Құлдық қоғамдық кезіндегі эстетика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 15:37, лекция

Краткое описание

1. Эстетика тарихы.
2. Эстетикалық жорамалдар

Вложенные файлы: 1 файл

Семинар.docx

— 80.62 Кб (Скачать файл)

 Семинар №4

Семинар тақырыбы: Эстетикалық тәрбие мәселесі жеке тұлғаның дамуы.

Семинар жоспары:

  1. Тәрбиенің негізгі мәселелері.
  2. Жеке тұлғаның дамуы.

Тапсырмалар:

  1. №4 тақырып бойынша мектеп балаларына арналған эстетикалық ойындар;
  2. №4 тақырып бойынша  схемамен жұмыс;
  3. №4 тақырып бойынша көпнұсқалы тест сұрақтарын құру;

Семинар мәтіні

  1. Тәрбиенің негізгі мәселелері

Эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу – көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек. Эстетикалық сезім дегеніміз – өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы.

Эстетикалық сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезіміне тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп, сезіну оның эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі – сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-сезіне білуге тәрбиелеу баланың дара қасиеттерін, барлық мүмкіндіктерін қалыптастырады.

Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады. Педагогтың балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.

Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық түсініктерді еркін меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы оларға білім беріп қана қоймай, тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, әрекеттілік қабілетін (интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала адекватты, өнімді және нәтижелі дамиды. Осыған орай көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мектеп алды мекемелерге қоятын міндеттері:

- Баланың  қиялын, эстетикалық сезімін, қабылдауын  жүйелі және биік мақсатқа  бағытталған түрде дамыту; өнердің  барлық түрі қажеттілік сияқты  сезімдерді тудырады;

- Баланы  өнер саласындағы әрекетке, алғашқы  көркемдік білімді игеруге және  көркемдік деңгейді бағалауға  баулу.

- Балалардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бала бақшалардағы көркемдік-эстетикалық оқу-тәрбие үрдісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты. Көркемдік-эстетикалық тәрбие жұмысын нақты, нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның мазмұнын әрбір жас ерекшелік талаптарын анықтап алу қажет.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың күнделікті өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсіне, бағалай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, одан ең жоғары рухани ләззат алуға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілік, тұлғалық келбетін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдік пен жексұрындықты, адамгершілік пен ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие барысыда тұрақты зейін салуды, күн сайын талапты күшейтетін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің ғана емес, сондай-ақ еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары да ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа деген бағамын анықтайды.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемділікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені оң қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады. Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Сонымен оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу-дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан- жақты үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде, ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының даму, білім алу, қалыптасуы құралына айналдырады.

  1. Жеке тұлғаның дамуы

Кең ой-өрістілік сөйлеу, іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын, бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның, ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т.б.

Оқушыны әсемдікке тәрбиелеудің, жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызмет те бар. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүнисінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, оның еңбегін тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің үрдісін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу, әсемділік қасиеттері бар әртүрлі өмірдегі қатынастар мен әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе-оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйе деңгейіне көтерліуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы-өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу ‒ адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен үрдісін танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ, әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйреніп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен талпынысын тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие-табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі ‒ эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал, кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады, әдемілікті сезу үшін, оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласы бойынша әрбір адамда түсінік, білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру-эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеруі қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, пайымдай және бағалай алады.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным-бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың аражігін ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге кіріккен эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тындаушы болуға баулу керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тындауға өте ынталы болады. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.

Эстетикалық тәрбиенің маңызы міндеті-өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша анықтау керек.

 Семинар №5

Семинар тақырыбы: Эстетикалық сезім және әсемдік.

Семинар жоспары:

  1. Эстетикалық талғам.
  2. Эстетикалық сана.
  3. Эстетикалық сұлулық.
  4. Эстетикалық мұрат.

Тапсырмалар:

  • №5 тақырып бойынша конспект  дайындау;
  • №5 тақырып бойынша  схемамен жұмыс;
  • №5 тақырып бойынша көпнұсқалы тест сұрақтарын құру;

 Семинар мәтіні:

Бұл эстетикалық көңіл-күй рухани эстетикалық қажетсінуді күшейтеді.

Эстетикалық талғам-адамның эстетикалық талғам тұрғысынан сұлулықты бағалай қабілеті.

Эстетикалық сана-көркемөнерді, болмысты эстетикалық идеал тұрғысынан бағалау.

Эстетикалық сезім, эстетикалық  талғам, эстетикалық бақылау, эстетикалық  қабылдау, эстетикалық құндылықтар мен көзқарастар, сонымен бірге осы жүйеге бейімделген ақиқат, адамгершілік, парыз, әділет сияқты ұғымдар да эстетикалық сипат алып, эстетикалық сананы айқындай алады. Эстетикалық сананы кәдімгі күнделікті тұрмыстық, я ғылыми санадан бір ерекшелігі-ол пайдакүнемдік пен тұтынушылық тұрғысындағы қызығушылықтан аулақ тұрады.

Эстетикалық сана нақты  көркем шығарманың эстетикалық құндылық бейнесін жасайды, адам бойында болашақ  бейнелерді топшылайды және оның эстетикалық  құндылыққа қатынасын қалыптастырады.

Эстетикалық пікір эстетикалық талғамнан туындайды, дәлелді, дәйекті негізделген эстетикалық баға береді.

Эстетикалық рахат күйі-әрқашан адамның көңіл-күйіне, жеке сезім байлығына, өмірлік білім-тәжірибесіне, рахаттану, эстетикалық ләззатқа бөленген заттың, құбылыстың, табиғат суретінің сипатына байланысты. Эстетикалық рахаттану екі ұдайы болғанымен (екіұшты: ұнайды, я ұнамайды, жақсы, я жаман), әрқашанда жақсы жағынан сипатталады.

Эстетикалық рахат сезімі адамды шығармашылық жұмысқа қанағаттандырады, бейімделуін арттырады. Көркем туындыға я болмысқа қатынасын күйіну-сүйіну арқылы білдіру күйін-эстетикалық рахаттану дейміз.

Адамның ішкі жан дүниесі  аккумулятор сияқты, зарядтап отырса, жарық пен жылу бөле алады. Эстетикалық  рахат сезімі өз жылуын эстетикалық бақылау (содержание) – жеке адамның өзіндік эстетикалық ұстанымдары бойынша көркем шығарманы, құбылыстарды, болмысты тікелей біртұтас бақылай алу, көре білу қабілеті.

Тікелей қабылдау барысында  назарына іліккен заттарды, құбылыстарды, шығармаларды өз бетінше бақылап, көріп өзі үшін оның эстетикалық құндылығын ашып, рахат табады. Бұл кезде адам мен оның жаны керемет демалады, бойына өмірлік маңызды рухани күш толады, белгілі бір энергия оттарын қабылдайды, тіптен өзіне сенімі де нығая түседі.

Информация о работе Құлдық қоғамдық кезіндегі эстетика