Эпизоотология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 21:09, реферат

Краткое описание

Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде кездесетін жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу, сақтандыру және оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан тазарту мумкіншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдай жасап, осы аурулардан тазарту мумкуншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдау жасап, осы аурулардан өлім-жетімге ұшарамауын қадағалайды.

Содержание

1. Кіріспе
2. Әдебиетке шолу
3. Казталовка ауданында мүйізді іріқара бруцеллезін жою шараларын еткізудің күнтізбелік жоспары
4. Эпизоотологиялық тексеру картасы эпизоотологиялық ошақтар туралы мәліметтер
5. Жоспарға тусініктеме
6. Қорытынды
7. Қосымшалар
8. Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Реферат биология.doc

— 80.00 Кб (Скачать файл)

Негізінен қорыта айтқанда шаруашылық ұймдастыру, санитарлық және арнайы мал  дәрігерлік шаралар , жоспар бойынша  сақтандыру.

 

Қорытынды

Курстық жұмысты қорытындылай келе, мынадай ой туйдім.

Осы курстық жұмысымды жазуға мен  Казталовка ауданының бруцеллез ауруына қарсы жүргізіліп жатқан күнтізбелік жоспарымен таныстым.

Казталовка ауданында мүйізді  ірі қара арасындағы бруцеллез ауруы  көптеп кездеседі және жыныстық жолмен тарап отыр. Сондықтан бұл аурудың  алдын – алу мақсатында мына шараларды  ұйымдастыруды ұсынамын:

Малды тек бруцеллезге сәтті  шаруашылықтан алу. 30 кундік карантинге қойып , бруцеллезге тексеріп, нәтижесі теріс болған жағдайда ғана табынға  қосу керек;

Бруцеллезге диагностикалық тексеруді  жылына екі рет жүргізу керек;

Бпуцеллез белгісі бар малды тез ақшаулап, орнындезинфекциялайды;

Алдын-алу мақсатында вакциндеу  жүргізу қажет;

Адамға жұқтырмас үшін сутін  қайнату мен өңдеу арқылы ерітілген  шикі майға айналдырып, қалған сутті  пастерилизация жасау керек;

Ауру емделмейтін болғандықтан етке тапсыру керек.

Ауру шыққанда шарушылықтың тартатын қаржылық шығындарын ескерсек, бруцеллез  ауруын болдырмай алдын-алған экономикалық жағынан тиімді, әрі жануар мен  қоса адам да ауыратынын ескерсек алдын-алған  денсаулықтың кепілі болады дегім келеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БРУЦЕЛЛЕЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

Әдетте ауыл тұрғындары бруцеллез ауруы туралы жақсы  біледі, өйткені ауру ауылшаруашылық малдарынан, оның ішінде жиі: ұсақ мүйізді, ірі қара малдан жұғады. Бруцеллез  ауруын жұқтыру оңай, ал одан сауығу, әсіресе тірек–қимыл аппараты зақымданған жағдайларда қиынға соғады. Сондықтан бұл жағдайда аурудың алдын алатын профилактикалық іс–шараларды жүргізіп отырған дұрыс. 
Бруцеллез – бұл Brucella туысына жататын бактериялармен шақырылатын жұқпалы ауру. Бұл жұқпамен негізінен: қой, ешкі, түйе, шошқа, бұғы, марал, ірі қара мал және иттер ауырады. Адам арасында бруцеллез жұқпасы бүкіл дүниежүзінде кездеседі, жыл сайын 500.000 артық жағдай, оның ішінде Қазақстанда 2000 артық жағдай тіркеледі. 
Алматы облысы бойынша эпидемиологиялық қауіпсіздікті Ақсу, Алакөл, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласы қамтып отыр. 
Бруцеллезді 2000 жыл бұрын алғашқы болып Гиппократ сипаттаған. Британдық дәрігер Дэвид Брюс 1887ж. Мальта аралындағы науқастардан бруцеллез қоздырғышын бөліп алған. Тарихта бруцеллез ауруы сан түрлі атаулармен белгілі: мальталық және жер орта теңізінің қызбасы, сондай-ақ толқын тәрізді қызба. 
Бруцеллез жануарлардан адамға әртүрлі жолдармен беріледі. Жиі адамдар бруцеллезді ауру малды күткенде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамаса, ауру мал бөліністерімен залалданған құралдармен тікелей қатынасса, малдың жүнін қырқу, малды сою, терісін сыпыру кезінде, мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суымен қатынаста болғанда, туған қозыны ауыздандырып емізу кезінде жұқтырып алады. Сонымен бірге ауру сиыр, ешкі, қойдың қайнамаған сүтін немесе толық термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерді тағам ретінде пайдаланғанда ауру жұғуы мүмкін. 
Сонымен бірге қоздырғыш адамға ауа-шаң, қарым-қатынас жолдарымен де берілуі мүмкін. Осылайша бруцеллез ветеринарлардың, мал сою пункттері жұмысшыларының, аңшылардың, жануарларды зерттейтін зертхана қызметкерлерінің, фермерлердің және шопандардың кәсіптік ауруы болып есептелуі мүмкін. Бруцеллездің инкубациялық кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Кейбір науқастарда ауру жеңіл түрде өтсе, кейбіреулерінде ауыр дәрежеде өтіп, ауру белгілері ұзақ уақытқа дейін сақталуы мүмкін. Бруцеллез белгілері жиі тұмау және басқа да фебрильді аурулардың белгілеріне ұқсас, оның ішінде: қызба, тершеңдік, бұлшықет, буындардың ауыруы, әлсіздік, бас ауру, депрессия, қозғыштық, тәбеттің жоғалуы, салмақты жоғалту, жөтел, іштің ауруы, бауыр және (немесе) көкбауырдың үлкеюі. 
Бруцеллез басқа да белгілермен өтуі мүмкін. 
Жалпы бруцеллезді дер кезінде емдеп, антибиотик дәрілер дұрыс тағайындалған жағдайда науқастар үшін болжам оңтайлы, бұл аурудан өлім деңгейі 2% төмен. 
Бруцеллезден сақтану үшін әртүрлі шараларды қолдануға болады. Ең маңызды қадам бруцеллездің тасымалдаушысы болатын жануарлардың денсаулық жағдайын бақылау болып табылады. Бұл үшін ең тиімді шаралар: вакцинациялау, жануарларды тексеру және өкінішке орай ауру малды жою бағдарламалары. Адамдарды бруцеллезге қарсы егу жұмыстары тиімсіз болғандықтан, мұндай профилактика әдісі жүргізілмейді. 
Ауылшаруашылық жануарларын бруцеллезге тексеріп, оң нәтиже анықталған жағдайда жануарлар жойылғанымен, бруцеллездің алдын алуда қарапайым іс-шаралар жүргізілуі қажет: 
1.Жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киімдерін (арнайы киім, аяқ киім, қолғап) киюмен жүргізу, бруцеллез ауруының алдын алу және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау; 
2.Тағам ретінде сапалы термиялық өңдеуден өткен ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін қолдану; 
3.Ветеринарлық анықтамасыз сүт және сүт өнімдерін бейберекет сауда орындарынан ешқашан сатып алмау; 
4.Малды жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту. 
Бруцеллез белгілері тұмау немесе қатты салқын тию белгілеріне өте ұқсас болғандықтан әдетте нақты диагноз қоюға уақыт қажет. Сондықтан дәрігерге нақты диагноз қоюға көмектесу үшін соңғы уақытта барған елді- мекеніңіз және тағамға жиі пайдаланатын азық өнімдері туралы айту керек. 
Сонымен бірге келесі сұрақтарға жауап дайындаған жөн: 
- Аурудың алғашқы белгілері қашан пайда болды? 
- Сіз шикі сүттен дайындалған өнімдерді пайдаландыңыз ба? 
- Шикі сүтті іштіңіз бе? 
- Соңғы жыл ішінде бруцеллезді жұқтыру қаупі жоғары елді-мекендерде болдыңыз ба? 
- Ауру жануарлар бар зертханада жұмыс істейсіз бе немесе 1 жыл ішінде жұмыс істедіңіз бе? 
Осы мәліметтермен танысқан соң дәрігер сіздің буындарыңыздың қозғалысын, реф-лекстерді, бұлшықет күшін тексереді; бауыр, көкбауырдың үлкейгендігін тексеру үшін құрсақ қуысын қолмен қарауы мүмкін. 
Сонымен бірге бруцеллез диагнозын қою үшін қан сараптамасы қажет. Қанды қоздырғышқа қарсы өндірілген антиденелерге тексереді, сондай-ақ қаннан қоздырғыштың өзін бөледі. 
Денсаулық- зор байлық екенін есте сақтаңыздар!

 

 

 


Информация о работе Эпизоотология