АҚШ конституциялық құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 21:50, реферат

Краткое описание

АҚШ-тың қазіргі күші бар конституциясы конституциялық конвент арқылы қабылданған. Бұл органға құрылтай өкілеттігі берілмеген, конфедеративті одаққа бірлескен 13 тәуелсіз штатының 12 штатының өкілдігінен небәрі 55 делегат қатысқан болатын. Олар өздеріне өздері құрылтайлық өкілдікті иеленген еді. 1787 жылы 13 қыркүйекте делегаттар қол қойған конституция жобасы штаттарға ратификация жасауға жіберіледі. Осы мақсатта штаттарға құрылтай жиналыс сайланды.

Вложенные файлы: 1 файл

АҚШ.docx

— 21.74 Кб (Скачать файл)

АҚШ-тың қазіргі күші бар  конституциясы конституциялық конвент  арқылы қабылданған. Бұл органға  құрылтай өкілеттігі берілмеген, конфедеративті одаққа бірлескен 13 тәуелсіз штатының 12 штатының өкілдігінен небәрі 55 делегат қатысқан болатын. Олар өздеріне өздері құрылтайлық өкілдікті иеленген еді. 1787 жылы 13 қыркүйекте делегаттар қол қойған конституция жобасы штаттарға ратификация жасауға жіберіледі. Осы мақсатта штаттарға құрылтай жиналыс сайланды. Жобаны мақұлдауға 9 штат қажет болғанымен, оны 11 штат қолдап, 1789 жылдың 4 наурызында АҚШ Конистуциясы ресми күшіне енген болатын. 
 
Мұндай істі тәжірибеде нақтылап отыру міндеті конституциялық қадағалау (бақылау) органына жүктеледі, яғни бұл орган нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкес екендігін тексеруді жүзеге асырып отырады. 
 
Осы қызметті алғаш рет АҚШ-тың Жоғарғы Соты 1803 жылғы сот құрылысы жайлы заңның 13-бөлімін АҚШ-тың конституциясына қарама –қайшы деп тауып, оны қолдануға болмайтынын өз шешімінде бекітті. Осылайша, АҚШ-тың Жоғарғы Соты конституциялық қадағалау (бақылау) органының қажеттілігін көрсетіп берді. Сайып келгенде, АҚШ-тың Жоғарғы Соты осы күнге дейін конституциялық қадағалау (бақылау) органы қызметін де атқарып келеді.  
 
Президенттік республиканың алғашқы тарихта әрі үлгілі түрі АҚШ болып табылады. Бұл елде президент тік иенститут 1787 ж конституция негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тыиым салуменұарама қайшылық принципі негізінде құрылған. Бұл тыиым салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Дж. Мэдисоға тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару ісіндегі бір ден-бір сәтті қадам болды.  
 
АҚШ аумағында АҚШ–тың конституциясы, конгрес заңдармен келісім шарттары ең жоғары заңдар болып табылады. 
 
Қазіргі дәуірде көптеген мемлекеттер өз конституцияларында өз шамалары келгенше саяси партиялардың мәртебесін институттандырады. Бұл қатардан тек қана АҚШ-ты шығарып тастауға болады. өйткені, бұл елде саяси партияларға қатысты ережелер тек штаттар конституциясында ғана бар. Ал, АҚШ Конституциясының өзіндегі ережелерден де, кейіннен қосылған 26 түзетулерден де бұл жайлы арнайы сөз жоқ. 
 
Әдетте, ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың тармақталған аппараттары болады. Ондағы қызметшілер сол партиялардың саясатын өмірге енгізетін негізгі тетігі болып табылады. Мұндай саяси партиялардың қызметі негізінен сайлаушылардың дауысы үшін сайлаулық күреске алып барады. Осы айтылған ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың үлгісі ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партияларды айтуға болады. Бұл екі партия да өте үлкен саяси ұйым ретінде көрінеді. Партия мүшелері деп алдыңғы сайлау кезінде сол партияның өкілді тізіміне дауыс берген барлық сайлаушылар жалпы айтыла береді. Сондықтан да партия мен оның мүшелері арасында ұйымдасқан байланыс болмайды.

Конституцияның  алғашқы бөлігі Ньютонның физикасы сияқты әрі ғылыми, әрі рационалды кішігірім преамбула мен үлкен мақаладан тұрды. Оған қосымша ретінде 26 түзету алынған. Бірінші 10 түзетуде жалпы алынғанда «Құқық туралы Билль» деп аталады. Бұл түзетулер 1791 жылы алынды. Бұдан басқа 16 түзету қабылданған, олардың арасында ең маңыздысы-13, 14, 15 баптар. Бұл баптар АҚШ-тағы құлдықты құрды.

Преамбуласында  Конституцияның мақсаты анықталған-штаттың  одақтары құрылды. Конституция 7 баптан тұрады:

1-АҚШ Конгресі;

2-АҚШ Президенті;

3-АҚШ сот билігі;

4-штатпен федерацияның  өзара қарым-қатынастары;

5-түзетулерді енгізу  реті;

6-конституцияның  жоғарғы приициптерін тағайындау;

7-Конституцияны  бекіту реті.

АҚШ Конституциясы негізгі үш принципті бекітеді. Ең алдымен АҚШ мемлекетінің негізгі принциптеріне өкіметтің бөлінуі жатады. Конституцияға Локк және Монтескьенің өкіметті бөлу жөніндегі идеялары кірген. Мұндағы сөз тар мағынада-көлбеу принципімен: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі болып бөлінеді. Осы негізгі принцип әрбір федерацияның субъектерінде де қолданылады. Таза догматтар америкалық концепция өкіметке бөлінген, бұл төмендегіше жинақталды деп көрсетіледі. Мемлекетті басқару саласының қызметі заң шығару, сот, атқарушы билік болып үшке бөлінеді.10

Әртүрлі міндеттерді  іске асыру барысында үшеуіне  де, түрлі басқарма бөлімшелеріне  де лайықты болып келеді. Бұл бөлімшілер конституция бойынша тепе-тең  және бір-біріне тәуелсіз. Әртүрлі тәртіп бойынша қалыптасқан мемлекеттік органдар, олардың өкілдік мерзімінен, бағыныштылығымен тығыз байланысты. Мұндағы негізгі рөлді жүйенің шыдамдылығы мен қарама-қарсылығы атқарады. Оның мәні, әрбір биліктің, Конституцияға қарсы көрінуі мүмкіндігінде жатыр.

Конгресс президенттің заң ұсыныстарын кейінге қалдыруға, федералдық лауазымды қабылдауға, импичмент  тәртібімен президентті сотқа тартуға құқылы.

Президентке берілген құкық-тыйым салу. Жоғарғы соттың сот қызметкерлері Президент пен Сенаттың бірігуі арқылы тағайындалады, оның жұмысы Президентке де, Конгреске де қатысты емес, кейбір жағдайда импичментке шығуға мүмкіндігі бар.

Конституцияның  негізгі екінші принципі-федерализм, яғни, биліктің жоғарыдан төмен қарай принципімен бөлінуі. Штаттар мен Одақ арасындағы міндеттер айқын ажыратылған. Ол одақтың қызметіне қатысты мәселелерді қамтиды.

Конституцияның  негізгі үшінші принципі Конституцияның үстемдігі. Конституция «елдің жоғарғы  құқығы» ретінде жарияланады, бұл  федерациялық штаттың деценгралистік үрдістері мен бірігуіне қарсы бағытталған.

АҚШ президенті атқарушы билікті басқарады, төрт жылға сайланады. Президент қайтыс болып немесе қатты науқастанған жағдайларда да бұл мемлекетте жыл толғанша сайлау өткізілмейді, Президенттің орнына кім тағайындалатынын Конституцияда анық белгіленген: Вице-Президент, одан кейін төменгі палатаның төрағасы, мемлекеттік хатшы, т.б. Президент орнына ұмтылған кандидат АҚШ азаматы, 35 жасқа толған, Америкада тұрақты 14 жыл тұрған болуы керек, оны Вице-Президентпен бірге дәрежелі сайлайды, алдымен 538 адам сайлаушыларды сайлайды (100 адам) Сенат, 438 төменгі өкілеттер палатасы), осы алқа саяси тізім бойынша қатаң партиялық тәртіппен Президенттің өзін сайлайды.

Конституцияның  бірінші бөлімінде барлық заң шығарушы құқықтар АҚШ Конгресіне берілген, олар Сенаттан және өкілдер палатасынан тұрады. Парламенттің құрылысы мемлекеттің федеративтік құрылысын көрсетеді. Өкілдер палатасына 25 жастағы адамдар сайланады, олар екі жыл бойы қызмет істейді. Бір сайлау округіне кіретін сайлаушылар саны 30000. Сенатқа әрбір штат екі сенатордан сайлайды, 1913 жылдан бастап сенаторлар 17-бап бойынша сайлаумен бекітілетін болды. Сенатың төрағасы Вице-Президент. Сенаторлардың үштен бірі екі жылға, үштен бірі төрт, ал қалғандары жеребемен алты жылға сайланады. Сенат өзіне жүктелтен жұмыспен бірге Президентті де тексеруге құқы бар. Сенаторлардың үштен екісінің қолдауымен өкілдер палатасы президентті кінәлауға, орнынан алуға құқықты. Сенат президентке шарт қою кезінде келісімін береді, орі Жоғарғы сот мүшелерін тағайындай алады. Өкілдер палатасымен салыстырғанда Сенаттың өкілеттілігі үлкен. Конгресс сайлаудан кейін желтоқсан айының сонында бірінші рет жиналады.

Конгресс баж  салығын жинауға, төлеуге, акциз  кеңілдікті төлеу, шетел мемлекеттерімен, әртүрлі штаттармен және үндіс тайпаларының арасынды сауда жүргізуге мұрындық болады.

Конгресс кіріс салығын тағайындай алады.

Президент төрт жылға сайланады, ол атқарушы билікті басқарады. Президент лауазымды орынға қызметкерлерді тағайындау үшін Сенаттың келісімін алуы керек, үлкен халықаралык, шарттарға қол кояр уақытта сенаторлардың үштен екісі қатысын отыруы шарт.

Сот органдары жергілікті және федералдық сот болып бөлінеді. Конфедерация тұсындағы сот билігі егемендік белгісі ретінде федерацияның субъектілерінде қалды, ал федерация тұсында құрылған штаттарда сот биліктің жартысы ғана қалды. АҚШ соты штат соттарының турасынан жоғары және оның сапасының бірінші инстанциясында халықаралық құқыққа қатысты барлық істерді қарайтын болды. Штаттардың талас мәселелерін федералдық сот қарайды.

Конституцияға қабылданған  түзетулерді үш топқа болуге болады: бірінші 12-түзету штаттың жене жеке адамның құқықтары үшін болған күреспен байланысты, 13-15 түзету XIX ғасырдың алпысыншы жьодарында құлдықты жою жөнінде әр түрті азаматтардың сайлау құқықтарын ұсыну және ХХ-ғасырдағы демократиялық түзетулер Конгрестің салық көбейту жөніндегі 1913 жылғы 16 түзету Сенатты сайлаудағы өзгерістер тұрады. 1917 жылда тікелей сайлау енгізілді, 1920 жылдарда заң бойынша әйелдерді сайлауға құқық берілді.

АҚШ-тың бірінші  Коиституциясы-халықаралық құқықты  қамтитын федеративтік республиканы бекітті. Қабылданған Конституцияға бұрынғы  ағылшын отары негізінде құрылған тәуелсіз 13 кішігірім мемлекеттің кіруі бекітілді. Бұл одақтың құрылуына ғасырдың идеологиялық, әлеуметтік, саяси, экономикалық қажеттілігі де әсер етті.

Жергілікті халықтың қоғамдық көзқарасы мемлекеттің  жас қорғаушылары мемлекеттің бірлігін өте қиын жағдайға өткізді, олар конституциямен бірге конфедсрацияның баптарын да талап етті.

55 делегаттың ішінде  Джордж Вашингтон, Гамильтон,  Франклин, Мэдисон, Вильсон тәрізді  қайраткерлер болғандығы мәлім.  Әртүрлі жағдаймен қатыса алмаған  Джефферсон, Патрик Генри, Джои  Адамс тағы басқа да радикалдар  болды. Оиың әлеуметтік құрылымына  көңіл бөлсек, онын, аралығында тек  бай адамдар, плантаторлар, құл  иеленушілер, банкирлер, бағалы  қағаз ұсатушылар болды. Бірақ  бұлардың арасында біржақтылық,  бірізділік болды деп айту  қиын.

Конституцияның  бағасы меп маңызы жөнінде ағылшын  әдебиетінде екі түрлі көзқарас ағым пайда болды, біреулері мақтаса, екіншілері жатады. АҚШ-тың негізгі  заңында методологиялық жағы да айқын  көрінді. Сондай-ақ ағылшын Конституциясының кейбір елдерде буржуазиялық демократия үстем етіп тұрғанда құрылғандығын  естен шығармау керек. Ол кезде Еуропада тәуелсіздік үшін соғыс жүріп  жатқан еді, сол ғасырдың позициясы  болған Конституция құқық мәселесіндегі  демократиялық құжат, Конституцияны  жасаушылар белгілі бір саяси  құқықтық принциптері мен нысандарын қалыптастырды, ол Америка саяси  жүйесінің негізі болып табылады.

Бұл конституцияда  бірнеше негізгі принциптер бекітілген, олардың бірі-республикалық принципі. Конституция жасаушылар монархиядан бас тартқысы келді, оны жек көрді, олар үшін монархия ағылшындардың зорлық, зомбылығының көрінісі еді. Олардың ойынша мемлекетті тек қана білімді адамдар басқара алады, ал оған тек аристократтардың күштері жетпейді. Республикалық нысанның астарында сайлауға жауапты болатын билік жатты. Олар бір-бірімен байланыста болып, халықтың мемлскеттік іске араласпауын қадағалады. Халықтың тек сайлауға ғана қатысуына мүмкіндігі бар, онда да қызметіне байланысты. Олардың негізгі мақсаты таңдаулы республика жасау еді.

Меншік пен бостандықты қорғау. Конвент делегаттары бостандық пен меншіксіз өмірдің мәні, адамдардың құлпы өмір сүруіне ешқандай мүмкіндігі жоқ екенін түсінді. Сондықтан олар барлық адамдардың теңдіігін, ажырамайтын құқықтарын дәйектеді.

Қоғамдық шарт.

Г. Гроций, Дидро, Ж. Ж. Руссо идеяларын Конвенттің делегаттары  Американың жағдайына сәйкес келтірді. Мемлекетті басқару-халықтың үкіметпен шарттасуы жағдайында қаралады, ол нақ ажырамайтын құқықтардың болуын да қамтамасыз етуі керек.

Бикамерализм.

Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Пенсильвания мен Джорджия штаттарынан басқаларында екі палаталы легислатура болды.

Конституция жасаушылардың  саяси түсінігіне әсер еткен ағылшын мемлекеттік палатасы. Ондағы атақты палаталар екеу: лордтар және қауымдар палаталары.

Олар Конгреске  аксүйектерді енгізу дұрыс деп есептеді. Бикамерализм кіріспе мемлекеттік құрылыстағы федеративтік нысанда айтарлықтай дәрежесі болды.

Федерализм. АҚШ мемлекеттік құрылысының ерекшеліктеріне федерализм принципі жатады. Американың федерациясы жылдам және қайшылықсыз туды деп ойласақ, біз қателесеміз. Бұл мәселелер талқыланған кезде өте өткір және қайшылықты жағдайлар туды. Бұндай күрделі жағдайға әкелген маңызды себептер үшеу: ағылшын мемлекетінің бір орталыққа бағынған басқару әдістері халықты жек көретін етті, әрі оны қорқытып тастады. Отарлар тәуелсіздігін жариялаған кезде мемлекеттік басқару солардың штат шекарасы бойынша құрылған болатын. Конституция алынғанша жалпы орталық ұлттық басқару органдары болған жоқ. Осы үрдістер Конституция дайындалған кезде мықты федерацияға қарсылық туғызды, мықты жалпы федеративтік органдар жергілікті басқару органдарын езіп, өздеріне бағындырады деп саналатын.

Екінші жағынан  конфедерация арыауының бостығын бәрі түсінді, әсіресе салық жинау мен штаттар арасындағы сауда мәселелері өте шиеленісті өрі реттелмеген еді. Сондықтан экономикалық және саяси бейберекеттік жағдайды дұрыстау үшін радикалдық шара қолдану керектігін бәрі толық түсінді.

Мемлекеттік құрылыстағы  федеративтік нысан буржуазия мен  құл иеленушілік таптың ымырасының, халықтың наразылығы мен конфедеративтік ырын-жырыңының нәтижесі болып табылады.

Бір орталыққа бағынған өте табанды мемлекеттік ақпараттың өз жағдайын нығайтып, халықты жуасытуына мүмкіндігі бар.

13 штатты біріктіру мемлекеттік жағдайда үлкен тарихи маңызы бар іс болып саналады. Бұл дүниежүзі тарихындағы бірінші буржуазиялық федерация.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ  КАФЕДРАСЫ

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: АҚШ-тың  конституциялық құқығы

 

 

 

 

 

Орындаған: 1 курс студенті Амангелді Б.С.

Тексерген: оқытушы  Даркенбаев А.

 

 

 

 

 

Алматы 2013жыл


Информация о работе АҚШ конституциялық құқығы