Өкпе аускультациясы: қосымша дыбыс шуылдар
Доклад, 15 Января 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Аускультация әдісі - тыңдап тексеру – Гиппократ еңбектерінде бар; бірақ еңгізу мен қолдануы – француз дәрігері Рене Лаэннек – 1819ж.
Аускультация негізі - ағзада, пайда болған дыбысты дене үстінен тыңдау.
Аускультация түрлері - тікелей құлақты қойып; жанама – фонендоскоп, түтік арқылы.
Вложенные файлы: 1 файл
Окпе аускультациясы, пальпация, перкуссия.ppt
— 8.34 Мб (Скачать файл)тақырыбы: Өкпе аускультациясы: қосымша дыбыс шуылдар
орындаған: Асқаров М
топ: 303 ОЗ
АСТАНА 2015
- Аускультация әдісі - тыңдап тексеру – Гиппократ еңбектерінде бар; бірақ еңгізу мен қолдануы – француз дәрігері Рене Лаэннек – 1819ж.
- Аускультация негізі - ағзада, пайда болған дыбысты дене үстінен тыңдау.
- Аускультация түрлері - тікелей құлақты қойып; жанама – фонендоскоп, түтік арқылы.
- Өкпе аускультациясында - тыныс шулары 2 түрде:
а) негізгі және б) қосымша тыныс шулары.
Негізгі тыныс шулары н/е дыбыстары:
1- везикулярлық немесе альвеолярлық әлде көпіршікті тыныс дыбысы:
2- бронхиалды тыныс дыбысы
Везикулярлық немесе альвеолярлық
тыныс дыбысы
а- пайда болу орны - альвеолаларда;
б - пайда болу жолы, яғни дамуы - тыныс алуда альвеолалар ауаға толып, олардың қабырғалары кернеліп, тербеліс береді - дыбыс - үрлеген, жұмсақ, “ф” әрпі тәріздес;
в – естілу кезеңі – тыныс кіруінде толық, ал шығаруында – жоғарғы 3/1 бөлігінде.
Өкпенің барлық көлемінде естіледі.
Өзгерістері:
1 – физиологиялық;
2 - дерттік н/е патологиялық:
Физиологиялық өзгерістері:
а- әлсіреуі- бұлшық еттер, тері асты шел майы жақсы дамығанда, жәй тыныста; өкпе ұшында, қолтық астында, жиегінде;
б - күшеюі- жүдеу, жұқа адамдарда; ауыр жұмыста.
Физиологиялық өзгерістер екі жақта бірдей болады.
2 - дерттік н/е патологиялық:
- а- әлсіреуі- естілуі нашарлайды –
-плевра өзгерісі - плевра қуысында сұйықтық, ауа жиналуында, плевра қатаюы, қалындауы,
-альвеолалар өзгерісі – ауалығы жоғарлағанда – эмфизема; ауалығы төмендегенде - қабынулық н/е қабынулық емес сұйықтық жиналғанда;
-бронх бітелгенде – обтурациялық ателектазда; Тыныстың екі кезеңіде қысқарады;
- б- күшеюі – 1) қатаң дыбысты – тыныс шығаруда жақсы, ұзақ естіледі - бронх (майда, ұсақ) тарылуында (қабыну, жиырылу);
2)- үзілісті-саккадирлі - тыныс бөлініп естіледі -бронхтарда қабыну үрдісі бір келкі тарамаған н/е бұлшық еттерінің бір келкі жиырылмауы (тоңғанда). Жиі жағдайда - твс дертіне тән.
Дерттік өзгерістер жиі бір жақты болады.
- 2- бронхиалды тыныс дыбысы:
а) - пайда болу орны – көмей-кеңірдекте, сол себептен көмей-кеңірдек тыныс дыбысы делінеді;
б) - даму жолы – ауа кірердеде және шығардада кең жерден тар көмейге иіріммен өтіп, айналасындағы тығыз дауыс байламдарының тербелісін тудырады, яғни дыбыс береді, әсіресе шығарда көмейдің қосымша тарылуына байланысты ұзақ болады;
- в) - естілуі –тыныс алуда және шығаруда - ұзағырақ; “Х” әрпі тәріздес дауысты жуан дыбыс;
- г)- тыңдалу орындары - көмей, кеңірдек, ірі бронхтар
- кеуде үстінде – алдынан - бұл - мойылдырық шұңқыры, төстің тұтқасы мен денесінің жанасқан жері; артынан - 7 мойын және І-ІV кeуде омырт-қалары бойында.
- Б.Т. қалыптыда өкпе тінінде естілмейді -альвеола көлемі көп болғандықтан - альвеолярлық тыныс басады.
- Кейбір дерттік жағдайларда бронхиалды тыныс өкпе тінінде пайда болады –
- бұл “Б.Т. қалыпты орнынан тыс жерде пайда болуы” деп аталады.
Себептері:
- 1-өкпе тіні тығыздалуы (қабыну, компрессиялық ателектаз) - тығыз дене дыбысты жақсы өткізеді;
- 2- өкпеде қуыс н/е кеңістік п.б.- оның айналасындағы қабынулық тін арқылы күшейтіліп естіледі.
Б.Т. дерттік түрлері:
- 1- амфорикалық (құмыра) - қуыстың d – үлкен – 8см жоғары, қабырғасы жұқа, тегіс ж/е ірі бронхпен жанасса- дыбыс тар мойынды ыдысқа үрлеген дыбысқа ұқсайды.
- 2- “темір” соққандағы дыбыс тәрізді” – ашық пневмоторакста- плевра жарақаты. Қасиеті – дыбыс қатты, жоғары.
- Қосымша тыныс дыбыстары - дерттік тыныс шулары.
Түрлері:
1.Сырылдар 2.Сықырлар
3.Плевраның үйкеліс шуылы
Қосымша тыныс дыбыстары - дерттік тыныс шулары
- Сырылдар - бронхтарда сұйық немесе тұтқыр қақырықтың, қанның әлде дерттік емес сұйықтықтың (транссудат) ауамен бірге қозғалысынан әлде бронхтар тарылуында пайда болатын дерттік тыныс шулары.
- Сырылдар
- ылғалды және
- құрғақ болып бөлінеді.
Бұл бронхтардағы қақырықтың сұйық (ылғалды) әлде тұтқыр және бронхтардың тарылуына (құрғақ) байланысты
Құрғақ сырылдар:
- а)-даму жолы - бронхтар тарылғанда (жиырылуы, қабыну, бөгде зат, сыртынан қысылуы) н/е тұтқыр (кілегейлі), шірішті қақырық жиналғанда пайда болады;
- б) - сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты - төмен, гүрілдеген (ірі бронхтар); ызыңдаған (орташа); жоғары, ысқырықты (майда, ұсақ). Өкпе үстінде таралып н/е шектеліп естілуі мүмкін.
- Бронхилды астмада – алыстан естіледі.
Ылғалды сырылдар:
- а)-даму жолы-бронхтарда н/е қуыстарда
- жиналған сұйықтардан ауа өткенде пайда болған көпіршіктердің жарылған дыбысы;
- б)- сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты - ірі (ірі бронхтар, кеңірдек, бронхтармен жанасқан кеңістіктер), орташа, майда көпіршікті сырылдар болып бөлінеді.
- Ірі көпіршікті сырылдар қашықтықтада естіледі (өкпе ісінуі, өлім халінде). Сырылдар бронхтар қабынуына тәндік белгі.
- Естілуі- тыныстың екі кезеңіндеде; ал бронхтар (ұсақ, майда) тарылуында –тыныс шығарғанда жақсы естіледі (тыныс шығару ұзарады); жөтелден кейін азаюы н/е жоғалуы мүмкін.
Сықырлар:
- а) – даму жолы - альвеола қабырғаларына сұйықтық (тұтқыр, қан, транссудат) жиналғанда - олар бір-бірімен жабысып, келесі тыныс алуда күшпен ажырап, сықыр тәрізді дыбыс береді (аяздағы қардың сықыры, саусақтарды бір-бірімен үйкегендегі дыбысқа ұқсайды);
- б) - естілуі - тыныс алудың ең жоғарғы кезеңі (өкпе қабынуының І-ІІІ кезеңі, твс, өкпе инфарктісі, компрессиялық ателектаз, ал жұрек дерттерінде - өкпенің төменгі бөлігінде).
- Сырылдан айырмашылығы (ұсақ көпіршікті):1)-естілу кезеңі; 2) - жөтелгенде - өзгермейді.
Плевраның үйкеліс шуылы:
- а)- даму жолы – плевра үйкелісі қалыптыда естілмейді – сурфактант және беті тегіс, ал қабынуда – осы қасиеттері жоғалады, фибрин тұнып, беті бұдырланады – үйкеліс шуылы пайда болады;
- б)- сипаты
- құрғақ плевритте болады;-
-тыныстың екі кезеңінде естіледі;
-жөтелден кейін өзгермейді;
-құлаққа жақын естіледі;
-фонендоскоппен бассаң- күшееді;
-ал мұрын мен ауызды
жауып, құрсақты қозғалтса –
- Баланың айқайы аускультацияға
кедергі болмайды- керіснше тыныс тереңдеп сырылд ар жақсы естіледі; - Жаңа туған және 3-6 ай аралығында - әлсіреген везикулярлы тыныс болады;
- 6 айдан 5-7 жасқа дейін пуэрильды тыныс –тыныс алу мен шығару кезеңі бірдей – күшейтілген везикулярлы тынысқа ұқсайды;
- Ерекше тыңдалатын аймақтар:
-қолтық асты –пневмонияларда бронхиалды тыныс ерте дамиды
-омыртқа бағанасының екі жаны –кіші балаларда пневмонияның жиі дамитын ошақтарына сәйкес келеді
-омыртқа бағанасы мен жауырын орталығы (өкпе түбірі аймағы)- пневмония мен туберкулездың бастапқы дамитын аймақтары
-жауырын асты –крепитациялар ерте естіледі