Француз әдебиеті классицизм дәуірінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 05:48, реферат

Краткое описание

Фарабидің ғылым мен өнердегі үлкен де кесек дүниесі — оның музыкасы. Ол ең әуелі музыканын, аса ұлы теоретигі саналады. Фарабидің музыка теориясын дамытудағы тарихтан алатын орнын анықтамастан бұрын, музыка теориясын бір жүйеге келтірудегі басқа ғалымдардың еңбектеріне тоқтала кеткен жөн. Музыканың біртұтас физика-математикалық теориясының іргетасын қалауда атақты грек оқымыстысы Пифагор және оның шәкірттері — Аристоксен, Гиппас және басқалардың еңбегі өте зор болған. Олар тәжірибеге сүйене отырып және өздерін «математиктерміз» деп есептеп музыканын, ең алғаш сандық-теориялық негізін жасаған.

Вложенные файлы: 1 файл

Фараби және музыка мәселелері.doc

— 170.00 Кб (Скачать файл)

Осыдан кейін ғалым  теориялық ғылым, теориялық музыка өнерін айрықша әңгімелейді: «Біз көздеген мақсатымыздың жетегіне еріп практикалык, музыка мәселелеріне едәуір тоқталдық. Енді теориялық музыкаға көшеміз, атап айтқанда, бұл тақырыпты өзіміз тағайындаған тұрғыдан баяндамақшымыз.

Өнердіғң қандайы болса  да, ол саналы, ақыли дарындылық екенін және ол дарындылық қалайша осылай болатынын жоғарыда көрсеттік. Ақыли дарындылықтар ішінде кейбіреулері белсенді, ал кейбіреулері ондай болмайды. Ешнәрсе тудырмайтын, шығармайтын белсенді емес қабілеттілік білу қабілеті деп аталады. Ал қандай өнердін, болса да оның теориясын меңгеру дегеніміз — бұл өнер мәселелерін ақылмен біліп, тану қабілеттілігін меңгеру болып табылады.

Білім (білу) деген сөздің бірнеше мағынасы бар, оларды басқа трактатта атап өткенбіз. Біз бұл жерде ол сөзге қарастырып отырған тақырыпқа сәйкес әр  түрлі мағына береміз, бірақ әр жағдайда оның қай мағынада қолданылғанын ескеріп отырамыз. Білім (білу) деген сөздің әр түрлі мағыналарын атауға болады, бірақ онда біз өзіміз қарастырып отырған мәселелерден ауытқып, оларға қатысы шамалы нәрселерге ұзақ тоқтауға мәжбүр болар едік. Біз бұл жерде білу және ғалым болу деген сөздерге берілген мағыналарды анықтаумен шектелеміз.  Білу — бұл бір нәрсені түсіну (ұғу), оның болмысынын, себебін ұғу, ол нәрсе басқаша емес, тек осындай болатынын түсіну деген сөз. Сонымен қатар бұл осы заттың, болу жағдайын (шартын) және оның  салдарын  логика  өнерінің «Талдау кітабына» сәйкес білу дегенді білдіреді. Сондай-ак, білім бұл мағынада оны ұғуды, түсінуді жеңілдететін және оған жол сілтейтін нәрселердің барлығын,  мысалы,  анықтамалар,  ұғымдар, белгілер, т. б. бір сөзбен айтқанда, «Талдау кітабында» (Фараби Аристотельдің «Герменевтика» деп аталатын логикалық шығармасын айтып отыр) айтылған индукцияның барлық элементтерін қамтиды. Білім деген сөз тек осы шарттарды қанағаттандырған жағдайда ғана ғалым болуды көрсетеді.

Сөйтіп, теориялық музыка өнері саналы, ақыли дарындылық болады, ол қабілеттілік музыканы білуді және оның біздің көңіліміздегі бұрынғы туған (жасалған) нағыз ақиқат бейнеге сәйкес мағынасын  қамтиды.  Бұл  салдарлар (білімдер) бізге музыканың мәнін, белгілерін және кездейсоқ қасиеттерін түсінуге мүмкіндік береді. Біз бұл жерде тондар және музыкалық композицияның осы сияқты басқа элементтері жөнінде тәптештеп толық айтып жатпаймыз, себебі онын, барлығы музыканы білу деген сөзден шығады. Шынында музыкалық шығарманың элементтері дегеніміз музыканы музыка ететін себептердің бөліктері болып табылады, сондықтан да біздің сөзімізде (анықтамамызда) ескерілмей қалған белгілер жоқ.

Біз айтып өткен нағыз  ақиқат бейнелер, тікелей және негізгі  принциптердің біздің қиялымыздагы елесі болып табылады, солардан барып білім шығады. Шынында, бір нәрсені білу, тек ілгеріде белгілі болған басқа нәрселерді білу негізінде жүреді. Ақыли дарындылық дегенде біз нені түсінеміз — оны түсіну оңай, ол әрекет-қимыл үстіндегі сананың (ақылдың) өзі болып табылады, ол дарындылықтың әрекет еткен мезгілінде ғана ойдағы әсері мен оянуы емес. Бүл дарындылық осы сөздің, ең кемеліне келген мағынасында ғана саналы, ақыли болады; ол санадағы бұрын пайда болған ниет-жоспарларды түсіну және белгісіз, қиын нәрселерді зерттеуге бағытталған өзінің қасиетіне лайық әрекет етеді. Міне, осындай ақыли, саналы дарындылық қана бізге белгісіз нәрселерді ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан да мұндай қабілет, жоғарыда біз айтқандай, ғылыми дарындылық болады. Мұны меңгеру дегеніміз — біз көрсетіп өткен жағдайда білімді болу деген сөз, ол белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз. Біз сөйтіп білім деген сөздің екі мағынасын араластырып қолданып отырмыз. Қорыта айтқанда, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белггсіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Бүл теориялық өнердің барлығына тән жәйт; бұлардың барлығында да теоретик алдын ала белсенді түрде білетін нәрселер болады және осы белгілі нәрселер мен саналы, ақыли дарындылыққа сүйеніп жаңадан ашылатын, танылатын нәрселер болады.

Теориялық дарындылық (қабілеттілік) екі түрде әрекет етеді: ол біздің бұрын білген, бірақ бүтіндей немесе жартылай ұмытқан нәрселерді есімізге салады, немесе ол біздің бұрын білмеген нәрселерді тануымызға мүмкіндік береді. Бұл дарын иесінің дарындылығы сыртқа шықпай тұрғандағы қызметін көрсетеді, егер дарындылық сыртқа шықса, онда ол теоретикке (дарын иесіне) өзінің білімін басқаға беруге, сондай-ақ егер оған жеткілікті дұрыс дәлелдер табылса, басқа теоретиктердің қатесін түзетуге мүмкіндік береді. Музыкалык, шығармалар екі түрлі болатынын айттық, музыкалық теория осы екеуін де қарастырады. Музыкалык, шығарма түзетін элементтерді ретіне қарап ажыратып беруге болады. Олардын, әуелгілері екіншілерін тудырады, ол екіншілері үшіншілерін тудырады, т. б. сол сияқты біртұтас музыкалық шығарма жасалғанша жалғана береді. Музыкалық шығарманы поэмамен салыстыруға болады. Поэзияда фонемалар бастапқы элементтер болады, олар сабаб, валад (Буын аттары болуы мүмкін.— А. К.) сияқты негіздер түзеді. Бұл негіздерден өлеңдер буындары түзіледі, олардан барып өлең құрастырылады. Музыкада бастапқы элементтер — тондар, олар поэзиядағы фонеманың қызметін атқарады, бірақ музыкалық шығарма басқа да аралық элементтерді қамтиды, олар туралы мен бұл жерде айтып жатпаймын. Тондардың көмегімен әр түрлі дәрежелі ащы немесе ауыр және басқадай дыбыстарды естуге болады. Осы нәрселердің бәрі де өнердің осы түрінің бастапқы берілгендері болып қарастырылады да, олардың жүйелері (салдарлары) зерттеледі, одан кейін екінші реттегі берілгендерге көшеді, содан кейін олардың жүйелері зерттеледі, бұл зерттелу музыкалық шығарма және оған байланысты нәрселерді толық қарастырғаннан кейін барып аяқталады. Мұндай процесс поэзияда да болады. Тондар, мелодиялар және оларға байланысты нәрселердің барлығын, олардың сезімдегі әсерінсіз, көрінісінсіз-ақ өз бетімен қарастыруға болады немесе оларды сезімде қабылдауға арналған нәрселер ретінде қарастыруға болады. Біз бұл жерде музыкалық теория оларды екінші мағынада,  яғни сезімде қабылдауға арналған нәрселер ретінде қарастырады деп келісіп алайық. Адамның сезім-түйсіктері табиғи немесе табиғи емес болып келеді. Табиғи жағдайда ол өзіне тән аяқталғандықты білдіріп, белгілібір рақат таптырады. Табиғи емес сезім жағдайында қапалықты туғызатын белгілі бір жетімсіздік байқалады. Сөйтіп, сезімнің кемелдігі рақат, ал кемелсіздігі реніш-қапалықты туғызады. Сезімнің табиғи болуы дегеніміз оның ең жақсы болуы деген сөз. Сондықтан да сезімді қарастырғанда үнемі осыны еске алады.

Кейбір білімнің түрлерінде қарама-қарсы жәйттер  берілгенде бір-бірімен барабар, қатар  алынып қарастырылады. Мысалы, арифметикада жұп және тақ сандарды қарастырғанда оларды бір-бірінен артық қоймайды. Ал басқа бір ғылымдарда қарама-қарсылықтың бір жағына баса мән бсріп, екінші жағын қосалқы түрде зерттейді. Негізінде музыка теориясында біздің құлағымыз қабылдайтын табиғи және табиғи емес сезімдердің барлығын бірдей қарастыруға болады, алайда, оның негізгі объектісі, пәні табиғи се-зімдер болып табылады, қалғандары қосалқы, жанама болады. Бұл тұрғыда ол жаратылыстану сияқты мұның негізгі объектісі, пәні денелердің мәні, табиғи қасиеттері болып саналады.

Музыкалық теорияныц ең басты  объектісі, пәні - музыкалык мәндер болып табылады, олар  табиғаттан тікелей алынуы мүмкін немесе адам   баласының өнерінің  жемісі (өнімі) болып келуі мүмкін. Теоретикті музыкалық мәннің шығу тегі, яғни олар табиғаттың тікелей жемісі ме немесе өнердің жемісі  ме,  бұл  жағы  кызықтырмауға   тиіс. Дәл осындай жағдай арифметика мен   геометрияда   кездеседі, мұнда да зерттелетін мәндер екі түрлі, яғни табиғи немесе жасанды болып келеді, бірақ ғалымдар оған назар аудармайды. Жаратылыстану ғылымдарында зсрттелетін көптеген нәрселер жасанды болып келеді, алайда теоретик оларды табиғи деп санайды. Мәселен, дәрігерлер үшін саулық пен сырқат адамға тән жасанды нәрселер болып көрінеді, бірақ жаратылыстану мамандары үшін олар табиғи нәрселер. Математикада нәрселер абстракт тұрғыда қарастырылады деген пікір шатасудан туған. Осы себеті де музыка білу ғалымдар үшін міндетті емес. Шынында олардын, көпшілігі жасанды нәрселер, оларды тіпті табиғатта кездестіруге де болмайды.

Планеталар мен жұлдыздардың қозғалысы дыбыс туғызады, олар бір-бірімен үндес және үйлесімді деген пифагоршілердің пікірлері қате. Олардың бұл   гипотезасының мүмкін еместігі физика ғылымыпда дәлелденген; аспан шырақтары мен жұлдыздардың қозғалысы ешқандай дыбыс тудыра алмайды. Музыка теориясына қатысты нәрселердің барлығына дерлігі табиғатқа жат жасанды нәрселер болып табылады. Музыка бір мезгілде әрі практикалық өнер болады, мұнда берілгендер табиғи ма, әлде жасанды ма, оны деген бір сөзді өнердің әр түрлі түрі үшін қолданып жүр. Шыпында геометриядағы сияқты сәйкестік жоқ болса, бұл дұрыс емес. Геометрия, расында, бір мезгілде әрі теориялық әрі практикалық ғылым бола алады; медицина үшін бұл жарамайды. Өйткені геометрияда   мәндер ойда болу мүмкіндігіне (потенция) қарай қарастырады. Мұнда оны қолдану жөнінде мәселе тумайды, дегенмен бұл мәндердің кейбіреулері өнердің кейбір түрлерінде қолданылуы мүмкін, алайда олар іс жүзінде геометрия болады.

Осы сияқты белгілібір музыкалық мәндер музыкалық өнер деп аталатын, бірақ музыкаға ешбір қатысы жоқ өнердің түрлерінде қолданылатынын байқаймыз.

Фараби бұл жерде музыка ғылымын, теорияны оның практикасымен, яғни музыканы шығару, орындаушылық т. б. таза практикалық мәселелермен шатастырмау керектігін айтып отыр.

Фарабидіц ұғымынша музыка теоретигінің аса жетік композитор немесе музыкант — орындаушы болуы міндетті емес. Ол былай дейді: «Музыка барлық музыкалық мәндер немесе олардың көпшілігі тәжірибе, бірнеше рет қайталанған түйсік арқылы мүмкін болғандықтан теоретик өзінің табиғи дарынына немесе күнделікті машыққа (әдетке) сүйене отырып, гармониялық мәндердің қандай болатынын, олардың табиғи немесе табиғи еместігіне ой жүгірте алатын дәрежеге жетеді және табиғилардың өз ішінде қайсысының табиғилығы басым, қайсысының табиғилығы төмен екенін біле алады. Сонан кейіи барып ол барлық мелодияларды бірінен кейін бірін, барлық музыкалық шығармаларды немесе олардың көпшілігін талдайды және қайсысы табиғи, қайсысы ондай емес немесе қайсысының табиғилығы аздау екенін айырып біле алады. Енді оған музыка практикасын музыка шығара алатындай немесе шебер орындай алатындай дәрежеде меңгеру міндетті емес. Бұл басқа ғылымдар теоретиктерінің іс-әрекеттеріне ұқсайды».

 


Информация о работе Француз әдебиеті классицизм дәуірінде