Мемлекеттік басқарудың интеллекетуалдық әлеуеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 21:15, реферат

Краткое описание

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік басқарудың интеллектуалдық әлеуеті.docx

— 25.95 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік басқарудың интеллекетуалдық әлеуеті

   Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.  
Мемлекеттік органдардың басқару жұмысының сапалық  ашықтығы және олардың қоғам алдында есеп беру қағидаты кезең – кезеңімен енгізілетін болады. Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, біздің елімізде жасына, тіпті лауазымына қарамастан кез келген мемлекеттік қызметші шешімді мейлінше жабық әрі құпия түрде  қабылдауы тиіс деген ұғым қалыптасқан, яғни әрбір шенеунік үшін бұл жазылмаған қағидатқа айналған. Біз реформалау кезінде, міне, нақ осы қағидатты күйретуіміз керек. Мемлекеттік қызметтік үлгісі мен қоғам арасындағы жасырын – жабатын алшақтықтан арылуымыз керек. 

       Жалпы, интеллектуалдық әлеует деп қоғамдағы сұраныс үдесінен шығуға даяр әлеуметтік субъектінің уақыт пен орта алға тартқан міндеттерден, қиыншылықтардан, ұсыныс пен қажеттіліктен, бұрын беймәлім талаптан тұтастай болмаса да негізінен биік тұрып, ілгерілеу динамикасы мен заңдылығына кіріге, бейімделе алу, соны ел мүддесіне, өз мүддесіне жегу арқылы бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ашу өресін айтамыз. Ендеше интеллектуалдық әлеуеттің өміршеңдігі, жасампаз күші бар салада - экономикада, білімде, мәдениетте, ұлтаралық қатынаста, саясатта, т.б. – сыналады, шыңдалады. «Мәселе мынада, - деп көрсетеді Н. Назарбаев, - ұлттар тауарлармен және қызметтермен ғана бәсекелеспейді – олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйелерімен де бәсекелеседі... Осы заманғы экономикада салмақ материалдық тауарлар мен қызметтерге қарағанда, интеллектуалдық әлеуетке көбірек түсіріледі. Ұлттың осы заманғы және тиімді білім беру жүйесін ұстануға, жұмысшы күшінің оқыту жолымен интеллектуалдық қорын арттыруға қабілеттілігі бәсекеге қабілеттілігі үшін ерен  маңызды болуда». Енді мемлекеттік басқару саласындағы интеллекетуалдық әлеуеттерге, яғни интеллектуалдық басымдықтарға тоқталсақ. Бұл басымдықтардың бірі басқару саласындағы “Электрондық үкімет” бағдарламасы.Бұл жүйеде ақпарат оңай қолжетімді, тіпті қажет жағдайда жалпыға ортақ игілікте айналып, құжат айналымының ашықтығы сыбайлас жемқорлықты азайтуға алғышарт жасайды.  Бүгінгі күні 4 электронды үкімет алдында түрлі міндеттер қойылуда. Ең бастысы – қоғамның сұраныстарына орай тез әрі сапалы қызмет жасау, сыбайлас жемқорлықпен күресу, Мемлекеттік қызмет аясында  құжаттар айналымын автоматтандыру. Бүгіннің өзінде мемлекеттік қызметкерлер мен басшылар  құжаттарды мақұлдау мен келісу істеріне шамалы ғана уақыт жұмсайды. Мысалға, 2006 жылы 7,5 мың құжат электронды түрде әзірленіп, бекітілді. Бұл барлық құжат алмасудың 50 % құрайды. Мемлекеттік органдардағы үрдістер шапшаң дамуда. Өткен кезеңдерде хабар алмасуларға 2-3 күн кетсе, бүгінде құжаттар бір мемлекеттік органнан екіншісіне  10-45 минутте жетеді. Азаматтар электронды үкіметтің  порталы арқылы мемлекеттік басқару органдарына мәлімдеме жасап, оның айналым үрдістерін бақылауға мүмкіндік алды. Электронды үкімет үлгісі мемлекеттік басқару қызметін және азаматтарды, мемлекет және компанияны, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің ішкі құжат айналымын және ең соңында, мемлекеттік басқарудың басқару мекемелерінің сапалық байланысын анықтайды. 2006 жылдың 20-ақпанында “Мемлекеттік органдар үшін куәландыру орталығын құру” жобасын іске асыру шеңберінде ведомствоаралық электронды құжат айналымын қамтамасыз ету мақсатында басшылар мен кеңсе қызметкерлеріне  электронды санды қол қоюдың (подпись) 572 құралы берілді. 2006 жылдың  6-желтоқсанында азаматтар мен заңды  тұлғаларға сандық қол қоюды тарату үшін осы орталықты тестілеу жұмысы өткізілді. Сонымен “электронды үкімет” құру  шаралары интернет арқылы ақпараттандыру ісін толық аяқтап, биылдан бастап іске асыруға бағытталған. “Электронды үкімет” дегеннің өзі орталық үкімет органдары жұмысының бағытын, атқарған шараларын, яғни барлық  ақпараттарды интернет, яки ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы халыққа таратып отыру болғандықтан Парламентке “Ақпараттандыру туралы” және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне осыған байланысты өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын мақұлдады. Осы заңда “Электронды үкіметке” кеңінен қарастырылған яғни,  Мемлекеттік басқару органдарының  басқару жұмысының тетікті құралы ретінде: “ол – мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі” делінген.Бұл мемлекеттік басқару саласындағы басты интеллектуалдық әлеуеттердің бірі болып табылады.

 Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.

  Интеллектуалды ұлт құру – еліміздің интеллектуалды әлеуетінің артуының кепілі. Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық-инновациялық дамуының кілті еліміздің рухани түлеуі мен жаңғырылуында. Интеллектуалдық қоғам жолында дамып келе жатқан Қазақстанда аталып отырған мәселелер бізге жаңаша міндеттер жүктеуде. Қазақстанға ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды құбылыс қажеттігі осыдан үш жыл билік тарапынан бұрын атала бастады. Және ол аяқсыз қалмастан мемлекеттік саясаттың басты векторына айналады деген үміт бар. Сондықтан да жалпыадамзаттық ізгілікке, ұлттық құндылықтарға негізделген руханиятты қоғам құру әрбіріміздің міндетіміз. Интеллектуалдық қоғам қалыптасуының басты ядросы – адам капиталы. Ұлттың интеллектуалдық капиталы мен халықтың менталдық капиталының дамуы еліміздегі азаматтардың аталған мәселелерге жаңа көзқараста «қоғамдық санасының» қалыптасуын күн тәртібіне қойды. Қазақстандағы интеллектуалдық қорлардың басты көрсеткіші ретінде білім мен ғылым дамуына ықпал етерлік факторларды, рухани-мәдени құндылықтар мен этикалық нормаларды сақтау, дәріптеу дәстүрге айналуы тиіс.Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыруда басты құндылықтар ретінде адам капиталын дамыту басты орында тұруы заңды. Адам – қоғамның басты жемісі. Елімізде  «интеллектуалды азамат» қалыптасуы жолында олардың қоғамдық санасына ықпал етерлік гуманитарлық технологиялардың кешенді зерттелуі, нәтижелері стратегиялық мақсатта орындалуы тиіс. Қазақстандағы ғылым жаңа технологияның дамуына, атап айтқанда, қоғамның ізгілікті-рухани құндылықтары қалыптасуына негіз боларлық жаңа сала – гуманитарлық технологиялар саласының дамуы қордаланған мәселердің жауабы деп қарастырған жөн.

   Жаһандық талаптарға сай әлеуметтік-гуманитарлық, қоғамдық-саяси ғылымдардың шоғырлануы нәтижесінде гуманитарлық ғылым мен білімнің осы бағытта дамуы бүгінгі адамзаттың өркениетті құндылықтарды сақтауға, ізгілікті қоғам құруға деген ұмтылысынан. Интеллектуалды қоғам қалыптастыру еліміздегі  білім мен ғылым дамуына бағытталған «ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының» әлеуметтік-экономикалық тиімділіктерді қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың, «Интеллектуалды ұлт - 2020»  бағдарламасының білім беру мен ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған кешенді жобасының орындалуына қажетті гуманитарлық ілім мен құндылықтарға негізделген әдістерді зерттеумен, орындалу құралдарын әзірлеу мен коммуникациялық стратегияларды ұсынумен айқындалып отыр. Әлемдік экономикалық, саяси-әлеуметтік үдерістердің жылдам дамуы кезеңінде қазақстандық қоғамның рухани құндылықтары мен идеологиялық ұстанымдарын айқындау, өркениеттілік қағидаларына бағыттау өзекті мәселе. Елімізде ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыруа бағытталған мемлекеттік шаралардың  іске асырылуы мәселені күн тәртібіне қойып отырғанының дәлелі. «Интеллектуалды ұлт – 2020» Ұлттық жобасының басты мақсаты  елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыру.


Информация о работе Мемлекеттік басқарудың интеллекетуалдық әлеуеті