Delphi программалау ортасында графикалық компоненттерді пайдалану әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 18:18, дипломная работа

Краткое описание

Жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сыныптарында информатика пәнін оқытуда, объектілік бағдарланған программалау негіздерін қарастырамыз. Object Pascal тілі – Delphi ортасындағы негізгі программалаушы құрал болып табылады. Бұл бөлімнің негізгі тақырыптарының бірі ішкі программалармен жұмыс істеу іскерліктері екендігі белгілі. Бұл тақырыпты меңгеру оқушыларға көбінесе қиындық туғызып отырады. Сондықтан теориялық мағлұматтар мен жаттығу есептерін тиянақты берудің оқу процесінде өзіміз қолданып жүрген тәсілін ұсынамыз.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………3
І. Графикалық мүмкіндіктер................................................5
1.1 Қозғалысты программалау………………………………5
1.2 Индикаторларды пайдалану…………………………5
1.3 Қарапайым графиктерді сызу әдістері…………………9
1.4 Функциялардың графиктері мен диаграммаларын сызу…………11
ІІ. Мультимедиялық мүмкіндіктер..…………………………12
2.1 Animate компоненті……………………………………………12
2.2 MediaPlayer компоненті…………………………………15
2.3 Дыбыс шығару. Дыбысты жазу.………………………………….....16
2.4 Видеороликтер мен анимацияларды көру………………………19
2.5 Анимацияны құру……………………………………………………20
III. Объектілі- бағдарлы программалаудың элементтері.………… 23
3.1 Объектілі-бағдарлы тәсілдердің негіздері..………………………23
3.2 Protected және private нұсқаулары……………………………27
3.3 Полиморфизм және виртуалдық әдістер………………………27
3.4 Қолданушының компоненттерін құру…………………………28
Қорытынды…………………………………………………………………38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………39
Қосымшалар………………………………………………………………40

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Delphi-программалау-ортасында-графикалық-компоненттерді-пайдалану-әдістемесі.doc

— 761.00 Кб (Скачать файл)

1.TPersistent класы өзінің  Tobject - алғы буын мүмкіндіктерін ұлғайтып, берілгендерді файлда сақтау, файлдан оқу  әрекеттерін “орындай” алады, нәтижесінде оның барлық туындылары аталған әрекеттерді “орындайды”. 

2.TControl  класының бірнеше қасиеттерін қарастырайық. Мысалы,  Align - тегістеу тәртібін орнатады,  Caption - компонентің бетіне жазу шығарады, Color - компонентің түсін анықтайды, Enabled - компонентің екпінділігін көрсетеді және т.с.с. Бұл класс көптеген әдістермен қамтылған. Олардың арасындағы бірнеше әдістерді атап шығайық: Click- сырт еткізудегі оқиғаны өңдеуші үзіндіні шақырады, DblClick - екі рет сырт еткізудегі оқиғаны өңдеуші үзіндіні шақырады, Hide - копонентті жасырады, Show - компонентті көрсетеді, Refresh - компоненттің бейнесін  қайтадан сызады және т.с.с.  Оқиғалары: OnClick, OnDblClick және т.с.с.

 

3.4 Қолданушының компоненттерін құру

 

Визуалдық  компоненттерді қолданудың негіздері.

Визуалдық компоненттер жиынағының  (VCL) құрамындағы барлық компоненттердің алғы буыны ТControl класы деп саналады.  Осы класс компоненттің    мекен – жәйын, мөлшерін, оның тақырыбын, түсін және басқа да сипттамаларын қамтиды. Сипаттамаларымен  бірге аталған класқа барлық визуалдық компоненттердің ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері жатады. Визуалдық компоненттерді екі үлкен топқа бөлуге болады: терезелік және де терезелік емес.

Терезелік компоненттер -  белгілі бір қажеттілікке арнайы даярланған  терезе. Оларға командалық батырмаларды, редакторлау терезелерін, қарап шығу белдеулерін және т.с.с жатқызуға болады.  Терезелік элементттер  TWinControl (Tcontrol класының  туындысы) түріне жатады. Терезелік элементттерге фокусты беру төменгі екі әдістің біреумен орындалады:

  • Редакторлаудың көрсеткіші арқылы;
  • Төртбүрыштың көмегімен.

Edit  және Memo - ге фокусты бергеннен (пернелер тақтасымен байланыстырғаннан) кейін енгізу жолында редакторлау көрсеткіші жыпылықтап тұрған тік сызық түрінде  пернелер тақтасынан символды енгізетін  позицияны көрсетіп тұрады. Осы көрсеткішті   жылжыту пернелер тақтасындағы көрсеткішті басқару пернелерінің көмегімен орындалады.

Мәліметті редакторлау  әрекеттерімен байланыспаған компоненттерге фокусты бергенде, көрсеткіш қара төртбырышпен  бейнеленеді. Мысалы,  төртбүрыш Button  батырмасының сыртында орналасады, ал ListBox  тізімінің таңдалған бір жолын белгілеп (бұл жол басқа түспен боялады, мысалы көк түспен ) тұрады.

Терезелік емес басқару элементттерінің негізі болып TControl - дың туындысы TGraphicControl түрі саналады. Терезелік емес басқару элементттеріне фокус берілмейді және оларды контейнер ретінде қолдануға болмайды. Терезелік емес басқару элементттерінің артықшылығы - дескриптордың қажеті жоқ болғандықтан, осындай элементтке  кететін  компьютердің ресурстары  біршама төмен болады. Мысалы, программада құралдар  тақташасын құрастыру үшін  стандартты Button  батырмасының орнына SpeedButton - жылдам батырмалардың орнатылғаны жөн.

Визуалдық компоненттердің  көптеген ортақ қасиеттері, оқиғалары  және әдістері болады.

Қасиеттері

Программа  құрастырылғанда және  орындалғанда компоненттің сыртқы көрінісін және бет алысын қасиеттер арқылы басқаруға болады.  Компоненттің көптеген қасиеттерін Объектілер бақылаушысы арқылы форманы қалыптастыру кезеңінде анықтауға болады. Жалпы компоненттің қасиеттер мәнін меншіктеу операторымен  анықтауға да болады.

ТCaption түріне жататын Caption қасиеті компонентің атын (тақырыбын) жазатын жолдан тұрады. Caption - String түрімен ұқсас деп саналады.  Тақырыптағы кейбір символдардың асты сызылып тұруы мүмкін, олар жедел қол жеткізу пернелерінің қисындастыруын көрсетеді. Көрсетілген символдың Alt пернесімен бірге басылуы осы элементтті тышқан тетігімен басуымен бірдей деп есептеледі.   Пернелердің қиылысуын анықтау үшін тақырыптағы сәйкес символдың алдына   & таңбасы қойылады.

  • TAlign  түріне  жататын Align қасиеті контейнердің  ішіндегі компоненттің тегістеуін қамтиды.  Тегістеу тәртібі контейнердің мөлшері өзгертілгенде интерфейстік элементттің контейнер ішінде  белгілі бір  орынды алып тұруын  қамту қажеттілігіне  пайдалынады.  Кейбір компонентердің, мысалы Button батырмасын осы қасиетіне тек қана программа орындалып жатқанда жол ашылады.
  • Компоненттің түсін кейбір тұрақтылар  арқылы анықтауға болады. Ол тұрақтылар экран қасиеттерінің  Оформление – безендіру   бетбелгісімен анықталған  Windows ортасының жүйелік палитрасының құрамындағы  элементтер   түстері.  
  • Boolean түріндегі Ctl3D қасиеті арқылы визуалдық компоненттің көрініс түрін анықтауға болады. Егер Ct13D  - ның мәні False болса, онда көрінісі екі өлшемді, ал True болса, онда үш өлшемді болады. Үш өлшемді көрініс элементттің жаңа ашылған эффекті арқылы  беріледі. Бұл қасиет кейбір компоненттерде болмайды, мысалы Label - де ол жоқ.
  • TCursor  түрінің Cursor қасиеті тышқан көрсеткішінің көрінісін анықтайды. Мысалы, crDefault мәні көрсеткіштің түрін келісімше (әдетте тілсызық) қалтырады, crNone  - көрсеткіш көрінбейді, crHourGlass - көрінісі  құм сағат түрінде шығады.
  • Boolean  түріндегі Enabled - компоненттің екпінділігін,  яғни тышқаннан немесе пернелерден  түскен хабарға сезіну қабылеті бар екендігін  көрсетеді.  Егер қасиеттің мәні True болса, онда компонент екпінді деп саналады,  False болса, онда компоненттің көрінісі  бозарып, екпінді емес күйде болады. 
  • Integer түріндегі Height және  Width қасиеттері компоненттің контейнердегі биіктігін және ұзындығын көрсетеді.  Форма өзі экранға орналасқан  компонент деп саналады және оның координаттар нөмірі экранның жоғарғы сол жақ бұрышынан басталады. Integer түріндегі Left және Top компоненттің  контейнердегі  жоғарғы сол жақ бұрышын  анықтайды.
  • String  түріндегі Hint қасиеті арқылы көрсеткіш белгілі бір компонент аймағында жылжымай орналасып тұрғанда  еске түсіретін хабар шығарылады.  Ол хабар Hint қасиетінің  оң жақтағы бос жолына енгізіледі. Енді хабар шығып тұруын қамту  үшін Show Hint  := True деп анықтау керек.  Әдетте  келісімше Show Hint  мәні False болып тұрады.
  • TMainMenu түрінің MainMenu туындысы арқылы формаға меню жүйесін орнатуға болады. Меню құрастырушысы мәтіндік редакторға ұқсас және онымен жұмыс атқару  ыңғайлы және жеңіл түрде орындалады.
  • TPopupMenu түрінің туындысы PopupMenu  арқылы белгілі бір компоненттің аумағында тышқанның оң батырмасын басқанда  жергілікті контекстік (тақырыпқа байланысты ) меню жүйесін шығаруға болады.
  • TabOrder қасиеті арқылы Tab пернесі басылғандағы  объектілерге фокусты беру реті анықталады. Келісімше бұл тізбек форманы құрастырғанда оған орнатылған элементтер  реті бойынша анықталады, ең алдымен орналастырылған компоненттің TabOrder қасиеті 0 болады, екінші болып орнатылған компоненттің TabOrder тең 1-ге және т.с.с.
  • Жалпы компоненттердің Parent параметріне   ұқсас  TComponent түріндегі Owner  - иесі қасиеті болады.  Әдетте формаға орналастырылған компоненттердің иесі - Form деп саналады. Егер компоненттердің иесі жойылса, онда оған орналастырылған барлық элементтер де жойылады.
  • Программаның орындалу барысында белгілі бір компоненттің орналастыруы Create (self) функциясы арқылы орындалады.
  • DragMode  қасиеті программалау кезеңінде объектілерді жылжыту амалдарымен байланысты Drag – and - Drop  тәсілін қолдануда пайдаланылады және басқару элементтін тышқанмен жылжытқандағы бет алысын анықтайды. DragMode мәні dmAutomatic  және dmManual  болады. Келісімше DragMode  мәні dmManual болып тұрады. Бұл тәртіпте BeginDrag  әдісі шақырылмағанға дейін басқару элементтін жылжытуға болмайды. Егер  қасиеттің мәні dmAutomatic болса, онда объектіні кез келген мезгілде жылжытуға болады. Объектіні жылжыту амалдарын орындау үшін DragMode мәнін анықтаумен бірге жылжыту амалдары орындалғандағы  оқиғаны өндеуші үзіндісін көлтіруді қажет етеді.

Әдістері

Delphi ортасының визуалдық және визуалдық емес компоненттері көптеген әдістермен байланысты болады.  Ол әдістер арқылы объектілерді құрастыру, оларды жойып тастау, сызу, бейнелеу, жасыру және  т.с.с. операцияларды орындауға болады. Визуалдық компоненттерге  жиі қолданылатын  әдістерді қарастырайық.

SetFocus прцедурасы терезелік басқару элементтіне енгізу фокусын береді. Егер басқару элементті қазіргі мезетте енгізу фокусын  қабылдай алмайтын  жағдайда болса, онда қате шығады. Сондықтан фокусты элементтке беру алдында элементттің  фокусты  қабылдайтын  қабылетін  CanFocus функциясы арқылы тексеру керек.  Егер функцияның нәтижесі True болса, онда элементтке фокусты беруге болады, керісінше (False) -  элементт фокусты қабылдай алмайды.  Фокусты қабылдамайтын жағдай - элементт екпінді емес  күйде болуы, яғни оның Enabled  қасиетінің мәні False болғандығы анықтайды.  

  • Clear әдісі элементттің мазмүнын (мәтіндік немесе сандық берігендерді) жойып тастайды, яғни элементті тазалайды.
  • Refresh  әдісі басқару элементттерін жаңарту үшін қолданылады. Жаңарту дегеніміз, элементті алып тастау және қайтадан салу деп түсіну қажет. Элементтті қайталап салу қажет болса, әдетте осы әдіс автоматты түрде шақырылады. Бірақ кейде, программалаушы қайталап салу әрекеттерін өзі басқарып отырған жағдайда, бұл әдісті программа кодында көлтіру қажет.

Refresh әдісі Invalidate  және UpDate әдістерін шақырып отырады. Invalidate  әдісі Windows ортасына бейнені жаңарту  қажеттігі туралы  хабар жібереді. Жүйе осы операцияны мүмкін болғанда ғана  орындайды. UpDate  әдісі бойынша хабар келісімен бірден жаңарту операциясы орындала береді.

Информацияны енгізу және редакторлау 

 Delphi ортасының Edit, MaskEdit,  Memo, RichEdit компоненттері арқылы информацияны енгізуге және оны өзгеруге болады.  Edit  компоненті Enter  пернесінің басылғанына сезінбейді.

  • Edit - тің CharCase қасиеті енгізілетін  мәтіндегі әріптердің регистрын анықтайды:
  • EcLowerCase -  барлық көрсетілген әріптерді кіші әріпке аударады;
  • EcNormal - әріптерді көрсетілген түрінде бейнелейді;
  • EcUpperCase - барлық көрсетілген әріптерді бас әріпке аударады.
  • Егер   Edit  - тың     Password  (қупия сөз)     қасиетінің мәні #0  болса, онда енгізу жолында терілген таңбалар  көрініп тұрады. Енгізілген информацияны көрсетпеу үшін Password мәні #0 -  ден тыс болу керек. Енгізу жолындағы таңб</

Информация о работе Delphi программалау ортасында графикалық компоненттерді пайдалану әдістемесі