Түркиядағы күрттер мәселесін ашуда ақпарат көздері дереккөз ретінде. жоба

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 20:47, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы, Түркиядағы ұлтаралық мәселе сонау Осман империясынан бері әлі күнге дейін өз шешімін толығымен таба алмай келе жатқан өзекті мәселелрдің бірі. Осман империясы жаулап алушылық әрекеттері барысында империяның құрамына көптеген ұлттарды, халықтарды кіргізіп алды. Басқа дін өкілдеріне қатты қысым көрсетілді. Империя ішінде және кейіннен Республика ішінде де ұлттардың бостандық, автономия алу мақсатында жиі-жиі бас көтерулер де болып отырды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Түркия Республикасындағы күрттермен ұлтаралық мәселелрдің шығу себептері
1.1. Саяси құқықтардың шкетелуі
1.2. Экономикалық артта қалушылық
1.3. Сауаттылық деңгейінің төмендігі

ІІ. Ұлтаралық мәселелрді шешу жолдары
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

түркиядағы күрттер мәселесі.docx

— 28.92 Кб (Скачать файл)

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

Факультет:                 Шығыстану

Кафедра:     Әлемдік  мәдениет және өркениет

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі________________Есеркепова Ж. О.

 

 

 

 

 

Жоба жұмысы

Жоба тақырыбы: Ақпарат  көздері Түркия Республикасындағы ұлтаралық мәселелерді ашу барысында дереккөз ретінде

 

Мамандық бойынша 050209 – Шығыстану

 

 

 

 

 

                                                                                      Орындаушы: Садыбаева Д. С.

        Ғылыми жетекші: т.ғ.к. Қағазбаева Э.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

жоба тақырыбы:  Ақпарат көздері Түркиядағы ұлтаралық мәселелерді ашу барысындағы дереккөз ретінде

 

• Мәселе: Түркиядағы ұлтаралық мәселе, соның ішінде күрт ұлтымен арадыға мәселелер

 

• Жобаның басты ойы:  Әртүрлі ақпарат көздеріне пайдалана отырып Түркиядағы күрт халқының жағдайын қандай деңгейде  болғанын қарастыру, ұлттық мәселенің себептері мен нәтижелерін қарастыру

 

 • Жобаның мақсаты: Ақпарат көздерін дерекөз ретінде қолдана отырып Осман империясындағы ұлтық мәселелрдің бірі – күрттермен арадағы мәселенің басты себептерін ортаға шығару

 

• Жобаға қойылатын тапсырма:  Дереккөздерге сүйене отырып күрт ұлтының көздеген

 

• Күтілетін нәтиже: бұл жобаны халықаралық форумдарда, студенттік конференцияларда баяндама ретінде ұсынамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І.    Түркия Республикасындағы күрттермен ұлтаралық мәселелрдің шығу себептері

1.1.  Саяси құқықтардың шкетелуі

1.2. Экономикалық артта қалушылық

1.3. Сауаттылық деңгейінің төмендігі

 

ІІ.    Ұлтаралық мәселелрді шешу жолдары

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көздері  Түркиядағы ұлтаралық мәселелерді  ашу барысындағы  дереккөз ретінде

 

Жалпы, Түркиядағы ұлтаралық  мәселе сонау Осман империясынан бері әлі күнге дейін өз шешімін  толығымен таба алмай келе жатқан өзекті мәселелрдің бірі. Осман империясы  жаулап алушылық әрекеттері барысында  империяның құрамына көптеген ұлттарды, халықтарды кіргізіп алды. Басқа дін  өкілдеріне қатты қысым көрсетілді. Империя ішінде және кейіннен Республика ішінде де ұлттардың бостандық, автономия  алу мақсатында жиі-жиі бас көтерулер  де болып отырды. Алайда түрік басшылары  бұл іспеттес көтерілісті әрдайым  басып, жаншып отырды. Соңғы он жылдардарда  Түркия Республикасы ел ішіндегі тұрақтылық, экономика және саясатқа кері әсері болмауы үшін осы ұлтаралық мәселелерді бейбіт, демократиялық жолмен шешуді қолға алып жүр. Қазіргі таңда Түркияның ресми сайттарына кірер болсақ ұлтаралық мәселе жөнінде сөз қозғалған мақалаларды табу өте қиын, себебі Түркия Республикасы ел ішіндегі мұндай мәселеленің бар екендігін мойындағылары келмейді. Алайда, шет елдік зерттеушілер мен тарихи кітаптарға сүйенсек, сонымен қатар кейбір түрік жазушыларының еңбектеріне, шығармаларына  сүйенсек мұндай мәселенің бар екендігіне көз жеткізе аламз. Бқл жобада Түркия Республикасындағы ұлтаралық қақтғыстар, соның ішінде түріктер мен күрттер арасындағы қақтығыстар жөнінде сөз қозғалып зерттелмек. Жобаны жасау барысында екі әйгілі зерртеушілердің,  Кудряшева Юля Сергеевна – тарихи ғыылымдардың кандидаты, РСМ дегі Евро –атлантикалық қауіпсіздік ұйымының ғылыми сотруднигі, МГИМО;  Орыс-Армиян (Славян) Мемлекеттік Университетіндегі ф.ғ.к., аға оқытушы Арутюнян А.Э.; мақалалры дереккөз ретінде алынып зерттелінді. Осы екі ғалымның мақалалары салыстырмалы түрде қарасытырылып, жобаның негізгі дереккөзіне айналды. Екі зерттеушінің де мақалаларының негізгі ойлары бір жерден шығады. Олардың мақалаларына сүйенсек Түркиядағы күрттер мен арадығы мұндай мәселенің шығуы келесі факторларға байланысты дейді: күрттердің әлеуметтік құқықтарының аздығы,  күрттер тұратын аудандардағы экономикалық артта қалушылық және олардың сауаттылық деңгейінің төмендігі.  Бұл мәселе, әсіресе, Ирак территориясында күрттердің автономия алған кезінде ерекше өзектілікке ие болды.  Алайда, саяси және экономикалық мақсатпен күрттердің түрік қоғамына сіңісіп кетуін көздеген  билік басындағы Әділет және Даму партиясының белсенді түрде жүргізген реформалары арқасында түрік басшылары күрт халқының бұл бет алысының екпінін біраз бәсеңдеткен болатын.

Бұл көзқарасқа толығымен  қосылуға болады, себебі қазіргі таңның өзінде Түркиядағы күрттердің ахуалы нашарлау, олар елдің оңтүстік бөлігінде  мекендеп жатыр. Республиканың оңтүстік аудандары шынымен экономикалық тұрғыдан артта қалған, халықтың сауаттылық деңгейі өте төмен жағдайда.  Алайда билік басына ӘДП-ның келуімен бұл мәселе біраз өз шешімін тапқандай болды. Себебі  олар елдің оңтүстік бөлігіндегі тұрғындарды кедейшіліктен және сауатсыздықтан алып шығу мақсатында көптеген нәрселерді жасады. 

Түркия негізінен унитарлы мемлекет болып табылады.  Және күрт халқы, түріктермен бірдей Конституциялық  заң бойынша уәде етілген құқықтарға ие:  олар мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өміріне араласа  алады және сайлауға дауыс беру мен  саяси структура саласында сайлану құқықтарына ие.

Алайда, іс жүзінде күрттер тұатын аудандар экономикалық жағынан өте артта қалған, сасяси құқықтардан айырылған, мәдени және қоғамдық салалары өте жай дамып жатқан халық. Тіпті өкімет басшылары Түркияда күрт деген ұлттың бар екендігін мойындамай, осы жайлы сөз қозғайтын баспасөз және дипломатиялық күштердің өкілдері қудаланып отырады. Түрік билігінің мұндағы мақсаты күрт халықын толығымен түріктерге сіңістіру, яғни антикүрттік саясатты белсенді жүргізулері және тәуелсіз күрт мемлекетінің құрылуына жол бермеулері. Түркияда күрттер елдің тәуелсіздігі үшін белсенді күрес жүргізді, алайда ол біткенннен кейін (1923 ж.) Кемаль Ататүрк  күрттердің автономия беруден бас тартты және  1920–30 жж. күрттердің көтерілістерін басып жаншып отырды және күрттердің түріктерге толық сіңісіп кетуі жөніндегі жоспарды алға қойды. Ондаған жылдар бойы Түркияда – шамамен халықтың 20% күрттер құрады – бұл этностың бар екендігін мүлдем жоққа шығарып отырды, күрттерді «таудың түріктері» деп атап олардың ұлттық сәйкестігін жүйелі түрде елеп ескермеді, Kürtçuluk – яғни күрт мектептерін ашуға кедергі жасау үшін күрт тілінде әдебиеттер шығаруға қатаң тыйым салынды. Ататүрктің өлімен кеін ондаған жылдар өтсе де жағдай өзгермеді.

Күрттердің саны біртіндеп  өсуде және мұны түркияның кейбір ұлтшылдары апатты жағдай деп те есептейді. Күрттік зертеушілердің мәліметтеріне  сүйенсек күрт халқы Түркияның 20%  дан астамын құрайды, яғни  74млн. тұрғын, ал  түріктердің ресми деректерінде күрттердің саны жайында мәлімет жоқ, ал кейбір түрік авторларының бағалауы бойынша күрттер тек халықтың 6-9 млн.нын ғана құрайды дейді.

Түріктердің күрттерді мойындағысы келмегендігі ұлтаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің мүмкін еместігін білдіреді. Әзірше түрік-күрт қақтығыстары ұлттық-саяси сипатқа ие, ал егер бұл мәселе ұлтаралық қақтығыс сипатын алатын болса, онда елдегі азамат соғысының басталуы әбден мүмкін.

Түркияның ұлттық қауыпсіздігіне ерекше қауіп төндіретін КЖП болып  табылады. Себебі КЖП түрік билігінің  демократиялық өзгерістер мен күрттердің құқтарын сақтауды талап ету кезінде  мәселені көбіне күш жұмсау арқылы шекенді жөн көреді. Бұл партия көбіне сталиндік сипатқа ие және басты мақсаты күрдістан автономиясында пролетарияттық диктатураны орнату. КЖП өздерінің террористік әрекеттерін түрік қауіпсіздік қызметімен арадағы қақтығыс сияқты етіп көрсеткісі келеді. Осылайша террористік ұйым әлемдік қауымдастықты Түркияның оңтүстік-шығысында болып жатқан  жағдайларды елдегі қарулы қақтығыс немесе азамат соғысы деп сендіргісі келеді. КЖП массовый бүлік пен демонстрациялар  шығарып, түрік билігінің структураларына және шет елдегі өкілеттіліктеріне шабуылдар ұйымдастырады. Сонымен қатар Түркияның онт-шығысындағы күрттер тұратын аудандағы түрік әскерлері мен полициясы және күрттер арасында болған қарулы қақтығысқа қатысқан болатын.

Түрік басшылары КЖП-ны экстемизмнің ең нашар көрінісі және көптеген азаматтардың өліміне жауапты террористік  ұйым деп жариялады. Тіпті Түркияның  Сыртқы Істер Министрлігінің айтуынша КЖП арнайы түрде балаларды әскери машыққа үйрету мақсатымен олады  ұрлап кететін айтты. КЖП мүшелері тек бейбіт тұрғындарды өлтіріп қана қоймай, ішінде күрттер де бар, сонымен қатар, көпірлерді, мектептерді жойып, ормандарды өртеп, темір жолдарды жарып автотрассаларды миналаган кездері де болды.  олар түркия территориясы арқылы өтетін Каспий мұнайын тасымалдайтын құбырларды да жаратындарын күрт БАҚ-тарында жариялап өздерінің осыған шынымен ниеттеніп отырғандықтарын көрсетті.

КЖП мүшелері өздерін кедей  халықтың мүдесін қорғап отырмыз  дегендерімен, олар террористік ұйымдарды  қаржыландыруда. Көптеген құжаттық дәләлдеулерге сүйене отрып Түркия билігі КЖП-ның кіріс көзі бопсалау(әсіресе түрік кәсіпкерлерін), ұрлық, заңсыз қару тасмалдау, адам сату сияқты көздерден дейді және КЖП-мен соғыс – әлемдік лаңкестікпен күресу деп жариялайды.

Соңғы жылдарда күрттер күрт автономиясын беру жөнінде сөз қозғауда, алайда бұны түрік билігі мемлекеттің  тұтастығын бұзу деп қабылданады. Анкара автономияның кез келген формасына  қарсы шығады, әсіресе күрттер  ауданындағы тәуелсіздікке. Тіпті, түріктердің барлық әрекеттері күрттерді  ассемеляциялауға бағытталған.

Күрттер жөніндегі жоспар пантюркизм концепциясына негізделеді, яғги күрттерді түріктендіру. Күрт тілі саяси және қоғамдық орындарды қолдануға рұқсат берілмеген, білім тек түрік тілінде ғана беріледі. Осылайша түрік басшылары күртткрдің жастарын түрік оқу жүйесіне тарту арқылы ассемиляцияландыруға тырысып бағуда. Алайда күрттерге түрік мәдениетін, тілін,  әдет-ғұрпын күшпен жапсыру оңт-шығыстағы жағдайды одан ары ушықтыруда.  Ұзақ уақыт бойы күрт тілін қолдануға тиым салушылық күрт халқының арасындағы сауатсыздық деңгейінің артуына әкелді.

Бірте бірте күрттер табанды  күрестің арқасында қосымша құқықтарға ие болды: күрт тілін тұрмыстық қолданыста қолдануға 2002жылы, өздерінің заңды  баспасөздерінің шығуына, күрт тіліндегі теле радио арналарына салынған тиымды алуға, және күрт тілінде білім беруге, тек жеке мектептерде. 2004 жылы Стамбулда күрт тілітін үйрететін курстар ашылды. Осылайша олардың мәдениетінің дамуына біраз жол ашылды. Алайда күрттердің теле бағдарламалары түрік билігі тарапынан көптеген қиындыққа ұшырайды, себебі түрік билігі көптеген автономияны талап етіп жүрген күрт аудиториясының назарын өзіне аударуы мүмкін деп қауіптенеді.

Келесі бір фактор ол –  күрттер тұратын аудандардағы экономикалық деңгейдің төмендігі. Түркияның  оңт-шығыс ауданы қте кедейшілікте өмір сүруде.  күрттердің тұрғындарының көп бөлігін шаруалар құрайды. Басты мәселе орта таптағылаға құзмет үшін ақы төлей алмаулығында.  Саяси тұрақтылықтың жоқтығы инвестициялық ресурстардың тапшылығына ікеледі, ал ол өз кезегінде өндірістік дамуды артқа тартады. Инфраструктура өте нашар дамығандықтан жұмыс орындары жоқ. Жұмыссыздық өз кезегінде бас көтерушіліктерге әкеп соғады. Алайда билікке ӘДП –ның келуімен бұл мәселе де біраз өз шешімін тапқандай болды. партия елдің оңт-шығ.да модернизациялау саясатын ұстанды. Мемлекеттік бюджеттен инфрструктураны дамыту үшін қаржы бөлінді, ал ол өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының пайда болуына себепші болды. сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамытуға да қаржы бөлінді. ӘДП-ның бұл әрекеттері күрттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға себепші болды және КЖП-ның ықпалынан құтқарды. Әсіресе күрттер тұратын аудандарда транспорттық және коммуникацияық салаларды дамытуға көптеп көңіл бөлінуде.  Бұл ауданды ашық экономикалық зона деп жариялай отырып түріктер мұнда шет елдік капиталдың назарын аудартуға тырысып бағуда.  Алайда бұл әрекеттердің кері әсерлері е аз болмады. Күрттердің сеніміне кіру мақсатында түріктер жергілікті  әкімшілік билікке этникалық күрттерді тағайындады. Бұл және күрттік капиталға инвестиция жасау аудандағы «күрттер мафиясының» пайда болуына әкелді.  Ақыры соңында күрттік кәсіпкерлік оңтүстік -шығыс таулы аймақтарында тығылып жүрген террористтердің қару жағынан қосымша табыс көзіне айналды. Тіпті жеткілікті түрде жұмыс орындары бар болса да, күрттердің көп бөлігі күрттер территориясының тәуелсіздігі үшінгі қозғалысыты құптап отыр. Міне осылайша Түркияның күрттер мекендейтін аудандардағы жағдайды толық бақылауда ұстай алмауы оның сыртқы саясатына да кері әсерін тигізуде.  Алайда Түркия күрт мәселесін бейбіт, демократиялық жолмен шешуге тырысуда.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. «Күрт мәселесі негізіндегі Түркияның аймақтық қауіпсіздігі» Кудряшева Юля Сергеевна – тарихи ғыылымдардың кандидаты, РСМ дегі Евро –атлантикалық қауіпсіздік ұйымының ғылыми сотруднигі, МГИМО; 
  2. «ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы Түкия мен Сирия арақатынасы», Орыс-Армиян (Славян) Мемлекеттік Университетіндегі ф.ғ.к., аға оқытушы Арутюнян А.Э.;
  3. http://www.dissercat.com/content/borba-za-parlamentskuyu-demokratiyu-i-deyatelnost-politicheskikh-partii-v-turtsii-v-20-40-e-
  4. http://www.kontrolnaja.ru/dir/history/118628

 


Информация о работе Түркиядағы күрттер мәселесін ашуда ақпарат көздері дереккөз ретінде. жоба