Тұрақты даму
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 21:53, реферат
Краткое описание
Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғай мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана – сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. 1987 жылы БҰҰ – ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.
Вложенные файлы: 1 файл
Тұрақты даму.docx
— 656.85 Кб (Скачать файл)Тұрақты даму.
Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғай мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана – сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті
қорғау бүкіл адамзаттың
1987 жылы БҰҰ – ның Дүниежүзілік
қоршаған орта мен даму
Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде
қазіргі уақыттың қажеттілігін
қамтамасыз ете отырып, болашақ
ұрпақтардың өзінің
1992 жылдың маусым айында
Рио – де – Жанейро қаласында
өткен БҰҰ – ның қоршаған
орта мен даму бойынша өткен
конференциясы «Тұрақты даму»
концепциясын және «ХХІ
«ХХІ ғасырдың күн тәртібінің»
негізгі бағыттары (М.Китинг
- Кедейлікпен күрес . Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен екі мың миллионерлер және 1,1 млрд.-тан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін - өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық көмек.
- Тұтынудың құрылымын өзгерту. Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себебі болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
- Халық және тұрақтылық. 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 млрд.-тан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.
- Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту. Халықтың денсаулыығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:
- СПИД – пен күреске жұмылдыру.
- түберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес.
- бала өлімін кеміту.
- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;
- еркектер мен әйелдердің өздерінің балаларының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету.
- халықты ауыз су, таза азық – түлікпен қамтамасыз ету.
- балалардың денсаулығын қорғау.
- қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан қорғау.
- Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация). 2000 жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұрады. Қоғамның урбанизациясы экономикалық даму процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60% - ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
- Атрмосфераны қорғау. Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны өндіру мен тұтыну.
- Жер ресурстарын тиімді пайдалану. Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауыл шаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және тағы да басқалары.
- Ормандарды жоюмен күрес. Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкіметтерге орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, жүзеге асыру қажет.
- Шөлденумен, құрғақтылықпен күрес. Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялау процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградиясы мен азық – түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
- Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану. Теңіз суының ластануының шамамен 70% - ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. т. дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
- Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану. Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып отыр. Төменгі мәселелер шашімін табуы тиіс:
- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40 литр ауыз сумен қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;
- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
- Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру. Химиялық заттар бүкіл дүниежүзінде қолданылады. 10000 – нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500 – нің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
- Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн. адам, оның ішінде 4 млн. балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4 – 5 есе артуы мүмкін.
- Радиоактивті қалдықтарды жою. Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-дің жұмысы нәтижесінде 200 мың м3, төмен, ал 10 мың м3 жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
- Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі ролі. Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға, жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3 – не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
- Тұрақты даму мақсатындағы білім беру. Қазіргі кездегі ғылыми – зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.