Тосектегі жалпы ауыр наукастардың аягын жуу және тырнағын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 16:51, лекция

Краткое описание

Науқастың күтімі - бұл жан-жақты қызмет көрсету, науқастың сауығуына жасалатын жағдайлар, көмек көрсету түрлері және дәрігерлердің нұсқауларын орындау. Көптеген науқасқа көрсетілетін көмек түрлері, ережелері бұрынғы заманнан белгілі. Ертеде дәрігерлер науқас алдында әлсіз болған кезде науқасты күтім жасап, қамқорлап емдеген. Сондықтан күтімнің әсері өте зор деп есептеледі. Медицина мекемелеріндегі күтім медицина қызметкерлерінің міндеттеріне жатады. Күтім тек қана білімді емес, біліктілікті де талап етеді. Ең маңыздысы науқасқа ауруын есіне салмай, мүмкіндігінше ұмыттыру, жағымсыз әсерден сақтандыру.

Вложенные файлы: 1 файл

Тосектегі жалпы ауыр наукастардың аягын жуу және тырнағын алу.docx

— 21.13 Кб (Скачать файл)

Тосектегі  жалпы  ауыр наукастардың  аягын  жуу  және                             тырнағын алу.

Науқастың күтімі - бұл жан-жақты қызмет көрсету, науқастың сауығуына жасалатын жағдайлар, көмек көрсету түрлері және дәрігерлердің нұсқауларын орындау. Көптеген науқасқа көрсетілетін көмек түрлері, ережелері бұрынғы заманнан белгілі. Ертеде дәрігерлер науқас алдында әлсіз болған кезде науқасты күтім жасап, қамқорлап емдеген. Сондықтан күтімнің әсері өте зор деп есептеледі. Медицина мекемелеріндегі күтім медицина қызметкерлерінің міндеттеріне жатады. Күтім тек қана білімді емес, біліктілікті де талап етеді. Ең маңыздысы науқасқа ауруын есіне салмай, мүмкіндігінше ұмыттыру, жағымсыз әсерден сақтандыру.

Ем алудың барлық кезеңінде де жағымды тұрмыстық және психологиялық жағдайлар тудыру қажет. Науқас психологиясын жете білсеңіз оған көрсетілетін күтім әсері де ықпалды болады.

Күтім: жалпы және негізгі болып екі түрге бөлінеді. Жалпы күтім дегеніміз - бөлімшенің гигиеналық қалпы, науқастың жеке гигиенасы, тамақтануы және дәрігер нұсқауларын дер кезінде және толық орындау болып табылады.Негізгі күтім дегеніміз дәрігер берген нұсқауларды қатаң түрде орындау (егер сырқат төсектен тұрмаса, көмекті сол жерде көрсету). Егер науқастың хәлі аса ауыр болса, әсіресе оның ішкі құрылысы мен ағзаларының қызметтері бұзылса немесе төмендесе, онда оны арнауйы палатаға (қарқынды емдеу) орналастыру керек. Науқастың бөлмесі таза, желдетілген, жарық және басқалардан оқшауланған болуы тиіс. Бөлме күніне 2 рет жинастырылады.   Бөлменгің температурасы 18-20°С, ылғалдылығы - 60 % болуы шарт. Күн шуағы молырақ түссе, науқастың көтеріңкі көңіл күйіне оның әсері мол. Ең маңыздысы - жеке бас тазалығын сақтау тәртібін қатаң орындау. Аптасына бір рет дәрігердің рұқсаты бойынша науқасты шомылдыру. Қолдарын, бетін әрбір тамақтандыру алдында жуу. Шашын жылы сумен сабандап жуу, тырнақтарын алу. Күніне 2 рет тістерін тазалаулары қажет. Ауыр хәлдегі науқастардың ауыз қуысын 0,5 % гидрокарбонат натрийіне (ас содасына) батырылған мақтамен сүрту.

Науқасты төсегіне барынша ыңғайлы да жайлы етіп жатқызу керек. Науқас бірқалыпты ұзақ жатқан жағдайда оның тері күтімі маңызды. Өйткені, ауыр науқастанған адамдардың арықтап жүдеулеріне байланысты, бұлшық еттері азайып, терілері сүйектеріне жақындайды, сөйтіп сүйек батқандықтан ойылады, яғни саржамбас болады.Терінің ерте зақымданатын жерлері науқастың жамбасы, жауырыны, ұршық сүйектерінің басы, шынтағы және өкшесі. Әрбір 2 сағат сайын науқасты бірнеше минут қырынан жатқызып отыру керек. Науқастың төсегінде, іш киімінде денесінде бататын қыртыс болмауы тиіс. Ол үшін күніне оның төсегін 2-3 рет қағып, қайта салған дұрыс. Медбике науқас терісінің тазалығы мен терінің түрі өзгеріп, жараның алғашқы белгілері білінсе, онда сол араны салқын сумен сабындап жуып, құрғатады, содан кейін спиртпен сүртеді. Жамбас сүйегінің астына дөңгелек резеңке, өкшеге және шынтақ астына мақтаны дәкеге орапдөңгелек жастықша етіп қою керек. Егер теріде жараның алғашқы белгілері біліне бастаса, яғни тері қызара бастаса, онда сол қызарған тұсты күніне 1-2 рет   5-10% перманганат калийерітіндісімен немесе 10% камфора спиртімен сүрту керек.Ауруханада жатқан науқас адамдардың төсек орындары мен іш киімдерін жетісіне 1 рет ауыстырып тұрады.

Егер науқас адам төсегінен тұра алмайтын болса, мына әдістермен ауыстырылады.

1. Әуелі жастыкты алады.

2. Содан кейін наукасты бір қырымен, бетін керуеттің шетіне қаратып жатқызады.

3. Науқастың артқы жағындағы босаған ақ жайманы жіңішкелеу етіп орап алып тастайды да, оның орнына таза жайманы осы әдіспен салады.

Хәлдері ауыр науқастардың көйлектерін шешіндіріп, киіндіру оңай емес, сондықтан көйлектің алды ашық болғаны жөн. Сонда ауру адамдарды киіндіру де, шешіндіру де жеңілдейді. Алды ашық көйлекті шешу әдісі: әуелі науқастың екі иығынан көйлекті төмен ысырып түсіреді де жеңінен бір қолын шығарады, содан кейін артқы жағын босатып екінші қолын шығарады.

Ауыр хәлдегі науқастарды тамақтандыру.

Палатаны таза ауамен желдетіңіз, содан кейін науқасты тамақтандыруға әзірлеңіз. Тамақтануға ыңғайлы етіп отырғызуға көмектесіп, қолын жуады. Тамақты палатаға жылы күйінде әкеліп, керуеттің жанындағы столға қояды, сырқатты тамақтандырған кезде аз мөлшерден әлсін-әлсін қасықтап асықпай береді. Хәлі ауыр сырқатты бірнеше кезекте тамақтандырады.Науқастың дене қызуын күніне 2 рет, яғни азанда сағат 6-8, кешкісін сағат 16-18 де (5-10 минут) өлшейді. Дене қызуын өлшер алдында термометрді қояды. Термометрді қойғанда оның сынап тұрған жіңішке жағы науқастың қолтығына толық еніп, қысып тұруы керек. Дені сау адам денесінің қызуы 37 °С-ден аспауы тиіс. Медбике жағдайы ауыр науқасты күткен кезде науқастың жанында жиі болып, оның хәлін байқап, тексеріп отырады. Сонымен қатар науқастың тамыр соғысын тексеріп, оның соғу жиілігін, күшін, артериялық қан қысымын өлшейді және тыныс алуын тексереді.Есте болуы тиіс! Ауыр хәлде жатқан науқас адамға оған жақсы қарап, жақсы күтсе, сырқаттың ауруы асқынбай өз мерзімінде жазылары сөзсіз. Психикалық науқастарды жүйкесіне қатты әсер бермей сөйлетіп, жақсы қарым-қатынас таба біліп, шыдамды бола білу керек.


Информация о работе Тосектегі жалпы ауыр наукастардың аягын жуу және тырнағын алу