Шәкәрім Құдайбердіұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 20:54, реферат

Краткое описание

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Содержание

Жалпы мәлімет
Өмірбаян
Ресми ақталуы
Шығармашылық
Әндер
Орындаушылар
Шәкәрім және Абай
Ақын және халық
Лирика
Поэмалар
Қысқаша мәлімет
Сұрақтар
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

56_ref_shakarim_ku.docx

— 119.10 Кб (Скачать файл)

Ақын және халық

  Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына. Әр кезеңде жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер белгі береді. «Қош, жұртым» атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының өткен өміріне көз жібереді, бүгініне үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған, қазақ даласына айрықша бір сәуленің нүры шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын жасаған ақын қуана тұрып өзіне «ендігі мақсатың не?» деген сауал қояды да, соған жауап іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді. Алайда ақында алаңдаушылық та бар. Ендігі жерде халқының бойындағы күндестік, мақтаншақтық сияқты қасиеттердің жойылуы қажет екенін алғатартады. Әкінішке орай, бұл қасиеттер әлі де болса аяққа тұсау болып отырғанына күйзеледі. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі. Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. «Бай мен қонақ» өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани түсінігінің деңгейін сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғышар кейіпкерлер бар. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық» адам баласын қалай аздыратынын ұлы Абай қандай шебер айтып кеткен болса, Шәкәрімнің мұндағы кейіпкерлері де алдында асы бар, істер ісі жоқ, тойғанына мәз, бірін-бірі кемсітуге құмар мүгедек жандар. Шәкәрім айналасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға әрдайым сергек қарады. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамынікі болу керектігін айтады.

Ағартушылық лирикасы

  Құдайбердіұлы реализмінің айқын керінген ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы. Ақынның бұл бағыттағы еңбегі 1879 ж. жазылған «Жастарға» атты өлеңінен басталған. Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің «Насихат», «Сынатар сың өзінді», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік ілін» сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі. Шәкерімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, «ержеткен соң тұспеді уысыма» деп өткініште қалдырмау.

Шәкәрім және әлем әдебиеті

  Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады.

Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.

Лирикасы

  Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақын«жаралы жүрек», «улы жүрек», «жылы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сүм жүректермен»айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде «дертті жүрекке» айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. «Арың сатпа, терің сат, адалды ізде», -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - «Жастарға» атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған «Жастық туралы» өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың «Сегіз аяғымен» тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселөлерін ақын әсерлі зерлейді.

Поэмалары

  Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туды. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен дала- ның күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.

Прозалық шығармалары

  Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқаша мәлімет

  Абайдың жолын қуған және одан үлгі алған, ойшыл- философ, ғалым-тарихшы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы 1958 жылы 11 шілдеде Семей уездінің Шыңғыс волостындағы Кең-бұлақта Құнанбай басқарған Тобықты руында дүниеге келген. Әкесі Құдайберді Абайдың үлкен ағасы. Шәкәрімнің анасы – Төлебике Қаракесек руынан Алдабергеннің қызы. Шәкәрімнің шығармалары оның өмір жолы және творчестволық қызметі туралы мәліметтер мен нақтыларды сақтайды.  

  Әкесі Құдайберді Шәкәрімді 5 жастан бастап ауыл молдасына оқуға береді, молдадан араб және персі сауаттылығын тез үйренеді. 7 жасында жетім қалғанына қарамастан билік құрған Құнанбай атасының қорғауында Шәкәрімнің жас бала, бала, боз бала кездері қамсыз өтті. «Марқұм атам мені жетім деп есіркейтін, сондықтан оқытам деп көп қиналған жоқ, содан болар кейбір деңгейде оқуға деген ынтам да болған жоқ, ойыма келгенін жасайтын едім, оқу мен тәрбиеге қатысты қатаңдық көргенім жоқ,» - деп еске алатын Шәкәрім.

  1866 ж. – әкесі Құдайберді  қайтыс болған. Сол кезден оны  Абай тәрбиеледі. Жанұяда Шәкірімді  барлық жақсы көрді. Жергілікті  землемерлер арқасында Шәкәрім  орыс тілін меңгерді. Кейін, өз  өмірі туралы ол «Мұтылғаның өмірі» поэмасы жазды. Жалпы, Шәкәрім әрқашан билерді, ақындарды, күйшілерді ықыласпен тыңдады. Және де әрбір тойда ол қатысты. 14-15 жасынан ол өлеңдер жазу бастады. Кейін ол «Жастық» өлеңі жазды. Бұл өлең Абайдың «Сегіз аяқ» үлгісінде болған. Шәкәрім жан-жақты, дарын адам болған. Домбыра, скрипка жасайтын шебер болған. 

  Шәкәрім шамамен 1898 жылдан бастап, қырықтан асқан кезінде творчествоға бүтіндей бет бұрды. Белгілі бір жүйеде батыс және шығыс әдебиеттерін үйрене бастады. Сол кезде ол Шығыстың Хафиз, Физули, Навой сияқты ақын және ойшылдарының мұраларымен, сондай-ақ Байронның, Пушкиннің, Толстойдың шығармаларымен танысты. Әдебиет, тарих, философия, саз, риторика, жаратылыс ғылымдары, география, осының бәрі оны қызықтыратын. 

  ХХ ғасырдың басы Шәкәрімнің творчестволық қызметінің атағы шыққан уақыт. 1906 жылы ол Меккеге, Мысырға, Стамбулға барып, сатып алған кітаптарын Семейге пошта арқылы жібере жүріп, кітапханаларда жұмыс істеген. Оның өмірінің соңғы кездері 1905-1907 жж. революциямен, столыпин әсерімен, бірінші дүниежүзілік соғыспен, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыспен, февраль және октябрь революциясымен, азаматтық соғыспен, кеңес үкіметінің орнауымен, коллективизациямен тұстас келеді.

   Шәкәрім Ресей мен Қазақстан арасында болған көптеген елеулі жағдайлар мен өзгерістердің куәсі болған. Ол «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы, 1920-1921 және 1930-1931 жылдарғы аштық, 1928 жылғы жаппай конфискациялау – осының бәрі ақынның дүниеге көзқарасына үлкен әсер етті.  

  Шәкәрім 1912-1922 жылдары өзін бүтіндей ғылым мен творчествоға арнап Кеңқонысорнында тұрған. 1931 жылғы 2 қазанда Шәкәрім кінәсіз сотталады және құпия түрде атылады. Ұлы талант иесі, үлкен ғалым көп жылдар бойы ұмытылып қалды.  

  Құдайбердіұлының тірі кезінде оның «Қазақтар айнасы» кітабы, «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмалары басылып шықты. 1913-1924 жылдары «Абай», «Айқап», «Шолпан» журналдарында, «Қазақ» газетінде бөлек өлеңдері, мақалалары мен эсселері жарияланды. «Абай» және «Шолпан» журналдарында Хафизден аударған аудармалар мен Физулидің «Лейлі мен Мәжнүн» поэмасының аудармасын басып шығарды. 1936 жылы Алматыда «Әдебиет майданы» журналына Пушкиннің «Дубровский» мен «Метель» поэтикалық аудармалары жарияланды.

  Бұрынғы ССРО-ның прокуратурасының 1958 жылғы 29 желтоқсандағы Шәкәрімді қылмыстық жасамағаны үшін ақталғаны туралы шешіміне қарамастан, ақынның творчествосына тыйым салу тоқтамады. Бірақ халық ақынның шығармаларын есінде сақтады. Қазақ интеллигенциясы Құдайбердиевтің шығармаларын ресми түрде қайта қарауды талап етті. Тек 1986 жылдан кейін ғана Шәкәрімнің поэзиясын халыққа қайтаруға мүмкіндік туды.

 

 

 

Сұрақтар

  1. «Жастар» өлеңінің негізгі ойы қандай?
  2. Абай, Шәкәрім бойынша жастардың «шамшырағы» не?
  3. «Жастар» өлеңінде Шәкәрім қандай стилистикалық әдістерді пайдаланды?
  4. Шәкәрімнің көптеген өлеңдері қандай мақсатпен жазылған?
  5. Қандай оның өлеңінде ол жастарды білімге, ғылымға, өнерге шақырды?
  6. Еңбек туралы Шәкәрім жастарға нені жазды?
  7. 1906 ж. Шәкәрім қандай шығыс ғалымдардың еңбектерімен танысты?
  8. Ш.Құдайбердіұлы орыс тілінен қандай шығармаларды аударды?
  9. Шәкәрімге үшін ең негізгі байлық не? Неге?
  10. Оның поэмаларын атыңыз.
  11. Қандай Физулидің шығармасына Шәкәрім қазақ тілінде өз нұсқасын жазды?
  12. «Еңлік-Кебек» қандай жанраға жатады?
  13. «Еңлік-Кебек» поэмасының  негізгі тақырыбы қандай?
  14. Неге ағайындардың арасында даулар болған? («Еңлік-Кебек» поэмасынан)
  15. Шәкәрімнің баласы Ахат Құдайбердіұлы 1966 ж. не істеді?
  16. Ахат Құдайбердіұлы әкесінің 14 әнін қалай сақтады?
  17. Садық Қасиманов кім? Ол Шәкәрімнің шығармашылығы туралы не айтты?
  18. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға кім түсірді?
  19. Оның әндерін кім жинады?
  20. Алғашқы ретте «Еңлік-Кебек» қашан және қайда қойылды?

 

 

Пайдаланылған әдебиет

Информация о работе Шәкәрім Құдайбердіұлы