамыған елдер бірнеше жүздеген жылдар бойы жүрген жолды қысқа ондаған жылдар ішінде жүріп өтті. Елді индустрияландыру мен урбанизация үдерістерінде дамыған елдер тап болған барлық проблемалармен біз де бетпе-бет келіп отырмыз және бұл проблемалар мейлінше өткірлігімен және күрделілігімен ерекшеленбек. Қытай мен Қазақстан – шынайы және сенімді саяси серіктестер. Саяси өзара сенім – бұл екі жақты қарым-қатынастың басты басымдығы. Қытай – Қазақстанның сенімді экономикалық серіктесі. ҚХР бүгінде Қазақстанның аса ірі импортеріне айналған. Қытайдың Қазақстанға инвестиция көлемі 10 млрд. долларға жетсе, қазіргі кезде Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 1000 қаралы кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері: 
- Мемлекеттік мүдделерді қорғау; 
- Экономикалық реформалар мен демократиялық институттарды дамыту үшін қажет өте жақсы жағдайларды қамтамасыз ету; 
- Әлемдегі мемлекеттердің бәрімен тең құқықты үзеңгілестік пен қызметтестікті дамыту; 
- Жаһандық және аймақтық кірігу үдерісіне белсенділікпен қатысу; 
- Жаһандық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркендету мақсатында, жетекші мемлекеттермен стратегиялық қызметтестікті дамыту; 
- Халықаралық ұйымдармен қызметтестікті дамыту. 
 
Қазақстанның сыртқы саясатының жетістіктері: 
- Әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанның егемендігінің мойындалуы; 
- Көп бағытты сыртқы саясат жүргізу; 
- Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның халықаралық беделінің артуы; 
- ҚР Президенті Н.Назарбаев көтерген кірігу жобаларының жүзеге асырылуы; 
- Халықаралық аренада Қазақстанның оң сипатты имиджін қалыптастыру; 
- Қазақстанның экономикалық потенциалы мен инвестиция салуға тартымдылығын ілгерілету; 
- Ұлттық саясат пен экономикалық мүдделердің шет елдерде қорғалуын қамтамасыз ету.

Информация о работе Қытайдың ТМД елдерімен ынтымақтасуы