Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 18:20, реферат

Краткое описание

Курстың мақсаты – студенттерді ақпараттық жүйені және құрылғыларды қалыптастыру, тарату, қабылдау және сигналдарды өңдеу, құру негізін және тәсілдерін оқыту. Сонымен қатар студенттерді негізгі концепциялармен, үлгілермен және телекоммуникациялық жүйесін және желісін құру принциптерімен, олардың дамуының қазіргі тенденцияларымен және телекоммуникация облысындағы стандарттармен таныстыру қажет.

Вложенные файлы: 1 файл

синхронды цифрлы0 жел3лер.doc

— 256.00 Кб (Скачать файл)

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

 

С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті

 

Энергетикалық факультеті

 

Радиотехника және телекоммуникациялар кафедрасы

 

 

 

 

 

5В0719000 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының сырттай оқитын студенттерге арналған

 

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация негіздері 2»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар

 

Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38


 

 

 

БЕКІТЕМІН

ЭФ деканы

__________ Кислов А.П.

2011 ж. «___»___________


 

 

 

 

Құрастырушы: _____________  аға оқытушы Жумадилова А.С.

 

 

 

5В0719000 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының сырттай оқитын студенттерге арналған

 

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация негіздері 2»

 

 

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

 

Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

 

 

Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

 

Кафедра меңгерушісі  ____________   Тастенов А.Д. 20__ж. «____» ________

 

 

Энергетикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20_ж. «_____»____________ №____ Хаттама

 

 

ОӘК төрағасы _____________ Кабдуалиева М.М. 20_ж. «_____»___________

 

 

 

 

 

  1. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

 

Жумадилова Айгерим Сериковна – аға оқытушы.

РТжТК кафедрасы А корпусында (Ломов көшесі 64), 425-ші аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 673674, ішкі 1325.

 

 

  1. Пән туралы мәліметтер

 

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Семестр бойынша бақылау нысандары

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

3

4

24

12

12

-

-

-

156

156

емтихан


 

 

 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

 

Пәнді оқытудың мақсаты

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация негіздері 2» курсы жоғары оқу орындарының студенттері үшін міндетті  пән болып табылады, базалық пән ретінде оқу жоспарына кіреді.

Курстың мақсаты – студенттерді ақпараттық жүйені және құрылғыларды қалыптастыру, тарату, қабылдау және сигналдарды өңдеу, құру негізін және тәсілдерін оқыту. Сонымен қатар студенттерді негізгі концепциялармен, үлгілермен және телекоммуникациялық жүйесін және желісін құру принциптерімен, олардың дамуының қазіргі тенденцияларымен және телекоммуникация облысындағы стандарттармен таныстыру қажет.

Курстың міндеті – пәнді оқып-білу барысында студент:

- радиотехника  және телекоммуникация  технологиясының  даму қарқыны жөнінде, заңдылық  жөнінде сапа көрсеткіштерінің  арасындағы байланысты анықтайтын, энергетикалық параметрлермен, жүйенің  экономикалық көрсеткіштерін білу қажет;

- физикалық процестің  мәнін және каскадтағы, күре жолдағы  болатын түрлендірулерді және  ақпараттық құрылғылардың сигналдарын  өңдеу және радиобайланыс жүйесін  толығымен білу; радиобайланыс жүйесін  және құрылысын құру принциптері; сигналдар мен бөгеуілдердің телекоммуникациялық жүйелердің құрылымдық сұлбасын құру принциптері; функционалдау шарттары, тағайындалуы,көрсету амалдары және хаттамаларды түрлендіру; жиіліктік, уақыттық және кодалық мультипликасымен көпарналы телекоммуникациялық жүйенің ерекшеліктері және көрсету тәсілдері. Цифрлік желінің интеграциялық қызметімен және интеллектуалдық желінің негізгі түсінігі. Телекоммуникация және радио жүйелерінің дамуының қазіргі уақыттағы негізгі тенденциялары және бірдей цифрлік технология негізінде коммуникациялық қызметті интеграциялау. Жылжымалы, факсимильді және спутниктік  байланыс интеграциясы;

- құрудың және  құрылғының сипаттамасын (көрсеткіштерін) құрылымын таңдай білу және  аналогты-цифрлі ақпаратты өңдеу; ақпаратты өңдеу және қабылдау кезінде телекоммуникциялық жүйесіндегі радиотехникалық құрылғыларда қолданатын талдау және синтездеу амалдарын, техникалық шешімдерді қолдану

 

 

Пререквизиттер

 

Пәнді меңгеру үшін студент келесі пәндерді меңгеру керек:

1. Физика

2. Ақпараттану.

3. Математика.

4. Электр тізбектерінің  теориясы.

5. Инженерлік және компьютерлік  графика.

6. Радиотехника, электроника  және телекоммуникация негіздері 1.

 

Пәннің материалдары басқа профильдік пәндерді оқығанда, курстық және дипломдық жобалау кезінде қолданылады.

Осыдан басқа, практикалық сабақтардағы жұмыстың нәтижелі болуы үшін студент жақсы деңгейде жеке компьютердеің жұмысын және Microsoft Word, Microsoft Excel, Paint, Electronics Workbench 4.12 және 5.12, SPLAN 4 және басқа да мамандандырылған бағдарламаларда жұмыс істей білуі тиіс.

 

 

3 Пәннің тақырыптық жоспары

 

3.1 Сыртай орта мамандандырылған  білім негізінде оқитын студенттері  үшін

 

Пәннің тақырыптық жоспары

п/п

Тақырыптардың аты

Сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

Зер

СӨЖ

1

Кіріспе

0,5

-

-

2

2

Радиобайланыс және телетарату жүйелерінде таратылатын жиіліктік және сигналдардың диапазондары

0,5

1

-

10

3

Радиотехникалық жүйелердің құрылу жіктемелері мен құрылымы

0,5

1

-

15

4

Антенді-фидерлі құрылғылардың негіздері

0,5

-

-

10

5

Теледидар негіздері

0,5

-

-

13

6

Радиоқабылдағыш құрылғылардың негізі

1

1

-

16

7

Радиотаратушы құрылдғылардың негіздері

1

-

-

14

8

Телекоммуникациялық жүйелердің (электрбайланыс) жалпы сипаттамасы

0,5

1

-

10

9

Желінің архитектурасы мен құрылу принциптері

1

2

-

20

10

Хабарлар, сигналдар мен бөгеуілдердің түсініктемелері мен түрлендіру тәсілдері

1

1

-

7

11

Байланыс арналары және олардың математикалық үлгілері

1

1

-

7

12

Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер

1

1

-

8

13

Цифрлік телекоммуникациялық жүйелер

1

1

-

9

14

Телекоммуникация желілерде ақпаратты тарату әдістері

1

1

-

8

15

Цифрлік телекоммуникациялық желілерде  интеграциялау және конвергенциялау

1

1

-

7

 

БАРЛЫҒЫ

12

12

-

156


 

4 Пәннің мазмұны

 

4.1 Дәріс сабақтары

4.1.1 Кіріспе

Радиотехника ғылымының дамуында техниканың және технологиядағы келешектегі дамуы және жетілдіру жолдарындағы оның ролі.

 

4.1.2 Радиобайланыс және телетарату жүйелерінде таратылатын жиіліктік және сигналдардың диапазондары

Сигналдар. Анықтамалары мен жіктемелері. Радиотолқын диапазондары. Радиобайланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы. Грамоникалық ауытқулар және олардың түсініктемелері. Периодты ауытқулардың спектрлері. Периодты емес ауытқулардың спектрлері. Кездейсоқ сигналдар.

 

4.1.3 Радиотехникалық жүйелердің құрылу жіктемелері мен құрылымы

Ақпаратты таратудың бірарналы радиотехникалық жүйелері. Өндірістік радиобайланыс жүйелері. Үялы радиобайланыс жүйелері. Радиожиіліктік спектрдің қолдану ерекшеліктері. Радиорелейлі радиобайланыс жүйелері. Пейджингтік радиобайланыс жүйелері. Спутниктік радиобайланыс жүйелері. Жер бетіндегі және космостық станциялардың құрамы.

 

4.1.4 Антенді-фидерлі құрылғылардың негіздері

Антенналардың параметрлері. Антеналардың синтезі. Таржолақты және кеңжолақты сигналдардың антенналары. Фазаландырылған антендік торлар. Белсенді антенналар.

 

4.1.5 Теледидар негіздері

Бейнелерді қабылдау ерекшеліктері. Қара-ақ және түрлі түсті теледидар. Теледидарлық бейнелердің құрылуы. Телетарату және бейнежазылым стандарттары. Теледидарлық қабылдағыштар және бейнетехника.

 

4.1.6 Радиоқабылдағыш құрылғылардың негізі

Ауытқуларды детектрлеу. Тіке күшейту радиоқабылдағышы. АМ-сигналдарын супергетеродинді радиоқабылдағышы. ЖМ-сигналдардың супергетеродинді радиоқабылдағышы. Радиоқабылдағыш құрылғылардың негізгі сапалық көрсеткіштері. Радиоқабылдағыштың кіріс тізбегі. Радиоқабылдағыш гетеродин жиілігінің автоматты құрастырылуы.

 

4.1.7 Радиотаратушы құрылдғылардың негіздері

Радиотарату құрылғылардың негізгі көрсеткіштері. Әртүрлі мақсаттағы радиотаратқышта радиосигналдарды құру тәсілдері. Радиотаратқыш құрылғылардың жүмыс істеу түрлері. Жиілік синтезаторлары.

 

4.1.8 Телекоммуникациялық жүйелердің (электрбайланыс) жалпы сипаттамасы

Телекоммуникациялық жүйелердің жіктемелері, қолданылуы, жұмыс істеу шарты, құрылу принциптері, құрылымдық сұлбасы, сапа көрсеткіштері.

 

4.1.9 Желінің архитектурасы мен құрылу принциптері

Ашық жүйелердің (OSI үлгісі) негізгі түсініктемелері мен анықтамалары. Өзара байланысының эталондық үлгісі, ақпаратты маршрутизациялау және селекциялауды қосқандағы коммуникациялық желілердің логикалық құрылымы және олардың компоненттері, ақпаратық желілердің негізгі сипаттамалары. Internet желісінің ерекшеліктері және оның қорларымен жұмыс істеу ерекшеліктері. Телекоммуникация ауқымындағы стандарттардың ролі, телекоммуникациялық жүйелер мен желілер үшін стандарттардың түрлері.

 

4.1.10 Хабарлар, сигналдар мен бөгеуілдердің түсініктемелері мен түрлендіру тәсілдері

Хаттамалар түрлері және олардың сипаттамалары. Аналогтік хаттамаларды цифрлік түрге (уақыт бойынша дискретизациялау, деңгей бойынша кванттау, кодалау) және керісінше (декодалау және интерполяция) түрлендіру принциптері. Ақпаратты қысу туралы түсініктеме. Аудио және визуалды ақпаратты аналогты-цифрлік түрлендіру және қысудың халықаралық стандарттары. Телекоммуникация жүйелердегі сигналдар мен бөгеуілдердің  түрлері және олардың математикалық үлгілері.

 

4.1.11 Байланыс арналары және олардың математикалық үлгілері

Байланыс теориясында «нүкте-нүкте» байланысы кезінде қарастырылып отырған қиылыстарға байланысты «арна» түсініктемесінің анықтамасы, OSI үлгісінің түсініктемелерімен байланысы, арналардың концептуалды үлгілері (не үшін арналғаны ескеріледі), физикалық және ақпараттық арналардың (бірінші кезекте, екілік) негізгі математикалық үлгілері. Ақпаратты тарату арналарының сапалық көрсеткіштері.

 

4.1.12 Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер

Көпарналы жүйелердің құрылу принциптері және құрылымдық сүлбасы. Жиіліктік, уақыттық және кодалық жіктелуге негізделген  сигналдарды мультиплексрлеу және демультиплексрлеу әдістері.

 

4.1.13 Цифрлік телекоммуникациялық жүйелер

Цифрлік жүйеге көшу – қазіргі кездегі  телекоммуникациялық технологиялардың негізгі бағыты. ИКМ-30 біріншілік цифрлік жүйе мысалында телекоммуникациялық жүйелердің түрлері және олардың ерекшеліктері. Плезиохрондық цифрлық иерархия (PDH), PDH негізіндегі цифрлік желілердің ерекшеліктері мен кемшіліктері. Синхрондық цифрлық иерархия (SDH). SDH негізіндегі цифрлық желілердің артықшылықтары, SDH және PDH желілерін салыстыру.

 

4.1.14 Телекоммуникация желілерде ақпаратты тарату әдістері

Ақпаратты бағыттайтын телекоммуникациялық желілер (түйіндік желілер). Арналарды коммутациялау. Мәліметтерді коммутациялау. Дестелерді коммутациялау тәсілдері. Дестілерді коммутациялау желілеріндегі ағындарды басқару туралы түсінік. Телкоммуникациялық желілердегі дестелік коммутациялаудың ерекшеліктері.

 

4.1.15 Цифрлік телекоммуникациялық желілерде  интеграциялау және конвергенциялау

Кез-келген түрдегі мәліметтерді беретін әмбебаб цифрлік технологияларға көшудің технико-экономикалық және тұтынушылық тапсырыстары. Негізгі және қосымша байланыс қызметтері. Бір цифрлік технологиялық негізінде ақпаратты беру қызметін интеграциялау қажеттілігі. Қызметтерді интеграцияланатын цифрлік желілер (ISDN). Цифрлық желілерде берудің синхронды (STM) және асинхронды (ATM) режимдері. Интелектуалды желілер туралы түсінік. Қозғалмалы және орнықтырылған, жер бетіндегі және спутниктік байланыстағы телекоммуникациялық желілерді интеграциялау.

Информация о работе Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау