Халықаралық несие және есеп қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 16:42, реферат

Краткое описание

Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А – Т - Ө - Т1 – А1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына ( машиналар, шикізат жабдықтар және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді.

Содержание

1. Бөлім
Несие қатынастарының пайда болуы
Несиенің қажеттілігі және мәні

2. Негізгі бөлім
2.1 Несиенің түрлері
Халықаралық несие
Халықаралық несиенің түрлері

3. Бөлім
3.1 Несиенің формалары

Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Тулебаев Е.doc

— 84.50 Кб (Скачать файл)

Ломбардтық  несиені негізгі  әр  алуан  түрлеріне  құнды  қағаз  кепілдігімен, талап  кепілдігімен  (жинақ ақша  салымы, сақтандыру  келісімшарты, ипотека және  т.б.) берілетін  несиелер  жатады. Қарыз  алушы  ломбардтық  несиені  өз  қалауынша, шекетеусіз  пайдалана  алады.

Жаңартпалы  несие  (ағылшынша  revolve – айналыста  болу, кезең  сайын  ауысып  отыру) – ссуда капиталының  ұлттық  және  әлемдік  нарықтарында  қолданылатын  жаңғатпалы  несие. Ол  белгіленген  берешек  лимиті  шегінде  несие  келісіміне  қатысушы  елдер  арасында  қосымша  келісім-сөзсіз  автоматты  түрде  беріледі.

Несие  желісі  қарыз  алушының  алдындағы  несие  ұйымының  оған  несие  келісімшартының   белгіленген  әрекет  ету  кезеңі  ішінде  белгілі  бір  мақсатқа  және  келісілген  мөлшерде  несиені   беру  жөніндегі заң  тұрғысынан  рәсімделген  міндеттемесі. Несие  желісінің  ашылуы  несие  беруші  мен  қарыз  алушының  ұзақ  уақытқа  созылатын  тығыз  ынтымақтастығын  білдіреді.

Овердрафт ( ағымдағы  банк  шотының  келісімшарты  аясында  несиелеу) несие  ұйымының  шот  иесіне, оның  ағымдағы  банк  шотына  қойылатын  талап  бойынша  төлем  арқылы  беріледі. Яғни, бұл  төлем  шотта  ақшалай  қаражат  болмаса  да, шот  иесінің  несие  берушінің  алдында  пайда болған  берешегінің түскен  қаражаттың  есебінен  кейін  оған  өтеуін  қарастыратын  келісімшарт  шегінде  беріледі.

        Қарыз  капиталының  шетке  шығарылуы  несие  заем (қарыз) беру  арқылы  жүзеге  асырылады.

         Несие  берудегі  мақсат – жоғары  қарыз  процентін  алу. Қарыз  капиталының  шетке  шығарылуы – қазіргі  заманғы  халықаралық  несиенің  негізі  болып  табылады.

   Ол  елдер  арасындағы  тауар  айырбасының  өсуіне  мүмкіндік  жасайды, олардың  арасындағы  есеп  айырысуларды жеңілдетеді, экономиканы  дамыту  мақсатында  сыртқы  қаржыларды  тартуға  мүмкіндік  береді. Халықаралық  несие  қарыз  алған  елдің  шаруашылығының  жылдам  дамуына  жәрдемдеседі.

Мемлекеттер  арасындағы  несиелік  қатынастар  жоғары  қарқынмен  кеңейіп  келе  жатыр, олардың  көлемі  әлемдік  сауда  қарқынынан  және  тікелей  шетел  инвестицияларының   ұлғаюынан  әлдеқайда  артық  деп  есептелген.

Халықаралық  несие  - бұл  қайтарымдылық, жеделдік  және  процент  төлеу  шарты  бойынша  валюталық  және  тауар  ресурстарының  берілуі.

Несие  берушілер  мен  оны  алушыларға  банктер, компаниялар, жекелеген  кәсіпкерлер, мемлекеттік  ұйымдар, үкіметтер  және  де  халықаралық,аймақтық  ұйымдар  жатады.

Халықаралық  несие  әртүрлі  формада  болады.

Өзінің  мақсатты  пайдалануына  байланысты  халықаралық  несие  екіге  бөлінеді:

  • байланысқан  несие;
  • қаржылық  несие;

Байланысқан- қаржылық  несиелердің  несиелік  келісімде бекітілген  қатаң  түрдегі  мақсатты  сипаты  болады.

Оларға  жататындар:

  • коммерциялық  несиелер – олар  таурларды  сатып  алу  немесе  қызметтерге  ақы  төлеу  кезінде  беріледі.
  • беріледі.

Бұл  несиелермен  Инвестициялық  несиелер – нақты  бір  обьектіні  сату  кезінде  салыстырғанда, қаржылық  несиелер қатаң  түрдегі  мақсатта  берілмейді.

Қаржылық  несиелер  қарыз  алушының кез  келген            мақсатына сәйкес  беріледі. Мысалы, тауар  сатып  алу, инвестициялар, қаржылық  операцияларды  жүргізу, төлем  балансының  тапшылығын  жою, сыртқы  қарыздарды  жою және  тағы  басқа  мақсаттарда.

Несие  берушінің  кім  екендігіне  байланысты  үшке  бөлінеді:

1) жекеше (фирмалар, банктер )  несие;

2) үкіметтік  несие;

3) халықаралық  ұйымдар  несиесі;

Ұсынылу  формасы  бойынша  екіге  бөлінеді:

     - тауарлық  несиелер;

-  валюталық  несиелер;

         Тауар  фирмасындағы  несиелерге  коммерциялық  несиелер  жатады, ал  ақшалай  несиелерге  қаржылық  несиелер  жатады.

   Валюталық  несиелер  мынадай  валюталарда  беріледі:

  • қарыз  алушы  елдің  валютасымен;
  • қарыз  беруші  елдің  валютасымен;
  • басқа  ұлттық  валютамен;
  • халықаралық  есеп айырысу  бірлігімен.

Берілу  мерзімі  бойынша  да үшке  бөлінеді:

  • қысқа  мерзімдік  (1  жылға  дейін);
  • орташа  мерзімдік (1  жылдан  5 жылға  дейін);
  • ұзақ  мерзімдік  (5  жылдан  жоғары).

Қысқа  мерзімдік  несие  дәстүр  бойынша  сыртқы  саудада  (шикізаттық  тауарлар  саудасында) және  қызметтер  мен  халықаралық  айырбас  жасалу  салаларында  қолданылады. 

       Орта  мерзімдік  несиелер  арқылы  машиналар  мен  құрал –жабдықтардың  экспорты  қаржыландырылады.

  Ұзақ  мерзімдік  несиелер  негізінен  инфрақұрылым  мен  өндірістегі  инвестицияларды  қаржыландыру  үшін  қолданылады.

Жоғарыда  атап  өтілген  несиелердің  құны  да  болады. Солардың  ішіндегі  фирмалық  несиелер  өте  қымбат  несиелер, ал  мемлекеттік  және  халықаралық  қаржы  институттарының несиелері  ең  арзан  несиелер  болып  табылады. Өйткені  мұндай  несиелер  мемлекеттік  бюджет  арқылы  немесе  айрықша  резервтер  арқылы  беріледі.

Қарыз  алған  елдердің  экономикасының  жылдам  дамуына  жағдай  жасай  отырып, халықаралық  несие  маңызды  экономикалық  күйзелістермен  шиеленіскен  қайшылықтарды  да  туындауы  ықтимал.

70-80- жылдары  дамушы  елдердің  қарызы  күрт  өсіп  кетті, олардың  жиынтық  қарызы 1960  жылы 14  млрд.  $- ға  тең  болды. Бұл  қарыздың  азғана  бөлігі  шаруашылық  обьектілерін  салуға  жұмсалды.

80- жылдары  дамушы  елдер  қарыздардын  төлеуді  тоқтатуға  амалсыз  мәжбүр  болды, осының  нәтижесінде  оларға  жаңа  несиелерді  беруге   шек  қойылды.

Дамыған  елдер  көп  жағдайда  мемлекеттік   қаржыларын    Азияның, Африканың, Латын  Америкасы  дамушы  елдеріне  және  ТМД  елдеріне  салады.

Мемлекеттік  капиталдың  шекарадан  тыс  жерлерге  орналастырылуы  көбінесе  саяси  мақсаттарды  көздейді, жеке  меншік  капиталдың  экспортына  қолайлы  жағдай  жасайды.   

Халықаралық  несие  несиегер  ретінде  мемлекет, банк, басқа  елдердің  жеке  және  заңды  тұлғалары  алға  шығатын  халықаралық  экономикалық  қатынас  саласындағы  ссудалық  капиталдың  қозғалысын  білдіреді. Осылайша  халықаралық  несие -  қайтару, мерзімді  және  ақылы  шарттарының  негізінде  елдер  арасындағы  ссуда  капиталының  қозғалысына  қызмет  ететін  несие  қатынасын  әр  түрлі  формаларымен  субьектілері  бойынша  біріктірілетін  үлкен  ұғым.

Халықаралық  несие  жаңа  техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол төлем балансының тапшылығын (эскпорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинаудың (қорланудың) қосымша көзіне айналады.

Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық несие басқа елдерге, әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалармен және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар және банктер халықаралық несиені жиі пайдаланады. Бұл белгілі бір реттеуді және шектеуді қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген берешектердің жинақтауы және сыртқы қарыздың ағымды қызмет көрсету бойынша өсе түскен төлемдер мемлекеттің қаржылық – валюта жағдаын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті, үкімет, яғни мемлекет тарапынан саяси және экономикалық қысым көсрестілуі мүмкін.

Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық-несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады.

Меншік формасы бойынша халықаралық несие мемлекеттік, жеке және аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан жеке халықаралық несиені жиі алады, яғни несиені жекеше компаниялардан, фирмалардан, банктерден  алады. Ол  қарыз  алушы  елдің валютасында, үшінші  елдің валютасында берілуі  мүмкін. Халықаралық  несие  формасы  бойынша коммерциялық  (тауарлық) және  банктік  несиелерге  бөлінеді.

Коммерциялық  немесе  фирмалық  несие сыртқы  саудамен және қызмет көрсетулермен тікелей  байланысты болады. Оны, әдетте, басқа  елдердегі  әр түрлі коммерциялық  құрылымға  иекомпаниялар, фирмалар вексельдің  көмегімен тауарлы формада береді. Экспорттаушы тауарды  тиегеннен кейін аударыратын  вексельді (траттаны) импорттаушыға  қояды. Импорттаушы  коммерциялық құжаттарды  алғаннан кейін оның векселін акцептейді, яғни оның төлемін белгілі бір мерзімде төлеуге келісімін береді.

Банктік несиелеу тек экспорт-импорт операциялар бойынша есеп айырысулар ғана байланысты.

Экспорттық банк несиесі – бұл экспорттаушы ел банкісінің импорттаушы елдің банкісіне машина, құрал-жабдық  жеткізілімін несиелеу үшін беретін несиесі. Ол, сонымен бірге, байланысқан несие деп аталады, өйткені, олтек машина мен құрал-жабдық үшін ғана беріледі.

Импорттаушы банк несиесі – бұл импорттаушы елдің фирмаларына және банктеріне тікелей берілетін несие  берушінің елінде қандай да бір тауарларды сатып алуға арналған несие. Сатып алушы несиенің бірнеше формалары бөліп көрсетіледі: бір жолғы контракт бойынша несие, несие желісі, сондай-ақ, өнеркәсіптік және азаматтық құрылғыларға арналған несие, оны құрал- жабдықты жеткізумен береді.

Қзақстанның халықаралық жетекші ұйымға кіруі экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті қосымша қаржыға жол ашты.

Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) “стенд-бай” несие аясында 185,6 млн қарыз алудың арнайы құқығы сомасында келісімге қол қойылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық қайта құру және Даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Жапонияның эскпорт импорт банкі және өзге де халықаралық қаржы-валта мекемелері беретін несиені пайдаланады.

Қазақстанның және банктердің халықаралық рейтінгісі игеруі несие бағасы бойынша да, оның мерзімі бойынша да пайдалы шақа құрылртған халықаралық несиеге жол ашты.

Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, қолма қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту халықаралық есеп айырысудағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай-ақ капиталдың шоғырлануын орталықтандыруын күшейту мақсаттарында капитал елдерге қайта бөлінеді.

Қазақстан 2003-2015 жылдарына арналған Индустриалдық-инновациялық дамудың стратегиясын жүзеге асыруда халықаралық несиені қосымша құны жоғары әрі бәсекеге жарамды ғылыми сыйымдылығы бар өнімдер өндірісінің жаңа машина, құрал жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет.  

Қазақстандағы компаниялар, фирмалар және банктер бір несие келісімі аясында топтасқан банктердің несие беруін білдіретін бірлестірілген деп аталатын несиені алады. Бұл арада банктердің біреуі бірлестітілген несиені ұйымдастырушы ретінде алға шығып, несиелеуге қажетті қаражатты жинау үшін өзге банктер мен қаржы институттары тартады (біріктіріледі), несие береді әрі қарыз алушылардан қайтарылған несиелерді пайызымен банктерге бөліп таратады.

Бірлестірілген несие банктердің шектеулі несие мүмкіндіктері мен бірінші класты қарыз алушылардың ауқымды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Богуславский М.М. Международное частное право. - М., 1994.
  2. Международное частное право. /Под ред. Сарсембаева. М.А. - Алматы, 1997.
  3. Международное частное право./Под ред. Скаридов А.С. - С     -П         ,1998.
  4. Международнре частное право. - М:       , 2001.
  5. Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте. - М., 1991.
  6. 18. Шмитгофф К. Экспорт: право и практика международной торговли. - М., 1993.
  7. 19. Внешнеторговые сделки. Гринько И.С. г. Сумы, 1994.
  8. 20. Садиков О.Н. Правовое регулирование международных перевозок. - М., 1981.
  9. 21. Садиков О.Н. Реформа Бернских конвенций о железнодорожных перевозках. 
         Внешняя торговля, 1982. N4.
  10. 22. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право: вопросы теории и практики. - 
          М., 1986.

 

 


 



Информация о работе Халықаралық несие және есеп қатынастары