Дипломатиялық протокол

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 00:05, доклад

Краткое описание

Бүгін Қазақстан көптеген халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың өткізілу орны болып табылады: АӨСШК, ШЫҰ, түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммиттері, әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің съездері. Соңғы 5 жылдың өзінде Қазақстан Президенті 90 рет шетелдік сапарға шығып, 80 рет ел аймақтарын аралаған. Қазақстанға шетелдік мемлекеттердің 50 басшысы келген.

Вложенные файлы: 1 файл

протокол.doc

— 24.00 Кб (Скачать файл)

Протокол шарттылығының үлкен  саясатпен, мемлекеттің беделімен  тығыз байланыста екендігі белгілі. Сондықтан да, ҚР Мемлекеттік протоколының дамуы еліміз бен Елбасының жетістіктерімен  тікелей байланысты.

Бүгін Қазақстан көптеген халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың өткізілу орны болып табылады: АӨСШК, ШЫҰ, түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммиттері,  әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің съездері. Соңғы 5 жылдың өзінде Қазақстан Президенті 90 рет шетелдік сапарға шығып, 80 рет ел аймақтарын аралаған. Қазақстанға шетелдік мемлекеттердің 50 басшысы келген.

Мемлекет басшысы  жыл сайын түрлі деңгейде 500-ден  астам іс-шара өткізеді. Бұл барлық мемлекеттік органдардың тынымсыз қызмет етуін талап етеді. Протоколдық  және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуде  Президент Протоколы кілттік рөл атқарады. 

Мемлекет басшысының қатысуымен елімізде және елімізден  тыс өткізілетін іс-шаралардың ауқымы мен мөлшері Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік протоколының ең үздік  халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігінің дәлелі. 

Қазіргі уақытта  нормативтік құқықтық база, рәсімдер тәртібі, протокол атрибутикасы қалыптастырылып, мамандар даярланып, протокол тәжірибесі бойынша нұсқаулықтар жасалып, мемлекеттік  органдардың өзара ынтымақтастығы алгоритмі бекітілді.   

Еліміздің Мемлекеттік протоколының басты ерекшелігі ұлттық дәстүрлердің, мәдениеттің, әдіт-ғұрыптардың, халқымыздың ұлы тарихының қазіргі замандағы протокол нормаларымен үйлестірілуінде.

Қазіргі заманғы  халықаралық қатынастар мемлекетаралық байланыстардың белсенуі мен аумағының кеңеюімен, «бейресми дипломатияның» рөлінің артуымен сипатталады. Халықаралық деңгейдегі кездесулер іскерлік сипатқа ие болып, рәсімдер тәртібі мен этикет ережелері жеңілденуде. Бірақ, мемлекеттердің ұлттық ерекшеліктері мен бейнелері протоколдың бұлжымас бөлшегі болып қала береді.


Информация о работе Дипломатиялық протокол