Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 09:10, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................2

І-Тарау.Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары................................................................................................................5

ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі.................................................................................................................29

ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу – қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі............................................37

Қорытынды..........................................................................................................48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................49

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстанның-Шанхай-ынтымақтастық-ұйымындағы-орны.doc

— 352.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттер басшылары  БҰҰ-ны осы ұйымның тиімділігі мен  беделін арттыруға бағытталған ұтымды да қажетті реформалауды жақтайды. Реформаларды жүргізі кезінде барынша кеңінен келісуді, БҰҰ-ны реформалау үшін ғана уақыттық теңдеулер таңбауды, сондай-ақ елеулі қарама-қайшылықтар сақталып отырған жобалар бойынша дауыс беруді ұстану маңызды екені қуатталды.

Мемлекеттер басшылары ХХІ ғасырда  Азия-Тының мұхиты өңірі бейбітшілік  пен дамуды қамтамасыз етуде маңызды  рөл атқаруға тиіс болатынын негізге алады және тұтастай алғанда АТӨ-де, сонымен бірге оның жекелеген құрамдас бөліктерінде межелеу сызықтарының пайда болмауын; мемлекеттер арсындағы кез-келген түсінбеушіліктер мен даулар бейбіт құрамен, келіссөздер жолымен шешілуін; осынау серпінді қозхғалыстағы өңірде достық, өзара түсіністік, өзара ықпалдастық және сындарлылық ахуалы берік орнығуын жақтайды. Осыған жәрдемдесу- ШЫҰ қызметінің негізгі бағыттарының бірі.

Мемлекеттер басшылары Орталық  Азия мемлекеттерінің өз елдерінде және тұтастай өңірде бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтықты қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігеріне қолдау білдіріп, Орталық Азияның тұрақтылығы мен экономикалықдамуын нығайтуда ШЫҰ белсенді рөл атқаруын жақтайды./25/

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін жаңа сынақтар мен қателіктерге тиімді қарсы тұру үшін мүше мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру талап етіледі деп санайды.

Күш-жігерді мұндай біріктірушіліктің  кешенді сипаты болып, мүше мемлекеттердің аумақтарын, халықтарын, өмірді қамтамасыз етудің шешуші нысандарын және инфрақұрылымдарын жаңа сынақтар мен қателіктердің қиратушылық әсерінен сенімді қорғауды қамтамасыз етуге шешуші нысандарын және инфрақұрылымдарын жаңа сынақтар мен қатерлердің қиратушылық әсерінен сенімді қорғауды қамтамасыз етуге, ШЫҰ тұрақты даму мен кедейшілікті жою үшін қажетті жағдайлар жасауға нақты жәрдемдеседі және мынандай мәселелерді қамтуы тиіс:

-мүше мемлекеттердің сыртқы  саяси, ішкі экономикалық, құқық   қорғау органдарының арнайы қызметтер мен қорғаныс ведомстваларының тығыз ынтымақтастығын дамыту;

- мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесу тетіктереін белсенді пайдалану;

-өңірде бейбітшілікке,  қауіпсіздік пен тұрақтылыққа  қатер төндіретін ахуалға ШЫҰ-ның бірлесіп әрекет етуінің тиімді шаралы мен тетіктерін талдап- жасау;

-антитеррорлық шараларды  бірлесіп жоспарлау және өткізу;

-қауіпсіздікті қамтамасыз  ету мәселелерінде ұлттық жарнамаларды  үйлетіру;

-жаңа сынақтар мен  қатерлерге қарсы күремте қолданылатын осы заманғы техникалық құрал-жабдықтарды талдап жасау мен пайдалану саласындағы ынтымақтастық;

-жаңа сынақтар мен  қатерлерге ақпараттық қарсы  тұрудың тиімді тетіктерін қалыптастыру;

-тиісті кадрларды  даярлау;/26/

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер өз аумақтарында терроризм актілерін, соның ішінде басқа мемлекеттердің мүдделеріне қарсы бағытталған актілерді әзірлеу және жүзеге асыру әрекеттерін тыйып тастайтын болады, террорлық, сепеаратистік және экстремистік қызметі үшін айыпталған немесе соларды жасады деп күмән келтірілген адамдарға баспанға рұқсат етпейді және мұндай адамдарды ШЫҰ-ның басқа мемлекеті тарапынан тиісті қайырылым болған жағдайда мүше мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйекестікке береді.

ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррорлық құрылымының жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында шаралар қолданылатын болады.

ШЫҰ халықаралық терроризм  мен күрес аясында оның  материалдық  базасын, ең алдымен, қару- жарақтың, оққұралдарының, жарылғыш заттар мен есіркінің заңсыз айналымына, трансшекаралық ұйымдасқан қылмасқа, жасырын көші-қон мен жылдамалылыққа қарсы күрес арқылы жоюға байланысты проблеммеларды шешу маңызды. Терроршылардың жаппай қырып-жою қаруының компоненттері мен оларды жеткізу құралдарын және ақпараттық террорды пайдаланудың алдын-алуға айрықша назар аударған жөн.

Терроризмді, сепаратизм мен экстремизмді қаржыландыруға, соның  ішінде заңсыз жолмен алынған табыстар мен құралдарды жария етуге қарсы  тұру ШЫҰ аясында терроршылыққа  қатысты деп күмән келтірілген  адамдар мен ұйымдардың ақша аударымдары, қаржы қаражаттарының қозғалысы мониторингінің бірыңғай көзқарастары мен стандарттарын талдап жасауды, сондай-ақ ШЫҰ-ның тиісті халқаралық күш-жігерге белсенді қосылуын тегеурінді қажеттілікке айналдырып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі.

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ. Ұлттық қауіпсіздік Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Даму стратегиясында белгіленген алғашқы басымдық болып табылады. Сонымен бірге, кауіпсіздікті қамтамасыз ету тек әскери-саяси мәселелерге барып қана тірелмейді. Бұл жерде саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, этноконфессиялық, әскери, т.б. катерлерге карсы түру меңзеледі.

Мәселен, "Қазақстан-2030" Стратегиясында ел кауіпсіздігін қамтамсыз етудің бірқатар бағыттары айқындалған./27/

Біріншіден, елдің дамуын қамтамасыз етуге, тәуелсіздік пен егемендікті нығайтуға баса назар аударылады. Мемлекеттің тәуелсіздік мәртебесін формальды-заңдык, тұрғыдан бекіту тәуелсіздікке іс жүзінде қол жеткізілгенін білдірмейді. Мемлекеттілік қалыптасып, тәуелсіздікке ешкімнің күмәні қалмауы үшін кешенді, жүйелі және рет-ретімен орындалатын шаралар желісі жүзеге асырылуы тиіс.

Қазіргі дүниеде  жас егемен елдің тәуелсіздігіне қатер сырттан баса-көктеп кіру ықгималдылығымен ғана өлшенбейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында "Ұлттық кауіпсіздікке төнетін ықтимал қатерлер казіргі кезде және жақын болашақта мемлекеттің аумақтық тұтастығына тікелей әскери шабуыл сипатында болмайтынын" атап кәрсетіп, "не Ресейдің, не Қытайдың, не Батыс пен мұсылман елдерінің бізге шабуылдаулары үшін ешқандай себеп пен салдар жоқ" екенін де баса айтқан болатын./28/

Осыған орай, Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттар ретінде мына мәселелер айкындалған еді:

-Ресей Федерациясымен тату көршілік, достық байланыстарды дамыту;

-ҚХР-мен өзара пайдалы негізде сенім және тату кәршілік қарым-қатынас қалыптастыру;

-Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарды және интеграциялық үрдістерді күшейту;

-АҚШ-ты қоса алғанда басты демократиялық, индустриялық дамыған мемлекеттермен байланыстарды күшейту;

-БҰҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк, Азия, Еуропа және Ислам даму банктері секілді халықаралық институттар мен форумдардың көмектері мен жәрдемдерін жан-жақты пайдалану.

Екіншіден, Ұлттық егемендік пен елдің аумақтық тұтастығын қорғаудың сенімді негізі ретінде карастыратын бай табиғи ресурстарды игеруге баса мен беріледі.

Үшіншіден, үжымдық  қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету барлық мәселеде шешуші факторға айналады. Ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда әр адам өзінің жеке мүддесі ғана қанағаттанғаннан айтарлықтай көп ұтады, ал қоғамның кауіпсіздігі кашанда қыл үстінде тұрады. Қандай да бір жолы болғыш жеке адам егер оның елі катерге ұрынған жағдайда бәрібір дәрменсіз болады.

Төртіншіден, Қазақстанның рет-ретімен әлемдік экономикалық кешенге интеграцияланғаны тиімді. Бұл арада еліміздің аймақтық әскери-саяси жанжалдар мен экономикалык, және конфессиялық сипаттагы иірімдерге тартылмау жағы алдыңғы кезекке шығарылатыны тусінікті болса керек.

Бесіншіден, ірі трансұлттық капитал үшін төзімді де либералды экономикалық алаң құрып, елімізге ұзақ мерзімді инвестиция тарту үшін қолайлы климат қалыптастырудың маңызы зор.

Алтыншыдан, Қарулы Күштерді жаңғырту арқылы қорғаныс қабілетін нығайту, олардың кәсіби дайындығы мен әскери әзірлік деңгейін жоғарылату және заманалық қаружарақпен жабдықтау міндетін оң шешу керек.

"Қазақстан-2030" Стратегиясында Елбасы былай деп көрсетеді: "Қазақстан Республикасының казіргі заманғы әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және әскери-теңіз күштерін құру үшін бізге оның материалдық бөлігін, жеке құрамын нығайтып, оқыту жөніндегі жұмысты жолға қою қажет. Бұл бізден Қарулы Күштерімізге бөлініп отырған және бөлінетін бюджет қаржысын қашанда есеппен әрі тиімді жұмсауды талап етеді. Сонымен қатар, еліміз аймақтық қорғаныстың салмағын бірге кетерісу үшін өзінің кәршілерімен ынтымақтасатын болады"./21/

Жетіншіден, азаматтардың бойында патриотизм мен өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту көп меселеде шешуші рөл атқарады.

Халықтар  мен мемлекеттер арасындағы ежелгі берік байланыс бүгіңде айтарлықгай әлсіреді, ал жаңа байланыстар әзірше толыктай қалыптасып үлгерген жоқ. Бір жақсысы, бұкараның санасында адамдар мен мемлекеттің мүдделері ортак, екенін түсіну үрдісі пісіп-жетіліп келеді. Халықтың әл-ауқаты жақсарған сайын аталған мәселенің берік сипат ала бастайтынына еш күмән жоқ. Өйткені, әр азамат ахуалының жақсаруы өзі өмір сүретін мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне тікелей қатысты екенін пайымдайтын уақыт туды.

Сегізіншіден, қуатты демографиялық және миграциялық саясат жүргізу керек болып отыр. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұл маңызды мәселеге бұрынғысынша селқос қарайтын болса, онда Ресейдегідей "демографиялық дағдарыс" жағдайына тап боламыз. Ал бұл елде, яғни Ресейде адам саны сыртқы миграцияға байланысты ғана емес, табиғи түрде де азайып келеді. Бұл тенденция дереу тоқтатылуы тиіс./29/

Бұл айтылғандардың барлығы "Қазақстан-2030" Даму стратегиясында еліміздің Ұлттық мүддесін ескеру тұрғысынан жан-жақты ашып көрсетілген. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымын құруға белсенді қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте Ұлттық қауіпсіздікке қатысты басымдықтарды басшылықка алғаны айқын. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҰ-ға ҚАТЫСУЫ ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖҮРГІЗІП КЕЛЕ ЖАТКАН СЫРТҚЫ САЯСАТ БАҒЫТЫНЫҢ ОРТАҚ МАЗМҰНЫНА НАҚТЫ СӘЙКЕСЕДІ. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа да елдермен ынтымақгастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық кәлемінде жауап береді. Осыған байланысты берік құқықтық базаға негізделген Ресеймен қарым-қатынас көпқырлы және прагматикалық сипатқа ие болуымен ерекшеленеді. Өзара ынтымақтастық пен түсіністіктің жемістілігіне екі ел арасындағы тарихи маңызы зор әлемдегі ең ұзақ кұрғақтағы шекараның делимитациялануы айғақ бола алады. Қысқасы, шекаралық аудандардағы байланыстардан бастап, ғарыш саласындағы біріккен жобаларға дейін Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы жарасып отырғандығын кәрсетеді.

Қытаймен  сауда-экономикалық ынтымактастық та ырғақты дамып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қытайға тартылатын мұнай құбыры құрылысы, айтарлықтай бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансазиялық темір жол магистралі уағдаластықтарының маңызы зор. Аталған жобалардың жүзеге асуы Шығыстағы ұлы көршімізбен тауар айналымын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына өту үрдісіндегі позициясын бекемдей түсуге оң ықпал ететіні күмәнсіз. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар біздің Ұлттық мүддеміз сенімді қорғалуы үшін үлкен жұмыс жүргізу үстіңде.

Мұның үстіне ШЫҰ-ға мүшелік Қазақстанның турлі интеграциялық бастамалары мен баска да интеграциялық жобалар шеңберіндегі ынтымақтастығына қайшы келмейді, керісінше оларды толықтыра түседі. Меселен, Қазақстан үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде ЕурАзЭҚ-ты дамыту басты бағыт болып қала бермек. Өйткені, оның әлеуетін толықтай пайдалану біздің Ұлттық мүдделерімізге сейкес келуімен қатар, ұзақ мерзімді перспективалар тудыратынымен де қызықтырады.

Келесі бір бағыт жақында Ресей қосылған Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымының қызметін белсенді ете түсу болып табылады. Аталған ұйым аясында Орталық Азия елдерінің тағдыршешті мүдделеріне қатысты нақты проблемаларды шешуге қарай қозғалыс байқалып, өңір елдері экономикасын жақындатуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды. Астана саммитінің алдында өткен Душанбе басқосуында су-энергетика, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру жөніндегі тұжырымдамаға қол қойылды. Енді аталған ұйым аясында ортақ рынок құру жөнінде бірлесіп жұмыс жүргізу міндеті түр.

Аймақтағы жаңа геосаяси және геоэкономикалық жағдайға орай әңгіме қозғасақ, Қазақстан басшысының 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастаманы жүзеге асыру зор маңыз ала түседі. Осы бағытта тоқтаусыз алға жылжу Орталық Азия аймағын өркениет әлемінің тұрақты, тең құқықты бір бөлшегіне айналдыруға мүмкіндік бермек./30/

Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) мақсатын іс жүзіне асыру үшін Азия құрлығында сенім мен тұрақтылық үрдісін қалыптастырудың қашанда белсенді жақтаушысы болып келеді.

Қазір АӨСШК-нің 2006 жылға жоспарланған екінші саммитін өткізуге дайындық жұмысы басталып кетті. Жақында ұйымдастырылған АӨСШК-ге мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Азия тарихындағы ғаламат құжат - Сенім шаралары каталогының қабылдануы Қазақстанның Азия құрлығында тұрақгылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігері жүзеге асатынына сендіретіндей.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымы