Салт дастур шыгарма

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 09:10, доклад

Краткое описание

Қазақ тағылымы деген байырғы сөзінің мағынасы кең, ауқымды, әрі тәрбие туралы көптеген синонимдерді қамтиды. Бұл сөздің аясы халқымыздың үлгі - өнеге, тәлім—тәрбие, үгіт-насихат, ұстаз, ұлағат, жөн - жосық, өсиет - уағыз, мәніс, тіл табысу, сабақ үйрету, әдеп, көреген сөздерінен ауқымдырақ. Қазақ ауыз әдебиетінде адамды ардақтау бар, ақиқат-шындық үшін күрес бар, халықтық идеал үшін ұмтылыс бар, асыл армандар, достық пен татулық, сыйластық пен жарастық бар, халқымның ар-ожданы мен қайрат-жігері, асқақ күші мен намысы бар, жеңілмес рухы мен жасампаздығы, шалқар шабыты мен өшпес идеясы бар, қарапайымдылығы мен қайырымдылығы, батылдығы мен батырлығы, даналығы мен шешендігі бар, таланты мен ақылы, нақылы болмысы мен талғамы бар.

Вложенные файлы: 1 файл

1. Ұлттық салт-дәстүрлер тағылымы (тұрмыс-салт жырлары туралы).docx

— 23.51 Кб (Скачать файл)

1. Ұлттық салт-дәстүрлер тағылымы (тұрмыс-салт жырлары туралы)

 

Кіріспе

Қазақ тағылымы деген байырғы сөзінің  мағынасы кең, ауқымды, әрі тәрбие туралы көптеген синонимдерді қамтиды. Бұл  сөздің аясы халқымыздың үлгі - өнеге, тәлім—тәрбие, үгіт-насихат, ұстаз, ұлағат, жөн - жосық, өсиет - уағыз, мәніс, тіл  табысу, сабақ үйрету, әдеп, көреген  сөздерінен ауқымдырақ. Қазақ ауыз әдебиетінде адамды ардақтау бар, ақиқат-шындық үшін күрес бар, халықтық идеал үшін ұмтылыс бар, асыл армандар, достық пен татулық, сыйластық пен жарастық бар, халқымның ар-ожданы мен қайрат-жігері, асқақ күші мен намысы бар, жеңілмес рухы мен жасампаздығы, шалқар шабыты мен өшпес идеясы бар, қарапайымдылығы мен қайырымдылығы, батылдығы мен батырлығы, даналығы мен шешендігі бар, таланты мен ақылы, нақылы болмысы мен талғамы бар. Халқымның дүниетанымы дәстүрімен өзіндік білім қоры бар.

Негізгі бөлім 

Салт- әр  ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасқан. 

“Жирен жаман әдеттен, үйрен  жақсы әдептен” дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу керек. Ол үшін бүгінгі ұрпақ - өз ата-салтын, әдет-ғұрыптарын білуі  қажет. Ата – салтын, әдет-ғұрпын біліп, құрмет тұтқан оқушының ішкі рухани байлығы , әдептілігі сыртқа күн нұрындай сәуле шашып тұрады. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған салт- дәстүрсіз, ішкі рухани байлықсыз, әдет-ғұрыпсыз баланы тәрбиелеп, білім беру мүмкін емес. Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық] бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтықмәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.  Сондықтан,  ұлттығымызды, тілімізді, ділімізді жоғалтып алудан қорыққанымыз абзал. Тәрбиені отбасынан, ошақ қасынан, тіпті бала құрсақта жатқан кезден бастаған жөн. Оған қазақтың салт-дәстүрін сақтаудың маңызы зор. Тәуелсіз елімізде ата – бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп,жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ-біздің қолымызда. Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

 

 

 

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа  жіктеледі:

  • тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),
  • дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),
  • үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),
  • мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),
  • өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық  шығармаларға негіз болған мұң-шер  өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне  байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті  көрсететін лирикалық ән-өлеңдер  де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік  мал туралы өлеңдер ең көне түр  болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған  ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.

Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас  келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге  келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл  салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

 

Қорытынды

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүрлеріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін – бірі толықтырады. 

Қазақ халқының  салт – дәстүрлері осы ұлттың мінез – құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той – думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.  Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан – ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. 

Салт-дәстүр - ұлтымыздың ғана еншісіне бұйырған, тағдырымен бірге таңбаланған тәңірдің тартқан сыйы. Халқымыздың ұлылығын айқындайтын, адами болмысының өзара қарым-қатынасындағы өзгелер өңешін үзе тамсана таңырқайтын сыпайылық пен сыйластық үлгілерінің үздік ұстанымдары, қастерлеуге тұрарлық қазақи мінез-құлық тағылымдары ұлттың рухын биіктетеді, маңайын мойындатады. Кеңпейілділіктің, жомарттықтың, қонақжайлылықтың, бауырмалдықтың, жанашырлықтың, ізеттіліктің, кішіпейілділіктің, адамгершілік өлшемдерімен астасып жатқан тағы басқа да алуан түрлі тәлім аларлық жағымды қасиеттерден халқымыздың кенде емес екендігіне өзге ағайындардың бұрыннан беріп қойған бағасы, бәтуалы ой-пікірі, оң көзқарасы дәлел. 

 

 

 


Информация о работе Салт дастур шыгарма