Алғашқы интелегенттің бірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 00:21, доклад

Краткое описание

Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатының “Құжаттарды пайдалану және жариялау ” тобы жан-жақтан тарихымызға қатысты мәліметтерді жинауға келген ізденушілерге, жазушыларға қызметін әрдайым ұсынып отырады. Жылдар бойы сөредегі құжаттарды сөйлетсе көптеген ғылыми жұмыстарға арқау болар ма еді. Мерзімді басылым – қоғам өмірінің айнасы. Мұрағат құжаттары көптеген диссертанттардың зерттеу объектісіне айналды

Вложенные файлы: 1 файл

макала.doc

— 31.50 Кб (Скачать файл)

 

    Алғашқы интелегенттің бірі

 

 

Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатының “Құжаттарды пайдалану және жариялау ” тобы  жан-жақтан  тарихымызға қатысты мәліметтерді жинауға келген ізденушілерге, жазушыларға  қызметін әрдайым ұсынып отырады. Жылдар бойы  сөредегі  құжаттарды сөйлетсе көптеген  ғылыми жұмыстарға арқау болар ма еді. Мерзімді басылым – қоғам өмірінің айнасы. Мұрағат құжаттары көптеген диссертанттардың  зерттеу объектісіне айналды

Көрнекті қоғам қайраткері, Алаш азаматы Қаратаев Бақытжан Бисәліұлына қатысты құжаттардан Ақтөбе өңіріндегі  жылдарына  көз жүгіртсек.  

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толу қарсаңында “Алаш” деп елінің еркіндігін  көксеп, ұлт мүддесі үшін күресіп баққан абзал азаматтардың бірі  заңгер Бақытжан Қаратаев Бисәліұлы туралы  мақалалар, газеттер бетінде аз жазылып жатқан жоқ. Онда тек біреулердің айтқаны,  естігені жазылса біз нақты құжаттар арқылы  көрнекті тұлғаның Ақтөбе өнірінде  жүріп өткен жолдарын, еш жерде жарияланбаған суреттерін  құжат  бетінен  көрсеткіміз келді.

Орынбор сотының жанындағы  қорғаушылар коллегиясының мүшесі  Бақытжан  Бисәліұлы Қаратаев  1925 ж. 25 қыркүйегінде  Ақтөбе губерниялық  қорғаушылар президиумына  Ақтөбе  губерниялық сотының жанындағы қорғаушылар мүшесіне қабылдау туралы және   21.08.1928 ж. Ақтөбе өлкелік сотқа  қорғаушылар коллегиясына мүше болуға  өтініштері тіркелген.

Халықтық Әділет Комиссариатының  анкетасында  мына төмендегі мәліметтер өз қолымен толтырылған.  Орал губерниясы, Жамбейіт уезі, Жақсыбай  болысының №3 ауылында дүниеге келген, мамандығы- заңгер, 1878-1886 жылдары  Орынбор гимназиясын, 1890 ж. С-Петербург университетінің заң факультетін бітірген,  қандай партияға мүше болғаны- 1905-1914 ж. кадет, 1914-1917 ж. РСДРП, 1917 ж. мамырынан  большевиктер партиясына  мүше (билет № 512441),  1907 ж. Мемлекттік ΙΙ Думаға депутат,  қандай әкімшілік жауапқа тартылған деген жолдарға  “ жоқ”, Орал  әскери казак үкіметінің нұсқауымен  15.04.1918 ж.-24.01.1919 жылдары  Орал түрмесінде  болғанын толтырған ( ақ казактардың  төңкерісі кезінде  атқару  комитетінің басқа мүшелерімен бірге отырғанын айтқан болар).  1917 жылдың мамыр айынан  коммунистік партияға мүше. Осы мәліметтерді жеке ісіне толтырғанда  65 жаста болды.

Қызыл гвардия және  Қызыл партизан Ақтөбе қалалық бюросы құжаттарында Азамат соғысына қатысушы (1917-1921 ж.)  459 нөмірлі қызыл партизан  куәлігі   1931 ж. 04 тамызда берілген суретінде  үлкейген шағында  түскен  бейнесі сірә,  Бақытжан Бисәліұлының соңғы  кезі болар. Ақтөбе қалалық  Кеңесінің  27.08.1929 ж. берген  анықтамасында Б. Қаратаевтың Қызыл Армия қатарында 01.02.1918-01.12.1919 ж. ж. аралығында болғанын дәлелдеп, жеңілдік берілгенін куәлік  дәлелдейді.

Балалары Аббас, Шәміл, Мұрат  та  әке жолында оқып -өніп елге қызмет етуге барынша  үлесін қосар ма еді, кім білсін егер, жаппай елде тазарту науқаны жүрмегенде. Үлкен ұлы Қаратаев Аббас (құжатта осылай) Бақытжанұлы 1893 ж. Қызыл гвардия және  Қызыл партизан отрядына  кіруге  ұсыныс еткен адамдардан әкесі Б.Б. Қаратаев,  Фатхулин Хусаин- туыстығы жоқ деп көрсетеді. Бұрын Оңтүстік Қазақстан (Шымкент)  облысындағы Бричмола кен басқармасында тау жыныстарының  технигі, Ақтөбе қ., Владимировская көшесі, 54-ші үйде мекендеген. Бұл мәліметтер 19.03.1933 жылғы.

 Ұлы Қаратаев Шәміл Бақытжанұлы 1899 ж. туған, 1920 ж. партия қатарында,   РКП (б) 5-ші Ақтөбе губерниялық  партия конференциясына  делегат болып сайланғанда  Темір уездік атқару комитетінің төрағасы атынан толтырған анкета  12.03.1925 ж. жазылған. Балалары Бақытжанның  ұлдары болған соң жазықсыз қудаланды. Оны әкесі көзі тірісінде көрмей кетті...

Ел есінде  қалатын тұлғалар санарлықтай, олардың есімі мәңгі сақталады. Облыстық атқару комитетінің  20.01.1967. ж № 16-2 шешімімен  Ақтөбе қаласында Б.Б. Қаратаевтың атына көше берілді.

 

 

Суреттер:

  1. Б. Қаратаев
  2. Б.Қаратаев 1931 ж.
  3. Суреті қолтаңбасымен
  4. Ұлы Аббас Қаратаев
  5. Қызыл партизан куәлігі

 

 

 

                                                                           Ақтөбе облыстық мемлекеттік 

                                                                           мұрағатының мұрағатшысы

 

А.Т. Шангереева

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Алғашқы интелегенттің бірі