Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 17:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………............1
1.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі..........................................................................................3

1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары........................................................................................10


2.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

2.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi...........................................................

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Шағын-және-орта-кәсіпкерлікті-қолдау-инфрақұрылымы.doc

— 162.00 Кб (Скачать файл)

Экономикалық дамудың осы кезеңiнде мемлекеттiң негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиiс.

Қазiргi уақытта кәсiпкерлiктi қолдау саласында көптеген түрлi институттар  бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетiктерi қалыптасқан.

Қор қызметiнiң негiзгi мақсаты - өз қаржы қаражатын және мемлекеттiң шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бөлген қаражатты тиiмдi пайдалану.

Қордың барлық облыс  орталықтарында және Астана қаласында  бөлiмшелерi бар. Қордың несие портфелi өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi және Азия Даму Банкi қарыздары есебiнен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚКДМ-мен қарыз туралы келiсiмге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуi күтiлуде.

Қордың қаражаты шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасу процесiнде оң рөл атқарды, бiрақ соңғы қарыз алушы үшiн пайыздық ставкаларды нақты төмендетудi қамтамасыз етпедi және ұзақ мерзiмдi өндiрiстiк жобаларды iске асыруға жәрдемдеспедi.

Қор қызметi басталғаннан берi қазiргi уақытта тек ғана өз қаражаты есебiнен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңге құрайды.

Берiлген қаражаттың салалық  құрылымы мынадай: қаржыландырудың  негiзгi көлемi өнеркәсiптiк өндiрiске - 39 %, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеуге - 29,5 %, қызметтер мен көлiк саласына - 23 % келедi.

    Қордың проблемалары: бұл - оларда кепiлдiк қаражаттың жеткiлiксiздiгi салдарынан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн инвестициялық қаражаттың қолжетiмсiздігі.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк статистикалық тiзiлiм  мәлiметтерi бойынша микрокредиттiк  ұйымдардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 177 бiрлiкті құрады, олардың нақты  жұмыс iстейтiндерi 40,7 % (72 бiрлiк) құрайды, уақытша бостары - 10,2 % (18 бірлiк), бiр ұйым тарау процесiнде, қалғандары қалыптасу сатысында.

Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер. Қазiргi уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубатор  мен инновациялық орталықтар қызмет етедi. Олардың мүлдем барлығы дерлігі жергілiктi атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылды және өздерiнiң қалыптасу кезеңiнде.

Бизнес-инкубаторлар - өз алаңдарына арнайы жеңілдiк жағдайда iріктелген шағын кәсiпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлiк және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететiн құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негiзгi мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсiпорындардың орнықты қызмет етуiн қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

 

 

    Ең көп бизнес-инкубатор Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында құрылған. Мұны келесі кестеден көруге болады.

1-кесте

Облыс аты

Кәсіпкерлерді

дарлау 

орталықтары

Бизнес-

икубаторлар

Саны

1

Ақтөбе облысы

3

8

2

Атырау облысы

6

1

3

Ақмола облысы

   

4

Алматы облысы

1

1

5

Шығыс Қазақстан облысы

1

2

6

Батыс Қазақстан облысы

2

2

7

Жамбыл облысы

1

 

8

Қарағанды облысы

2

2

9

Қостанай облысы

2

1

10

Қызылорда облысы

1

8

11

Маңғыстау облысы

1

1

12

Павлодар облысы

2

4

13

Солтүстік Қазақстан  облысы

2

1

14

Оңтүстік Қазақстан  облысы

1

8

15

Астана қаласы

1

1

16

Алматы қаласы

1

1


 1-кесте Қазақсандағы бизнес-инкубаторлар мен даярлау орталықтарының саны

Бизнес-инкубатолар нәтижелілігінің  негізгі көрсеткіші қызмет ету уақытында  шығарылған кәсіпорындар мен сол  кәсіпорындар құрған жұмыс орындарының саны болып табылады.

Технопарктер – бұл жоғары оқу орындар негізінде немесе ғылыми – зерттеу институттар негізінде бұл ЖОО ғылыми потенциалын өңделген технологиялар арқылы шағын инновациялық кәсіпорындар территориясында орналасатын технопарктерді дамыту үшін ұйымдастырылатын құрылымдар технопарктер үлкен университтетті орталықтарда жасалады.

Технологиялық бизнес инкубаторлар Қазақстан Республикасының қазіргі  кезде мынадай жоғарғы оқу  орындарының базасында құрылып  жатыр:

- Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;

- РМКМ Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті

- Сәтпаев атындағы  Қазақ ұлттық техникалық университеті;

- Қазақстан-Британия  техникалық университеті АҚ;

- РМКМ Жәңгірхан атындағы  Батыс-Қазақстан агротехникалық университеті;

- РМКМ Әуезов атындағы  Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік  университеті.

 Солардың бірі, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетімен бірлесіп 2004 жылдың тамыз айында құрылған. 

Консалтингтiк компаниялар - шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне мынадай бағыттар бойынша қызметтер көрсетедi:

құқықтық қамтамасыз ету:

аудит және бухгалтерия;

маркетингтiк зерттеулер;

бизнес-жоспарлау;

салық заңнамасы;

кедендiк рәсiмдер және т.б.

Консалтингтiк компаниялардың қызметтерi қымбат және әрбiр шағын  және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң  оларды пайдалануға мүмкiндігі жоқ. Консалтингтiк қызметтер рыногi тiптi iрi қалаларда толық емес, ал орталықтан алыс өңiрлерде мүлдем дерлік жоқ.

Халықаралық институттар. Бүгiнгі күнде қазақстандық шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ресурстық, әдiстiк және ақпараттық қолдау көрсететiн Қазақстан Республикасының аумағында 150 астам аккредиттелген шетелдiк халықаралық ұйымдар әрекет етуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

 

3.1 Кәсiпкерлiк инфрақұрылымды қолдаудың әлемдік тәжiрибесi     

 

    Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi. 
      БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсiпорындардың саны барлық кәсiпорындардың жалпы санынан 95 %-ға артық. Әлемдiк экономикада мұндай кәсiпорындардың үлесiне жұмыспен қамтылғандардың 60 % астамы келедi, ал олардың ЖIӨ-дегі үлесi 50 %-ға жетедi. 
      Рыноктiк қатынастардың қалыптасуы кезiнде әсiресе шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдiк тәжiрибе куә. Бұл ретте, тiреледi бизнестi бәсекеден қорғауға немесе ол үшiн ерекше "жұмсақ" жағдайлар құруға емес технологиялық жетілдірудiң генерациясы фирмаiшiлiк процестi үнемi ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшiн оқытатын жағдайларды қамтамасыз етушi шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың нысаны мен мақсаты шешушi мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада iлгерiлiк жасаған көптеген елдердiң тәжiрибесi көрсетедi. 
    Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау шаралары:

 жаңа технологияларға  (технологиялар мен экономикалық  ақпараттар ұсыну, консультация  және оқыту) қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге; 
      рынок капиталына (салық жеңiлдiктерi, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол жетiмдiлiктi жеңiлдету; 
      кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. 
      Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы iске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бiрқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлiк-желiлiк ұстанымға негiзделген шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасын iске асыруды мысалға келтiремiз. 
      1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк ұстаным Италияда 70 жылдар қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлiк-желiлiк ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алатын "үшiншi Италия"деген атқа ие болған Италияның тәжiрибесi қызық. 70 жылдардың соңында "бiрiншi" және "екiншi" Италия экономикалық дағдарысты басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң жоғары түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика және жиһаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек ғана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп жатты, "үшiншi Италияның" шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi болып шықты. 
"Бiрiншi Италия" - Италияның дәстүрлi бай солтүстiк-батыс бөлiгi, "екiншi Италия" - елдiң кедей оңтүстік бөлiгi. 
      2. АҚШ. ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған. AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасын оңалтуда шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретiн құрылым - АҚШ шағын бизнес әкiмшiлiгi (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету - қызметтiң мәнi. 
      3. Жапония. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖIӨ-нiң 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiкке қатысты мемлекеттік саясатты iске асыратын мамандандырылған органдар желiсi құрылды. 
    Әсіресе  соңғы  кезеңдерде  АҚШ – та  да  бизнес  кеңінен  дапып  отыр. Ол  жұмыскерлер  саны  50  адамға  дейінгі  шағын  және  орта  фирмалардың  99% - ын  құрайды. Бұлардың  негізгі  бөлігі  ұсақ, көбінесе  жанұялық  немесе  жеке  кәсіпорындар. Мұндай  фирмалардың  84 % - ы  саны  жиырмадан  аспайтын, ал  80 % - да  оннан  аспайтын  адам  жұмыс  істеді. АҚШ – та  шағын  фирмалардын  өсуі  жылдың  өзінде  ғана  1 млн. шағын  кәсіпорын  пайда  болса, ал  1999  жылы  1,3 млн. шағын  фирмалар  құрылды.  Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600  мыңға жаңа  кәсіпорын өмірге  келіп отырған.

         АҚШ – та  шағын  және  орта  фирмалар  ЖҰӨ - нің  40 % - ын  өндіреді, оның  ішінде  өңдеуші   өнеркәсіпте – 2,1 %, құрылыста  80 %, көтерме  саудада – 86 %, қызмет  көрсету – 81 %.

         АҚШ  экономикасында  олар  ғылыми – техникалық  прогресс  саласына  жататын  барлық  жаңалықтарды  жасаудың, игерудің  және  өндіріске  енгізудің   тең  жатысына  жуығына  қамтамасыз  етеді.

         .

        

 

 

 

 

 

 

                                                     ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған.

Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

        Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік  кепілдіктерді іске асыру жөніндегі  қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік  кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.

                   Қолданған әдебиеттер тізімі

  1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
  2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
  3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
  4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
  5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж.  «Экономика».
  6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.
  7. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»
  8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
  9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
  10. «Кәсіпорын экономикасы» Оразалин К.Ж. Алматы 2007ж.
  11. «Кәсіпкерлік» Бисенғазиев М.Б.
  12. «Қазпочта» акционерлік қоғамы туралы ақпарат
  13. Годовой отчёт АО «Казпочта» за 2004-2005 годы.
  14. План развития акционерного общества «Казпочта» с 2002 по 2010 годы.
  15. Отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности АО «Казпочта» за 2005 - 2006 годы.
  16. Бухгалтерский баланс АО «Казпочта» за 2005  год.
  17. Отчет о доходах и расходах АО «Казпочта» за 2005 год.
  18. Отчёт о движении денег АО «Казпочта» за 2005 год.
  19. Отчёт об изменениях в собственном капитале АО «Казпочта» за 2005 год.
  20. План развития  АО «Казпочта» на 2006 - 2008 годы.
  21. Пояснительная записка к Отчету по итогам  за 6 месяцев 2006 года.
  22. ҚР үкіметінің 2007-2009 ж.ж арналған  бағдарламасы
  23. www.e.gov.kz
  24. www.kase.kz
  25. www.googl.kz
  26. www.RFCA.kz

 

 

 

 

 




Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары