Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2015 в 22:00, курсовая работа

Краткое описание

Әсіресе сүт саласының Облыстағы және Қазақстандағы негізгі көрсеткіштеріне, «ФудМастер – Шымкент Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасы мен халыққа көрсететін қызметтеріне талдау жасау арқылы, оны жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар берілген.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………… 3
1. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
2. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Сүт. Сүт құрамы……………………………………………………...……… 7
2.2 Сүт қышқылының ашуы……………………………………………………..9
2.3 Сүт өндеру технологиясы…………………………………………………..14
2.4 «ФудМастер» компаниясының өнімдері…………………………………..15
3. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ………………………………………………………………………..16
4. САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
4.1 Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау…………………………………17
5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
5.1 Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті….19
5.2 Қазақстандағы сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы және қызметі………...20
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl………………………………………24

Вложенные файлы: 1 файл

ЖШС «СМАК» Айтокпаксүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату.doc

— 195.50 Кб (Скачать файл)

Сақталу температурасы: 4±2°С.

БИО-С Имун+ ұйыған сүті 

БИО-С Имун+ ұйыған сүті – ваниль дәмі бар және жеміс джемдері қосылған барлығы жақсы көретін пайдалы БИО-С имун+ тәтті ұйыған сүті.

БИО-С имун+ өзінің С дәрумені+ Immunalis лактобактериялары ерекше формуласы арқасында, БИО-С имун+ ұйыған сүті табиғи иммунитетті көтеруге көмектесетіндігі клиникалық дәлелденген.

Қаптамасы: ТетраТоп 500 г; қақпақшасы бар ТетраБрик 500 г; қақпақшасы бар ТетраБрик 1000 г.

Майлылығы: 3,2%.

Дәмдері: ваниль, шабдалы, құлпынай.

Сақтау мерзімі: 21 күн. Табиғи өнім: термиялық өңдеуден өтпегендіктен тоңазытқышта сақтау керек.

Сақтау температурасы: 4±2°С.

Тестілеуде екі топ қатысты: 1 топ — Алматы қалалық № 7 поликлиникасы пациенттерінің ішінен іріктеліп алынған 50 адам 30 күн бойы күнде БИО-С Имун+ ұйыған сүтінің 500 мл қолданған болса, жасы және жынысы бойынша сәйкес келетін келесі 2 топ БИО-С Имун+ қолданбады. Нәтижелері, «БИО-С Имун+ұйыған сүтін ұдайы қолдану қанда лимфоциттер (Т-лимфоциттер, Т-хелперлер, цитотоксикалы Т-лимфоциттер) жетіспеген жағдайда, олардың санын көбейтетіндігін» көрсетті. Бұл лимфоциттер (оларды Т-өлтірушілер деп те атайды) вирустар және ауру тарататын бактериялар зақымдаған адам ағзасындағы жасушалардың көзін жоюды іске асырады, сөйтіп антивирустық иммунитеттің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады

3. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

ФудМастер компаниясының сапа саласындағы саясаты тұрғындарды әлемдік сапа стандартына сәйкес табиғи ингредиенттерден жасалған өніммен қамтамасыз ету үшін Қазақстанда сүт өндірісін тұрақты дамыту болып табылады.

1. Нақтылық пен жалғастық

алысты болжау;

әр деңгейдегі корпоративті мәдениет;

жетістіктерді енгізу және оларды жақсарту стратегиясы;

туған аймақ мәдениетімен тығыз байланыс.

2. Құзыреттілік және кәсібилік

Сүт өнімдерін өндірудің әр деңгейін сараптау тұрғысынан білу; өндіріс технологиялары мен әдістерін толықтай меңгеру;

әр аймаққа тән интеграцияланған өзіндік бизнес-үлгі;

сүт өнімдері нарығын егжей-тегжейлі білудің арқасында ұқсас өнім өндіретін өзге өндірушілермен және тұтынушылармен тығыз байланыс;

мамандардың білімін үнемі жетілдіріп, кеңейтіп отыру; кәсіби деңгейін арттыру.

3. Қызметкердің міндеттері мен ұқыптылығы

жұмысына, өзіне және әріптестеріне адал және жауапкершілігінің мол болуы;

компанияның корпоративті мәдениетінің қағидаларын сақтауы;

жалпы қоғамға және қоршаған ортаға адал болуы;

Компания өміріне қызметкерлердің белсенді ат салысуы;

Кәсіпкерлік рух, тәуекелге бара білуі;

Әрекет бостандығы және бағыныштылығы;

Жеке бастың қасиеті мен компетенцияға негізделген тіл табысуға бейімділігі.

4. Прагматизм

әр аймақта біркелкі ұйымдастыру құрылымдары;

басшылық қарапайымдылығы;

үздіксіз өзгерістерге тез бейімделу қасиеті және жылдамдылық.

 

4. САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

 

4.1 Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау

 

Сапа жүйесін сертификаттау ерікті сертификаттау болып табылады, ол Мемлекеттік сертификация жүйесіне кіреді және мемлекеттік стандартпен 3.15.1 -98 ҚР СТ мемлекеттік стандартымен регламенттенеді.

Сапа жүйесін сертификаттауда ИСО 9001-2001 ҚР СТ «Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік» мемлекеттік стандарты қолданылады.

Сапа жүйесін сертификаттаудың негізгі мақсаты болып:

сәйкес нормативтік құжаттарда орнатылған, талаптарына сапа жүйесі және оның элементтерінің сәйкес келуін растау;

белгіленген жоспар және мерзім бойынша тұрақты сапалы өнім өндіруге кәсіпорын мүмкіндігін растау;

өнімді сертификаттау үшін қолайлы жағдай жасау;

Өнімді (қызметті) тұтынушы, дайындаушы-ұйымның басшылығының және басқа да қызуғышылық танытқан тараптарды дайындаушылардың қойылған талаптарға сәйкес өніммен қамтамасыз ету мүмкіндігіне сенімділігін арттыру.

Сапа жүйесі сертификаттаудың негізгі принципі болып:

еркіндік;

жүйеге кіру дискриминациясын шектеу;

нәтижелердің объективтілігі және ұдайы өндірілуі;

құпиялығы (конфиденциялдылығы);

ақпараттылығы;

қойылған талаптарға іс-әрекеттегі сапа жүйесінің сйәкестігі туралы тапсырыс берішінің құжатталған дәлелдемелерінің нақтылығы.

Кәсіпорын жалпы басшылық  жүргізу шеңберінде СМЖ-не қойылатын талаптар ИСО 9001:2000 «Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік» халықаралық стандартында көрсетілген бойынша жұмыс жасауда.

Кәсіпорын өз жағынан сапа жүйесін ИСО 9001 ХС негізінде келтіріп, жүргізе алады және ИСО 9004 ХС сәйкес жақсарту жұмыстарын жүргізе алады, ал сыртқы жақтан ИСО 9001 ХС-на сәйкес сапа жүйесін бағалау және сертификаттау жұмыстары жүргізіледі.

Жұмысты табысты атқару үшін, кәсіпорынды өзара байланысқан қызмет түрлерін анықтау қажет және оларды басқару қажет.

ИСО 9001:2000 6 міндетті «documented procedures» талап етеді:

СМЖ жазбалармен және құжаттарды басқару

Сапаны тұрақтандыру

Ішкі аудит

Сәйкессіздігі бар өнімді басқару.

Істі қалыпқа келтіру

Алдын алу іс – шаралары

      ИСО 9001 – 2000 ұйымнан  «documents» («құжаттар») жұмыстың тиімділігін  және бақылау жүйесін қамтамасыз  етеді. ИСО 9001: 2000 сәйкес, мынадай құжаттарды  талап етеді:

басшының міндеті. Сапа жөніндегі мақсаттар және саясат.

Сапа жөніндегі басшы

Құжаттанған жүйелер (міндеті)

Сапа жөніндегі тіркеу жазбалар

Жүйелік әдіс менеджмент жүйесіне саясат пен ұйымның мақсаттарын, мынадай индикаторлармен байланыстырады:

акционерлер мен инвесторларға маңызы бар қаржылық көрсеткіштер.

Тұтынушылардың қанағаттану көрсеткіштері.

Ішкі бизнес – жүйесінің көрсеткіштері

Қызметкерлердің және ұйымның өсу деңгейі мен қызметкерлердің қанағаттану көрсеткіштері

  Сапа жүйесін сертификаттаудан  өтетін  кәсіпорын, сертификация  жөніндегі аккредиттелген органға  ұсыныс беруі керек. Бұл ұсыныспен бірге сапа жұйесін алдын ала бағалауға арналған сұрақтық анкета, сапа бойынша нұсқаулық және өнім сапасына байланысты ақпараттық мәліметтер беріледі.

Сертификация жүргізудің бірінші этапы бойынша шешім шығарылады. Бұл шешімде кәсіпорынның дайындығы және екінші этапты өткізу немесе өткізбеу жайында баяндалады.

   Бірінші этаптың шешімі  бойынша екінші этапты өткізу  мерзімін таңдайды.

   Екінші этап негізінен  сапаны басқару жөніндегі кәсіпорынның  жағдайын толық тексеру болып  табылады. Тексеру негізінен  құжаттарды қадағалау, тексеру, тексерілетін аймақтарды қадағалаудан тұрады. Талаптарға сәйкес келмейтін фактілер протоколдарда немесе тексеру парақтарында жазылуы тиіс.

   СМЖ сертификаттау кезінде  өнімді сертификаттау мақсатында  қажетті, кәсіпорында жүргізілетін зерттеулердің көлемі және де өндірушіде зерттеу жүйесінің болуын тексереді.

  СМЖ тексеру нәтижесінде  төмендегідей қорытындылар шығарылуы  мүмкін:

 жүйе толықтай барлық қабылданған  талаптарға сай;

 жүйе негізінен талаптарға  сай, бірақ, кейбір стандарттан ауытқушылықтар байқалады;

 жүйе талаптарға сай келмейді.

 

 

5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 

 
5.1 Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелестік қабілеті

 

Елімізді отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету бүгінгі таңда негізгі күн тәртібінде тұрған маңызды міндеттердің бірі. Бұл тұрғыда Елбасымыз алдағы 10 жылда тағам өнімдерінің ішкі өндірістегі үлесін 80 пайызға дейін арттыру туралы маңызды міндет жүктегені белгілі. 
Отандық азық-түлік нарығында әсіресе, сүт өнеркәсібінің алар орны алабөтен. Қашаннан «ақ мол болсын» дейтін қазақ ақтың қадірін жан-жақты білген ғой. Дегенмен, қазір базарда да, дүкенде де сырт елден, оның ішінде Ресей, Белоруссиядан тасымалданатын сүт өнімдерінің үлесі басым екені ешкімге жасырын емес. Өз тұтынушысын тапқан бұл өнімдерді қазақстандық нарықтан ығыстырып шығудың өзі оңайға соқпасы анық. Көршілерден келіп жатқан «ақ» өнімнің барлығының сапасы сын көтереді деп тағы да айта алмаймыз. Деректерге қарағанда, елімізде жыл сайын шамамен 5 млн. тоннадан аса сүт өндіріледі. Алайда осының өзі Қазақстанды тұтастай сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шеше алмайды, – дейді мамандар. Алдағы уақытта отандық сүт өндірісінің өрісін кеңейту мақсатында 2013-2015 жылдарға арналған жаңа «Құрғақ сүт, сарымай және ірімшік өндіру үшін шикізатты сатып алуға арналған қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау» бойынша республикалық бюджеттік бағдарлама қабылданбақ. Ал бұл бағдарламаның маңызы қандай болмақ? Аталмыш жоба мақұлданған жағдайда бұл мемлекет тарапынан қазақстандық сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға көрсетілетін үлкен де үделі көмек болғалы отыр. Осының нәтижесінде осы салада табыс тауып отырған отандық кәсіпорындар Кедендік одақ аясында тең бәсекеге түсуге мүмкіндік алады. Жаңа бағдарламаның жосықты тұсы, бөлінген қаражат тереңдетіп қайта өңдеуде 1 тонна сүт өнімдерін субсидиялауға бағытталғалы отыр. Сүт өндірісінің тасын өрге домалатуды мақсат тұтып отырған бағдарламаны жүзеге асырудың шығындары 2013-2015 жылдары барлығы 19 339,8 млн. теңгені құрамақ, соның ішінде 2014 жылға – 9 927,6 млн. теңге және 2015 жылға – 9 412,2 млн. теңге қаржы бөлінбек. Кедендік одақ аясында Ресей мен Белоруссия елдерінен былтырғы жылы тасымалданған сүт өнімдерінің импорты – 383 264 долларды құрапты. Бұл 2010 жылдағы деңгейден 7,8 пайызға артық екен. Көрші мемлекеттерден тасымалданатын сүт өнімдерінің үлесінің көбеюі осы саладағы отандық өндірістің тұралауына алып келері айдан анық жайт. Ал Қазақстанға тасымалданатын импорттың негізгі көлемі тереңдетіп қайта өңделетін сүт өнімдері болып табылады. Атап айтар болсақ, бұлардың ішінде құрғақ сүт, ірімшік және сарымайдың үлесі басым. Айталық, құрғақ сүт бойынша импорттың үлесі – 89,4 пайыз болса, ірімшік – 77, сарымай – 34,2 пайызды құрайды. Ал аталмыш бағдарлама өз қаржыландыруы арқылы отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыс жүргізуге деген қызығушылығын көтеріп, сол арқылы сарымай, ірімшік және құрғақ сүт өнімдерінің ішкі нарықтағы үлесін көтермек. Сондай-ақ жақын арада импорттың үлесін төмендету мақсатында сүтті сатып алу бағасын кепілдендіру тетігі ұсынылады. Егер жаңа бюджеттік бағдарлама оңтайлы жүзеге асса бұл еліміздегі өз сүт өнімдеріміздің көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ішкі нарықтағы импорттың үлесін 15 пайызға азайтуға септеседі. Осының өзі жобаның әуел бастағы мақсатының айқын екендігін айғақтап тұрғандай.

 

5.2 Қазақстандағы сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы және қызметі

 

2010 жылы елімізде сүт өнімдері жалпы қуаттылығы 2 млн. тоннадан асатын 200-дей кәсіпорындарда өндірілген. Олардың қуаттылығының пайдаланылу мөлшері 71% болды. Ақшалай көріністегі сүт өнеркәсібінің өндірісі жалпы өндірілетін тамақ өнімдері көлемінің 17%-ын құрайды.

Жыл көлемінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сүт зауыттарына қайта өңдеу үшін 1,4 млн. тоннадан артық сүт өткізген, бұл алынған сүттің үштен бір бөлігін құрайды, демек 2010 жылғы сүттің қайта өңделген көлемі оның өндірілген көлемінің 30,4%-ын құрап, 2009 жылғы деңгейден 3,3% артқан. 2010 жылғы ақшалай көріністегі сүт өнімдері өндірісінің көлемі 113,9 млрд. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 23%-ға артқан, бұл саланың нақты көлемі индексінің өсу серпінін көрсетеді. 
Осы ретте, сүт өнімдерінің кейбір түрлері бойынша өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады. Атап айтсақ, қойылтылған сүт пен кілегейдің өндірісі 3,2%, сары май - 14% және құрғақ сүт - 17,6% төмендеген. Заттай көрініс бойынша басқа тауар түрлерінің өндіріс көлемдерінің өсімі байқалады. 
Республика халқы ұлттық тұтыну нормасы бойынша толықтай сүт және сүт өнімдерімен (сүтке айналдырғанда) қамтамасыз етілген. Осы ретте 2010 жылы шамамен бір адамға нақты 340 кг/жыл сүт және сүт өнімі тұтынылғанын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша 2010 жылы сүт өнімдері импортының көлемі 355 млн. АҚШ долларын немесе республикаға импортталған тамақ өнімдері көлемінің 15%-ын құраған. Негізгі импорттаушы Кедендік Одақ елдері, сондай-ақ, Украина мен Қырғызстан болып табылады. 
Сонымен қатар, барлық сүт өнімдерінің түрлері таяу шет елдерге Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанға экспортталғаны байқалады. Мысалы, 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда ашытылған сүт өнімдерінің (йогурт, биоайран және т.б.) экспорты едәуір артқан. 
2010 жылы қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, сүт саласы және басқа аралас салаларда да бірқатар мәселелер бар: 
- сүтті малдың басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануына байланысты келіп түсетін шикізаттың (сүттің) жеткіліксіз және сапасының төмен болуы; 
- АӨК қайта өңдеу кәсіпорындарын несиелеу көлемінің қысқаруы мен еркін және өтемді кепілдік мүлкінің болуына байланысты айналым қаражатының жеткіліксіз деңгейде болуы; 
- арзан импорт көлемінің ұлғаюы және оның нәтижесінде ішкі нарықтың тауарларға (сары май, ірімшік) толуы; 
- дайындау жүйесінің дамымауы, шикізатты, сондай-ақ, дайын өнімді дайындау және тасымалдау кезіндегі жоғары көлемдегі шығындар; 
- буып-түю матералдарының басым бөлігінің импортталуы және оларды өндіретін өз өндірісінің болмауы өнімнің өздік құнына әсер етеді. 
Бұдан басқа көптеген сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарындағы қажеттілікке сәйкес материалды-техникалық база, өндірістік инфрақұрылым, шикізатты және дайын өнімді сақтау бойынша қуаттылық көрсеткіштері айтарлықтай артта қалуда.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті