Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 20:41, реферат

Краткое описание

Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Содержание

Кіріспе
1. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
1.1 Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
1.2 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2. Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
2.1 Ұрлықты тергеу әдістемесі
2.2 Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
2.3 Алаяқтықты тергеу әдістемесі
2.4 Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
2.5 Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 65.45 Кб (Скачать файл)

3.    алудың қайтарымсыз  болуы;

4.    пайда күнемдік  мақсат.

Ұрлау арқылы мүлікті алғанда  айыпты оны өз пайдасына немесе басқа  адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей  билік жасайды, бірақ заң жүзінде  ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығын қымыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірлеушінің  ұрланған затқа меншіктік құқығын  ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға  заң тұрғысынан анықтама бергенде бөтен  мүлікті айыптының меншігіне  емес ,оның пайдасына немесе басқа  адамдардың пайдасына  айналдыру  дегенді бәкім осы тұрғыдан түсіндірну қажет. Айып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа иемденушіге материалдық  залал келеді. Ұрлағандағы материалдық  залал тікелей нақты залал  түрінде көрініс табуға тиіс. Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай  делінген «Қылмыс объектісі болған мүліктің құнын анықтағанда, оны  меншік иесінің қалай иемденгеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі  жеке сауда нарықтық немесе коммисиандық бағаларға сүйену қажет.

Бағасы болмаған жағдайда муліктін құнын сараптаманың қортындысы негізінде анықталады».

Ұрлаудын салдарынан келген зауалдың орның толтырғанда оның мөлшері сот шешім қабылдаған негізгі бағалврға сүиеніп анықталады. Меншік иесіне немесе заңды иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу, ұрлау ретінде саралануға тиіс емес.

Ұрлауды сипаттайтың келесі белігі- оның заңға қайшылығы. Заңға  қайшы белгі дегеніміз шындығында да, болжам мен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен мүлікті айыптының  алуы.

Шындығындағы құқық дегеніміз  – ол мүлікті алуға мүмкіндік  беретін, заңға негізделген құқықтың болуы. Оңың заңда белгіленген тәртіпте реттелделген реттделмегенің манызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың нысанына емес, түп мәніне аударылыды.

Бұдан жасалынатың тұжырым - егер адам мүлікті алуға заңды  негіздемелері бола тұрып, оны алу  үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса онда бұл жағдайда ұрлау  болмайды.

Қылмысы аяқталғаннан кейін  мүліктік залалдардың орның толтыру  немесе ұрланған мүлікті қайтару  айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бәрақ ол жазаны женілдетүге негіздеме  бола алады.

Айыпты мүлікті алып, оған өз қалау бойынша билік жасай  алатын кезден батап ұрлау аяқталған  болып салалады.

Әнгіме нақты билік  жасағандықты емес, сол билікті жасау  мүмкіндігін алғандықта.

Сондықтан ұрлауды аяқталған  деп танушын айыптының затты  іс жүзінде пайдалаланғаны, одан пайда  көргені қажет емес. Оның сондай мүмкіндікті алғаны жеткілікті. Егер  айыпты бөтен мүлікті алуға бағыттылған  белгелі бір әрекеттер жасаса, бәрақ ол мүлікке билік жасау  мүмкіндігіне қолын жеткізе алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Қарақшылық бұлардын қатарыда кірмейді, оның аяқталу кезені жайынлағы мәселе қылмыстың осы  құрамына қатысты қаралған.

Күзеттегі аймақта, жасалған ұрлықтын аяқталу кезеңін анықтауда  қиындық туындыйды. Тергеу - сот практикасының  соңғы кездерендегі позициясы дұрыс, себебі ол күзеттегі аймақта жасалған ұрлықты сол аймақтан мүлікті  алып шыққан кезден бастап аяқталған  деп санау қажет, себебі ұрланған мүлікке билік жасау мүмкіндігі ол кезде бастап туады деп санайды. Мүлікті күзеттегі аймақтан қанша  қашықтыққа алып барғандықтың маңызы жоқ, дегенмен, ұрланған затты аймақтың қоршауынан асыра лақтыруды және қылмысқа қатысуы  басқа адамның  сол мезетте ұрлауың қылмыстың  аяқталмағандығы деп санаған  жағдайлар болған.

Күзеттегі аймақта жасалған ұрлаудың аяқталу кезеңі мүліктің аумағына және оның не мақсатқа арналғанына  байланысты. Мысылы, егер ұрланатын  мүлік тұтынылмайтын болса және оны күзеттегі аймақта пайдалануға  мүмкіндік болмаса,оны сол аймақтан сыртқа алып шықпайынша Ал, тұтынылатын  мүлікті (мысалы, спирттік ішімдікті) ұрлағанда  қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының  ұрлаған мүлікке деген пиғылына бойланысты болады. Егер ол ұрланған мүлікке  күзеттегі аймақтан шыққан соң билік  жасауды ойластырса, онда мүлікті  сол аймақтан тауып алу- ұрлық  жасауға оқталу ретінде сараланады. Егер ол ұрланған мүлікке сол аймақтан шықпай-ақ билік жасайтын болса –  қылмыс аяқталған деп саналады .

Егер айыпты мүлікті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны сол күзеттегі  аймаққа жасырып қойса, сонан  соң оны өз еркімен қайтарса, онда ол қылмысты жасаудан бас тарту негізінде (ҚК-тің 26 бабы) қылмыстық жауаптылықан босайды.

1 Қарағанды қаласы Совет  аудандық соттың архиві 1994ж.

Ұрлау тек тікелеи ниетпен  тжасалады. Айыпты  мүлікті заңсыз алғандығын ұғады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіргендігін алдын  ала біледі, соны тілеиді.

Ұрлаудың міндетті нышаны – пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға  заң тұрғысынан анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп тіке көрсетілген. Ол мақсат айыптының  өз пайдасына, сондай-ақ материалдық  жағдайына айыпты мүдделі басқа  адамның пайдасына материалдық, мүліктік табыс келтіруді көздейді.

Алудың тәсілдеріне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінде ұрлаудың алғы нысаны бекітілген ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті  иеленіп алу, сеніп тапсырылған  мүлікті ысырат ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық. Қызмет бабын пайдалану  жолымен мүлікті алуды ұрлаудың жеке нысаны ретінде танудан заң  шығарушы бой тартты, оны ұрлаудың үш нысанының иеленіп алудың, ысырап етудің және аляқтықтың саралаушы нышаны ретінде қарстырады.

Қастандық жасаудың осы түрінің  заты ұрлау құрамының сындарлы белгілерінің бірі болып табылады. Қылмыстық заң  теориясында қылмыс затанаң шын  мәнінде мазмұны бірдей екі анықтамасы кең тараған. Бірінші анықтама бойынша  «Қылмыс затына өзінің қылмыстық  әрекетін жүзеге асыра отырып қылмыскер  тікелей жасайдын сыртқы әлемнің  материалдық заттары жатады». Екінші анықтама бойынша қылмыс затына сол  қылмыстың жасалуына себеп болатын  материалдық әлемдегі заттар жатады.

Заң әдебиетінде ұрлау  заты түсінігі онша да мағыналы баяндалмаған. Ұрлау заттары ақша және бағалы қағаздар болуы мүмкін екендігі туралы пікірге  ешкімнің қарсылығы жоқ. Сонымен  қатар, әдебиеттерге де, сот практикасында  да осы уақытқа дейін дау туғызып  келген бір мәселе мүмкіндікті алуға  құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік кәсіпорындары, ойын-сауық  орындары, спорттық және басқа ұйымдар  көрсеткен қызмет үшін есеп айыруға  қажетті билеттер, талондар, абонементтер жеке басқа белгілер ұрлау заты бола ала ма, жоқ па? 

Г.А.Кригердің пікірінше  ақшалай, заттай және басқадай лоторея  билеттері. Почта төлемдерінің белгілері,көлікте  жүру билеттері, бензинге талондар немесе сол сияқты ұрлау заты бола алады. Ленинградтық «Курс советского уголовного правоның» авторлары онымен толықтай келіспейді, олар көлікте жүру билеті мүлікті алуға емес, тек көлікте  жүруге ғана құқық беретіндіктен  ұрлау заты бола алмайды деп санайды.

Л.А.Андреева мен Б.В.Волжински  ұрлау заты ретінде қарастырылуы мүмкін басқа да бағалы қағаздарға жанар-жағар май талондарын жатқызды. Лоторея билеттерін, почта маркаларын өзге бағалы қағаздар қатарына жатқызбаса да, бұл авторлар оның ұрлау заты бола алатындығымен келіседі.

Сонымен қатар, сот практикасы көлікте жүру билеттерін, почта маркаларын көлік қызметін төлегендігін растайтын, өзін ұсынған адамға тиесілі қағаздар екенін ескеріп ұрлау затына жатқызады, сондықтан оларды алуды ұрлау  деп қарастырылады. Мәтінін толтырып, мөрмен бекіткеннен кейін, оларды компостирленгеннен кейін ғана, пайдалануға болатын  билеттерді немесе басқа белгілерді ұрлау сол әрекетке дайындық болып  саналады, егер бұл жерде ұрланған заттарды кейін сатып ақша табу мақсаты  болса.

Сонымен, «өздерінде көрсетілген  құнын немесе қызметтің төлегендігін растайтын, ұйымның, оның қызметкерлерінің, азаматтардың қолында болғанда сол  тауарлармен қызметтерді олардың  пайдалануына мүмкіндік беретін  талондар, көлікте жүру билеттері  немесе өзге белгілер ғана ұрлау заты бола алады» деген пікірмен келісу қажет.

Сондықтан легитимациялық құжаттар мен белгілер (аккредитивтер, чектер, жинақ кітапшалары, жетондар, сенім  қағаздары, квитанциялар және сол сияқтылар) өздерін иеленушілердің белгілі-бір  мүліктерге ғана құқұғын растайтын  болғандықтан ұрлау заты табылмайды. Бұл құжаттарды немесе белгілерді иелену меншік кейпің материалдық залал  шеккендігінің айғағы емес. Бұл ретте  ұрлықтың  алдағы уақытта жасалуына  мүмкіндік туады, сондықтан да, мысалы: жинақ кітапшасын иеленіп ол бойынша  ақша алуды ниет қылған айыпкердің әрекетін алаяқтыққа дайындық деп саралау  қажет.

Мүліктік емес сипаттағы  фактілерді растайтын құжаттар мен  өзге заттар ұрлау заты бола алмайды. Оларды ұрлаушы заң шығарушы басқарутәртібіне қарсы жасалған қылмыс ретінде қарастырады, себебі бұл жағдайда құжат айналымның заңда белгіленген тәртібі бұзылады.

 

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты Пленумы өзінің 1996 жылғы 25 шілдедегі «Бөтен мүлікті ұрлауды  саралаудың кейбір мәселелері туралы»  қаулысында ұрлау заты дегеніміз  – бөтен, яғни айыптының меншігіне  жатпайтын мүлік деп анықтама берді.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің 115 бабына сәйкес мүліктік игіліктер мен құқұқтарға: заттар, ақша, соның ішінде шет ел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектулдық қызметтің  объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды  даряландырудың өзге де құралдары, мүліктікқұқықтар мен басқа да мүлік жағады. Ұрлаудың мәніне жүгінсек, оның заты деп ақшаларда, құнды қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды тану қажет.

Зат дегеніміз – кез  келген түйгінетін нәрсе, ол газ күйінде, сұйық, қатты жағдайда, жанды және жансыз бүтіннің бөлігі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексінің 127 бабына сәйкес ақша дегеніміз - Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағында  өз құнын бойынша қабылдауғаміндетті заңды төлем құралы болып табылады.

Егер өсімдік немесе жануарлар  әлеміндегі объектілерді өсіруге адам еңбегі жұмсалған болса, онда оларды заңсыз иелену ұрлық құрамын береді, мысалы, қандай да бір шаруашылықтың  меншігі болып табылатын волердегі  түлікті, жасанды су қоймасындағы балықты  ұрлау, паркке отырылғызылған шыршаны, сәнді бұталарды иелену.  Ұрлау  затының енді бір сипаты олардың  заңдық қасиеті. Ол дегеніміз – ұрланған зат айыпты үшін әрқашан да бөтен  болуға тиіс. Айыптың ол алынған  затқа тікелей де, жанама да құқығы болуға тиіс емес. Адамның өз мүлкі  ұрлау заты бола алмайды, сондықтан  өз мүлкін заңсыз алу ұрлауға жатпайды. Қазақстан Республикасының күшіндегі  қылмыстық заңына сәйкес ұрлық дегеніміз  – бөтен мүлікті жасырын ұрлау  болып табылады.

Ұрлық объектісі -  меншік. Бұл қылмыстың заты -  материалдық  әлемнің заты түріндегі, нақты құндылығы  бар (заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша, т.б) өндіру үшін адам еңбегі жұмсалған, сондықтан да ақшамен бағалана алатын бөтен мүлік.

Материалдық құндылығы жоқ  зат немесе бұйым ұрлық заты бола алмайды, себебі оны алу меншік иесіне материалдық залал келтірмейді. Сондықтан да, жасау үшін қоғамға  пайдалы еңбек жұмсалмаған табиғи байлықтарды (орманды, балықты, тағы жануарларды, т.б) заңсыз иелену меншікке қарсы қылмыстар  қатарына жатпайды, олар экологиялық  қылмысқа жатады.

Ұрлыққа тән белгі –  оның жасырын тәсілімен жасалуы. Ұрлықтың жасырындық сипатын анықтағанда  айыптың ниетіне, яғни оның ұрлықты  субъективтік қабылдауына баса назар  аудару қажет.  Ұрлық болады деп  санау үшін айыпты жасырын ұрлық  жасауға ұмтылуы, бөтен мүлікті  жасырын түрде иеленуге оның ниеті  болуы тиіс. Егер айыпты, өзінің мүлікті  заңсыз иеленуін ұғынған бөгде адамның  араласуына мүмкіндік бермей, қалыптасқан  жағдайға байланысты әрекет жасаса да ұрлауда жасырындық сипат болады.

Жасырын ұрлауды саралау  үшін мүліктің алынуы тек меншік иесіне ғана емес, оны күзетушіге де, үшінші адамға да білінбеуі тиіс. Олар ұрлық  жасалған кезде, не сол жерда болмайды, не болған кезде де ұрлықтын жасалғандығын  сезбейді.

Егер айыпты өз, әрекетінің қылмыстық сипатының белгілі  болғандығын ұғынбай, қылмысының құпиялығына  өзі күмән келтірмей әрекетін әрі қарай жалғастырса, ол ұрлық  болып саналады.  Егер айыпты, әрекетінің белгілі болғандығын ұғынып ұрлығын  доғарса, егер ол еш нәрсе алып үлгермесе, онда оның әрекеті не ұрлыққа оқталғандық  саналады, егер ол қандай да бір құндылықты алып үлгерсе аяқталған ұрлық  болып саналады.

Бөгде адамның көзінше  жасалған ұрлықты жасырып жасалған деп тану үшін, сол адамның айыптың  әрекетінде қылмыстық сипат бар  екендігін ұғынбағандығы анықталуға тиіс.

Мысалы, айыпты өзін мүлік  иесі атынан билік жасай алатын адаммын  деп өтірік айтады; иесіз тұрған автомашинаға жайбарақат отырып жүріп  кеткен адамның әрекетіне қарап  онда тұрғандар ұрлық жасалды  деп ойламайды.

Ұрлықтың  объективті жағын  талдағанда әрекет пен қылмыстың  нәтиженің арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.

Теориялық және практикалық  тұрғыдан едәуір маңызды болып саналатын  мәселелердің бірі – ұрлық аяқталу  кезеңін айқындау. Затты айыптының  иеленген кезеңінен бастап ұрлықтың аяқталған болып саналатын салалмайтындығы  бірнеше маңызды мәселерді шешумен  байланысты, олар: қылмысты саралау, қылмысты жасаудан еркімен бас тарту, қылмысқа қатысушылар шеңбері, ұрлықты тонаудан жеке қарақты шектеу, жазалау шарасын  белгілеу мәселелері.

Ұрлықты аяқталған деп  айыптының затты іс жүзінде иеленген кезінен емес, ол затқа оның өз қалауыен билік ете алатын мүмкіндігі туған  кезден бастап санау керек.

Егер ұрлық күзеттегі  аймаққа жасалса, онда қылмыстың  аяқталғандығы туралы мәселе ұрланған  мүліктің сипатына және айыптының пиғылына байланысты. Мысалы, егер айыпты күзеттегі  аумақтан шығармай –ақ  пайдаланылуға  болатын мүлікті ұрлауды ойластырса, онда  мүлікті оқшаулап, оған заңсыз иелік орнатқан кезден бастап ұрлық  аяқталған болып саналады.

Ұрлаған мүлкін сол тұрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін болмағандықтан, оны күзеттегі аймақтан  алып шығу кезінде айыпты ұсталса, оның әрекеті ұрлыққа оқталғандық  ретінде сараланады.

Кінә, қылмыстың себебі мен  мақсаты ұрлықтың субъективтік жағын  сипаттайтын нышандарға жатады. Бұл  нышандар ұрлық жасаушы адамның  психикасындағы ішкі процесстердің  көрінісі, ол ұраушының санасы мен  еркінің жасалған қоғамға қауіпті  әрекетпен байланысын сипаттайды.

Субъективтік жағынан  ұрлық – тікелей ниетпен жасалатын  әрекет.  Ол дегеніміз – айыпты өз  әрекетінің қоғамға қауіпті  екендігін ұғынады, қоғамға қауіпті  зардаптың болатынын алдын ала  біледі және соны тілейді; ешқандай құқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырып  алады, өзіне заңсыз пайда түсіру үшін мүлікиесіне материалдық залал  келтіретіндігін түсінеді.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі