Бейнелеу өнерінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 09:10, реферат

Краткое описание

Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Бейнелеу өнері негіздері әдістемесінің тарихы
2 Бала–бақша жас топтарындағы құрастыру мазмұны
3 Құрастыру жұмысы бойынша сабақ конспектісі (орта топ)
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Бейнелеу өнері.docx

— 117.02 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

0101000 «Мектепке дейінгі  тәрбие және оқыту» мамандығы

Пән: Бейнелеу өнері негіздері оқыту әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           Орындаған: Кенжебекова А.К.

                                                                            Тексерген: Жылкышыбаева Г.Қ.

 

 

 

Өскемен, 2014

ЖОСПАР

8-нұсқа

КІРІСПЕ

1 Бейнелеу өнері негіздері әдістемесінің тарихы

2 Бала–бақша жас топтарындағы құрастыру мазмұны

3 Құрастыру жұмысы бойынша сабақ конспектісі (орта топ)

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.

Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.

Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бейнелеу өнері негіздері әдістемесінің тарихы

Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуы, 20 ғасырдың 60 жылдарында педагогикалық институттардан «бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындаумен тығыз байланысты. 1964 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педпгогика институтында, республикада алғаш рет «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау қолға алынды. Бұл 1969 жылға дейін еліміздегі бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдерін дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болды. Кейіннен де бұл оқу ордасы, көшбасшы қызметін атқарып, көлемді әдістемелік іс – шараларды атқаруымен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосты.

Бұл оқу орнының алғашқы түлектері, Қазақстанның басқа қалаларындағы педагогикалық институттарынан «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау үшін арнайы кафедра ашудың инициаторлары болып, бейнелеу өнері мен сызу пәнінің болашақ мұғалімдерін дайындауға кең көлемде үлес қосты. Мұнан соң 1969 жылдардан бастап Шымкент, Семей, Тараз педагогикалық институтарынан ашылған көркемсурет және графика факультеттерінің түлектері Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына мол ықпал етті.

21 ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы өнер туындыларын бейнелеу өнері сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда қолдану, ұлттық өнер арқылы оқушыларға көркемдік білім беру идеясы қалыптаса бастады. 1970 жылдардан бастап республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп» журналдарында бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне байланысты Х.Канның, Ж.Балкеновтың, Қ.Ералиннің, Ә.Қамақовтың мақалалары жариялана бастады. Бұл еңбектерде қазақ бейнелеу өнері шығармалары мен сәндік қолданбалы өнер туындыларын бейнелеу өнері сабақтарында қолдану арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру және көркемдік білім беру әдістері бойынша талдаулар берілді.

Х.Канның, Ж.Балкеновтың еңбектерінде қазақ халқының «түйе табан», «қошқар мүйіз» ою-өрнектерін бейнелеу өнерінің сәндік сурет салу сабақтарында қолдану жолдары айқындалды, оларды салу кезеңдері көрсетіледі.  Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің жасаған, тұрмыста қолданылатын бұйымдарын оқушыларға таныстырудың әдіс-тәсілдері қарастырылды.

70 жылдары жарық көрген Қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде Қазақстанның халық суретшілері Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, А.Ғалымбаеваның, Х.Наурызбаевтың, Г.Исмайлованың, С.Мамбеевтің, М.Шаяхметовтың, С.Романовтың, Е.Сидоркиннің, Н.Нурмухамбетовтың, К,Барановтың шығармаларын сабақта оқушыларға таныстыру барысында көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру, кеңістік туралы түсініктерін қалыптастырудың әдістері ашып көрсетілді. Бейнелеу өнерінің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, заңдылықтарын оқыту мәселелері қарастырылды. Сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларына Қазақстанның даңықты суретшілерінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу – тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырудың мазмұны, формасы мен әдіс тәсілдері берілді.

Осы кездегі жарияланған Ә.Қамақовтың қазақ сәндік қолданбалы өнеріне байланысты еңбектерінде, суретші – педагог қазақ қолөнерінің түрлерін, оның тарихын, қолданбалы өнер бұйымдарын жасау технологиясын оның ою-өрнектерін талдау әдістерін көрсетеді. Ою-өрнектердің геометриялық, зооморфтық, өсімдік тектес, аспан әлеміне ұқсас түрлері болатындығына түсініктер беріп, оларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейнелеу әдістеріне талдау жасаған..

Республикалық ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарық көрген Ұ.Ибрагимовтың еңбектерінде мектепке дейінгі жастағы балаларға бейнелеу өнерін үйретудің жолдары көрсетілді. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті мен айналысудың ерекшеліктері анықталып, ұлттық бейнелеу өнері туындыларының жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны анықталды.

Осы жылдарғы ғалым-педагог Қ.Әміргазиннің жарыққа шыққан еңбектерінде, оқушыларға сабақта немесе сабақтан тыс уақытта қазақ халқының теріні көркем өңдеу мәдениетімен таныстыру, көркем үйірме сабақтарында теріден қарапайым бұйымдар жасауға жастарды үйрету мәселелері қозғалады. Осы жұмыстарды жүргізудің бағдарламасы беріліп, оны оқыту әдістемесі айқындалады.

Суретші – педагог Е.Асылхановтың алғашқы еңбектерінде қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің материалдарын оқу-тәрбие жұмыстарында қоладнудағы сабақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Ұлттық қолөнерді балабақшада, бастауыш мектепте, жоғары сыныптарда, арнаулы оқу орындарында, жоғары оқу орындарында қолдану ерекшеліктері айқындалып, оқу бағдарламасы ұсынылады, оқыту әдістемесі берілді. Сонымен қатар ол ұлттық тоқыма бұйымдардың көркемдік ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды орындау технологиясына назар аударды.

Суретші-педагогтар Д.Садығалиев, Қ.Ералин осы кезде сәулет өнерінің туындыларын жалпы білім беретін орта мектепте қолданудың ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оның бағдарламасын жасап, әдістемелік нұсқауларын дайындады. Оқушыларға көне сәулет ескерткіштері Ахмет Ясауи, Арыстан-баб, Ибрагим ата, Қарашаш ана, Айша-бибі, Қарахан үлгілерін таныстырудың әдіс тәсілдерін айқындады. Оқушыларды сәулет өнерімен таныстыру барысында, оның тарихына, конструкциялық құрылымына, ою-өрнектері мен қайта жөндеу технологиясына, туристік нысан ретіндегі мәніне назар аудару қажеттігін көрсетті.

20 ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуы, оқушыларға ұлттық білім мен тәрбие беруге арналған бейнелеу өнері пәнінің оқыту бағдарламаларының жарық көруімен, көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру қызметінің теориялық мәселелерін зерттеудің басталуымен, педагогикалық институттардағы көркемсурет графика факультеттерінің оқытушыларын КСРО педагогика ғылымдары Академиясына, Мәскеудегі мемлекеттік педагогикалық институтындағы көркемсурет-графика факультетіне болашақ суретші педагогтарды дайындайтын оқытушы-профессорлар құрамының білімін-жетілдіру курстарына, аспирантураға, стажировкаға жіберумен сипатталады.

1977 жылдан бастап Қазақстанның жоғарғы жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылар Мәскеудің жоғарғы оқу орындарына білімін көтеруге жіберу бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуындағы елеулі оқиға боды. Аталған оқу орындарында суретші-педагог ғалымдар дайындала бастады. Олар КСРО педагогика ғылымдары академиясының академиктері педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Суздалев, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Б.П.Юсов, Е,В,Шорохов, Т.Я.Шпикаловтардан дәріс алып өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптарын анықтады.

80 жылдары Қазақ ССР Оқу Министрлігі бекіткен бейнелеу өнері пәнінің жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасы (авторы Ә.Қамақов, М.Кенбаев) жарық көрді. Бағдарламада оқу материалдары жазықтықта бейнелеу, композиция, жапсыру, сәндік сурет салу, өнерді қабылдау сияқты оқу мәселелері айқындалды. Оқу материалдары әрбір сыныпқа бөлініп, әрбір сыныптағы оқушының меңгеретін білімдері, іскерлік пен дағдыларының көлемі айқындалады. Бағдарламаға қосымша ретінде сабақтардың үлгі тақырыптары мен жоспарлары берілді.

Бағдарламада қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін және ұлттық бейнелеу өнері шығармаларын оқу-тәрбие мақсатында сабақта қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Осы кезеңде мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшаларда сурет өнеріне баулу мақсатын көздейтін бағдарлама (авторы Ұ.Ибрагимов) жарық көрді. Бағдарламада жазықтықта бейнелеу, жапсыру, аппликация, шығармашылық іс-әрекет түрлеріне үйретудің тапсырмалары берілді. Бағдарламада балаларға шығармашылық іс-әрекетті меңгерту, безендіру қызметін үйрету, өнерді қабылдау, табиғат пен өнердегі әсемдікті түсіне білуге үйрету міндеттері қойылды. Бұл суретті оқыту әдістемесінің дамуындағы, балабақшаларда балаларды сурет өнеріне үйретуге арналған ұлттық көркемдік талғамға оқушыларды тәрбиелеуге арналған бағдарлама болуымен сипатталды.

80-90 жылдардағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуында ғалым пелагогтардың бейнелеу өнерін оқытудың психологиялық – педагогикалық мәселелерін зерттеуге баса көңіл бөлумен ерекшеленеді. 80-90 жылдар аралығындағы педагог – ғалымдар Ә.Қамақов, Қ.Ералин, Ж.Балкенов, Қ.Әміргазин, Б.Әлмухамбетов, У.Ибрагимов, Р.Мизанбаев, Е.Асылханов, Д.Садығалиев, М.Жанаевтардың бейнелеу өнерін оқыту саласында түрлі оқу мәселелерін зерттеу нәтижелері Қазақстанда бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуына қомақты үлес болып қосылды. Осы жылдардағы суретші-ғалым Ә.Қамақовтың қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін бейнелеу өнері сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытудың әдіс-тәсілдерін көрсеткен еңбегі, оқыту барысында тәрбие мәселелері тыңғылықты шешуге болатындығын теория жүзінде дәлелдеп, практикада көрсете білген еңбек болды.

Ғалым-педагог Қ.Ералиннің бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңестікті елестетуін қалыптастырудың теориясы мен практикасын айқындауға арналған зерттеулерінің нәтижесінде, оқушыларды кеңістікті бейнелеуге үйретудің бағдарламасы мен әдістемесін ұсынды. Оқушылардың кеңістікті елестетуін қалыптастырудағы қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің туындыларын таныстырудың, кеңістіктің түрлері, перспектива, композиция, жарық пен көлеңкеге тұстануға қатысты терминдер мен ұғымдарды оқытудың  әдіс-тәсілдерін айқындаған еңбек болды. Ғалым педагог Ж.Балкеновтың қазақ халқының ою-өрнектерін салу жолдарын оқушыларға үйрету барысында бейнелеу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру мәселесін зерттеу нәтижелерінде оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің жаңа мазмұнын, формалары мен әдістерін ұсынды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің Қазақстанда дамуындағы елеулі кезең Ұ.Ш.Ибрагимов, Қ.К.Болатбаев, Б.А.Әлмұхамбетов, З.Ш.Айдаровалардың авторлық тобының жазған тұңғыш рет «Бейнелеу өнерінің» 1 сыныпқа арналған оқулығы Қазақстан Республикасы, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде бекітіліп, «Атамұра» баспасынан 1997 жылы жарық көруі болды. Осы авторлар тобы жазған 2-4 сыныптарға арналған «Бейнелеу өнерінің» оқулықтары 1998-2000 жылдар аралығында жарыққа шықты. 1997 жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»  бірінші сыныпқа арналған оқулығы төрт тараудан тұрады. «Сурет салып үйренейік»  деп аталатын бірінші тарауында бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтармен оқушыларды таныстыру заттар мен бұйымдарды бейнелеуде қажетті жарық пен көлеңкенің мәнін түсіндіру, қарындашты ұстау үлгілері, сызық түрлері, заттардың әр түрлі пішіндері, бояу түстері, композиция элементтері, өрнектермен таныстыру, өрнек түрлері, бейнелеу өнерінің түрлері мәселелерін қарастырады. Екінші тарауда табиғат құбылыстары ертегі бойынша сурет салу, натюрморт салу, өрнек құрастыру, құстарды мүсіндеу, қағаздан әр түрлі бұйымдарды құрастыру, жаңа жыл ойыншықтарын бейнелеу көзделеді. Үшінші тарау «Байқайық, талдайық, бейнелейік» деп аталады. Онда қыс туралы сурет салу, халық өнерімен танысу, үй жануарларын мүсіндеу, адам келбетін салу жолдарымен танысу, ертегі бойынша сурет салу, натюрморт суретін салу жолдарымен танысу қарастырылады. Төртінші тарауда «Сезейік, білейік, бейнелейік» деп аталады. Бұл тарауда оқушылар көктем көріністері, ғарыш, сәулет өнері туралы түсініктер алып, табиғат аясында сурет салумен танысады. Жалпы алғанда бірінші сыныпқа арналған «Бейнелеу өнері» оқулығы бейнелеу өнеріне кіріспе міндетін атқарып, өнердің ерекшеліктерін, айқындауға көмектеседі.

Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Бейнелеу өнерінің» 1998 жылы жарық көрген оқулығы (авторлары Ұ.Ш.Ибрагимов, Қ.К.Болатбаев, Б.А.Әлмұханбетов, З.Ш.Айдарова); кіріспеден, төрт тараудан тұрады.Бірінші тарауда жазғы табиғатты бейнелеу, мультфильм суретшісі болайық, мүсіндеу, ертегі кейіпкерлерін бейнелеу, дизайн материалдары берілген.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің негіздері