Абыл Тілеуұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:19, реферат

Краткое описание

1848 жылдың шамасы. Маңғыстау жері. Жаздың бір жайма-шуақ күні. Ауыл алдындағы биік белесте төрт-бес ақын, жыршы. Бұларға ауыл жақтан бір қария келіп қосылады. Ақ орамалды басына жай ғана орай салған ақ көйлекті, ақ сақалды абыз атаның өзі.

Вложенные файлы: 1 файл

Абыл Тілеуұлы.docx

— 56.87 Кб (Скачать файл)

Халық ауыз әдебиетіндегі  бағзы тұрмыс –салт жырлары үлгісіндегі Абылдың «Той бастарынан» да бірқатар сыр аңғарамыз. Әдетте, тек қыз ұзату тойында ғана емес, жайлауға қону, батырлардың жауды жеңіп аман оралуы, әртүрлі жағдайлармен көпжылдар ажырасып кеткен ру, ел табысқан мереке, қуаныштардың көбінде тойбастарлар айтылған. Бірақ олардың бәрі-бәрі біздің дәуірімізге жете бермеген. Неғұрлым қыз ұзату тойларында айтылған «Той бастарлар» ел жадында көбірек сақталған.  Ондай «Той бастарларда» той иесі  мен той көркі суреттеледі, қыздың қыдір-қасиеті айтылады. «Той бастар» тойды ашу, той иесін, ұзатылар қызды халыққа жариялап таныстыру  мақсатын  көздейді.  Ондай жырды ауыл арасының аты белгісіз кез келген өлеңші, жыршысы емес, аты әйгілі ақын, жыраулар, қадірлі өнерпаздар айтады. Абыл «Той бастарында» дағдылы «Той бастарлардағы» элементтердің кейбіреулері  ғана сақталған. Ақын өлеңі тек қыздың көркі мен адамгершілігін суреттеуге арналады. Абыл «сыртыңнан сөз айтпаған дос, дұшпаның», «Бір асыл заманында сендей болар», деп қыздың кісілік парасатын бірінші орынға қояды.

Демек, Абыл өлең, толғауларындағы  өзекті мәселе – адамгершілік, ізгілік дейтін іргелі әуен. Ақын байыптауынша, өмірдің мәні, адамның өз дәуіріндегі қадір-қасиеті ортасына, ел-халқына сіңірген қызмет, ісімен бағалы.

Абыл шығармаларының – бір саласы – айтыс. Олар «Абыл мен Балдай қыз», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы» , «Шерниязға айтқаны» , «Нұрымды сынауы», «Абыл мен Орақтың қызбен сөз қағыстыруы», т.б.

Сыртқы көлемі мен  түр ерекшелігіне қарағанда, Абыл айтыстары бір-екі ауыз өлеңмен қолма-қол жауаптасу ретіндегі түре айтыс күйінде. Ақынның «қарсыластары» көбінесе қыздар болып келеді.  Қыз бен жігіттің түре айтысы ойын-сауықтарда көп қолданылған. Бірақ Абыл айтыстарына қарағанда, түре айтыс қазақта тек ойын –сауықтарда ғана емес, атақты ақындар үшін де кездескен жерде жедел айтыса кетуге лайық үлгі болғандығын көреміз.

«Сушы қызбен сөз  жарыстыруында» мынадай жай бар: Абылдың қарт кезі екен. Су алып бара жатқан бір топ қызды көріп, былай депті:

Арқаның атып алдым ақша қуын,

Қамысы  Атыраудың буын-буын.

Қолында темір шелек таси-таси,

Барады  қыздар құртып көлдің суын.

Осы кезде бойжеткен  қыздар иба сақтап мүдіріп қалғанда, кіші қыз жауап беріпті:

Қызады-ай бұқа буға, тентек – дуға,

Қайғысыз  семіреді қара суға.

Атаның  сатып алған құлы ма едің,

Болар ма жігіт итаршы қара суға.

Абыл мұнда қыздарды сөйлетейін, сынайын деген ниетін білдірсе, қыз «бізбен ойнар, қалжыңдасар  дәуренің өткен» дегендей ұтымды пікірмен жеңеді.

Абылдың әр кезде көп қағысқан ақын қыздарының бірі – Балдай. Өкінішке орай, өлең сөзден алдына жан салмаған дарынды ақын Абылға өлең сөзден есе бермеген Балдай туралы деректер біздің дәуірімізге  жетпеген. Бұл жалғыз Балдайға ғана емес, Қазан төңкерісіне дейінгі  қазақ ақын қыздарына ортақ жағдай. О заманда ақын қыздардың  таланты еркін гүл жара алмай, көбінің бірді-екілі айтыс өлеңдері ғана болмаса, өмірі мен ақындығы жөнінде  анық мәліметтер қалмаған. Әйтпесе, Абылмен сайысатын Балдай қыздың, Нұрыммен айтысқан Берішқызының, Мұратпен өнер жарыстыратын Жантолының, Бала Оразды  өктем сөздерімен састыратын Жібек қыз ақындығының несі кем?! Бұл жағдайды Абыл мен Балдай қыз айтысынан айқын аңғаруға болады.

Абыл айтысқандарын  баудай түсіріп жүрсе де, Балдай қызды жеңе алмапты. Ол Балдаймен бірнеше рет сайысады. Академия қорындағы кейбір жазбаларда  Балдай да, Абыл да қайымдасу  ретінде қисық, қыңыр, анайы, тұрпайы сөздермен айтысады. Әрине,  ондай шумақтар Абыл сияқты өнегелі  ақын мен қыз Балдай арасында болды деу шындыққа келіңкіремейді.  Олар ел арасындағы  әйел намысын төмендеткісі келген  кейбір керауыз айтушылардың қоспасы болуы керек.

Біз «Абыл мен Балдай айтысы» деп сөзі көркем, мағынасы сыпайы, таза ақындық серпінге құрылған «Отырған қарсы алдымда Балдайымыз», «Ақ Балдай, отырмысың ісіңді істеп» деп басталатын екі кездесуін ғана есептейміз. Бұл айтыста  да «Сақау мен Тоғжан», «Жанақ пен Күнекей», «Сабырбай мен Тойбала» айтыстарындағыдай Абыл мен Балдай ұзақ уақыт айтысып, бір-бірінің мінін, сөзден сүрінер жерін іздей жүреді. Балдайды сөзден сүріндірмек оймен Абыл сол ауыл жігіттерінен ақын қыздың көңілдес адамын сұрайды. Олар Қабылдың Тіленшісін атайды. Абыл соны тілге тиек етіп:

Отырған қарсы алдымда Балдайымыз,

Бал татыр  жесе секер таңдайымыз.

Сендерді  жақын-жақын дей береді,

Қабылдың Тіленшісі қандайыңыз? –

деп тосыннан шымшыма  сұрақ қояды. Балдай мүдірместен:

Жаз болса  – ауылдасым, сусындасым,

Қыс болса  – қораласым, қызылдасым.

Қабылдың Тіленшісін бізге қосып,

Басыңыз, Абыл-еке, ауырмасын, -

деп жеңіп кетеді.

Балдай қызды  Абыл күйеуге ұзатылғаннан кейін  де іздеп барып, талай айтысып  жеңіледі. Бірде күйеуін көзбе-көз  көріп, оның көзінің мінін айтыста  ілік етеді:

Ақ Балдай, отырмысың ісіңді істеп,

Кісіге  «сөйлес» деген «үйге түс» деп.

Қолыңа қонған құсың құтты болсын,

Болыпты көзі тыртық, түлкі тістеп. 

 

Жарасар салсаң тоқым қара көкке,

Құсыңыз қыран ба екен, салшы жеке,

Құсыңның оң көзінің жиегі жоқ,

Алмасақ жиектетіп Сегізекке.

Сол заман қалың  малмен бұғаулап, сүймеске теліп, даусын шығармаған Сара сияқты Балдай қыз да күйеуінің мініне қорынып, сөз қайтара алмайды. Соңғы кезде Балдай туралы бірқатар дерексымақ нәрселер табылып, Балдайға Абылды тілдететін жалған, жасық «өлеңдер» де бой көрсете бастады. Қазақ поэзиясын жинап, зерттеумен қырық жылға жуық айналысқан осы жолдардың авторы ондай әрекетті, өлеңдік құны жоқ «дүниелерді» тықпалауды халықты шатастыру деп есептейді.

Абыл айтыстарының бірі - «Шерниязбен кездесу». Абылдың ақпа-төкпе ақындығынан, бұлтартпас шешендігінен  оның қарсыластары озбыр болыс, билер мен  дүмше молдалар ғана емес, тіпті замандас ақындары да әрі қызыға, әрі қаймыға жүреді екен. Бірде Абыл Кете Шернияз ақынның  ауылына келеді. Шернияз атақты Абылға  өзі деп сөз айтуға жүрексінеді де, оның ақындық дарынын байқамақ болып, жеңгесіне бірауыз өлең үйретіп, өзі бой тасалайды. Абыл кіре бергенде жаңағы әйел үйренген өлеңін лекіте жөнеледі. Абыл сөз төркіні Шернияздан келгенін бірден біледі. Сол кезде Шернияз шыға келіп, Абылды арашалаған болып бір ауыз өлең айтады, өлеңінде Абылды тағы да сөзбен қағыта өтеді. Абылдың сөзі сәл қатқылдау шығады:

Өзгеге  тартқан жерім жоқ,

Қушық маңдай, шекесіз,

Өзіңмен өзім тең болсам,

Атамды  сұрап не етесіз?!

Заманында өзі болған жігіттің

Жеті  атасын сұраған жетесіз!

Өлең сөзге дес  бермейтін Абыл талантына риза болған Шернияз аға ақынмен бірге ел аралап, одан өнеге алыпты. Сонда Абыл әуелі әйелге, сосын Шерниязға жауап береді. Өлең құрылысына қарағанда, Абыл екі ақынмен бірдей  айтысқандай. Абыл бұл айтыста да өткір, ұтымды жауабымен, тапқыр шешендігімен, тұтқиылдан төкпектете  жөнелетін түре айтысқа  үздік ақын ретінде танылады.

Абыл мен Шернияздың осы кездесуі ел аузында әртүрлі  нұсқада айтылады.

Түрі жөнінде өзге айтыстарынан  өзгешелеуі – «Абыл мен Орақтың қызбен сөз қағыстыруы».

... Абыл мен Орақ  ақын озбыр хан, сұлтанға тілі  тиіп, қуғын көреді. Сол сапардан азып-тозып келе жатып, Орта жүз жерінде бір ақбоз үйге кезігеді. Үйде домбыра тартып отырған қыз бұлардың ұсқынын көріп, әрі сескене, әрі кекете өлең айтады:

...Өлеңге  сен де дүмді, мен де дүмді,

Айтысса екі дүмді қазар мінді.

Жүлдені шаппай алған жүйрік едім,

Талайдың  айтысам деп сағы сынды.

Сіздерді  бұрын-соңды көргенім жоқ,

Жол болсын, жолаушылар тағы сынды.

Сонда Орақ айтады:

...Өлеңге  сен де дүмді, мен де дүмді,

Қағысса екі дүмді табар мінді,

Отырған ақбоз үйде қарындасым,

Бермесін  бізге берген саған күнді.

Шөлдеген жолаушыға сусын бермей,

Салқам қыз салған жерден неге күлді?

Шалдырмас шаппай бердің өзі болсаң,

Жайланып, сөйлесейік келер күнді.

Орақтың орайлы да тегеурінді жауабынан кейін қыз  сөз жарыстырмай, сабыр етеді. Сонда  Абыл:

Екеуіңіз  үйдестіңіз, бүйдестіңіз,

Сыпайы  сыр айтысып сөйлестіңіз.

Адамның аңырғаны – жусағаны,

Манағы  келер күнді не дестіңіз? –

дейді.

Мұнда әуелі қыз  сөз бастайды. Оған Орақ жауап береді. Орақтың орайлы да тегеурінді жауабынан кейін қыз сөз жарыстырмай, сабыр етеді. Сол кезде Абыл айтады. Себебі Абыл мұнда екі жастың ақындық дарыны тең түскендігін сезіп, оған өзі баға бергендей. Бірқатар айтыстарда  төреші тыңдаушы халық болатын болса, қайымдасу ретіндегі  бұл айтыста екі ақын өлеңмен пікірлеседі де, айтыс қорытындысында төрелігін үшінші ақын береді. Бұған қарағанда,  қазақ айтыстарында кездесетін бұл түрді Абыл да қолданып, дамыта түскен.

«Абыл мен Орақтың  қызбен сөз қағыстыруы» - дағдылы қазақ қайым айтыстарының бірі. Орақ Байдалыұлы – Абылдың ауылдас туысы, палуан, сал-сері ақын. Шамамен  1822-1910 жылдары өмір сүрген. Жастай өлең, жырға  құмартып, Абыл маңында өскен. Маңғыстау елінде айтылатын Орақтың мынадай ән өлеңі бар:

Баласы  Байдалының Орақ едім,

Бәйгеден  салса келген пырақ едім.

Ішінде  сегіз арыс Жары ауылдың,

Жал менен  жая жеген шырағы едім.

Қарайды қырық солдат сыртымыздан,

Қанды су қатып болды ұртымызға.

Бейнетке  белшемізден батып жүрміз,

Көрісер күн болар ма жұртымызға?

Ел аузындағы  деректерге қарағанда, он бес жасында  Абылға еріп Баймағамбет сұлтанға барған. Кейін хан, сұлтандарға тілдері тиіп, екеуі де үстем тап өкілдерінен жәбір-жапа көреді. Сол сапардан келе жатып қызбен қағысады. Қыз аты-жөні мәлім емес.  Орақ Маңғыстау қазақтарының патша  үкіметінің отарлау саясатына  қарсы 1870-1873 жылдардағы көтерілісіне қатысады.  Досан батырдың сенімді адамдарының  бірі болған. Көтерілістен кейін патша әкімдері  түрмеге қамап,  одан қашып құтылып, түрікмен жеріне кетеді.  87-88 жастарға  келіп, қартайып дүние салады. Бейіті Түркменстандағы Шикабир (Шейх-Кубра) зиратында. «Абыл мен Орақтың қызбен сөз қағыстыруы» - көркем, бейнелі қайымдасу.  Мұнда меңзеу, тұспалдау тәсілдері мол қолданылады. Бұл айтыс «Ақберен» (А., 1972) жинағында жарияланған.

«Абылдың Нұрымды  сынауы» жұмбақ айтысы түрінде. Абыл Нұрымның ақындық қабілетін, ой-өрісін дін аңыздары мөлшерінде сынамақ болған.  Дін жұмбағы түріндегі сұрау-жауап айтысы  қазақ әдебиеті тарихында  Шөже  мен Кемпірбайда, Әсет пен Бақтыбайда, Нұрым мен Қашағанда  да бар. Абыл мен Нұрым айтысы  осылар іспеттес.

Абыл айтыстары  сөз жарыстыру, әзіл-оспақ, сын түрінде  келеді. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» шебер қиюласқан шумақтарынан оның ақындық зергерлігін айқын аңғарамыз.

Бірер сөз Абыл шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен өлеңдік  кұрылысы жөнінде. «Қызыл тіл - өнер алды, білім» деп өзі айтқандай, Абыл жырлары терең тебіреністен туған көркем де қисынды, өткір де уытты келеді. Халық әдебиетінен еркін сусындаған ақын жырларының негізгі өзегі — өмірдің әр саласынан алынған мысалдар, мақал-мәтелдік, ақыл-нақылдық сөздер.

...Қабырғасы  қатқан кәрі боз

Қаржалған күні жүгіре алмас.

...Дүниеде  дертті кісі ойнап-күлмес.

Арыса, арғымақтың сыны бар ма?!

...Азаматта  сын болмас,

Арты  болса тұяқсыз.

Ақын өмірден  көріп, түйгендерін осындай шешендік толғау, терме түрінде, мақал, мәтел, ақыл-нақыл күйінде береді. Өзіндік сөз тіркестерін жасайды. «'Нар жолында жүк қалмас» дейтін халық даналығы Абылда өлең жолдарына орай  «Жүк қалмас артсаң ауыр қара нарға» күйінде кездеседі.

Ел аузында Абыл айтыпты дейтін «Өлетін аурудың  түсі кетеді, жігіт жарлы болса, үйінен кісі кетеді» немесе:

Жалғыздық жаман,

Жарытып ісі өнбейді.

Жарлылық  құрсын,

Әйтсе де кісі өлмейді.

Кәрілік бәрінен де жаман екен,

Адамды ұрмай, соқпай кісендейді, -дейтін мақал-мәтелдер мен шешендік сөздер бар.

«Толы ел - толықсыған көлін тастап», «Жігіттік өтер, кетер бір қызыл гүл» немесе:

Көрсең- көзіңнің раушаны,

Көңіліңнің  күш-қуаты,

Жүрегіңнің ол дидары,

Көзіңнің  ол жанары, -

дегендей ақыл, нақылдың үлғайған түрі де Абылда жиі ұшырасады.

Ақын кейбір мүкі, бір қақпайға құрылган сілтілі жолдарын риторикалық билік, шешендік сұрауға құрып, үстеме мән бере түседі:

Хиуаның қонышына кіріп кеттің,

Бір уыс болмаса игі ед күнің, тақсыр?!

Мінсіз, жібектей есіліп келетін өлең жолдарында дыбыс үндестігі мол:

Ол жігіт отын алар, ошақ қазар,

Отырып  от басында болар мазар.

Сөйлесіп азаматпен ақыл қоспас,

Информация о работе Абыл Тілеуұлы