Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 19:23, курсовая работа

Краткое описание

Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Егер қатысушылар бірлесіп, басқару объектісін-іштей материалды ағымдарды-рационализациялау мақсатында өз іс-әрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды экономикалық ұтыс алады.

Вложенные файлы: 1 файл

Жаймағанбетов.docx

— 46.34 Кб (Скачать файл)

Сонымен өндірістік-технологиялық учаскілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қорлардың минималды деңгейі  ұсталады. Материалды ресурстар жұмсалғаннан кейін, “kanban” тапсырыс карточкасы резервтерді толықтыру үшін жабдықтаушыларға жіберіледі. Болжамданған көлем мен  жабдықтау уақыты аз болғандықтан, тапсырылатын партиялардың мөлшері  аз болады. Бұған қоса, жеткізу кезінде сақталатын қорлар минималды болады.

4 сурет. “Кanban” карточкаларының жылжуының мысалы

 

KANBAN микрологистикалық  жүйесінің маңызды элементі ақпараттық жүйе болып табылады, оған тек карточкалар емес, сондай-ақ өндірістік, тасымалдау және жабдықтау графиктері, технологиялық карталар, ақпараттық жарық таблолары және т.б. жатады, сондай-ақ қажеттіліктерді реттеу және қадрлардың кәсіби ауысуын реттеу жүйесі; өнім сапасын жалпы (TQM) және таңдаулы бақылау жүйесі; өндірісті түзету жүйесі және т.б. жүйелер болып табылады .

KANBAN жүйесін  іс жүзінде пайдалану өндірілетін өнім сапасын жақсартуға; фирманың айналым капиталының айналымдылығын жоғарылата отырып, логистикалық циклды қысқартуға; өндірістің өзіндік құнын төмендетуге; сақтандыру қорларын жоюға мүмкіндік береді. Әйгілі машина жасайтын фирмалардың KANBAN микрологистикалық жүйесін қолдануының әлемдік тәжірибесін талдау көрсеткендей, ол өндірістік қорларды 50%, таралықты - 8% қысқартуға мүмкіндік береді, егер айналым құралдарының айналымдылығы тездетілгенде және дайын өнім сапасы жоғарылаған жағдайда.

(Materials requirements planning) жүйесі дүние жүзінде ең танымал жүйе болып табылады. Бұл жүйе қажеттіліктерді/ресурстарды жоспарлау логистикалық концепция негізінде жұмыс істейді. Жүйе материалдарды, компоненттерді, жартылай фабрикаттар мен олардың бөлшектерін бақылайды. Оларға сұранысарнайы дайын өнімнің сұранысына байланысты болады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты өндірісті жоспарлауда материалдық ресурстарға қажеттілікті қанағаттандыру және тұтынушыға жеткізу, қорлардың төмен деңгейде ұстау, аяқталмаған өндірісті, дайын өнім қолдау, өндірістік операцияларды, жеткізу кестелерін, сатып алу операцияларын жоспарлау.

MRP-I жүйесінің мақсаттары:

  • тұтынушыларға жеткізуде, өндірісті жоспарлауда материалдарға, компоненттерге және жабдықтауыштарға қажеттілікті қанағаттандыру;
  • материалдық ресурстарды, дайын өнім қорларын төмен деңгейде ұстау;
  • өндірістік операцияларды, жеткізу тәртібін, сатып алу операцияларын жоспарлау.

Жоспарлауға кеткен уақыт ішінде, бұл мақсаттарды  жүзеге асыру үрдісінде жүйе қажетті  материалдық ресурстар ағымдарын  қамтамасыз етеді.

MRP-I жүйесі өз жұмысын соңғы өнімді қашан, қандай көлемде өндіруге қажеттілікті анықтаудан бастайды. Содан кейін, жүйе өндірістік тәртіп бойынша қажеттілікті қанағаттандыруға керек уақыт пен қажетті материалдық ресурстар көлемін анықтайды.

MRP-I жүйенің ядросы бағдарлама кешені. Бұл өндірістік тәртіп негізінде, материалдық ресурстар мен олардың қорлары негізінде белгілі бір алгоритмдер арқылы барлық есептеулер мен талдау жасайды. Сонында бағдарлама кешені бөлімшелерге материалдық ресурстарды жеткізу схемалары, жеткізу көлемі мен уақыты және тағы басқа қағаздар тобын береді.

Содан кейін  барлық жоспарлар жүзеге асады. Осылай MRP-I жүйесі жоспарлау негізінде материалдық ресурстарды бөлімшелерге итереді.

Өндірістік  бағдарламаның бұзылуы мен өзгерістер кезінде қайта жоспарланады.

MRP-I жүйесінің негізгі кемшіліктері:

  • ақпаратты анықтаудың мен өндеудің үлкен көлемдігі;
  • логистикалық шығындардың кәсіпорынның материалдық ресурстар қорлар деңгейін төмендетуде немесе аз тапсырысты тез арада орындауда, тапсырысты өңдеу мен жеткізу негізінде өсуі;
  • қысқы мерзімдегі сұраныс өзгерістеріне тәуелсіздігі;
  • жүйенің және оның құрастыруының үлкендігінен  көп тапсырыстардың орындалмауы

Бұған қоса барлық итеруші жүйелкердің кемшіліктері қосылады: сұранысты дәл бақыламауда  және сақтық негізінде қосымша қорларды міндетті түрде ұстау. Сақтандыру қорларының болуы, бір жағынан айналым қаражатты  тежейді, бірақ жүйеде , JIT-ға қарағанда  жабдықтаушылардың сенімсіздігі мен  сұраныстың бірден өзгеруінен тұрақтылық береді .

Итеруші жүйелер қатаң жоспарланған өндірістік тәртіппен сипатталады.

MRP жүйелері  материалдық ресурстарға сұраныс тұтынушылардың дайын өнімге сұранысынан бейімделеді немесе материалдық ресурстардың үлкен номенклатурасымен жұмы істегенде қолданылады. MRP жүйелер ұзақ өндірістік цикл кезінде қолданылады.

MRP-I жүйесінің кемшіліктерін жою мақсаттында MRP-II (Manufacturing resource planning) жүйесі құрастырылған болатын. MRP-II жүйесі жоспарлауда үлкен серпімділікке, жеткізуді жақсы жоспарлауға және сұраныс өзгерісіне жақсы сезімталдыққа ие.

MRP-II-де  сұранысты жоспарлау, тапсырысты  орналастыру, қорларды басқару  блоктары елеулі орынға ие.

MRP II Standart System жүйесі 16 топ қызметін сипаттайды:

1. Sales and Operation Planning (Сату мен өндірісті жоспарлау).

2. Demand Management (Сұранысты басқару).

3. Master Production Scheduling (Өндіріс жоспарларын құрастыру).

4. Material Requirement Planning (Материалдық қажеттіліктерді жоспарлау).

5. Bill of Materials (Тауарлардың спецификациялары).

6. Inventory Transaction Subsystem (Қойманы басқару).

7. Scheduled Receipts Subsystem (Жоспарлы жеткізулер).

8. Shop Flow Control (Өндірістік цех деңгейінде басқару).

9. Capacity Requirement Planning (Өндірістік қуаттылықты басқару).

10. Input/output control (кіру/шығу бақылау).

11. Purchasing (Материалды - техникалық жабдықтау).

12. Distribution Resourse Planning ( Ресурстар бөлуді жоспарлау).

13. Tooling Planning and Control (Өндірістік операцияларды жоспарлау мен бақылау).

14. Financial Planning (Қаржыны басқару).

15. Simulation (Моделдеу).

16. Performance Measurement (Қызметтің қортындыларын бағалау).

MRP II ақпараттық жүйе тобының негізгі материалдық (шикізат), жартылайфабрикаттар (сонымен қатар өндірістегі) және дайын өнімнің ағымдарын құрастыру болып табылады. MRP II топ жүйесінің мақсаты –жаюдықтау, қорлар, өндіру, сату мен дистрибьюция, жоспарлау, жоспарды орындауды бақылау, шығындар, қаржы, негізгі қорлар және тағы басқа өндірістегі жасалатын барлық үрдістерді біріктіру. MRP II -нің өндірістік жоспарлаудағы міндеттер иерархиясы (кесте 3), басқа жүйелермен салыстырмалы түрде көрсетілген.

MRP II біріккен стандарттар жүйені қолданудың көрсеткіштері:

  • ағымдағы кәсіпорынның қызметі туралы толық, сонымен қатар толығымен тапсырыстар, ресурстар түрлері, жоспарды орындау бойынша нақты, толық, жылдам ақпарат алу мүмкіндігі;
  • ұзақ мерзімге, тез және нақты кәсіпорын қызметін жоспарлау және нақты ақпарат негізінде, жоспар көрсеткіштерді түзету;
  • өндірістік және материалдық ағымдар мәселелерін оңтайландыруды шешу;
  • қоймаларда материалдық ресурстардың нақты қысқаруы;
  • бар өндіріс циклді жоспарлау мен бақылау. Өндірістік қуаттылықтарды, ресурстардың балық түрлерін пайдалануда оңтайлы тиімділікке жету, тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс цикліне өзгертулер енгізу мүмкіндігі;

 

Кесте 3. MRP II/ ERP мен дәстүрлі АБЖ-нің өндірістік жоспарлаудағы міндеттер иерархиясы

Өндірісті жоспарлаудың негізгі мақсаттары

Негізгі мақсаттар сипаттамасы

Жоспарлардың бөлшектеу деңгейі  мен жоспарлау шегі

Жоспарларды және өндіріс қуаттылығын  теңестіретін қосалқы мақсаттар

Дәстүрлі АБЖ-дағы сәйкес жоспарлау  мақсаттары

Production Plan (өндіріс бойынша жоспар)

Табиғи, ақшалай немесе норма-сағат  түрінде тауар топтарының жоспары. Ол кәсіпорын басшылығында өткізу жоспары  негізінде жасалады. Жоспар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын, сұранысты, өндірістік қуаттылықты байланыстыру үшін қолданылады.

Жоспар кәсіпорынды түгелімен  қамтиды. Ол кварталдарға, айларға бөлініп, бір-екі жылға жасалады.

Resource Plan- өндіру жоспары бойынша негізгі  ресурстарға қажеттілікті қамтитын  шығындар сметасы (материалды  және жұмыс ресурстар, ресурстар  мен өндірістік қуаттылықты қоса).

Өндірістік бағдарлама-өнімді өндірі және өткізу жоспары (тапсырыс портфелі мен өндіріс қуаттылығын қарастыру).

Master Production Schedule – MPS (өндірістің кешенді жоспары)

Тапсырыс портфелі мен өнім топтарының шығару жобалар негізінде MRP үшін ақпарат  дайындалады.

Жоспар  тапсырысты орындау  уақыты, өндірістегі тасырысты бақылау, сақтау деңгейін қадағалау  үшін қолданылады.

Жоспар кәсіпорынды түгелімен  алады. Ол кварталдарға, айларға, апталарға  бөлініп, бір немесе жарты жылға (бірақ өндірістік циклдық мерзімінен аз емес) жасалады.

Rough-cut Capacity Planning-өндірістік қуаттылықты алдын  ала жоспарлау(технологиялық құрал-жабдықтың  ресурстар мен топтар бойынша  жоспардың балансталғаныы тексеру,  загрузка норма-сағатта ескеріледі).

Өндірістік бағдарламаны алынған  тапсырыс негізінде нақтылау, оны  уақыт 0оры бойынша тарату. Өндірістің кешенді жоспары тапсырыстары туралы ақпаратты қамтиды. Оны нақтылау деңгейі бойынша өндірістік бағдарламаға жатқызуға болады, көлемді және жылдам жоспарлау. (отандық АБЖ терминде)

Material Requirements Planning – MRP (материалды ресурстарға қажеттілікті  жоспарлау)

Өндіріске тапсырысты қосуды автаматтандыру. Тапсрыты орындау кезінде басты  мақсаттарды динамикалық түрде  жүргізу.

Әркүндегі (аптадағы) нақтылаумен. Кәсіпорынның қызмет бөлімдері мен бөлімшелер үшін жоспарлар. Уақыт интервалын бір  айға (бір жылға дейін-сирек) дейін  қамтиды.

Capacity Requirements Planning - өндірістік қуаттылықты нақтылы жоспарлау.

Өндірістік бағдарламаны өндіріс  бөлімшелері арасында тарату, бөлімшелерді қамтамасыз ететіндермен жоспарды қарастыру. Жылдам және бөлшекті жоспарлау (номенклатура бойынша жоспарды нақтылау, өндірісті  іске қосып, өнімді шығару жоспарларды  құрастыру)


3 кестенің  жалғасы

 

Өндірісті жоспарлаудың негізгі мақсаттары

Негізгі мақсаттар сипаттамасы

Жоспарлардың бөлшектеу деңгейі  мен жоспарлау шегі

Жоспарларды және өндіріс қуаттылығын  теңестіретін қосалқы мақсаттар

Дәстүрлі АБЖ-дағы сәйкес жоспарлау  мақсаттары

Shop Floor Control, Data collectio n, Dispatching (өндірісті жоспарлау және бөлшекті  жоспарлау, өндіріс үрдісін есептеу  және диспетчерлеу)

Күн сайынғы жоспарды жүзеге асыру  үшін, құрал-жабдықты теңдей толтыру  үшін бөлшек-операцияларды технологиялық  құрал-жабдық топтары арқылы орын-орынмен  орналыстыру. Өндіріс үрдісін бақылау.

жұмыс тәртібін сағат немесе минут  нақтылаумен жоспарлар күн сайын  дайындалады (кейбір кездерде жұмыс  кезінде бірнеше рет).

Capacity control- өндірістік қуаттылық пен жұмысшы  уақыт қорының толтырылуын қадағалау,  жіңішке орындардың пайда болуына  талдау жасау.

Жылдам жоспарлау және диспетчирлеу, өндіріс үрдісін қадағалау. Құрал-жабдықтың, смена-тәуліктік тапсырыстың толтырылуын  қадағалау.


 

  • төлемдерді, өнімді жөнелту және келісім шарттарын орындау негізінде келісім бөлімінің автаматтандырылуы;
  • кәсіпорын қызметінің толығымен қаржылай көрінуі;
  • өндірістік емес шығындардың төмендеуі;
  • ақпараттық технологияға жұмсалған инвестициялардың қорғалуы;
  • кәсіпорынның инвестициялау саясаты негізінде жүйені біртіндеп енгізу мүмкіндігі.

MRP II-нің негізінде жоспарлар иерархиясы жатыр. Төменгі деңгейдегі жоспарлар одан жоғары жоспарларға байланысты,яғни, жоғарғы деңгейдегі жоспар  кәсіпорынан сыртқа кететін ақпаратты береді, көрсеткіштерді және/немесе төменгі деңгейдегі жоспарларға шектеу кедергілерін белгілейді.

Сонымен қатар, жоспарлар өзара байланысты болғандықтан, төменгі деңгейдегі жоспарлар  нәтижелері жоғары деңгейге әсер етеді. Егер жоспарлар қортындылары орындауға  айқын болмаса, онда бұл жоспарды немесе жоғарғы деңгей жоспарлары қайта  қаралуға тиіс. Сұраныс пен ресурстар  ұсынысын белгілі бір жоспарлау  деңгейде және жоғарғы деңгейдегі ресурстарды  жоспарларға түзетулер жүргізуге  болады.

ERP - Enterprise resource planning концепцияға сәйкес келетін кәсіпорынды басқару жүйесіне төмендегілер кіреді:

  • жеткізу желісін басқару (Supply Chain Management - SCM, бұрын - DRP, Distribution Resource Planning)
  • Жақсартылған жоспарлау мен тәртіпті құрастыру (Advanced Planning and Scheduling -- APS)
  • Сатуды автоматтандыру модулі (Sales Force Automation -- SFA)
  • Конфигурацияға жауап беретін, автономды модуль (Stand Alone Configuration Engine -- SCE)
  • Ресурстарды толығымен жоспарлау (Finite Resource Planning - FRP)
  • Бизнес - интеллект, OLAP-технологиялар (Business Intelligence -- BI)
  • Электронды коммерция модулі (Electronic Commerce -- EC)
  • Өнім туралы ақпаратты басқару (Product Data Management - PDM)

ERP жүйесінің негізгі міндеті- жоғарыда аталған барлық үрдістерді (уақыт пен ресурстар бойынша) оңтайландыру.

ERP концепциясына сай келетін міндеттер кешені бір ғана біріккен жүйе арқылы емес, операциялардың бағдарлама кешенімен жүзеге асады.Бұл кешеннің негізінде базалық ERP-пакет жатыр. Оған қажетті мамандандырылған үшінші фирманың интерфейстері жалғанған(электрондық коммерцияға жауап беретін, OLAP-қа, сатуды автаматтандыруға  және т.б.)

ERP барлық негізгі операцияларды орындап, процедуралар мен қағидалар кешенін айнымалы түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Тапсырысты өңдеу өндірістік жоспармен байланысты. Жоспарлы қажеттіліктер автоматты түрде сатып алу үрдісіне беріледі және керісінше. Өнім бағасы мен қаржылық есеп автаматты түрде өзгереді. Операциялар туралы ақпарат, өнім табысы, бөлімше қызметінің нәтижелігі және т.б. дәл уақытта алынады. Жүйелі, өлшенетін методология орнатылады. Бұндай методологияны бизнеске енгізу нәтижесінде оны жетілдіру үрдісі анықталып, орындалып, керекті уақытта қайталануы мүмкін.

Қорыта  келгенде, шет еле кәсіпорындарында, кәсіпорынның жұмыс істеу саласына, өндірісті ұйымдастыру жағдайына  байланысты әр түрлі логистикалық концепциялар қолданылады, атап айтқанда JIT, KANBAN, MRP, DRP, ROP, QR, CR, AR, LEAN PRODUCTION және т.б.

JIT-бұл қормен байланысты шығындарды минимизациялау мақсатымен, жүйе звеноларына қажет уақытта, қажетті мөлшерде материалды ресурстарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді жеткізу үрдісін синхронизациялауға негізделген өндірісте, жабдықтауда және бөлуде логистикалық жүйелерді құрудың қазіргі заманғы концепциясы. JIT концепциясын енгізу дайын өнім мен сервистің сапасын жақсартады, артық қорларды минимизациялайды және кешендік логистикалық функцияларды интеграциялау есебінен менеджменттің фирмалық стилін өзгерте алады. Дайын өнімдерді салыстырмалы қысқа өндірістік циклда аз партиялармен өндіру олармен байланысты материалды ресурстармен жабдықтау циклын ынталандырады. Фирма сенімді жабдықтаушыларды таңдауға ұмтылады, себебі жеткізудегі кез келген үзіліс өндірістік кестені бұзуы мүмкін.

Информация о работе Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі