18 ғасырдың ортасындағы Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 14:32, реферат

Краткое описание

XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан – Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғаннан кейін Ресеймен шекаралас аймақтардагы өзара қарым-қатынас қиындап, барған сайын шиеленісе түсті. Қазақ-Ресей қарама-қайшылығының негізінде жер дауы жатты. Патша укіметі Қазақстандағы жерлерді тікелей тартып алуға және қазақ-башқұрт қатынастарының шиеленісін ұшықтыра тусуге көшті.

Содержание

1 Кіші жүз аумағындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісе түсуі
2 Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері
3 1755 жылғы қазақ-башқүрт шиеленісі және оның салдарлары
4 Жаңаесіл шекара шебінің салынуы
5 Орта жүздің шекара шебі аймақтарындағы жер дауының одан әрі шиеленісе түсуі
6 Пайдаланылған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

18 ғасырдың ортасындағы Қазақстан.doc

— 46.50 Кб (Скачать файл)

18 ғасырдың ортасындағы Қазақстан

Октябрь 20, 2011 · Қазақстан тарихы

18 ғасырдың ортасындағы Қазақстан 
XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан – Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғаннан кейін Ресеймен шекаралас аймақтардагы өзара қарым-қатынас қиындап, барған сайын шиеленісе түсті. Қазақ-Ресей қарама-қайшылығының негізінде жер дауы жатты. Патша укіметі Қазақстандағы жерлерді тікелей тартып алуға және қазақ-башқұрт қатынастарының шиеленісін ұшықтыра тусуге көшті. 
Мазмұны 
1 Кіші жүз аумағындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісе түсуі 
2 Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері 
3 1755 жылғы қазақ-башқүрт шиеленісі және оның салдарлары 
4 Жаңаесіл шекара шебінің салынуы 
5 Орта жүздің шекара шебі аймақтарындағы жер дауының одан әрі шиеленісе түсуі 
6 Пайдаланылған әдебиет

Кіші жүз аумағындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісе түсуі

1748 жылы Әбілқайыр ханның ұлы Нұралы Кіші жүздің ханы болды. Жаңа билеуші патша әкімшілігі бұл лауазымға ресми түрде бірінші рет бекіткен қазақ ханы еді. Оған жылына 600 сом мөлшерінде жалақы тағайындалды. Ол өзінің ұлдарын аманат ретінде Орынборға тапсыруға міндеттенді.

Нұралы ханның патша үкіметіне тәуелділігі, оның қазақтар арасында абыройын түсірді. Бірақ Нұралыны хан ретінде барлық рубасылары түгелдей дерлік мойындай коймады. Шекті руы ықпалы күшті Батыр сұлтанды өз билеушіміз деп таныды. Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы да өз беттерінше тәуелсіз болуға тырысты. Сондықтан да патша үкіметі шекара шептерін нығайта түсуге көп күш-жігерін жұмсауға кірісті.

Оның үстіне, патша үкіметі қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып жүруге бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым салды. Қазақтарды өзеннің оң жағалауына өткізбеу мақсатымен оның сол жағалауындағы жайылымның шөбін күзге қарай өртеп жіберуді әдетке айналдырып алды.

Мұндай тыйым салулардың бірқатар себептері болды. Патша үкіметінің өз тылында бақылау жасау қиын тиетін көшпелілердің қарулы қалың тобын жақын ұстағысы келмеді. Алғашқыда Ресейдің шекаралық ішкі аумағына орыс халқын — бірінші кезекте казактарды, содан кейін қоныс аударатын шаруаларды орналастыру көзделген болатын. Акырында бір жағынан қазақтардың, екінші жағынан башқұрттар мен қалмақтардың арасында бұрыннан орын алып, созылып келе жаткан қарама-қайшылықтар болды. Қазақтардың Жайық пен Еділ өзендерінің аралығына келуі ол қарама-қайшылықтарды ушықтырып жіберетін еді. 
Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері

Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының солтүстіктегі ұзаққа созылатын ең үлкен шекарасы Башқұртстанмен екі арада болды. Башқұрттар да көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанатын. Олар қазақтармен тегі бірге туыстас түркі тілдес халық болатын. Олардың шаруашылықты жүргізу қызметінің түрі ұқсас, тілі де, діні мен мәдениеті де ортақ еді.

XVII ғасырдың екінші жартысында Кіші  жүз қазақтардың бір бөлігі  ру-руымен Үй-Миасс өзендері аралығындағы  және Жайықтың оң жағалауындағы  башқұрт жерлерінде көшіп-қонып  жүретін. Башқұрт-қазақ байланыстарының ол кездегі кеңінен тараған түрлері екі халық арасындағы қыз беріп, қыз алысу, құда-жекжат болып араласу болатын. Башқұрт және қазақ батырларының арасындағы күрес, бәйге, садақ ату сияқты жарыстар бірлескен мереке кездерінде кеңінен өткізілетін.

Патша әкімшілігінің башқұрттар арасындағы отаршылдық саясаты көптеген көтерілістердің жиі-жиі шығып тұруына алып барып соқтырды. Мәселен, 1740 жылы башқұрттардың Қарасақал бастаған кезекті көтеріліс болды. Оған қазақтар және олармен одақтас карақалпақтар да белсене қатысты.

Башқұрттармен екі арада бейбіт байланыстармен және одақтастастық қарым-қатынастармен қатар әр түрлі қақтығыстар да, қыз алып қашу, барымталау, қазақ және башқұрт билері мен батырларының бақталастығы сияқты әрекеттер де болып тұратын.

Патша үкіметі қазақтар мен башқұрттардың ұлтаралық араздығын тудырудың қолайлы уақытын бос жібермеуге тырысып бақты. Сөйтіп ол екі туысқан халықтың Ресей империясына қарсы күш біріктіруіне жол бермеу үшін қолынан келген барлық амал-әрекеттің бәрін де жасады. 
1755 жылғы қазақ-башқүрт шиеленісі және оның салдарлары

1755 жылы башқұрт халқының Ресей  империясының отаршылдық саясатына  қарсы бағытталған және бір  кезекті ірі көтерілісі болып  өтті. Ол халықтық қозғалысты  Батырша басқарды. Өздеріне жазалау шаралары қолданылғаннан кейін құрамында 50 мыңнан астам адам бap башқұрттар Клші жүздің шекаралас аумағына көшіп барды.

Көтерілісші башқұрттардың жоспары бойынша, олар қазақтармен бұрынғы кездердегі сияқты біріге күш жұмсап, патша әскерлеріне қарсы күреске шығуды армандады. Қазақстанның шегіне көшіп бару башқұрттардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп ойлады.

Көтерілістің зор ауқымдылығынан және екі халықтың күш біріктіре қарсылық жасауынан қауіптенген патша әкімшілігі оларды бір-бірімен араздастырып, өзара қақтығыстыруға әрекет жасап бақты. Қазақ халқының едәуір бөлігі башқұрт әскери жасақтарының басшысы Батыршаның үндеуін түсіністікпен қабыл алды. Орынбор әкімшілігінің тарапынан жасалған қоқан-лоқы қорқытуларға қарамастан, көптеген башқұрттар қазақ даласынан өздеріне баспана тапты.

Қазақтардың бұл көтеріліске жаппай қатысқан кездері де аз болған жоқ. Орынбор өлкесінің губернаторы И.И. Неплюев қазақтардың билеушілеріне көтеріліске қатысқан башқұрттарды ұстап беруді немесе ең болмағанда оларды шекара шебінен асыра қайта қуып шығуды ұсынды. Бұл қызметі үшін олардың дүние-мүлкі мен мал басын тартып алуға рүқсат етті.

Башқұрттардың әйелдері мен балалары қазақтардың қолында қалуы тиіс болды. Ұсынысты қазақтардың Нұралы хан бастаған аз ғана тобы қуана қабыл алды. Қазақтардың тарапынан жасалған жүгенсіз бассыздықтар туралы естіп білген башқұрттар енді кек алуға көше бастады. Атап айтқанда, олар Неплюевтен өздерінің қазақ даласына өтіп, олардан «кек алуына» рұқсат сұрады. Ал Неплюев ресми түрде рұқсат етпегенімен бекініс бастықтарына башқұрттардың Жайық жағына өтіп жатқанын байқамаған болуы жөнінде құпия нұсқау берді.

Ал екі жақ бірін-бірі қырып-жоюға тақалған кезде олардың өзенге жақын келмеуі туралы алдын ала ескерту жасады. Осы мақсатпен ол шекара шебін күзетуді одан сайын «күшейте» түсті.

Көтеріліс езіп-жаншып басылғаннан кейін кейбір қазақ рулары өздерінің араларында башқұрттарды жасырын ұстауды одан әрі жалғастыра берді. Бұл жағдай патша үкіметін генерал-майор А. Тевкелевті қазақ даласына арнайы жіберуге мәжбүр етті. А. Тевкелев қазақтардың қашқын башқұрттарды қызғыштай қорғамай, патша үкіметіне жедел түрде ұстап беруі тиіс екеніне көздерін жеткізуге тырысты.

Тевкелев қазақ старшындарын патша өкіметі билігінің талаптарын орындауға көндіру мақсатымен қорқытып-үркітіп, үрей де тудырды, қымбат бағалы сыйлықтар ұсынып алдауды да шебер пайдалана білді.

Нүралы ханның іс-әрекеттері қазақ-башқұрт қатынастарының одан әрі ушыға түсуіне себеп болып, бірнеше ондаған жыл бойы өзара жорықтар жасалып тұрды. Қазақтар ендігі жерде Жайықтың оң жақ жағалауына және башқұрттардың көшіп-қонып жүретін жерлеріне бұрынғыдай емін-еркін бара алмайтын болды.

Сондықтан да белгілі зерттеуші А.И. Левшиннің тіпті XIX ғасырдың 30-жылдарына қатысты былай деп жазуы тегін емес: 
“ …Қан төгіс азайғанымен екі туысқан халықтың арасындагы қастандық осы уақытқа дейін сақталып келеді… ”

. Бұл туралы орынборлық зерттеуші  В.Н. Витевский былай деп неғүрлым  ашық жазды: 
“ … башқұрттар мен қырғыздардың (қазақтардың) арасындагы алауыздықтың Неплюев сепкен ұрығының неғұрлым қунарлы топыраққа тускені сонша, оның башқұрттар мен қырғыздардың (қазақтардың) арасын алшақтату үшін жасалған іс-әрекеті өзі күткендегіден де күшті нәтиже берді… ”

Жаңаесіл шекара шебінің салынуы

XVIII ғасырдың 50-жылдарында жалпы ұзындығы 930 шақырым келетін Ертіс шекаралық  шебінің (Омбы, Железинская, Жәмішев, Семей  және Өскемен бекіністерінің) құрылысы  аяқталған еді. Тап осы кезде  Өскемен бекінісінен Кузнецк  бекінісіне дейін 723 шақырымға созылатын Колывановская шекара шебінің құрылысы да салына бастаған болатын.

Патша үкіметі қазақ-жоңғар шапқыншылығын пайдалана отырып, қазақ жерлерін ашықтан-ашық одан әрі жаулап алу әрекетіне кірісіп кетті. 1752—1755 жылдары Орта жүз қазақтары жерінің солтүстік аймағында Жаңаесіл шекара шебіндегі әскери бекіністер мен ұсақ-түйек дала бекіністерінің құрылысы жүріп жатты. Ол Үй шекара шебін Ертіс шекара шебімен жалғастырды.

Оның бойында Звериноголовская, Покровская, Николаевская, Лебяжі, Полуденная, Петропавл, Пресновская және Кабанья сияқты бекіністер салынды. Оның жалпы ұзындығы шамамен 540 шақырым болды. Оған едәуір көп әскер күші шоғырландырылды. Бұрынғы доға тәріздес Ескіесіл шекара шебі енді «тігінен түзетіліп», қазақтардың көшіп-қонып жүретін жерінің ішіне қарай 250 шақырым кіріп кетті. Жеке шекаралық шеп «Ащы шеп» деген атауға ие болды. Өйткені оның бойында көптеген суы ащы тұзды көлдер бар еді.

Ескіесіл және Жаңаесіл аталған шекара шептерінің аралығында ежелден бері көшіп-қонып жүрген қазақтар одан күшпен қуып шығарылды. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан көші-қон жүйесін бұзды.

Патша үкіметінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды. Өйткені ол жерлер жаңадан белгіленген шекаралық шептің «ішкі жағында» қалып қойды. Қазақтардың қарулы қарсылығы басталып кетті.

Бүл оқиғалар XIX ғасырда өмір сүрген зерттеушілердің бірі Н. Петропавловскийдің еңбегінде жеткілікті дәрежеде жан-жақты суреттелген: 
“ …Қорған, Есіл және Туқала округтарында шаруалар қырғыздармен

(қазақтармен) курес жургізді. Осы ең соңғы  кезге дейін дерлік олар өздерінің  қожайын ретіндегі құқығын қорғап  қалуға тырысты, біздің ғасырымыздың (XIX ғасыр) 40-жылдарының өзінде де  шаруалар мен қырғыздар (қазақтар) арасында қанды қырғын қақтығыстар болып келді…»

Жаңа шекара шебі жаңадан басып алынған жерлерді оның күні кешегі заңды иелерінен, яғни казақтардан қорғау үшін патша үкіметіне қызмет етті. Бір жағынан, жоңғарлармен, екінші жағынан, башқұрттармен жанталаса күрес жүргізген қазақтардың патша үкіметінің жерді тартып алу экспансиясына ұйымдасқан түрде қатты қарсылық көрсетуге мұршасы келмеді. 
Орта жүздің шекара шебі аймақтарындағы жер дауының одан әрі шиеленісе түсуі

Жаңаесіл шекара шебінің құрылысы аяқталғаннан кейін қазақтардың шекарадан ішкі жаққа өтуіне бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым салынды.

Жоңғарлар талқандалғаннан кейін қазақ сұлтандары мен старшындары Ертіс өзенінің оң жақ жағалауына көшіп бару үшін белсене әрекет етіп бакты. Алайда жергілікті аймақтың өкімет билігі тарапынан ашықтан-ашық қатты қарсылыққа душар болды, 1755 жылы патша үкіметі Орта жүз қазақтарының Ертістін оң жақ жағалауына өтуіне қатаң тыйым салды. Одан соң қазақтардың бекініске 10 шақырымға дейін жақындауына да рұқсат етілмеді.

1765 жылы Сібір шекара шебінің  командашысы генерал-поручик И. Шпрингер Ертістің далалық бетінде ені 10 шақырым келетін алқап белгілеп, ол аймаққа қазақтарды жолатпауға бұйрық берді. Сондай-ақ қазақтардың Ресей әскери бекіністеріне 30 шақырымнан жақын баруына тыйым салынды. Қазақтардың Ертістің оң жақ бетіне өз бетінше өтуінің қандай түрі болса да әскери күш қолдана отырып, қайтадан еріксіз қуып жіберуімен аяқталатын.

Тек 1771 жылы ғана қазақ хандары мен сұлтандарының қайта-қайта өтініп сұрауы бойынша Сұлтанбет және Орыс сұлтандар басқаратын Ертіс бойы қазақтарының Ертіс өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып жүруіне рұқсат етілді. Соның өзінде де тек қысқы мезгілде уақытша мерзім негізінде көшіп баруына рұқсат алды. Қазақтар аманат беріп тұруға міндетті болды. Ертістің оң жақ жағалауына тек «сенімді деген далалықтардың» өтуіне рұқсат етілді. 
Пайдаланылған әдебиет 
↑ Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.ISBN 9965-34-816-2

 


Информация о работе 18 ғасырдың ортасындағы Қазақстан