Тіл және таңба

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 11:38, реферат

Краткое описание

Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық көздеріне, дыбыс сигналдарына назар аударып, соған өздерінше жауап қатады. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі сәулелері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады. Мұндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі және бет-әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы сияқты қаншама көп белгілер бар.

Содержание

Кіріспе
1. Тіл мен таңба
2. Тілдің таңбалық сипаты
3. Тілдік таңбаның типтері
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Тіл және таңба.docx

— 27.21 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

         Кіріспе

  1. Тіл мен таңба
  2. Тілдің таңбалық сипаты
  3. Тілдік таңбаның типтері

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

Кіріспе

Тілдегі таңбалық қызметі осы сөздердің дыбыстық жамылғышы атқарады. Дыбыстық таңбалардың барлығы бірігіп келіп бір жүйе – таңбалар жүйесін құрайды. Бірақ тілдегі таңбалық бөлшектердің жүйесін таңбалардың басқа түрлерімен, мысалы, жол бойы белгілерінің жүйесімен, цифрлар жүйесімен немесе әскери сигналдар жүйесімен бірдей деп есептеуге болмайды. Олардың арасында көп айырмашылықтар бар: 1.Тіл – ойды білдірудің, пікір алысудың, адамдар арасындағы қатынастың кең көлемде қолданылатын күрделі құралы. Оны қоғамдағы күллі адамдар өмірдің, іс-әрекеттің барлық саласында қолданады. Ал, басқа таңбалар жүйесінің қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау мүмкіндігі анағұрлым аз болады. 2.Тіл мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамдардың хабарланатын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, эмоциясын т.б., оның түрлерін білдіреді. Тіл логикалық ойлаумен ғана емес, сонымен бірге адамдардың психологиялық дүниесімен де байланысты. Мұндай қасиет таңбалардың басқа жүйелерінде, мысалы, транспорт (автомобиль, теміржол, су жолы) сигнализациясында жоқ. 3.Тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады. Олар келісім бойынша өзгере алады. Таңбалардың мұндай жүйесі қоғамдағы барлық адамдардың қатысуымен емес, мамандық өкілдерінің қатысуымен және олардың келісімі бойынша жасала береді. Ал дыбыстық тілдің дамуы қоғам мүшелерінің еркіне бағынышты емес. Әрбір жаңа ұрпақ қоғамдық тілдің біреуін немесе бірнешеуін үйренуі мүмкін. Таңбалар жүйесі өзгеріске ұшарауы, жетіле түсуі, бір таңбаны басқа бір таңбаның ауыстырылуы мүмкін. Мысалы, рим цифрларының жүйесі араб цифрларының жүйесімен ауыстырылды. Жаңадан нөл таңбасы енгізілді. Таңбадағы мұндай өзгерістер стихиялық түрде емес, саналық түрде, келісім бойынша болады. Дыбыстық тіл бұлайша өзгерте беруге көнбейді. Ол өзінің дамуының заңдары бойынша өзгереді, өзінің дербес қасиетін сақтайды. Барлық таңбалар жүйесі сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді. Таңбалардың барлығының мағынасы тіл арқылы айқындалады, және дыбыстық тілге «аударылады».

1. Алғаш таңба мәселесімен көне ғасырларда әйгілі философтар Аристотель мен Демократ айналысқан. Ертедегі грек философтары мен грамматиктерінен тәлім болып қалған екі бағыт бар. Оның біріншісі — тілдің элементтері /сөз, сөйлем/ таңба болып саналуға тиіс; екіншісі — осы таңбалар адамның ойымен пайымдауымен байланысты деген пікір. Кейінірек философиядағы «стоиктер» /«стоицизм»/ мектебі де тілдегі таңба мәселесіне көңіл бөлді.

Семиотиканың бір аспектісі ретінде тіл конкертті теоретикалық проблема болып XVIII ғасырда бөлінді. ХІХ-ХХ ғасырларда тілдің таңбалық элементтері тарихи-салыстырмалы тіл білімі мен логикада қарастырылады. Басты философиялық бағыт ретінде бұл идея XX ғасырда барлық лингвистикалық психологиялық, логикалық, эстетикалық ғылым салаларында ерекше орын алды.

XVII- XVIII ғасырларда таңба  проблемасын философ Д.Локк, Г.Кондильяк, XIX ғасырда американдық ғалым  Ч.Пирс, философ Ч.Моррис, математик Г.Фреге зерттеген. Д.Локк жалпы адамзат тілін: табиғи тіл және философиялық тіл деп бөледі. Оның пікірінше, осы екі тілдің ішіндегі философиялық тіл ғылыми ұғымдардың тілі болуға тиіс. Философия тілінде материалдық таңба болып табылатын сөз бен сөйлем бар. Д.Локк сөз мағынасы мен таңбаның арасындағы байланыс шартты түрде болады дей келіп, тілдегі таңбалық қасиетті осы қатынасқа негіздесе, Винер Н. Таңбалар теориясын коммуникативтік күйде алып қарайды. Қазіргі кезде таңбалық системаның басты шығу тарихы кейбір жеке ғалымдарға /Пирс, Доррис/ т.б. телініп жүр. Ал, шындығында, жеке ілім ретінде бұл құбылыстың дүниеге келуі анағұрлым күрделі, ол өмірдің заңдылығынан, әлеуметтік даму қажеттелігінен туса керек. Жоғарыдағы ғалымдар —оны алғаш рет теория жүзінде дәлелдегендер. Алайда, «тіл — таңбалар жүйесі» сынды мәселесінің кең көлемде қойылуы Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» деген кітабының жарыққа шыққан кезінен басталады. Ф.де Соссюр тілді таңбалар системасы деп есептейді де, оны таңбалардың кез келген жүйесімен қатар қойып, солармен бара-бар деп таниды. Ол былай деп жазды: «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек, оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді әдет-ғүрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т.б. салыстыруға болады. Тіл - тек осы жүйелердің ішіндегі өте-мөте маңыздырағы». [1,84]

2. Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Тілдің таңбалық табиғаты сөз болғанда, бүтіндей тілдің және оның элементтерінің (морфема мен сөздің, сөз тіркесі мен сөйлемнің) обьективті болмыстағы заттар құбылыстарға қатыстылығы және олармен жанама түрде байланысу дәрежесі ескеріледі. Тілдік единицалардың таңбалық қызметіне олардың (тілдік единицалардың) адамның танып білу әрекетінің нәтижелерін жалпылап білдіру қасиеті мен адамның қоғамдық-тарихи тәжірибелерінің қорытындыларын тіркеу және сақтау қасиеті енеді. [2,70]

Тілдің таңбалық табиғаты сөз етілгенде, сөздің дыбыстық жамылғышы мен оның /сөздің/ сематикасының өзара қатысының сыпаты еске алынады. Тілдің таңбалық сыпаты туралы мәселе сөздің лексикалық мәні туралы мәселемен тығыз байланысты. Ф.Де Соссюрдің пікірі бойынша, сөздің екі жағы бар: оның бірі — таңбалаушы /означающее/, екіншісі — таңбаланушы /означаемое/. Таңбалаушы — сыртқы жақ, ол — дыбыстардың тіркесі, комплексі. Таңбаланушы — ішкі жақ, ол - ұғым, мазмұн. Ф.де Соссюр сөздің осы екі қырын ешуақытта бірінен бірін жеке бқліп қарауға болмайды олар бір-біріне байланысты шыққан деп есептейді. Ал, шындығында, мұның қайшы пікір екендігі, таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы қатынастың ешқашан бөлінбейтін біртұтас еместігі кейіннен шешілді. Бұл байланысты /таңбалаушы мен таңбаланушы/ бір жақты, шартты ғана екендігі жөнінде А.Ельмслев ашып айтады: «Это линейностъ означающего и означаемого сама по себе оказывается абсолютно условной, немотивированной и, по существу, принципиально несущественной».

Тілдің таңбалық сипаты деп сөйлесімді қүрайтын элементтердің жиынтығын /морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б./ және тілдік тұлғалардың құрылысына байланысты. Тілдегі таңбалық қызметті осы сөздердің дыбыстық жамылғышы атқарады. Дыбыстық таңбалардың бәрі бірігіп келіп бір жүйе — таңбалар жүйесін қүрайды. Бірақ тілдегі таңбалық бөлшектердің жүйесін таңбалардың басқа түрлерімен, мысалы, жол бойы белгілерінің жүйесімен, цифрлар жүйесімен немесе әскери сигналдар жүйесімен бірдей деп есептеуге болмайды. Олардың арасында көп айырмашылықтар бар.

Тіл — ойды білдірудің, пікір алысудың адамдар арасындағы қатынастың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Оны қоғамдағы күллі адамдар, өмірдің, іс-әрекеттің барлық саласында қолданады. Ал, басқа таңбалар жүйесінің қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау мүмкіндігі анағүрлым аз болады. Бұл — бір.

Екіншіден, тілдің көптеген басқа таңбалар жүйесінен айырмашылығы сол: тіл мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамдардың хабарланатын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, эмоцияның т.б. түрлерін білдіреді. Мәселен, стилистикалық синонимдер сөздердің эмоционалды және экспрессивті сапасына негізделеді. Мысалы, «қуаныш» дегеннен гөрі «шаттық» дегеннің эмоционалды — экспрессивті жағы күштірек. Сондай-ақ «жарық» дегеннен гөрі «сәуле» дегеннің эмоциялық боялуы қалыңырақ, экспрессивті қызметі күштірек болса, «сәуле» дегеннен гөрі «нүр» дегеннің эмоциональды-экспрессивті сапасы басымырақ. Жазушы көркем шығарма жазуда көп сапасы мен қызметіне қарай таңдайды, оларды бейнелеудің құралы ретінде пайдаланады. Тіл, сөйтіп, логикалық ойлау ғана емес, сонымен бірге адамдардың психологиялық дүниесімен де байланысты. Мұндай қасиет таңбалардың жүйелерінде, мысалы, транспорт /автомоблиь, темір жол, су жолы/ сигнализациясында жоқ.

Үшінші айырмашылық мынада: тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады. Олар келісім бойынша жасалып, келісім бойынша өзгере алады. Таңбалардың мұндай жүйесі қоғамдағы барлық адамдардың қатысуымен емес, сол мамандықтың уәкілдерінің қатысуымен және олардың келісім бойынша жасала береді.

Ал дыбыстық тілдің дамуы қоғам мүшелерінің еркіне бағынышты емес. Әрбір жаңа ұрпақ сол қоғамда тарихи қалыптасқан тілді қабылдайды, үйренеді. Таңбалар жүйесі өзгеріске үшырауы, жетіле түсуі, бір таңбаны басқа бір таңбаның ауыстыруы мүмкін. Мысалы, рим цифрларының жүйесі араб цифрларының жүйесімен ауыстырылды, жаңадан ноль таңбасы енгізілді. Таңбадағы мұндай өзгерістер стихиялық түрде емес, саналы түрде, келісім бойынша болады. дыбыстық тіл бұлайша өзгерте беруге көнбейді. Ол өз дамуының зандары бойынша өзгереді, өзінің дербес қасиетін сақтайды. Барлық таңбалар жүйесі сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді. Таңбалардың барлығының да мағынасы тіл арқылы айқындалады және дыбыстық тілге «аударылады». Мысалы, транспорт сигналдарының мағынасын дыбыстық тілдегі аудармасы арқылы ғана түсініп білеміз. Светафордың қызыл түсті жарығы «тоқтаңыз» деген белгі. Мүны білмейтін адамға ол қызыл түсті жарық қаншама жарқыраса да, еш нәрсені хабарлай да, аңғарта да алмайды. Сондай-ақ, қандай бір шифр немесе код болмасын, олардың ешқайсысы да тілсіз қолданыла алмайды. Олар сайып келгенде тілге негізделеді.

Сонымен, таңбалардың жүйелері тілге қатысты көмекші құралдар ретінде ғана мән-мағынаға ие бола алады. Қандай бір таңбалардың жүйесі болмасын, ол — адамдардың өмірдің барлық саласында қатынас жасайтын, сөйлесім, пікір алысатын құралы — тілді ауыстыра да алмайды. Жоғарыдағы салыстырулардың бәрі де басқа таңбалар жүйесіне қарағанда, тілдің таңбалық сыпатының күрделі құбылыс екендігін көрсетеді.

3. Тіл білімінде тілдік таңбаның түрлерін айқындауда таңбаның қызметінің сипаты негізге алынады. Осыған орай, тілдік таңбаның типтері делініп мыналар саналады:

а) дифференциялаушы қызметі басым тілдік таңбалар. Бұлар – фонемалар (фонемалар потенциялды түрде мағынамен ұштасады);

ә) дифференциялаушы қызметінен теңдестіруші қызметі басым таңбалар. Бұлар – грамматикалық морфемалар, тілдік единицалардың синтаксистік байланыстары мен семантикалық байланыстары мен семантикалық байланыстарының модельдері;

б) әрі дифференциялаушы қызметке, әрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар (мұндай таңбалар толық таңбалар деп те аталады). Бұлар – сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.

Барлық таңбалар жүйесі, сайып келгенде, дыбыстық тілге негізделеді. Шартты таңбалардың барлығының да мағынасы тіл арқылы айқындалады және дыбыстық тілге «аударылады». Мысалы, транспорт сигналдарының мағынасын дыбыстық тілдегі аудармасы арқылы ғана түсінеміз. Светофордың қызыл түсті жарығы – «тоқтаңыз» немесе «өтіп кетуге болмайды» деген белгі. Мұны білмейтін адамға, ол қызыл түсті қаншама жарқыраса да, еш нәрсені хабарлай да, аңғарта да алмайды. Сондай-ақ, қандай бір шифр немесе код болсын, олардың ешқайсысы да тілсіз қолданыла алмайды. Олар, сайып келгенде, тілге негізделеді.

Сонымен, шартты таңбалардың жүйелері тілге қатысты көмекші құралдар ретінде ғана мән-мағынаға ие бола алады. Қандай бір таңбалардың жүйесі болсын, ол – адамдардың өмірдің барлық саласында қатынас жасайтын, сөйлесіп пікір алысатын құралы – тілді ауыстыра да алмайды, оның атқаратын жанжақты қызметін де атқара алмайды. Осы мағынада тілдік таңбалар жүйесінен ажыратылады.

 

 

 

Қорытынды

Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық көздеріне, дыбыс сигналдарына назар аударып, соған өздерінше жауап қатады. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі сәулелері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады. Мұндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі және бет-әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы сияқты қаншама көп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің /қолдың, аяқтың, иықтың т.б./ әр түрлі қимыл-әрекеттерінің өзін неше саққа жүгіртуге болады. Сонымен, тіл мен таңбаның арақатысын қорытындылай келіп, тілге таңбалық жүйе тұрғысынан мынандай анықтама беруге болады: Тіл дегеніміз – қатысымдық қызмет атқаратын тілдік тұлғалардың материалдық жамылғыш арқылы мағыналық қасиетке ие болған таңбалар жүйесі.

Тіл мен таңбаның арақатысын қорытындылай келіп, тілге таңбалық жүйе тұрғысынан мынадай анықтама беруге болады: Тіл дегеніміз – қатысымдық қызмет атқаратын тілдік тұлғалардығ материалдық жамылғыш арқылы мағыналық қасиетке ие болған таңбалар жүйесі.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ф. Оразбаева – Тілдік қатынас. Оқулық. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 272 б
  2. К. Аханов – Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2002, - 664 б

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тіл және таңба