Батыс түрік қағанаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 16:30, реферат

Краткое описание

Батыс түрік қағанаты - "Көшпенділер империясы". Алғашқы кезде қағанатты Тардуш қаған басқарған. Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу (610-618ж.) мен Тон (618-630ж.) қағандарының билік құрған мерзімі болды. Шегу қаған Қағанаттың шығысындағы шекарасын Алтайға дейін, ал батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. 630 жылдардан басталып билік үшін талас-тартыс басталды.

Вложенные файлы: 1 файл

БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ.doc

— 16.50 Кб (Скачать файл)

                                              Батыс түрік қағанаты

Батыс түрік қағанаты - "Көшпенділер  империясы". Алғашқы кезде қағанатты  Тардуш қаған басқарған. Батыс Түрік  қағанатының саяси билігінің  күшейген кезі Шегу (610-618ж.) мен Тон (618-630ж.) қағандарының билік құрған мерзімі болды. Шегу қаған Қағанаттың шығысындағы шекарасын Алтайға дейін, ал батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. 630 жылдардан басталып билік үшін талас-тартыс басталды. 634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс қаған билікті өз қолына алады. Ол «он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Іле, Шу өзендерінің аймағындағы он тайпа нушебилер мен дулулар деп аталды. Олар арасында 640 – 657 жылдардағы ұзақ уақытқа созылған тартыс хандықты әлсіретеді. Мұны көріп, біліп отырған Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Ешбар қаған қолға түсіп қаза болып, хандық тәуелсіздігінен айырылады. VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың басында тургеш тайпасының қағаны Ушліктің Тан империясына қарсы соғыстары нәтижелі бола бастайды. 704 жылы Үшлік қытайлармен куресте жеңіске жетеді.Батыс түрік қағанатының этникалық, экономикалық-әлеуметгік саяси құрылысы "Түркі" сөзі (қытайша "туркюе") б.з. VI ғасырында бірінші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Қыгайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында Бумин) империяның негізін қалаушы тұлға 552 жылы дүние салды, оның ағасы Естеми (қытайша Шедеми) Батысты жаулап алған, 576 жылға дейін өмір сүрген. Бастапқыда ағалы-інілі екеуі бір-біріне тәуелсіз болған, түркілердің мемлекеті және батыс түркілердің мемлекеті деп атаған.Сексен жылдай өмір сүрген кезінде Түркі қағандығы дамудың биік сатысына көтерілді. А.Н.Бернштам бұл жөнінде мынадай қорытынды ұсынды: "Ертедегі түркілердің қоғамдық құрылысы феодаддық қатынастардың ең ежелгі формаларының бірі болып саналады. Түркі қағандығы Манчжуриядан Босфор — Киммерияға (Керчен шығанағы) дейін, Енисейдің жоғарғы ағысынан Амударияның жоғары ағысына дейін созылып жатты, яғни Түркі империясы ірі табыстарға ие болды. Осылайша Түркі қағандығы саяси және мәдени мұрасы арқылы Орта Азия мен Оңтүстік шығыс Еуропаға едәуір әсер еткен алғашқы еуразиялық империяны құрушылар болды. Қағандықтың Оңтүстік аймағын Бумын қағанның ағасы Естеми билеген кезде түркілер батыста өздерінің әскери қуатының биік шыңына жетті.

Түркі империясы тұсында (VІ-VІІ ғғ.) Орта Азияның экономикасы мен  мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда, жер өндеу және қолөнер өте тез дамды. Жібек керуені Қытайдан Византияға қарай Бұхара, Самарқан, Ташкент, Қашқар, Турфан арқылы үздіксіз ағылып жатты. Түркі империясының құрылуы мен ыдырауы түркі халықтарының Батысқа қарай жылжуына алып келді. Шығыс пен Батыс мәдениеті араласып, бірін-бірі байытты.Батыс түрік қағанаты – біздің дәуіріміздің 551-552 жылдарында батыс түрік тайпалары құрған бірінші ресми мемлекет. Бұл мемлекет Қазақстанның Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы мен Ыстықкөл жағалауында VІ-VІІІ ғасырларда өмір сүрген. Алғашқы ханы – Істеми, астанасы – Суяб, 618 жылдан бастап – Мерке. Тараз осы мемлекеттің экономикалық және саяси орталығы болған. Дереккөздерге сүйенсек, Істеми қаған басқарған тұста батыс түріктерінің шекарасы кеңейтіліп, Орта Азия, Шығыс Түркістан, Қара теңіздің жағалауы, Солтүстік Кавказ және Балқан аймақтары қағанаттың экономикалық және саяси ықпалында болған. Халқы – он оқ будун. Басқаша айтқанда, бес тайпа дулу, бес тайпа нушеби халықтары. Бұлардың бәрі батыс түрік қағанатын құрған, дүниетанымдық тұғырнамасын қалыптастырған, өркениет көшіне ықпал еткен ежелгі түрік тайпалары.


Информация о работе Батыс түрік қағанаты