Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 11:29, дипломная работа

Краткое описание

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды.

Содержание

КІРІСПЕ .3-5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6-19
1.2. Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы .20-22
1.3. Экономикалық өрлеу және оның себептері............................................23-25
ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы
2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы.........................................................26-35
2.2. Германия және Қазақстан Республикаларының қарым-қатынастарының дамуы.................................................................................................................36-48
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................49-50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................51-52

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Германия-мен-Қазақстанның-қарым-қатынасының-дамуы.doc

— 375.00 Кб (Скачать файл)

Білім беруде Қазақстан-Неміс ынтымақтастығының қоғамдық қоры Алматыда 1999 жылы Қазақстан-Неміс университетін КНУ құрды. КНУ-да оқу барлық студенттер үшін ақылы. Қазақстандағы Германия елшілігі 2 жыл бойы жетім студенттерге қайтарымсыз финанстық көмек көрсетіп келеді. Университеттің 11 студентіне жыл сайын университетте оқудың қүнының 50% стипендия төленіп келеді. Оқытушылар құрамы қазақстандық мамандардан құралған. Көпшілігі неміс және басқа үйымдардың бүрынғы стипендиаттары, шетелде оқыған. Қазіргі кезде Германиядан екі лектор жүмыс істейді. Бодо Лохман-экономика оқытушысы, Сириус Салими Асл-саясаттану оқытушысы. Қазіргі кезде КНУ үш жоғарғы оқу орны-әріптестермен тығыз ынтымақтасады: Циттау қаласындағы Герлитц, Шмалькальден қаласындағы университет, Митвайда қаласындағы университет. Жыл сайын жазда КНУ-дың 5 студенті Шмалькальден қаласында Халықаралық Жазғы университетте оқиды. Олардың тұру және транспорттық шығындарын немістік әріптестік университет қаржыландырады. КНУ өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында әр қызметкерлерге 400 доллар көлемінде қаржы бөліп отырады. КНУ-дың басты идеясы Германия мен Қазақстанның әріптестік қатынасын одан әрі дамыту болып табылады.

2003 жылы желтоқсанда  Қазақстан Республикасында ресми сапармен болған кезінде ФРГ канцлері Г.Шредер ҚР ғылым және білім министрлігімен ФРГ сыртқы істер министрі арасында Қазақстан-Неміс университетінің қызметі жөнінде мәлімдемеге қол қойылды [50].

Қазақстан Республикасының ФРГ-дағы елшісі- Қайрат Сарыбай. Осы 38-жастағы дипломаттың мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Ол Германия мен Қазақстан Республикасының арасындағы қатынастардың дамуына үлкен көңіл бөліп келеді. Қазақстанның дамуында және оның демокоратиялық, прогрессивтік XXI ғасырдың талабына сай болуына Германия және Қазақстан Республикаларының арасындағы қатынастардың жан-жақты дамуы үлкен үлес қосары анық.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Соғыстан кейінгі Германияның жағдайы адам айтқысыз нашар еді. Мемлекет түгелдей үгінді болып жатты, мемлекет болып өмір сүруден қалды. Қырғи-қабақ соғыс Германияны екіге бөлді. Европа мемлекеттері оккупациялаған аймақ олардың тірегіне айналуға тиіс болды. Батыс мемлекеттер репорация алуды тоқтатты. Өздерінің оккупациялаған зонасында ақша реформасын жүргізді. 1949 жылы Германия Федерациялық Республикасының конституциясы қабыгц шды. Бірінші сайлаудан кейін Христиан-демократ Конрад Аденуэр бастаған үкімет құрылды. 1951 жылы ФРГ территориясында оккупациялық режим жойылды. 1955 жылы ФРГ НАТО-ға мүше болды, ал 1957 жылы ФРГ Европалық Экономикалық Қауымдастықтың негізін салушылардың біріне айналды. ФРГ экономикасы тез қарқынмен дамыды. Оның қарқынды дамығаны соншалықты, дүниежүзі германдық «экономикалық керемет» туралы айта бастады. Азаматтардың өмір сүру жағдайы жақсарды. Алайда ФРГ Шығыс Германиямен шекараны мойындамады. Ол Шығыс көршілермен ешқандай қатынас жасамады. Бұл жағдай ФРГ-ның дүниежүзілік саясаттағы позициясын әлсіретті. Германияның социал-демократиялық партиясы осы саясатты қа іта қарауды үсынды. 1969 жылы ФРГ-ның концлері болып социал-демократ Вилли Брандт сайланды. Оның үкіметі жаңа шығыс саясатын жариялады. ФРГ жаңа шекараны мойындады, өзінің көршілерімен ГДР-мен қатынасы орнады. ФРГ-нің халықаралық беделі өсті. 70-жылдары басқа Батыс елдері сияқты ФРГ-да да мемлекеттің ролі туралы пікір-талас туды. Христан-демократтар мемлекеттің араласуын қысқартуды талап етті. Оларды ерікті демократтар қолдады. 1982 жылы ФРГ-нің канцлері болып христиан-демократ Гельмут Коль сайланды. ФРГ-да мемлекеттік шығындар, салықтар қысқартылды. 1989 жылы ГДР-да революция болып өтті. Оның барысында Берлин қабырғасы бүзылды. Германияның бірігуі жөнінде мәселе туды. КСРО, АҚШ, Ұлыэритания және Франция онымен келісті. 1990 жылы Германияның бірігуі жүзеге асты. Германия Демократиялық Республикасы Германия Федеративтік Республикасына барып қосылды. Қырық жыл бойы екі мемлекет болып өмір сүрген Германия біртүтас мемлекетке айналды. ГДР-дің ФРГ-ға қосылуы Германияның статусын өзгертті. Мемлекеттің территориясы 248 мың шаршы км-ден 357 мың шаршы км-ге дейін үлғайды. Халқының саны 63,5 млн-нан 80 млн. адамға жетті. 1995 жылы Германияда сайлау өткізілді. Сайлау барысында ХДС/ХСС коалициялары басымдылықпен жеңді. ФРГ канцлері болып герман бірлігін жүзеге асырушы Гельмут Коль сайланды. Енді Германия өзінің болашағын біртұтастықта, бірлікте көреді.

ФРГ Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 31 ж"елтоқсан 1991 жылы таныды. Екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы ақпанда орнады. Екі елдің арасында бұрыннан да қатынастар болғанмен, оның қарқынды жан-жақты дамуы Қазақстан дербес мемлекет статусын алған соң жүзеге асты. Екі мемлекет бір-бірімен өзара мүдделі тұрде қатынас жасайды. Германия Қазақстанның Батыс Европадағы стратегиялық партнері. Тәуелсіз Қазақстан Германиямен өмірдің барлық саласында жан-жақты қатынас жасай береді.

Қазақстанда қазіргі кезде 300 мың немістер тұрады. Сондықтан да мемлекет арасындағы қатынастар саяси, экономикалық, мәдени салаларды қамтиды.

Қазақстан мен ФРГ өздерінің екі жақты қатынастарын халықаралық үйымдарда, атап айтқанда БҰҰ-да және ( БСЕ дамытып келеді. Екі жақты қатынастың дамуының нақты дәлелі Алматыда «неміс үйінің» ашылуы және Фридрих Эберт қорының құрылуы болып табылады.

Қазіргі кезде біздің елімізде 100-ге жуық неміс және біріккен фирмалар жүмыс істейді. Соның ішінде ірілері: СП «Казгермунай», ТОО «Кнауф маркетинг Алматы», «БАСФ», БАУЭР» фирмаларының өкілдіктері, және авиакомпаниялар «Люфтганза» т.б. бар. Дипломатиялық қатынастар орнағалы бері Германия Федеративтік үкіметі финанстық және техникалық ынтымақтастықтың әртұрлі жобаларын жүзеге асыру үшін 100 млң евроға жуық қаржы бөлді.

Германия мен Қазақстан арасындағы товар айналымы 2004 млрд. евроны құрады. Қазақстан Германияға мұнай, металдар, химиялық өндірістің жартылай фабрикаттарын береді. Германияның Қазақстанға әкелетін импорты Ресейден кейінгі 2-орынды, экспорты 4-орынды алады. Қазақстан мен Германия арасындағы қатынас жүйелі тұрде өмірдің барлық саласын қамтып дамып келеді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І. Н.Назарбаев. Қазақстан президенттінің Қазақстан халқына жолдауы. Астана. Наурыз, 2005ж

2. К.К. Токаев Под стягом независимости. Алматы, 1997.

З. А.А. Ахтамзян. Федеративная республика Германия в конце ХХв. // Новая и Новейшая история. 1999. №4.

4. С.Н. Власов. ФРГ на пороге 90-х гг: Общество и проблемы. Киев, 1989.

5. М.Диманис. Партийно- полптическая  система Германии в 90-х гг. М.,1998.

6. Б.Е. Зарицкий. Людвиг Эрхард: секреты «экономического чуда». М.;1997.

7. К.Зонхаймер. Федеративная Республика Германия сегодня. М., 1996.

8. Л.Г. Истягин. Политический портрет  Г. Колья. М., 1995.

9. Х. Ламперт. Социальная рыночная экономика: Германский путь. М., 1993.

10. Л.П. Леволкина. Федеративная Республика Германия. 1949-  1969. Владимир, 1990.

11.С. Краузе-Бургер. Гельмут Шмидт: каким он видится вблизи. М., 1981.

12.И.Н. Кузьмин. Крушение ГДР: История. Последствия. М., 1996.

 ІЗ. Объединенная Германия в Европе и мире. М., 1994.

14. Б.С. Орлов. Политический портрет Герхарда Шредера. М., 1999.

15. А.М. Филитов. Германский вопрос: от раскола к объединению. М., 1993.

16. А.А. Фурман. О чем мечтают канцлеры. Киев, 1990.

17. А.А. Ахтамзян. «Объединение Германии, или Аншлюс ГДР к ФРГ» М, 1994.

18.Последний год  ГДР. М, 1993. Игорь Максимичев. Крушение. Реквием по ГДР Ханс Модров. Взлет и падение.

19.Актуальный проблемы новейшей истории. М.,1991

20.Казахстанская правда 1989. 21 март

21. А.П. Бутенко. Социализм как мировая система. М., 1984.

22. А.А. Кредер. Новейшая история ХХ века. М.,2000.

23.сонда -148б.

24.сонда -27б.

25.Г.К. Көкебаева Халықаралық  қатынастар тарихы. А.,1997

26.сонда -124б. .

27. А.А. Кредер. Новейшая история ХХ века. М.,2000.

28. Х.А. Шреплер Международные организации. М.,1995.

29. Германская история в новое и новейшее время. / Под ред. С.Д. Сказкина: В Т. 2 М., 1970.Т.1.

30. Л.Г. Истягин. Политический портрет  Г. Колья. М., 1995.

31. Деборин А.М. Очерки социально – политической мысли в Германии: конец XVII - начало XX века М., 1967.

32. Сонда

33. Саясат №7 2004.

34. Егемен Қазақстан 25 қыркүйек 2004

35. С.Н. Власов. ФРГ на пороге 90-х гг: Общество и проблемы. Киев, 1989.

36. Б.С. Орлов. Политический портрет Герхарда Шредера. М., 1999

37. Х. Ламперт. Социальная рыночная экономика: германский путь. М., 1993

38. История всемирной литературы М.,1990 Т.7

39. Жас алаш. 2002. 15 мамыр.

40. Егемен Қазақстан. 2004. 5 желтоқсан

41. Сонда

42. Новая и Новейшая история. 2001. №4.

43. К.К. Токаев Под стягом независимости. Алматы, 1997.

44.сонда

45.сонда

46.Саясат 1997 №5

47.Бастауыш мектеп 1999ж  ақпан.

48. сонда

49.Егемен Қазақстан 1994ж. 27 сәуір

50. Егемен Қазақстан 2003ж. қаңтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы