Лекции по "Акушерия гинекологияға кіріспе"
Курс лекций, 05 Февраля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Акушерия ғылымы жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медициа ғылымының бір саласы.
Ол француздың accoucher – босану деген сөзінен алынған. Бұл ғылым ұрықтану, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі әйел организіміндегі физиологиялық және патологиялық құбылыстарды және босанудың асқынуларын, емін, профилактикасын зерттейді.
Содержание
1. Акушерия туралы түсінік.
2. Орыс акушериясыныңдаму тарихы.
3. Қазақстан Республикасындағы аушерияның даму тарихы.
4. Қазақстан Республикасындағы босандыруды және гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
5. Акушериялық гинекологиялық сала мекемелері.
6. Әртүрлі деңгейде мамандырылған көмек көрсету түрлері мен сатылары.
7. Акушерия – гинекологиялық көмек көрсететін мекемелердің міндеттері мен құқықтары.
8. Құжаттамалар.
9. Перинитальды күтім жасау туралы қазіргі көзқарастар.
10. Фельдшердің толғатқан және босанған әйелдерге күтім жасау ролі.
11. Медициналық этика мен деонтологияның негіздері.
12. Аурухана ішілік инфекцияны тудыратын факторлар және оның берілу жолдары.
13. Асептика, антисептика.
14. Зарарсыздандыру мен залалсыздандыру туралы түсінік.
15. Медицина қызметкерлерінің жеке басының гигиенасын сақтауға қойылатын талаптар.
16. Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуі.
17. Медицина қызметкерлерінің жеке басын қорғау шаралары.
18. Акушериялық стационардың бөлмелерін жинастыру ерекшелігі.
Вложенные файлы: 1 файл
дана.docx
— 49.98 Кб (Скачать файл)Амидопириндік сынама — 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сірке қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады, осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-жасыл түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді.
Азопириндік сынама – азопирам реактиві мен 3%-тік сутегі тотығының біркелкі мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру үшін қанды даққа 2-3 тамшы тамызамыз.Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1 минуттың ішінде боялу байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды.
Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі.
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісінде суланған мақтамен сүртеді.Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады.
Науқастың қаны немесе
биологиялық сұйықтығы
Былғанған киімді сыртқы жағын ішке қаратып
шешу.
3% хлорамин ерітіндісіне - 1 сағатқа салып
қою.
3% хлорамин ерітіндісіне батырылған сүлгіні
киімнің былғанған жеріне 60 мин қойып,
сонан соң ыстық сумен жуу керек.
70 % этил спиртіне батырылған тампонмен
қан немесе биологиялық сұйықтык тиген
жерді сүрту қажет.
Тампонды қолданғаннан кейін тастайтьш
ыдысқа салу қажет.
Қолды сабынмен жуу керек.
Қан немесе биологиялық сұйықтық тиген
жерді антисептикалық ерітіндіге батырылған
тампонмен қайталап сүрту қажет.
Тампонды қолданғаннан кейін тастайтын
ыдысқа салу қажет.
Инфицирленген құрал
сайманмен қолды жарақаттап алғанда жасалынатын
шаралар:
Әзірле: аптечка, залалсыздаған бинт, 2
лоток, залалсызданған корнцанг.
Қолғапты шешпей жарақатган қанды шығару,
сонан соң резеңке қолғапты шешіп, 3% хлорамин
ерітіндісі бар ыдысқа салу қажет.
Аптечкадан 70 % этил спиртін немесе 3% йод
ерітіндісін шығару.
Жарақаттанган жерді 70 % этил спиртіне
батырылған тампонмен өңдеп, тампонды
қолданғаннан кейін тастайтын ыдысқа
салу кажет.
Қанды тоқтатпай қолды сабынмен жуу керек.
Жарақаттанган жерді бактерицидті пластырмен
еңдеу қажет.
Саусақты бактерицидті пластырмен таңып,
резеңке саусақ қап киіп, сонан сон резенке
қолғап кию керек.
Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуі.
Қолды өңдеу:
Көрсеткіші: колғапты киюдің алдында немесе
қолғапты шешкен соң, биологиялық сұйықтықтармен
жанасқанда (микробтық жұғуға қауіп төнгенде),
иммунитеті төмен науқасқа күтім жасағанда.
Кажетті заттар: шаруа сабыны, секунды
бар сағат, жылы су, заласызданған пинцет,
мақта тампондары мен сулгілер, дез ерітіндісі
бар ыдыс.
Кажетті жагдай: қолда жарақат болмауы
тиіс. Қолдан сақинаны шешу, сағатты шешіп,
халаттың білегін 2/3 түру, құбырды ашу,
қолдың саусақтарын және саусақ аралығын,
білектің 2/3 сабынмен ағынды суға 10 секунд
бойы жуу, сүлгімен қолды кұрғату.
Медицина қызметкерлерінің жеке басын қорғау шаралары.
Еңбектің қауіпсіздігін ұйымдастыру
- ыңғайлы және қорғаныс құрылғылары бар медициналық құрал-жабдықтарды пайдалану;
- қауіпті медициналық құрал-саймандарды қолданудан қашу, егер оларды қауіпсіз және тиімді құрал-сайманға ауыстыруға мүмкіндік болса;
- қолданғаннан кейін шприц инесіне қақпағын кигізбей, арнайы контейнерлерге тастау;
- қолданылған инелерді арнайы контейнерлерде сақтау және тасымалдау.
Акушериялық стационардың бөлмелерін
жинастыру ерекшелігі.
Акушерканың орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минуттан күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Науқастар палатасында, дәрігерлер бөлмесінде, егу бөлмесінде, таңу бөлмесінде, операция жасайтын бөлмеде, әйелдердің босану бөлмесінде, мейірбике постында, нәрестелер палатасында қол жуғыш болуы керек. Онда барлық уақытта ыстық, жылы су болуы қажет. Палаталарда әр кереуеттің жанында тумбочкалар, орындықтар болу керек. Бөлме ылғалдылығы 55-60% болуы міндетті. Терезе форточкалары арқылы күнде желдету жасалып тұру керек. Күн сәулесі науқас бетіне тіке түспеу керек, науқасқа ыңғайлы болуы қажет. Палатада қысқы уақытта t 20˚С төмен болмауы керек, ал жазда t 23-24˚С аспауы қажет. Палаталардың санитарлық жағдайын мейірбике қадағалайды. Палатаны ылғалды жинау күніне 2 реттен кем өткізбеу керек. Ол кезде жуу ерітінділерін және зарарсыздандыру ерітінділерін қолданып отыру керек.
Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министiрiлiгi
«Даналық» медициналық колледжi
Реферат
«Қазақстан Республикасында акушерия- гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология.
Акушериялық стационардағы аурулардын алдын алу.»
Тақырыбы:
Орындаган: Әбдіряш . Г
Қабылдаган: Муканова. Г
Астана -2014ж