Улттык ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 12:34, реферат

Краткое описание

Қазақ халқында ұлттық ойындар түрі өте көп. Және де олардың көбісі спорттық сипатқа ие. Алайда, өкінішке қарай, бүгінде ұлттық спорт түрлерінің бірқатары естен шығып, ұмытылып бара жатыр. Рас, еліміздің кейбір аймақтарында Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындарымыз еске алынып келеді. Бірақ жалпыхалықтық сипатта емес. Осыған орай, бүгінгі тақырыбымызда ұмытылып бара жатқан спорттық сипаттағы ұлттық ойындарымызды қайта саралап шыққанды жөн көріп отырмыз.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақ халқында ұлттық ойындар түрі өте көп.docx

— 16.49 Кб (Скачать файл)

Қазақ халқында ұлттық ойындар түрі өте көп. Және де олардың көбісі спорттық сипатқа ие. Алайда, өкінішке қарай, бүгінде ұлттық спорт түрлерінің бірқатары естен шығып, ұмытылып бара жатыр. Рас, еліміздің кейбір аймақтарында Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындарымыз  еске алынып келеді. Бірақ жалпыхалықтық  сипатта емес. Осыған орай, бүгінгі  тақырыбымызда ұмытылып бара жатқан спорттық сипаттағы ұлттық ойындарымызды  қайта саралап шыққанды жөн көріп  отырмыз.

«Аударыспақ». Қазақ  халқында кеңінен тараған ойын болатын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке  шығып, бірін-бірі аттан аударып  тастауға тырысады. Түсінікті тілмен айтқанда, спортшылардың ат үстіндегі  күресі деуге болады. Оған 18 жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны  жөн. Аударыспақтың ережесі бойынша  қатысушылар салмақтарына қарай  үш топқа бөлініп, күш сынасады. Әрі  оспадарлыққа, жұла қашуға, қамшымен бір-бірін  салып қалуға, қол қайыруға болмайды. Бұл ойын ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап етеді.

«Арқан тартыс». Бұл ойынды жазда да, қыста да ойнауға болады. Жазда көгалда, қыста  қар үстінде. Ол үшін ұзындығы 8-10 метрлік  екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның дәл ортасына белгі ретінде  қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына  қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі  берілгенде, арқанды өз жағына қарай  тартады. Қай топ арқанды тартып алса, сол жақ ұтады.

«Мойын арқан». Оны  «жаяу тартыс» деп те атайды. Бұл  – екі жігіттің арқан тартысы. Бірақ мұнда екі ойыншы бір-біріне арқасымен тұрады. Иықтарына жіп  іліп, оны қолтық астына өткізіп  жіберуі тиіс. Жіптің шеті байланған, ортасынан түйілген болуы керек. Белгі берілісімен, ойыншылар бір-бірін  бір мезгілде өз бағыттарына қарай  тарта бастайды. Қарсыласын белгіленген  межеден тартып алған ойыншы жеңімпаз атанады.

«Теңге ілу». Жерде  жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық  тәжірибені талап етеді. Теңгені  жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен  шауып келе жатып, қолындағы қылышымен  жерде жатқан тезекті түйреп алып, көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан  қылышымен екіге бөліп, шауып  түсіретін болған. Сонымен теңге  ілу спортында жерге тиындарды  шүберекке түйіп қояды да, оны  шабандоздар 30-40 метрден шауып келіп, іліп әкету керек. Алайда нысанаға жақындағанда, аттың шабысын өзгертуге болмайды.

«Қыз қуу». Ол –  ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл  ойынның ережесі жасалып, бір  жүйеге келтірілді. Қазақстанда «қыз қуудың» алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілген екен. «Қыз қуу» жарысында  атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен  шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, бетінен сүюі керек. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.

«Тауық күрес». Күресетін  екі жігіттің бір аяғын, бір қолын  бүгіп, мата белбеумен байлап тастайды. Егер оң қолы бүгулі болса, сол аяғын; сол қолы бүгулі болса, оң аяғын байлап тастайды. Сонда күресушілер бір  қол, бір аяқпен күреседі. Күресушілерді  ортаға сүйемелдеп әкеліп, ұстастырады. Қайсысы жығылса, сонысы ұтылады.

«Домалақ-ағаш». Тереңдігі 10-20 см шұңқыр, таяқ және кішкентай ағаш доп керек. Сөйтіп, бір спортшы  қолындағы таяғымен қорғаушының  рөлін атқарса, екіншісі кішкентай  допты таяғымен шұңқырға қарай қуғыштайды. Қорғаушы оны шұңқырға түсірмеуге тырысады. Негізі, ойын кішкене шар шұңқырға түскенше жалғасады. Бірақ бүгінде  бұл ойынды уақытпен ойнауға болады.

Міне, бүгінде ұмыт қалып бара жатқан спорттың бірнеше  түрін таныстырып өттік. Бірақ бұл  ойындардың ережелерін заман талабына сай өзгертпесек, асыл қазыналарымыз  сол күйі мұрағат болып қалып  қоюы мүмкін. Сондықтан осы ойындарымызды  ұлттық нақышын жоғалтпай, бүгінгі  күнге лайықтап қайта жандандыру керек сияқты.


Информация о работе Улттык ойындар