Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 05:03, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. қазақ ұлттық костюмдерінің композициялқ негізіндегі симметрия заңдылықтары қарастырылды және қазақ ұлттық киімдерінің безендірілетін элементтері топтастырылды.
Жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ұлттық костюмнің ерекшелігімен танысу және әйел адамның ұлттық костюмің модельдеу саласынан мәлімет беру.

Содержание

Кіріспе
І. Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі
1.1. Стиль және сән
1.2. Ұлттық әйел адам киімдерінің жіктелімі
1.3. Ұлттық костюмді өңдеу және киімді модельдеу
1.4. Ұлттық киімнің қазіргі заманға сай өзгеруі
1.5. Костюмнің композициялық шешімі
1.6. Костюмде ұлттық ою өрнектердің симметриялы заңдылықтары
арқылы құрастырылуы
ІІ. Костюмнің конструктивті - технологиялық өңделу барысы
2.1. Дене өлшемдері және адам дене құрлысының типтері
2.2. Костюмнің конструкциясы негізгі сызбасын құру
2.3. Костюмнің өңделу технологиясы
2.4. Костюмді сәндеп- безендіру техникасы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Гулзамира.doc

— 1.63 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

       Кіріспе

І. Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі

  1.1. Стиль және сән 

1.2. Ұлттық әйел адам киімдерінің жіктелімі 

1.3. Ұлттық костюмді өңдеу және киімді модельдеу 

1.4. Ұлттық киімнің қазіргі заманға сай өзгеруі

  1.5. Костюмнің композициялық шешімі 

1.6. Костюмде ұлттық ою өрнектердің симметриялы заңдылықтары

арқылы        құрастырылуы

ІІ. Костюмнің конструктивті - технологиялық өңделу барысы

   2.1. Дене өлшемдері және  адам дене құрлысының типтері

  2.2. Костюмнің конструкциясы негізгі сызбасын құру

   2.3. Костюмнің   өңделу технологиясы

   2.4. Костюмді  сәндеп- безендіру техникасы  

      

       Қорытынды

       Пайдаланылған  әдебиет

       Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Қоғам дамуы барысындағы материалдық, рухани, әлеуметтік талаптарға сай киім жиі өзгеріске ұшырап отырады. Киім адамның дүние-танымдық, эстетикалық талғамдарына жауап беру арқы-лы даралық айқындау қызметін атқарады, тұлғаның әлеумет.

         Сән үлгісінің әсерінен қазіргі өнер саласы саласы сияқты бүгінгі костюм үлгісі де әр түрлі көркем бейнелілік бағытымен сипатталады.

20 ғасырда нақты қалыптасып, бекіген  киім үлгісіндегі стильдік бағыт 21 ғасырда да өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Бұлар классикалық, романтикалық, спорттық және фольклордық стильдер .

          Сән ағымының өзгеруіне қарамастан,алдыңғы айтылған стильдер өткен жүз жылдықтың барлық кезеңінде  қолданылады.

         Стиль және сән - өзара байланысқан жүйе, олар бір-бірінсіз дамып, өрби алмайды. Әдетте, әр заманда бір уақытта бірнеше стиль өмір сүреді. Атап айтқанда, оларға ңолданыстан шьщқан, дәл сол кезеңде салтанат қүрған болашаң стильді қалыптастыратын элементтері бар стиль жатады. Әрбір елде басқа елдермен мөдени қарым-қатынас дәрежесіне қарай, саяси-әлеуметтік, әкономикалың дамуына, мәдениетінің оркендеу дәрежесіне байланысты коркемдік стильдің даму эволюциясы бар. Мысалы, Италияда мәдени гүлдену "Ренессанс" деп аталса, Германияда "кеш дамыған готика" деп аталады. Бүдан басңа да жоғары стильдер арасында микростильдердің де дамуы мүмкін, мысалы, «модерн» стилінде «ар нуво», «либерти» деген микростильдер болды, ал 1890-1900 жылдары «жаңа готика», «жаңа орыс», т.б. стильдер; «артдеко» стилінде (1920 ж.)- «орыс», «африкандық», «геометриялық» стильдер, т.б. болған.

XX ғасырда  киім үлгісінде классикалың, романтикалык, спорттық және фольклорлық стильдер қалыптасып, орнықңан. Өткен дәуірлердегі көркем стильдерге қарағанда аталған стильдер функционалдылығымен жөне костюмді

орынды пайдалануымен сипатталады.

Қазіргі заманғы сәндегі стиль көптігі ерікті түрде туды деп айтуға болмайды. Саяси оқиғалармен, адамзатты толғандыратын әлеуметтік мәселелермен байланысты туған стильдер дамып, қүндылығын арттыруда. Жаңа материалдардың жөне оларды өңдеудің түрлері жаңа стильдердің пайда болуына әсерін тигізеді.

XX ғасырда  сән мен костюмге айтарлықтай  эсер еткен ағым - эклектизм болды. Эклектиканың басты белгісі - стильдер қосындысы, мысалы, романтикалың пен спорттык стильдің үйлесімді байланысы.

Соңғы онжылдықтағы киім үлгісінде, әсіресе эклектика ағымы күшейді. Бүгінгі күнгі дизайнда дәстүрдегі қиыспайтын нәрселерді киыстыру әдісінің алатын орны ерекше. Жаңа стильдердің пайда болуы мен карқынды дамуына қарамастан, бүрынғыша көптеген өр түрлі сән мен сәндік стильді сапалылығымен жаулап алған «классикалық стиль» маңызын сақтап қалды.

          Жұмыстың өзектілігі. қазақ ұлттық костюмдерінің композициялқ негізіндегі симметрия заңдылықтары қарастырылды және қазақ ұлттық киімдерінің безендірілетін элементтері  топтастырылды.

Жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ұлттық костюмнің ерекшелігімен танысу және әйел адамның ұлттық костюмің модельдеу саласынан мәлімет беру.

        Жұмыстың міндеті. Қазіргі заманға сай ұлттық стильде костюм тіге  білу.

          Зерттеу объектісі. Қазақ ұлттық костюмдерінің композициялық негізіндегі симметрия заңдылықтары зерттелінді;

          Зерттеу субьектісі.  Зерттеу жұмысында алынған нәтижелердің теориялық мәселелерін толықтырып, қарастыру.

 

 

 

 

 

І. Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі

    1. Стиль   және  сән

     Стиль – бейнелік жүйенің ортақтығы, идеялық  мазмұнының бірлігі қамтамасыз етілген көркем  мәнерліліктің құралы, шығармашылық тәсілі. Әбір стильге өзіндік идеясы, тақырып бейнелері, композициялық тәсілдері тән.          Стиль -  грекше өрнек түсіретін  үшкір таяқша. Стиль классикалық, фольклорлық, романтикалық, спорттық болады. Классикалық стиль- тұрақты, өзгермейтін үлгілер. Романтикалық – бұл ұшқыр, қиял елесте, ізденістертобы. Спорттық- демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін   ыңғайлы  киімдер үлгісі. Стиль сөзінің астарында көркем идеялық мағынаға негізделген шығармашылық тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары, тарихи негізделген жалпы белгілер, тұрақты бейне жүйелері деген мағына жатыр. Осы ортақ белгілер сәулет өнерінде, костюм  үлгісінде көрініс тапқан.Әрбір ғасыр стиль, мәдениет, қоршаған   орта және киімнің, сәулет өнері  мен қолданбалы өнердің арасындағы байланыстың  міндетті түрде болуын талап етеді. Қоршаған ортадағы  заттар мен сәулет өнерінің  костюммен  үйлесімділігі  мәдениеттің стильдік белгісі болып саналады.  Негізінде, стильде сол заманға сәйкес  сұлулық идеялы көрініс табады.  Стиль жүйесінің  тұрақты:

  • Формальды;
  • Көркем-  бейнелі;
  • Әлеуметтік- психологиялық сипаттамалары бар.

Формальдылыққа   талапқа   сәйкес  силуэтті   сызықтар,   конструктивтік  және   композициялық  құрылым, орындау    техникасы,  декорациялық  және түстік өрнектеу  шешімі жатады.

Көркем-    бейнелі   сипаттама- адам   пропорциясы,  этникаалық  менталитетке  негізделген  сұлулық  типі  мен  идеалы жөніндегі   түсінік.

         Әлеуметтік- психологиялық аспект  адамың   мінез- құлқының, жас  ерекшеліктерінің  киім  үйлесімділігіне  сай  келуін  қарастырады. Әр бір ғасыр стиль, мәдениет, қоршаған  орта және   киімнің , сәулет өнері   мен қолданбалы  өнердің  арасындағы   байланыстың   міндетті  түрде  болуын   талап етеді. Қоршаған ортадағы   заттар  мен   сәулет   өнерінің   костюммен  үйлесімділігі мәдениеттің  стильдік боп саналады.  Стиль  қоймасы -  өз   идеяларын айқындауға   ұмтылған   суретшілер  тудырған бейнелер мен пішіндер.Әр бір   ғасырда  адамның  дене  бітімінің   эстетикалық   идеалы, пропорциясы мен  масштабы, түстің  және  геометриялық  пішіннің  көлемі  дамытылған.

           Қазіргі заманғы сәнді стиль көптігі ерікті түрде туды деп айтуға болмайды. Саяси оқиғалармен, адамзатты толғандыратын әлеуметтік мәселелермен  байланысты туған стильдер дамып, құндылығын арттыруда. Жаңа  материалдардың  және оларды  өңдеудің түрлері жаңа стильдердің пайда болуына әсерін тигізеді.

          XX ғасырда  сән  мен костюмге  айтарлықтай  әсер еткен ағым – эклектизм  болды. Эклектиканың басты белгісі  – стильдер қосындысы, мысалы, романтикалық  пен спорттық стильдің  үйлесім  табуы. Суретшілер  жаңашылдық  іздеудің   шексіз мүмкіндігін  қарастыруда.   Әлемдік   сән  мінбесіне  жібек  пен  қалың  жайма,  табиғи тері  мен  жұқа   шифон, қамқа  мен  қарапайым   ағылшын  твидін  киген, модельдер  көрсетілуде.

         Көркемдік  стильдер мен микростильдерден басқа «автор стилі», «шебердің  жеке стилі» деген ұғымдар бар.  Стиль – суретшінің жеке жұмысы, ол өз стилін жоққа шығаруы да мүмкін, оқшау, шектелген бағыттағы нақты авторлық  стилді ұстануы да мүмкін. Кутюрье стилінің шығармашылығы мен киім дизайнерлерінің («Шанель», «Кристиан Диор», «Баленсиага», «Курреж»,

 «Версаче», «Лакруа» т. б.) стильдері  өз ерекшеліктеріменен көзге  түсті. Зерттеушілердің айтуынша  стиль сәнге қарағанда тұрақты  әлеуметтік феномен, бірақ қазіргі  қоғам үшін сәннің маңызы өте зор.

          Сән  қоғамдағы барлық  мәдени көріністерге  қатысып, олардың  дамуына байланысты  өзгеріп отырады.Әр еуропалық  тілде сән – мода сөзінің  аналогі бар: латынша «modus» (өлшем, јдіс, ереже), французша «mode», итальянша  «moda», немісше «mode», ағылшынша «mode» және «fashion». Сән – мәдениет пен өмір аясында уақытша билік құратын талғам. Бұдан басқа да бұл сөзге көп анықтама беруге болады.

        Сән – белгілі  бір қоғамдық ортада қандайда  бір көзқарастың, тұрмыстық сырт  пішінге, әсіресе, костюмге қысқа мерзімді үстемдігі.Сән – бұл айрықша әдіс, бейне, әлеуметтік ақпаратты өңдеудің өлшемі.Сән – адам тіршілігінің өнердегі, тілдегі, киімдегі мезгілдік өзгерістері. Ол көп жағдайларда іс- қимылдың таңдалымды объектісінің мерзімді өзгеруіндегі жаңа бейнесі ретінде көрінеді.Сәндік өзгерістер өздерінің айқын ашық үстемдігіне қарамастан ұзақ сақталмайды, өйткені адам баласы әр уақытта жаңалыққа, түрленуге  ұмтылады. Сәннің ауысып отыруы, өмірдің тынысы тәрізді, ырғаққа бағынышты. Сәнді киімге әр түрлі себептер, мәселен, көркем бағыт та, әлеуметтік оқиғалар да, тоқымашылардың экономикалық қулығы да, ұрпақтардың қақтығысы да, өткенге деген сағыныш та әсерін тигізеді.Өткен ғасырларда костюмдегі өзгерістер өте баяу өтетін, сәннің үлгілері ондаған немесе жүздеген жылдар бойы өзгеріссіз қалып отырған. Киімнің негізгі пішіні мен конструкциясы өз қалпында болып, тек аксессуарлары, матасы, жаға – жеңнің  әшекейлері түрленіп отырған. Бүгінгі күнгі сәннің өміршеңдік айналымы өте қысқа. Үстем  стильдің аясында жаңа идеалар туындап, жаңа сән үлгілері күшіне еніп, көркемдік ерекшеліктерін шыңдап, өзінің ізашарын ақырындап  ығыстыра бастайды. Ал үш – төрт жылдан кейін шыңына шығады және сол шыңда бес жылдай үстемдігін ұстайды. Сәннің ішінде әртүрлі вариациялар, ұсақ – түйек өзгерістер, «бір сағаттық калифтер» туындап отырады. Бірақ сән өзіндегі барды толығымен шығармай өзінің негізгі бағытын өзгерпейді.Жаңа сән үлгілерін халыққа жеткізіп таратушы – актерлар, музыканттар, сән экстремистері, элита, яғни, танылған сәнқұмарлар. Жаңа сәнге үйрену мерзімі екі маусымға дейін созылады, содан күнделікті тұрмысқа еніп, келесі сән үлгілері оны ығыстырып, ескіше сәнге айналдырғанша өмір сүреді. Ал, едәуір уақыттан соң дәл осы сән үлгілері жаңа сапамен туындауы мүмкін. Әйгілі афоризмде: «Бес жылдан соң  жаңа сән ұсқынсыз көрінеді, жиырма жылдан соң – қызықты, ал елу жылдан соң – керемет ғажап көрінеді» деп айтылған.

          Өнертанушылар  сәннің әлеуметтік құбылыс ретінде  пайда болуын ежелгі орта ғасыр  дәуірінен, дәлірек айтқанда, XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың  жарты  жылдығының  басынан  басталады деп есептейді. «Сән» құбылысының шын мәнін түсіну үшін, оның  пайда болуы мен қызметінің терең механизмін ашу үшін қоғамда сәнді зерттеуге әлеуметтік жағдай жасалынды. XIX – XX ғасыр аяғында сән зерттеушілері оның шығуы мен дамуының әлеуметтік себептерін, сән қолданысының экономикалық және мәдени салдарын талдай келіп, оны әлеуметтік феномен ретінде қарастырды. Сәнді әр түрлі көзқарас тұрғысынан, атап айтқанда әлеуметтік психология, психологиялық талдау, нарық  капитализмінің экономикасы және мәдениеттану тұрғысынан зерттейді.     

          Көп  бейнелілік, плюрализм, постмодерннің  принциптік эклектизмі қазіргі  сән үлгісінде бұрынғыдай жалпыға  ортақ сән стандарттарының пайда  болуына әсер етті. Әр түрлі әлеуметтік топтар үнемі өзгеріп отыратын әрі сансыз көп сән стандарттары мен құндылық жүйелерін пайдаланады. Осылайша, өмір салтына, белгілі бір әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты «бір сән

үлгісінің» орнын «көп сән үлгісі» иеленді.Сән құрылысы келесі элементтерден тұрады:

-қимыл – қозғалыс пен мінез  – құлыққа үлгі немесе тәсіл  болған сәндік стандарттар;

-эстетика, идея, сөз олардың қасиеті  сияқты материалдық және материалдық  емес сән объектілері;

-сәндік стандарт немесе объектінің сәндік мағынасын жоғалтса «сәннен шығып қалатын» - сән маңызы немесе сәннің тұтастығы;

-сәндік стандартқа, объекті мен  құндылыққа бағытталған мінез  – құлық – сәнқойлардың  мінез – құлқы.

Қазіргі сән үлгілерінің қызметтері:

  1. инновациялық – көптеген мәдени модельдердің ішінен белгілі бір уақыт талабына екшеленген, өмір салтына лайық, жаңа мінез – құлыққа сәйкес жаңа сәннің енуі;
  2. регулятивтік – сән үлгісі бұрынғы  кезең  мен жақын кезеңнің арасын бөліп, регулятивтік – таяу болашақтағы сән үлгісін дайындайды;
  3. психологиялық – сән адам қиялы мен өзіндік ойының, жаңашылдыққа ұмтылуының психологиялық қажетін өтейді. Сән жұртшылыққа эмоциялық күш береді, дайын сән үлгілерін жеке адам арқылы ұсына отырып, психологиялық әрекет жасайды;
  4. мәртебелік – сәндік стандартқа және жоғарға әлеуметтік топтарға – бекзаттарға еліктей отырып өз бойындағы кемсіну сезімдерін жеңе білуі;
  5. коммуникативтік – сәннің  қарым – қатынастық көпшілік бұқаралық қарым – қатынасқа жол ашуы;
  6. экономикалық – тұтыну саласында сән адамның мінез – құлқына әсер етсе, белгілі бір тұтынушылық құрылымының қалыптасуына ықпал жасайды;
  7. эстетикалық – көпшіліктің эстетикалық талғамын, қажеттілігін қанағаттандыру,  сәннің  нәтижесінде эстетикалық бағаға ие болу.

            Әр заманның, тарихи кезеңдердің киім формасы, тігілу түрлері, матариалы, түсі мен матадағы суреті біріге келіп өздеріне тән айқындалған киім стилін қалыптастырады. Десекте, сән әлеміндегі өзгерістер қалыптасқан силуэтті  өзгертпейді, тек жаңа үлгілер қосып, ұмытылған ескі үлгілерді қайта жаңғыртады.

          Негізгі  сән үлгісінің  жаңару кезеңі - Италия болып саналады.Кемелденген  киім түрін ойлап табуға үлес  қосқан Гректер мен Римдіктер. Олар ежелгі Эллада костюмдерін  драптап,оюлап безендіруді қолданған.1730-1750 жылдары өнерде,костюмде де рококо стилі орындалды. Әйелдер гардеробына ерлер костюміндегі бөлшектер өктемдік жүргізген. Матада ежелгі нақыш бейнеленсе алтын тігіс, қымбат тастармен әшекейлеу, әсемдеп безендіру жаңа үлгіде көркемдеу сәнге айналған. ХХ ғасырда түбегейлі өзгерістер аңғартылды. Біртіндеп драпировкаланған киімнің орнын тігілген киім басты. Онда киімнің жеңі, арқасы мен алдыңғы бойы шықты. Алғашқыда жең алдыңғы немесе артқы боймен бірге пішілсе, XIII ғасырда жең тұңғыш бөлек пішілді. Киім конструкциясының жетілмегендігінен ол кезде жең күндізгі ғана уақытқа киілген. Өйтпесе шешілмеген. Кейінірек застежканы ойлап шығарған кезден бастап жеңнің ұшын тіге бастады. Осындай жағдай жағаменде болды. Оны алғашында бұйыммен  біріктіріп тікпей, көйлектердің сыртынан бөлек таққан.

Информация о работе Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі