Аурудың өту ұзақтығына байланысты фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезінің морфологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 18:22, автореферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының статистикалық мемлекеттік комитетінің мәліметтері [2009] бойынша туберкулездің аурушаңдық және өлім көрсеткіштерінің төмендеуі байқалып отыр, бірақ оның құрылымында деструктивті түрлерінің көбейуі және жедел өршіп, тез өлімге әкелуі фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезінің өту ағымының ерекшеліктеріне, өлім себептеріне, оның эпидемиологиялық және морфологиялық аспектілеріне талдау жасауды талап етеді. Бұл жұмыстың маңыздылығы оның қазіргі заманға сай зерттеу әдістерін қолдана отырып морфологиялық талдау жасау арқылы ем жүргізілген науқастарда фиброзды-кавернозды туберкулезінің өршу себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

Автореферат.doc

— 5.30 Мб (Скачать файл)

       Ван-Гизон бояуы. Үлкейту х  100.                                 Үлкейту х 200.

    

    Себінді ошақтар  басым жағдайда  айналасындағы өкпе тінінен айқын шектелмеген, бір-бірімен бірігуге бейім және ортасында ыдырау үрдістерінің нәтижесінде қуыстардың пайда болуымен сипатталды. Бронхтардың қабырғасында эпителиоидты, Пирогов-Ланхганс типті алып жасушалардан тұратын гранулемалар анықталды. Кіші бронхтарда казеозды панбронхиттер  анықталды. Қан тамырларының қабырғаларының ортаңғы қабаттарында  Пирогов-Лангханс типті алып жасушалар кездеседі. Казеозды ошақтарға жақын жерлердегі қан тамырларының интимасындағы казеоздық  өзгерістер арнамалы үрдістің гематогенді жолмен таралғандығын дәлеледейді. ШИК –реакция теріс мәнді болды. Кеуде ішілік лимфа түйіндерінде  74,5% жағдайда туберкулездік өзгерістер анықталды.

     Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе бұл топта туберкулездік үрдіс үдемелі сипатта болды, сонымен қатар фиброздану үрдістері де байқалды. 

     Асқынуларының ішінде ӨЖШ - 24,1%,  өкпеден қан кету – 10,3% , кеуде қуысының эмпиема мен спонтанды пневмоторакс – 6,9%, сонымен қатар  осы топта жыланкөздер- 3,4%, ішкі мүшелер амилоидозы – 1,7%  байқауда анықталды.  Танатогенез барысында туберкулездің үдеуі – 69,1%, ӨЖШ – 25,9% байқауды құрады.

     3  Аурудың ұзақтығы  5 жылдан ұзақ уақытқа созылған  (ІІІ топ) ФКТ-дің морфологиялық сипаттамасы

     Макроскопиялық кеуде жапырақшаларының  өте қалың   фиброзды жабысқақтану нәтижесінде  кеуде қуысының толық облитирациясы байқалды. Бронхтар қабырғасы қалыңдаған, деформацияланған,  өкпе тінінде көлемді склероздық өзгерістер және  көптеген бронхоэктаздар анықталды. Бұл топта да орташа және үлкен мөлшерлі каверналар басым кездесті.

     Гистологиялық зерттеулерде каверналардың фиброзды қабаты дөрекі дәнекер тінінен тұрып, дезорганизация, гиалиноз үрдістері байқалды. Грануляциялық қабатта лимфоциттер, эпителиоидты және Пирогров-Лангханс типті алып жасушалар табылды. Морфометриялық зерттеу мәліметтерін 1-,2-ші топпен салыстырғанда  каверна қабырғасының фиброзды қабатының қалыңдығы төмен, грануляциялық қабаты жоғары; себінді ошақтың жоғары және ондағы некроз төмен болды. Казеозды некроз қабаты көлемді болды.

 Перикавитарлы аймақтарда кең көлемді склероз аймақтары (9 сурет) және десквамативті пневмония,  дистелектаз ошақтары,  эмфизематозды кеңейген альвеолалардан тұратын аймақтармен кезектесіп отырды. Өкпе тінінде көлемді дәнекер тінінің өсуі нәтижесіде  бронхтар деформацияланған. Үлкен бронхтардың қабырғасында жарғақты бөлімінде, бронхиалды бездердің айналасында туберкулездік гранулемалар табылды (10 сурет). Ұсақ бронхтардың қабырғасында лейкоцитарлы сіңбелерден тұратын іріңді қабыну және оның қабырғасының казеозды еруі  байқалды. Қан тамырларының қабырғасы склероздық өзгерістерге (11 сурет) байланысты қалыңдаған, сыртқы. ШИК –реакция теріс мәнді болды. Кеуде ішілік лимфа түйіндерінде 82,8% туберкулездік өзгерістер анықталды.

     

    

9-шы сурет. Перикавитарлы аймақтағы             10-ші сурет. Ірі бронхтың қабырғасында          

      склероз ошағы. Ван-Гизон бояуы.                   іріңді қабынуы мен казеозды еруі.

                     Үлкейту х 100.                                     Гематоксилин және эозин бояуы.

                                                                                                 Үлкейту х 200.

 

     Туберкулездік үрдістің ұзақ уақытқа созылуына байланысты ішкі мүшелерде амилоидоз байқалды: ол 4 жағдайда жайылмалы түрде болды, ал қалған екі жағдайда шектелген түрде бүйрек пен талақта кездесті (12 сурет)

        

        11-ші сурет. Қан тамырларының                  12-ші сурет. Амилоид массаларының

      қабырғасы склероздық өзгерістер.                     талақ фолликулалары мен қан

                  Ван-Гизон бояуы.                                     тамырларының айналасында

                    Үлкейту х 200.                                           жинақталуы. Конго қызыл

                                                                                           бояуы. Үлкейту х 200.

    

     Қорытындылай келе 3- ші  топтың ерекшелігі туберкулездік үрдістің үдеуі көлемді склероздық өзгерістер фонында жүрді. Каверналардың фиброзды қабатында  дезорганизация, гиалиноз ошақтары анықталды. Бронх - қан тамырлар жүйесінің айқын білінетін склероздық өзгерістері өкпе тінінің желдету және қанмен қамтамасыз ету қызметтерінің бұзылысы  үрдістің кері дамуы мен каверналардың жазылуына қолайсыз жағдайлар туғызды.

     Туберкулездік гранулемалар әр түрлі даму сатысында болды: жаңадан пайда болған некрозды гранулемалар және ертерек дамығандары фиброздану түрінде кездесті. Бұл үрдістің толқынды өткендігін дәлелдейді.

     Бұл топта асқынулардың ішінде  өкпе жүрек шамасыздығы - 52,8%,  ішкі мүшелер амилоидозы - 9,5%, жыланкөздер -11,3%, өкпеден қан кету - 7,5%, кеуде қуысының эмпиемасы - 5,7%, спонтанды пневмоторакс - 1,9% жағдайда  анықталды. Танатогенез барысында туберкулездің үдеуі - 47,3%,  ал  ӨЖШ –52,8% байқауды құрады.

     4 Қоздырғыштың дәріге төзімділігі кезіндегі ФКТ-дің морфологиясы

     Дәріге төзімділік барлық топтарда да кездесті және микроскопиялық жедел үдеу көріністерімен сипатталды: каверналардың  казеозды некроз ошақтары кең көлемді болып,  онда орналасқан лейкоцитарлы сіңбелер кавернаның барлық қабаттары мен айналасындағы өкпе тініне жайылған.

 

6 кесте  - Қоздырғыштың дәріге төзімділігі  кезіндегі морфометриялық көрсеткіштері

 

Атауы

ДТ  І топ

ДТ ІІ топ

ДТ ІІІ топ

Фиброзды қабаттың көлемі (мкм)

165,4±0,1

169,6±0,2

174,5±0,3

Грануляциялық қабаттың көлемі (мкм)

23,9±0,3

38,9±0,4

41,1± 0,5

Себінді ошақтардың  орташа көлемі (мкм)

7349±2,2

8639±3,5

10075,0±3,7

Некроздың орташа көлемі (мкм)

3582,2±1,6

3093,7±1,4

2982,5± 1,1

Ескертулер- * р< 0,05 топтар арасындағы сенімді айырмашылық


    

     Себінді ошақтарда  ыдырау үрдістерінің нәтижесінде түзілген жедел пневмониогенді каверналар көп кездесті.  Кейбір көру аймақтарында себінді ошақтардың айналасында әлсіз байқалатын өнімді реакция дамыды, кейбір  ошақтардың айналасында болбыр және ретсіз орналасқан  коллаген талшықтары байқалды (13 сурет). Перифокалды қабыну өте көлемді болып, серозды пневмонияның тез сегментарлы казеозды пневмония айналуы анықталды (14 сурет).

 

     

   13-ші сурет. Қуыстардың айналасында              14-ші сурет. Перифокалды казеозды

     болбыр, ретсіз орналасқан коллаген                   пневмония ошағы. Гематоксилин

     талшықтары. Маллори бояуы.                                     және эозин бояуы.

                       Үлкейту х 200.                                                  Үлкейту х 100.

 

         Морфометрия көрсеткіштерін 1-ші топты  2-,3-ші топтармен салыстырғанда   фиброзды қабат,   грануляциялық қабат,  себінді ошақтың көлемі  жоғары;   ондағы некроздың көлемі төмен болды; 2-ші топты 3-ш топпен салыстырғанда барлық морфометриялық көрсеткіштері төмен болды.

     Қорытындылай келе бұл топта альтеративті-экссудативтік тіндік  реакциялардың басымдылығымен және туберкулездік қабыну жасушаларының азаюымен сипатталып, барлық деңгейдегі бронхтардың казеозды зақымдануы байқалды, жедел пневмониогенді каверналар көп кездесті.    Морфометрия көрсеткіштері негізгі топтармен салыстырғанда төмен болып, фибрилогенез және инкапсуляция үрдістерінің тежелуі анықталды.

     5 Екіншілік аурулар кезіндегі ФКТ  морфологиялық ерекшеліктері

     Туберкулезбен ЖИТС және   қант диабеті кезінде туберкулездік ошақтардың морфологиялық құрылымы  периваскулярлы көлемді лейкоцитарлы сіңбелерден тұратын іріңді-некротикалық фокустармен сипатталып, себінді ошақтардың шеткі жақтарында сирек орналасқан эпителиодты жасушалар анықталды, бірақ лимфоидты шоғырлар және  Пирогов-Лангханс типті көп ядролы алып жасушалар кездеспеді, олардың ортаңғы бөліктерінде ыдырау үрдістері жүріп, жедел қуыстар пайда болды.  

     Көптеген көру аймақтарында эндо- және панбронхиттер,  казеозды-некротикалық  бронхиолиттер анықталды. Некротикалық ошақтарда көп мөлшерде ТМ табылды. Көбінесе орташа және кіші калибрлі қан тамырларында туберкулездік қабынулар, фибриноидты ісінуі және некрозы байқалды. Перифокалды аймақтар өте көлемді  альтеративті-экссудативті тіндік реакция басым қабынумен сипатталды. Лимфа түйіндерінде фолликулаларда көбеюу аймақтарының жойылуы түрінде иммунитеттің жедел тежелуі байқалды және бірен - саран Пирогов - Ланхганс типті алып жасушалар кездесті (15 сурет). Көптеген көру аймақтарында себінді ошақтар байқалды, олар жайылмалы сипатта болып барлық көру аймағын тұтас алып жатты және ортаңғы бөліктерінде ыдырау үрдістері анықталды (16 сурет). Репарациялық үрдістердің тежелуінің нәтижесінде ошақтардың айналасында дәнекер тінді капсулалар өте жұқа болды немесе тіпті анықталмады.

 

                            

15-ші сурет. Лимфоидты фолликулаларда         16-шы сурет. Себінді ошақтың ортаңғы

  көбею аймақтарының жойылуы, бірен-                    бөлігіндегі ыдырау үрдісі.

    саран Пирогов-Ланхганс типті алып                       Гематоксилин және эозин

       жасушалар. Гематоксилин және                                бояуы.Үлкейту х 100.

         эозин бояуы. Үлкейту х 200.

 

     7 кесте - Екіншілік аурулар кезіндегі ФКТ морфометриялық көрсеткіштері

 

Қабаттар қалыңдығы

     1 топ

     ҚД

 АИВ- инфекция

Фиброзды қабат қалыңдығы (мкм)

185,9±2,1

159,6± 1,7

152,4±1,5

Грануляция қабат қалыңдығы (мкм)

39,9 ± 0,5

30,6±0,7

28,2±1,0

Себінді ошақтың көлемі (мкм)

7684,2±4,5

6959±1,7

6832±1,6

Некроздың көлемі (мкм)

3863,2±1,7

4074± 1,3

3903±1,3

Ескертулер- * р< 0,05 топтар арасындағы сенімді айырмашылық




 

     Қант диабеті және ЖИТС кезіндегі ФКТ морфометриялық көрсеткіштерін 1-ші  топпен салыстырғанда фиброзды қабаттың, грануляциялық қабаттың қалыңдығы, себінді ошақтың  көлемі төмен, ал  некроздың  көлемі жоғары болды.

Қорытындылай  келе екі аурудың қосарлануы бір  бірінің ағымын ауырлатады және  қабыну ошақтарында казеозды некроздың  басым болып, өнімдік реакцияның күрт төмендеуімен сипатталады. Себінді ошақтағы некроз көлемі жоғары болып, аурудың жедел түрде өтіп, фиброздану және инкапсуляция үрдістері тежелген, ағзаның туберкулездік гранулемалар түзілу қабылеті жоқ екендігі дәлелденді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРТЫНДЫ

 

     Жұмысымызды аурудың өту ұзақтығына байланыссыз өкпелердің фиброзды кавернозды туберкулезінің ағымы үдемелі болып, экссудативтік некротикалық тіндік реакцияның басымдылығымен және фибриллогенез үрдістерінің тежелуімен сипатталды.

     Сонымен жоғарыда келтірілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, мынадай қортындыларды ұсынамыз:

  1.      Өкпелердің үдемелі фиброзды-кавернозды туберкулезін морфологиялық зерттеулер  аурудың өту ұзақтығымен каверналардың мөлшерлерінің және перифокалды реакцияның сипатының арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік берді. Бір жылға дейін созылғанда кіші және үлкен каверналар басым кездесті, перифокалды қабыну аймағы өте көлемді болды;  аурудық ұзақтығы 1 жылдан ұзақ уақытқа созылғанда үлкен каверналар түзіліп, перифокальды қабыну аймақтары бір шама кішірейіп,  өкпе тінінде  фиброздану үрдістері арта түсті. Үшінші  топта туберкулездік үрдістің үдеуі көлемді склероздық өзгерістер фонында жүрді. Бронх - қан тамырлар жүйесінің айқын білінетін склероздық өзгерістері өкпе тінінің желдету және қанмен қамтамасыз ету қызметтерінің бұзылыстарына әкелді.
  2. Өкпелердің  фиброзды-кавернозды туберкулезінің үдеуі туберкулездік қабынудың: туберкулездік панбронхиттер түзілуімен жүретін бронхиалды тармаққа; туберкулездік лимфадениттер дамуымен жүретін кеуде ішілік лимфа түйіндеріне; туберкулездік васкулиттер дамуымен жүретін өкпенің қан тамырларына жайылуымен сипатталды.
  3. ТМ дәріге төзімділігі кезінде өкпелердің  фиброзды-кавернозды туберкулезінің үдеуінің  морфологиялық белгілері: екі жақты зақымдалумен сипатталатын поликавернозды туберкулез, перикавитарлық аймақтарда экссудативті тіндік реакцияның басымдылығы, перифокалды қабыну ошақтарының көлемді болып, жасушалық реакциялар мен фибрилогенез үрдістерінің тежелуі.
  4. Өкпелердің  фиброзды-кавернозды туберкулез кезінде қант диабеті, ЖИТС сияқты екінші аурулар анықталды.  Олар бір-бірінің ағымын ауырлатады және  қабыну ошақтарында казеозды некроздың басым болып, өнімдік реакцияның күрт тежелуімен сипатталады.
  5. Ақтөбе қаласында туберкулезден болған өлім себептерінің құрылымында  өкпелердің ФКТ   53% байқауды құрады.  Өкпелердің үдемелі ФКТ 62% жағдайда кездесті. Өкпелердің ФКТ үдеуі «қауіпті факторлармен» байланысты, олар: ер адамдар (72,7%),  жастық құрылымы– 30 дан 59 жасқа дейін (81%),   әлеуметтік жағдайларының төмен болуы - жұмыссыздар (53,0%) және тұрақты мекені жоқ жандар  (18,9%), еңбек түзету колонияларынан босаған адамдар (32,5%). 

Информация о работе Аурудың өту ұзақтығына байланысты фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезінің морфологиясы