Қазақ публицистикасының бастаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыста қазақ публицистикасының бастаулары болып табылатын Орхон-Енисей ескерткіштері, батырлар жыры, жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын қарастырылады.

Содержание

I. Кіріспе..............................................................................................1-3
II. Негізгі бөлім
Көне жазба ескерткіштері — публицистика бастаулары........4
1.1. Күлтегін ескерткіші.............................................................5-6
1.2. Тоныкөк ескерткіші.............................................................6-7
Батырлар жыры — ауызекі публицистика үлгісі........................7-9
2.1. Батырлар жырындағы публицистикалық сарын....................9-11 2.2. Қобыланды батыр жыры...........................................................11-14
3. Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын......14-17
3.1. Асан қайғы.......................................................................17-19
3.2. Қазтуған Сүйінішұлы...........................................................20
3.3. Доспамбет жырау............................................................20-22
3.4. Шалкиіз Тіленішұлы.......................................................22-23
III. Қорытынды.............................................................................24-26
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.docx

— 65.24 Кб (Скачать файл)

"Орта ғасырлардағы қазақ  поэзиясында жыраулар жетекші  рөл атқарды. Жырау шығармалары әдетте нақыл, қанатты сөздерден құралған философиялық толғаулар түрінде келеді. Толғауларда жырау өзінің замана жайында түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын баяндайды, елеулі қоғамдық мәселелер көтереді. Сол сияқты, әлем болмыс, тіршілікте жүріп жататын өзгерістер, оның мән-мағынасы жөніндегі түсініктерін де білдіруі мүмкін. Жаугершілік заманда жорықтарға қатысып отырған, кейде, тіпті, батыр, қолбасы да болған жыраулар әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырлар туғызады". Жыраулар поэзиясы көптеген ғалымдар еңбектерінде әдеби-көркемдік тұрғысынан зерттеліп өз бағасын алды. [10,50-56]

3.1. Асан қайғы

Жыраулар поэзиясында өз орны бар  түлғалардың бірі-Асан қайғы. Хасан Сәбитұлы — Еділ бойында туып, Ұлытауда дүниеден өткен баба жырау. Ол Алтын Орда ханы Ұлуғ -Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болып, Керей, Жәнібек хандардың тұсында да ақылгөй абыз, Қазақ хандығы құрылар тұста жаңа мемлекеттің ұраншысы болғандығы туралы деректер бар. Ш.Уәлиханов, Г.Потанин еңбектерінде оның ХІҮ-ХҮ ғасырда өмір сүргендігі айтылады. Шоқанның "Записки о киргизах" атты еңбегінде: "Халық есіндегі атақты тамаша философ болып сақталған Асан қайғы жырғаланда көшіп-қонып жүрген қазақ... Асанның аты тек қазаққа ғана емес, көрші қырғыз еліне де мәлім, ол "Манас" жырында да аталады... Асанды қарақалпақ халқы да жақсы біледі. Олар өздерінің ескі жырауының бірінен санайды",— деген мағлұматтар айтады. Қалай болғанда да Асан қайғы жырларымен танысқаңда, ондағы қазақтың көшпелі тірлігіне, қазақ жеріндегі мекен аттарына, қазақ ханы Жәнібекке қарата айтқан сөздеріне қарап, қазақ жыраулық өнерінің төл өкілі деген тұжырымға тоқтаймыз. Асан атына "қайғы" сөзін халық қосқан. Өйткені Асан жырау ғұмыр бойы халықтың қайғы — мұңын жырлап, елдің тұрмысын жақсартуды армандап, жүртқа "жерұйық" іздеп өткен жан. Жыраудың "Жерұйықты" іздеуі атақты Томас Мордың "Утопиясы" (1516) мен Томмазо Кампанелланың "Күн қаласы" (1602) шығармасындағы тыныштық, елге жайлы бейбіт өмір, жақсылық пен мейірімділіктің орталығы болатын мекен іздейтін бүкіладамзаттық қиял-армандармен ұштасып жатыр.

"Еділ  менен Жайықтың

Бірін жазға жайласаң,

Бірін қысқа қыстасаң..." — деген жыр  жолдарынан сол кездегі қазақ  елінің жаз-жайлауда, қыс-қыстауда тіршілік кешкен, көшпенді тұрмысының көрінісі, қазақтың мал бағу кәсібімен айналысқандығы айна-қатесіз көз алдымызға келеді. Сол көшпелі халықты тарих сахнасында сақтап қалу үшін, Асан қайғы ел басқарған хандарға өз ұсыныстарын батыл айтады. "Адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін" мамыражай қоныс табуға үндейді, сол арқылы сыртқы жаулардан қүтылып, халық бақытты өмір сүрсе екен деп армандайды. Елді жақсы қонысқа көшірмегені үшін Жәнібек ханды өткір ирониямен сынға алады.

"Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,// Айтқаныма көнбейсің.// Шабылып жатқан халқың бар,// Қымыз ішіп қызарып,// Мастанып, қызып терлейсің.// Өзіңнен басқа хан жоқтай// Елеуреп неге сөйлейсің?!" - Баба жырау жау қыспаққа алған, жазықсыз шабылып жатқан ел тағдырын ойлағанда, ханнан да, сұлтаннан да именбейді. Хан елдің қамын ойлауы керектігін, елі аман болса ғана ханның хан екендігін түсіндіреді. Осы үзіндідегі соңғы төрт жолдың өзі үлкен әлеуметтік жүк көтеріп түр. Кейіннен біз памфлет деп жүрген сатиралық-публицистикалық шығарманың алғашқы көрініс, пішіндері сияқты да көрінеді.

"Арысынан қытай, орыстың,  қорған сап, тыныш жатырсың,// Өзің, Жәнібек, елден асқан батырсың.// Ертісті өрлеп орыс жүр "Тіл алсаң іздеп қоныс көр" — деп жайлы қоныс табуға, іс-әрекетке сөз қуатымен шақырады. Орыс пен Қытай сияқты алаш мемлекетгерден сақтандырады.

"Ай, Жәнібек,  ойласаң,// Қилы, қилы заман болмай  ма,/ / Судағы жүрген ақ шортан// Қарағай басын шалмай ма!?// Мұны неге білмейсің?!" — деген сөздерінде үлкен астар бар. Асан қайғы ел болашағын ойлап отыр. Көрші отырған орыс патшасының отарлауын алдын-ала сезіп көрегендік танытып отыр. Кейіннен жазған бір жырында сол жұмбақтың шешімін де өзі айтып өтеді: "Мұнан соң қилы-қилы заман болар,// Заман азып, заң тозып жаман болар!// Қарағайдың басына шортан шығып,// Балалардың дәурені тамам болар.

Ол күнде қарыңдастан қайыр  кетер, ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?!" — деп ой қозғайды. Қауіп-қатердің алдын алғысы келді, жан ұшырып халқына тыныш, жайлы мекен іздейді. Асан қайғы жырау Қазақ мемлекеттігі енді қалыптаса бастаған кездің өзінде — жер мәселесінің ең басты мәселе екендігіне назар аударған. "Көшіп қонып көрмеген, Жер қадірін не білсін",— деген жолдарда зор мағына бар, Кейіннен қазақ жері Орыс иелігіне өтіп, талан-таражға түскен кезде, "Қазақ көшпейін деп көшіп жүрген жоқ, жерінің ауасына (климат) қарап көшіп жүр" /А-п. 1911, №11/, — деп қазақ зиялылары шырылдаған еді.

"Еділ  бол де Жайық бол,// Ешкімменен  ұрыспа,// Жолдасыңа жау тисе,// Жаныңды аяп тұрыспа",- деген жырау сөздері біздің қазақ елінің ғасырлар бойы ұстанған саясатына өзек болғанын өмір көрсетіп отыр. Асан қайғы жырларындағы ел қорғау, бірлік, отанды сүю, бейбіт өмір аңсау, қазақ халқының бақытты болашағын көксеу сияқты өміршең идеялар — сандаған ұрпақты сол жақсылықтарға тәрбиеледі. Қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы "Жеті әулие" қорымындағы Асан ата кесенесі Асан қайғы бабаның зираты деген мәліметтер бар. [8, 107-111]

3.2. Қазтуған Сүйінішұлы

Қазақ даласының сол кездегі  даусын бүгінге жеткізушілердің бірі - Қазтуған Сүйінішұлы. Оның жырларының басты тақырыбы — туған ел, өскен жер, соңдай-ақ жаугершілік заманындағы әскери жорық көріністері. Қазтуған өзі туып-өскен — Еділ, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл өзендері бойынан амалсыз қоштасқан кездегі толғаулары сағыныш лирикасына толы.

Қазтуғанның "Мадақ жыры" - өзінің жырымен  соққан "Автопортреті" іспеттес. Оның "Сұлтандай паң", "Жауға қарсы шапқан батыр", "Рубасы көсем", "Қызыл тілді шешен", "би тұқымы текті", "дін ұстаған" асыл азамат болғандығын біле аламыз. Жырау өз жерінің қадір-қасиетін ерекше шабытпен жырлайды. Оның ағылып, төгіліп түскен толғауларынан туған жерге деген шексіз махаббатын танимыз.

"Алаң да алаң, алаң жұрт,// Ағала ордам қонған жұрт,// Атамыз біздің бұ Сүйініш// Күйеу болып барған жұрт,// Анамыз біздің Бозтуған// Келіншек болып түскен жұрт,// Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт" ," осындағы ерекше екпін, көтеріңкі рух, дидактикалық мәнер, өзгеше бір серпінді ырғақ Қазтуған жыраудың шығармаларындағы патриотгық сезімге арқау болады.

"Қабыршақты  жайлаған,// Ақсуды төмен бойлаған// Шағанға атын байлаған", Қарға бойлы Қазтуған жырау қайран Еділінен қоныс аударғанына қамықпайды, қайта халықты оптимистік үнмен қайратты болуға шақырады. Батыры мен асылы мол, қазақ елінің салтанатты, сәнді өлкесінің келбетін небір айшықты бояумен әрлей түседі. Нарындай құнарлы қоныстың қасиеттерін, оны жайлаған елдің асыл мінезімен, кең пейілімен астастыра бейнелейді. Қазтуған жыры — туған жерді кіршіксіз сүюдің атадан мирас болып қалған құтты қоныстың қадіріне шын жете білудің үлгісі. Қазтуған жырларындағы басты публицистикалық үн де осыған саяды.

3.3. Доспамбет жырау

Доспамбет жырау шығармаларынан ортағасырлық жорық жауынгерінің, әрі өз заманының сөзін сөйлеген әр тұлғалы жас шебер бейнесі көрінеді. "Доспамбет жырау - қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбулда болған, Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан". Оның көптеген жыр толғаулары жорық үстінде асқан импровизаторлықпен айтылған. Бізге жеткен мұрасының ішіндегі "Торғай, торғай, торғай су", "Азау, Азау дегенің", "Арғымаққа оқ тиді", "Айнала бұлақ басы таң", "Қоғалы көлдер, қом сулар", "Айналайын, Ақ Жайық", т.б. жырларының ортақ тақырыбы - туған ел, өскен жерге деген сүйіспеншілік. Доспамбет атамекенді сөзбен де, өзі қолбасшы больп шайқасу арқылы да қорғаған. Оның батыр болғаңдығы:

"Бетегелі Сарыарқаның бойында// Соғысып өлген өкінбес" .// "Қалаға қаблан жаулары тигей ме..." . // "Кірмембес ауыр қолға бас болып,// Күңіреніп күн түбіне жортқанмын"  - деген жолдардан айқын аңғарылады. Жорықта жүріп, көп шайқастарға қатысқан батыр-жырау түркі халықтарының, оның ішінде қырым, ноғай, қазақ тайпаларының бірігіп күн кешкен күнін аңсайды. "Азау, Азау дегенің, Әл-Ғұсман патша жұрты екен»,— деген жолдар қазіргі Түркия жеріне дейін ат шалдыртқан бабаның сөзі. Доспамбет жырға қосқан Ғұсман патша өмірде болған биік тұлға. Шәкәрім шежіресінде: "1272 жылы 90 жаста Ертоғрул өліп орнына баласы Ғұсман әскер басы болды. Бұл әкесінен де мықты болып, әр жерді алып, Қараша Хасар деген жерді алғанда Ғалалидлин Ғұсманды өз алдына белек бек қойды. Онысы 1282 жылы еді. Мүнан он бір жылдан соң Тәбриздегі Шыңғыс нәсілінен хан болып тұрған Ғазан хан, Рим жұртын шауып, әрбір кішкене хандықтарға бөліп жібергенде Ғұсман да өз еркі өзінде бір хан болып қалды 1300 жылы.

Сол себептен ол түріктер Ғұсманды жұрты  атанып, Ғұсман сұлтанды бірінші сұлтан деп санайды",— деп келтірілген деректердегі Ғұсман — сол Доспамбет сөзіндегі Ғұсман.

Доспамбет жырау — ел, жерді  қорғауды бәрінен де биік қояды. Отан үшін жан беруден де тайынбайды, Отан үшін не қиындық көрсе де өкінбейді.

"Тоғай,  тоғай, тоғай су,// Тоғай қондым, өкінбен,// Толғамалы ала балта қолға алып,// Топ бастадым, өкінбен,// Тобыршығы биік жай салып,// Дұшпан аттым өкінбен,// Тоғынды сарты нар жегіп// Көш түзедім, өкінбен,// Ту құйрығы бір тұтам/ Тұлпар міндім, өкінбен...// Ер Мамайдың алдында// Жаһид кештім, өкінбен!.." — деген алмас қылыштай жарқылдаған сөздер соның дәлелі. Доспамбет өз заманындағы ел қорғаған ерлердің типтік бейнесін жасап отыр. Ол сөз қайталау арқылы, өз ойын өрістетіп, тындаушы бойына рух бітіріп, жер үшін шайқаста ер бойында қан ойнатып — жауды женуге бастайды. Жаңағы "өкінбен" сөзіне қазықтай байланып, ел үшін "шаһид кешсем" де өкінбеймін деген түйінді, шығарма апагөйі ретінде көрсете біледі. Ол "күн қайда", "оқ тиді", "өкінбес" т.б. сөздерді өз толғауларыңда қайталау арқылы халық рухын көтереді, негізгі айтар түпқазық ойын жеткізеді. Оның осы тәсілі - кейін қазақ публицистикасының сөз қолдану мәнерінде біраз шығармаларға дәстүрлік өзек бодды. Мысалы: Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқановтың, т.б. публицистік шығармаларындағы сөз қайталау арқылы ойды күшейтіп жеткізу тәсілі.[13,228-231]

3.4. Шалкиіз Тіленшіұлы

Бір ғасырға жуық өмір сүріп, қазақ  жыраулық поэзиясының атасы атанған Шалкиіз Тіленшіұлы мұрасы да - өзі өмір сүрген қоғамның айнасы. "Белгілі бір тарих кезеңінде өмір кешкен тұлға, ақын өз дәуірінің, қоғамның перзенті, сондықтан да ол өз заманының әлеуметтік күйін, тыныс-тіршілігін толғайды. Сол өмір сүрген кезеңіне зердесіне қарай өз көзқарасы тұрғысынан қарайды". Шалкиіз жырларында да өзі өмір сүрген XV-XVI ғасырлардағы әлеуметтік шындық көрініс табады. Жәнібек, Орақ, Мамай, Би Темір сияқты тарихи тұлғалар Шалкиіз толғауларының кейіпкері болып табылады. Сол кезеңдегі шапқыншылық, әскери жорықтарға жыраудың өзі тікелей қатысқандығы, қанды шайқастарды көзімен көріп жырға қосқандығы — Шалкиіз жырларына публицистикалық сарын дамытады.

Профессор Х.Сүйіншәлиевтің зертгеуінде: "Көптеген жазба деректерге қарағанда, Шалкиіз тарихта болған адам. Өзінің айтуынша, ол Би Темірдің ордасында қызмет атқарған... түрлі жорықтарға тікелей қатысып жүріп, қаһармандық жыр шығарған жырау. ...Өлеңдерінің мазмұнына қарағанда ол Жайық, Қобда, Ёлек, Ойыл өзендері бойларын жайлаған елден шыққан",— деп түсінік беріледі. Би Темірге арналған мадақ жырында, оның қажылық сапарына шығарда тоқтату мақсатымен айтқан үміт толғауы сұлтанның кім екенін айтып қана қоймайды, Би Темірді іс-қимылға шақырады. Мәселен:

"Ай, хан ием, сұраймын:// Тәңірінің үйі кебені// Ибраһим Халил алла жасапты,// Ғазырейіл — жан алмаға қасап-ты,// Жығылғанды түрғызсаң,// Жылағанды уатсаң,// Қисайғанды түзетсең,// Теңірінің үйі бәйтолла,// Сұлтан ием, қарсы алдьнда жасашы!" — деген жолдар арқылы, Би Темірді алыс қажылық сапарға бармай-ақ, осындағы еліңнің қамын ойласаң, жәрдем сұраған қарапайым жұртқа жәрдемдессең, Алланың шапағаты жауар, — деген ақылын айтады. Қазақ тарихында Шалкиіздің төгілген сөзбен жау бетін қайтарған кездері туралы деректер де келтіріледі. Оның бірі мынадай: "Шалгез жыраудың жорық жырларында бір жолы ол өзінің жолдасымен бара жатып, қалмақ ханының қалың қолымен кездесіп қалғаны, сонда оларды Шалгез өзінің жырымен тоқтатқандығы баяндалады. Ол осы жырларында қазақтың белгілі батырларын дәріптейді, олардың ерлік істерін тізеді, сөйтіп қалмақ әскерлерінің үрейін алады. Бұл жырға қарағанда, Шалгез — жырау түрлі жанрдағы шығармалардың жыршысы болған".[13,257-264]

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бұл курстық  жұмыста публицистика табиғаты, қазақ публицистикасының бастаулары, фольклордағы және көне түркі жазба ескерткіштеріндегі публицистика белгілері, алғашқы қазақ басылымдарындағы публицистика жайлы айтылып өтті. Қазақ публицистикасы зерттеу нысанына айналды. Қазақ ауыз әдебиетіндегі публицистикалық сарын туралы тың тұжырымдар жасалды. Көне жазба ескерткіштердегі публицистикалык элементтер айқындалды.

Бұл жұмыс барысында қазақ публицистикасының бастауларын үш топқа бөліп қарастырылды. Біріншісі ол – көне жазба ескерткіштері. Орхон, Талас, Енисей ескерткіштерінен публицистикаға тән белгілерді айқын көруге болады. Олардағы нақты қоғамдық-саяси ахуал, ата-бабаларымыз туралы шындық деректер қазақ публицистикасының да өз бастауын көне дөуірлерден алатынына айғақ бола алады.

Екінші  топқа – батырлар жырын жатқызуға болады. Батырлар жырындағы публицистикалық белгілер көптеп кездеседі. Олар: біріншісі – батырлардың өмірде болған адам екендігі; екіншісі – тарихи шындық оқиғалардың баяндалуы; үшінші – қазақ ру-тайпаларының, жер аттарының айқын көрінуі. Сонымен бірге батырлар жырындағы қара сөз үлгілері көпшілікке мына бағыттарда әсер етеді: біріншіден, кара сөздер тьщдаушылардың ақыл-ойына тікелей әсер етіп, оларды белгілі бір қимылға шақырады, іс-әрекетке үндейді. Бұл ең алдымен - ел қорғау, туған жерді сүю, ата-ананы қадірлеу, әділдік үшін күресу, әлеуметтік теңдік мәселесі, бірлікке, ынтымаққа, бейбіт өмірге үндеу. Екіншіден, тындаушылар үшін кара сөз анағүрлым түсінікті болады; үшіншіден, публицистикалық баяндау тәсілі қолданылады, сөз қайталаушылык көп кездеспейді, мұның өзі ауызша айтқандықтан болса керек; төртіншіден, батырлар мен басқа да кейіпкерлер өмірде болған адам екендігі де жырдағы публицистикалық сарынды күшейтеді; бесіншіден, қазірге дейін сақталған жер-су, тау аттары кездеседі; 
алтыншыдан, казақ халқының бүгінгі күнде сақталған әдет-ғүрып, салт-дәстүр, діни наным-сенімдерінің нақтылы көріністері орын алады; 
жетіншіден, белгілі бір нақты тарихи кезеңде болған саяси оқиғалар тізбегі кездеседі; сегізіншіден, тындаушылардың күш-жігерін негізгі айтылатын әлеуметтік ойға бағындырып, оларды белсенді іс-қимылға біріктіріп, қатаң бақылауға алып отыру байқалады. Сондай-ақ жеке бастың камынан гөрі әлеуметгік, жалпыхалықтық мүдде алдыңғы шепке шығады. Тындаушыға сол кездегі әлеуметтік маңызы зор мәселелерді кдрапайым да түсінікті тілмен, жылдам, тез арада жеткізуге ұмтылу да – публицистиканың басты белгілерінің бірі. Сонымен бірге, ел аузына караған батырлар сөзі, ойы арқылы батырлар жыры өз кезеңінде қоғамдык пікірді қалыптастырып отырған. Қарапайым халық ішінде белгілі бір елдік мәселелер туралы қоғамдык пікір қалыптастырудың өзі - публицистиканың негізгі ерекшелігі екендігі белгілі.

Информация о работе Қазақ публицистикасының бастаулары