Қарахан мемлекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:18, лекция

Краткое описание

Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды.

Вложенные файлы: 1 файл

9 дәріс.doc

— 128.50 Кб (Скачать файл)

Моңғол  империясы ыдыраған кезде түрік  тілдес халықтар өз алдарына бірнеше  мемлекеттерге бөлініп шыға келуі  соған дәлел. Моңғол империясы құрамындағы  түріктер арасында этникалық процесс  тоқтамай, табиғи-географиялық, тарихи жағдайларға байланысты түрік халықтары қалыптаса берген. Бұл процесс жылма-жыл ен жайып, Моңғол империясындағы  халықтар дамыған. «ХІV ғасырдың екінші жартысында ол бір-біріне тәуелсіз бірнеше аймаққа бөленген. Москва мемлекетінің күші және 1380 ж. Куликов шайқасында Москва князы Дмитрий Донской әскерінен моңғолдардың қатты жеңілуі бұл процесті одан әрі күшейте түсті. ХІV ғасырдың соңында (1391-1399) Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей екі рет күйрете соққы берді. Содан соң ол бірте-бірте ыдырай бастады. ХV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан сайын әлсіретті. Осы ғасырдың бірінші жартысында одан болгарлар, қазақ пен қырымдықтар бөлінді. 1480 жылы орыс княздықтары моңғолдардан толық тәуелсіздігін алды. Сол шамада Қазан, Қырым, Астрахан (Ноғай), Қазақ, Өзбек халықтары құрылды».

Келтірілген үзіндіде Моңғол империясының ыдырауы  туралы баршаға мәлім тарихи оқиғалар дұрыс сәулелендірілген. Бірақ қазақ, өзбек халықтары құрылды деп  айту шындыққа сай болмайды. Бұл халықтар да басқа түркі тілдес халықтар сияқты сол империяның құрамындағы халық болып қалыптасып, оның ыдырауынан кейін ғана өз алдарына бөлініп шыққан десек тура болар еді. Сонымен, Моңғол империясының құлауымен байланысты түркі тілдес халықтар енші алып шыққанда «қазаққа қара шаңырақ қалған жоқ па»  деп Мағжан Жұмабаев осы кезеңді айтқан.


Информация о работе Қарахан мемлекеті