Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:39, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты-ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
• Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;
• Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;
• Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай мүдделері.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................3
І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................7
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны.................................7
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері....................18
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары......................26
Сілтемелер........................................................................................................39
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі...............................42
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері......42
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары.............................51
Сілтемелер
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау.doc

— 440.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан мен Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орнына екі мемлекет арасындағы шекара мәселесі де үлкен әсер етуде. КСРО негізінде шекара мәселесі халықаралық қатынастардың дамуына байланысты өзгеріп отыр. КСРО мен ҚХР-ның ара қатынастарының шиеленісуіне байланысты бұл мәселеде бірінші орынға шығып отырды. "Талас территориялар" мәселесі 1969 жылы пайда болды.

Талас территориялар КСРО жағынан  емес, ҚХР жағынан қойылып отырғанын  атап өту керек.

КСРО ыдырағаннан кейін шекара мәселесі Ресей-ҚХР және Қазақстан-ҚХР  арасында жаңа қарқынға ие болды.

Ресей 1992 жылы Амур мен Уссури аймағындағы 600-ге жуық кіші-гірім аралдарды және 10 шаршы км жерді Қытайға беру туралы келісім-шартқа қол қойды. 1995 жылы Приморьедегі шекараны анықтауда Ресей 1,5 га жерінен айырылып қалды/9/.

Қазақстан-Қытай арасындағы шекараны анықтау мәселесі 1992 жылы басталып, 1998 жылы аяқталды. Бұл мәселе 1992 жылы ҚР премьер-министрі С.Терещенконың Қытайға сапары кезінде, 1994 жылы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Ли Пэнның Орта Азия мемлекеттеріне сапары барысында, 1996 жылы Цзян Цзяминнің, 1997 жылы Ли Пэннің Алматыға сапары кезінде, сол сияқты Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылы ақпандағы және М.Балғымбаевтың 1997 жылы мамырдағы Қытайға сапарында, сондай-ақ Цзян Цзяминнің 1997 жылы қыркүйектегі Алматы сапарларында талқыланды. Осы кездесулердің нәтижесінде 1997 жылы 29 қыркүйекте "Қазақстан-Қытай арасындағы шекара мәселесіне байланысты қосымша келісімге қол қойылды /10/.

Қосымша келісім бойынша, Чогон-оба  және Баймұрза аймағында ҚР сауыр  қыратының оңтүстік бөлігі Чоган-оба  өтпеліне дейін, Жүрек және Чогон-оба, Керегенты өзендерінің бір бөлігі (жалпы ұзындағы 442 шаршы км.) Қытай-Адырбай және Талдыойрық өзендерінің жоғарғы ағысы, Баймырза өтпелінің Тарбағатай қыратының оңтүстік бөлігі (ұзындағы 187 шаршы км.), Сарышөлді аймағында Қазақстанға 95 шаршы км. жер Сарышөлді өзенінің сол жақ бөлігі, Шопақ өтпеліне дейінгі жер. Ал Қытайға — Сарышөлді өзенінің оң жақ бөлігі берілді. Жалпы ұзындығы 220 шаршы км. Сонымен талас бөліктердегі 944 шаршы км. жердің Қазақстан 537 шаршы км. (56,9 %), Қытай 407 шаршы км. (43,1 %) екі жақ зандастырды.

Бүгінгі танда Қытай мен Қазақстан арасындағы дау туғызып отырған жаңа мәселе "Қара Ертіс" өзенінің мәселесі. Бұл мәселе әлі де өз шешімін күтуде.

Қазақстан мен Қытайдың арасындағы сондай-ақ, экономикалық мәселе де маңызды  орын алуда. Экономикалық мәселенің  дұрыс шешілуі екі мемлекеттің Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайын анықтаудағы шешуші фактор болмақ.

Біздің ойымызша Қытайдың Орталық  Азиядағы және Қазақстандағы сауда-экономикалық қатынастарының қарқынды дамуы екі  жақ үшін де тиімді болады.

ҚХР бүгінде өзінде жүргізілген  реформалардың нәтижесінде әлемдік алпауыт мемлекетке айналып отыр. Өзінің ВВП — бойынша жылдық өсімі 1980-1997 жж. 9 %-ке көтерілді. Егер де Қытайдың 30 провинциясын бір мемлекет деп алып қарастыратын болсақ, ал ондағы адам саны кейбір дамушы елдердегі адам санынан асып түседі, 1978-1995 жж. қарқынды дамып отырған 20 мемлекетті осы провинциялар ғана құрар еді /11/.

Сарапшылардың пікірінше, 2005 жылы Қытай  ВВП бойынша АҚШ-ты қуып жетеді. Қытайдың экономикалық өркендеуіне тағы мына мысал дәлел бола алады:

- 1995 ж., өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының 90% 1980 жылдан кейін шығарылған;

- ірі және орта өнеркәсіп  орындарындағы өндіріс құралдарының 26 % дүние жүзінің алдыңғы қатарлы  стандарттарына сәйкес келеді;

- 1997 жылы ҚХР сыртқы сауда  көрсеткіші 325,1 млрд.долл. құрады

Қазақстан мен Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны туралы айтқанда, біз  этникалық мәселені айналып өте  алмаймыз. Мәселен, АҚШ-тың Миссурий университетінің профессоры Р.Дж.Кайзер Қытайдан Қазақстанға көшетін эмигрантардың  легі Қазақстанға этно-демографиялық ахуалды өзгертеді деп есептейді. Ал М.Олкотт (Колгейт университеті) пікірінше, Қазақстан үшін ұйғыр ұлтшыл күштерін қолдау Қазақстан—Қытай қатынастарына кері әсер етіп қана қоймай, ұйғыр ұлтшылдығының Қазақстанда таралуы да мүмкін деп есептейді.

Біздің пікірімізше, ҚХР Орта Азиядан Қазақстанда өзінің экономикалық қуаттылығын барынша кең пайдаланады. Бұл Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі стратегиясы.

ҚХР мен Қазақстан және Орталық  Азия мемлекеттерінің арасындағы орнатылған дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени қатынастардың дамуына, тарихтан қалған кейбір күрделі мәселелердің шешілуіне қарамастан, бүгінде жалпы Орталық Азиядағы жағдайды өзгерте алатын мәселелер бар. Бұл ғаламдық және "ішкі" даму мәселелері.

Орталық Азия мемлекеттері үшін, бұл  өздерін егемен мемлекеттер құқында сақтап қалу және әлемдік өркениеттегі өз орнын алу болса, ҚХР үшін, ол 2015 дейін алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу, экономикасының өсу динамикасын төмендетіп алмау. Сондықтан да алдағы уақытта Қытай бірнеше қиындықтармен кездесуі мүмкін. ҚХР-ның даму қарқынына сараптама жасай келе қазақстандық зерттеуші К.Л.Сыроежкин негізгі қиындықтарды атап көрсетеді.

1. Халық санының өсуі, қызмет  атқаратын адамдардың санының  азаюы, қарттардың санының көбеюі;

2. Ауыл шаруашылығының төмендеуі;

3. Қоршаған ортаны жақсарту мен  экологиялық мәселе;

4. Тұтынатын заттарды қарқынды  өндірудің қажеттілігі, астық  өндірудің тиімділігі мен өнімділігі;

5. Ұлттық аймақтағы сепаратизм, Орталық пен ауылдар арасында  қатынастардың шиеленісуі;

6. ҚХР жоғарғы билік басындағы саяси дағдарыстың шиеленісуі, фракциялық саяси дағдарыс;

7. Қалалық жердегі экономикадағы  мемлекеттік сектордың дамуы  мәселесі;

8. Экономикалық реформалардың әлеуметтік  зардаптары, топтардың және ауылдық  жерлердегі жұмыссыздықтың көбеюі;

9. Әлемдегі геосаяси жағдайдың  тұрақсыздығы. Оның ішінде Орталық  Азия, Азия-Тынық мұхит аймағындағы  жағдайға байланысты. Сол сияқты  Азия қаржы дағдарысының салдары  /12/.

Бұл факторлардың бәрі ҚХР мен Орталық  Азия мемлекеттері арасындағы жағдайға тікелей әсер етеді. Өзінің демографиялық, табиғи географиялық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне сәйкес және дүние жүзілік геосаяси жағдайдың өзгеруі Қытай алдында үлкен мәселелерді қойып отыр. Алдағы уақытта Қытай негізінен екі мәселені шешуі қажет деп есептейді.

Бірінші, Қытай жалпы адамзат  алдында түрған ғаламдық мәселелерді  шешуге ат салысуы мүмкін, немесе ол "шиеленіс" заманына қайта бой  ұрып, Қытай идеологиясын, территориялық  бақталастық геосаясатына оралуы мүмкін. Ол жағдайда "территориялық кеңейту" саясатын Қытай Қазақстаннан бастамайтынына кім кепілдік бере алады?

Сондықтан да ҚХР-ның Орталық Азиядағы стратегиясына тоқталып өтейік.

90-жылдардағы сияқты Қытайдың  сыртқы саясатында Орталық Азия  басымды бағыттардың бірі болып  отыр. Мысалы: 1994 жылы Қытайдың Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Ли Пэн Ташкент сапарында төрт негізгі бағытты анықтаған болатын:

1. ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің  ортақ мүдделеріне сәйкес достық  қатынастарды дамыту;

2. ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің  саясаты үшінші елдерге қарсы бағытталмаған;

3. Қытай бұл аймақта Ресеймен  бақталаспайды;

4. ҚХР Орталық Азия мемлекеттеріне  қауіп төндірмейді /13/. Біздің    ойымызша,    ҚХР-ның    Орталық    Азиядағы    саяси басымшылықтардың негізгілері  мыналар:

• аймақтағы пантюркизм мен фундаменталистік ықпалды шектеу;

• Орталық Азия мемлекеттерімен  сауда-экономикалық қатынастарды нығайту  арқылы өзінің саяси-экономикалық ықпалын  сақтап қалу;

• аймақтағы саяси күштердің  тепе-тендігін және Орталық Азия мемлекеттерінің  арасындағы белгілі дәрежедегі қайшылықтарды сақтап отыр.

Қазіргі кездегі Орталық Азиядағы жағдай тұтасынан алғанда ҚХР  тиімді болып отыр. Сондықтан да ол бұл аймақтағы өзінің экономикалық мақсат-мүдделерін анықтап алды.Олар:

• ҚХР үшін Орта Азия мемлекеттерінде  энергетикалық комплекстердің дамуы;

•   Металлургия саласындағы  өнеркәсіптер;

•   Құрылыс саласындағы өндіріс  органдары;

• Қазақстанға бос еңбек күштерін орналастыру, Қытайдан миграцияны күшейту  маңызды.

Сарапшылардың пікірінше, егер Қытай  Орталық Азияда экономикалық мәселерге көбірек көңіл бөлсе, қазіргі уақытта бірінші орынға геостратегиялық мақсаттар шығуда. Осы мақсатта Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) тығыз сауда-экономикалық қатынастар орнатуда. Ал Қазақстанмен ерекше қатынастарға мүдделі болып отыр.

Қытай мен Қазақстанның жаңа геосаяси кеңістіктегі орнын қарастырғанда  біз "Шанхай бестігі" кеңесінің  қызметіне және бұл Кеңестің "Шанхай ынтымақтастығына" айналу үрдісіне көңіл аударуымыз қажет.

Қытай Халық Республикасының Орталық Азиядағы орнының нығаюы 1996 жылдың 26 сәуірінен басталды. Шанхай қаласында ҚХР, РФ, ҚР, Тәжікстан және Қырғыз Республикаларының арасында "Шекара аймағында өзара сенім келісіміне" қол қойылды. Бұл келісімнің маңызы зор. Тарихта бұрын сонды мемлекеттердің өзара келісімі нәтижесінде әскерлерді шекара аймағынан 100 км. шығару үрдісі тіркелмеген. Кейбір сарапшылардың пікірінше Шанхайда Ресей-Қытай стратегиялық альянс құрылды деп те жариялап үлгерді. Десек те, бұл келісімнің біздің Республика үшін қажетті келісім шарт болғандығын жоққа шығара алмаймыз.

Бұл келісім шартты XXІ ғасырдағы көпжақты ынтымақтастық негізін салған құжат деп те бағалауға болады. Біз, Шанхай ынтымақтастығына қатысқан мемлекеттердің қабылданған меморандумын толық келтіруді жөн санап отырмыз /14/.

Ал Қытайдың Орталық Азиядағы саясатына  баға бере келіп Батыс сарапшылары  оның экономикалық бірігуін демографиялық  саясат түрғысынан қарастырады (Р.Даннройтер). Сондай-ақ бұл үрдістің нәтижесінде  Азияда жаңа экономикалық сыбайластық  ұйымның пайда болуы мүмкін деп те болжамдар жасауда (Х.Мамин).

Бұл экономикалық ұйымға Орта Азиялық  жаңа мемлекеттермен қатар Иран, Ауғанстан, Кашмир, Пәкістан кіруі мүмкін. Оның пікірінше, бұндай геосаяси одақтың  негізін Қытай-Пәкістан қатынастары  құрайды деп атап көрсетеді.

Ал атақты аналитик Т.Фуллердің  пікірінше, болашақта Орта Азия мемлекеттері Қытай-Ресей-Үндістан арасындағы геосаясатқа  тәуелді болуы әбден мүмкін деп  есептейді.

Қытай мен Орта Азия мемлекеттерінің  қарым-қатынастары Евразиядағы екі  тарихи үрдістерге байланысты дамиды.

Ресей және Кеңес империясының ыдырауы  мен ҚХР-ның әскери қуатыньң күшеюі болмақ (Р.Муиро).

Біздің ойымызша, ҚХР-ның геосаяси стратегиясында Шыңжаң мәселесі ерекше орын алады. Шыңжаң мәселесін Қытайдың сыртқы саясатынан және халықаралық  экономикадан бөліп алып қарастыру мүмкін емес.

Шыңжаң провинциясы аймақтың модернизациялық  үш кезеңін басынан өткізді: "Үлкен  секіріс", мәдени революция және 1980 жылғы реформалар. ҚХР-да реформалар дәуірінің 8-ші бесжылдығында, яғни 1991-1995 жылдары Шыңжаң жалпы Қытай дамуының басымды бағыты деп жарияланды. Біздің ойымызша, ҚХР-сы Шыңжаңды дамытуда екі стратегиялық мақсатты көздеп отыр. Біріншіден, Қытай ШҮАА (СУАР) дамытуды Орталық Азия мен Орта Шығысқа ену аймағына айналдыру болса, екіншіден Шыңжаң жаңа әлемдік экономикалық құрылымға енудің алаңы болмақ, яғни, Қиыр Шығыс, Ресей, Жапония, Кореямен қатар ұлы исламдық шеңбер Орталық Азия және Орта Шығыс, сөйтіп Қытай өзіне экономикалық тәуелді аймақты жасауға тырысады.

Айта кететін жағдай - Шыңжаң мен  Орталық Азия арасындағы экономикалық интеграция КСРО тұсында қалыптасты. Мәселен, 1989 жылы Шыңжаң мен КСРО арасындағы сауда айналымы 118,5 млн.долл. жеткен.

Сарапшылардың пікірінше, ресми Пекиннің Шыңжаңның басқа да Оңтүстік аймақтарымен арадағы теңсіздікті қайта қарауға мұнай факторы әсер етті. Мәселен: 1980 жж. аяғында американдық Эксон және Мобил мұнай компаниялары таримдегі мұнай кенін игеруге ынта білдірген болатын. Бірақ, олар Қытай Ұлттық мұнай компаниясының қарсылығына тап болады. Қытай мамандарының пікірінше, ЦХР шетелдік технологиясыз да өздері мұнайды игере алады деп дәлелдеді. Сондай-ақ, Қытай үкіметі шетелдің технологиялық шығындарын өтей алмайды деп түсіндірілді.

Сондықтан да, бұл аймақты Қытай  өзі игере бастады. Бұл мәселеде Қытайдың саясаты — Шыңжаңға хандық, яғни этникалық қытайлықтардың эммиграциясын күшейтумен қатар жүрді. Шыңжандағы қытайлықтардың саны 300.000 (1949 жылы), 6 млн. дейін жеткізілді/15/.

Қазақстандық сарапшылар Шыңжаң мәселесін  Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесінен  сабақтастыра қарастыруды ұсынады. (Е.Абен, Е.Карин). Бұл орайда олар ұйғыр сепаратизмінің таралуын алға тартады. Негізінен ұйғыр сепаратизмі Қытаймен ҚР шекаралық аймақты қамтып отыр. Сондықтан да бұл мәселенің екі мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясында алатын орны ерекше.

Ұйғыр сепаратизмі екі мемлекеттің  ұлттық мүдделеріне қатысты мәселе. Бұл мәселенің өршуі үш бағытта  орын алуы мүмкін:

-  Тарым аймағы—Фергана аймагы (Қоқанд, Ош);

-  Түрфан—Хами-Үрімші;

-  Құлжа—Джонгар аймағы—Жетісу  (Алматы);

Шыңжаң сепаратизмінің діни-этникалық ерекшелігін де ескеру қажет. Бұл қозғалыс Қашқариядан Үрімшіге дейінгі аймақты қамтып отыр:

Информация о работе Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау