Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі.

Содержание

Кіріспе
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы
2. Тікелей эфир ерекшеліктері
2.1. Телевизиядағы кері байланыс процесі
2.2 .Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі
2.3. Эфир этикасы
3. Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

диплом2.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

Телжурналситің хабар  дайындағанда алға қоятын негізгі мақсаты – көрерменін ішкі жан дүние әлемімен қоса үйіріп ала жөнелетін тамаша тәсіл тауып, айтайын деген ойын, мақсатын ұтымды әдіспен жеткізе білуінде. Бұл телехабар жанрларының қыры мен сырын жетік біліп, жеделдік танытатын, жалықпай ізденіп, кең алымдылық пен шалымдылыққа ие журналистердің ғана қолынан келеді.

Эфир мерзімінің шектелуі – заңдылық. Қысқа әрі әсерлі ойға толы хабарларда сөйлесуші сөзінің  мәнді болғаны абзал. Журналист  хабарға қатысушы сөзінің мәтінін  қарағанда оның сөйлеу тіліне жақын, артық цифрлар мен терминдерден, жаргон сөздерден таза боуын ойластыруы керек. Автор өзіне тән стилін сақтаса ғана даралыққа ие болады. Кейіпкерлерді ағынан жарылтып сөйлете білу үшін оның көңіл кілтін таба білу қажет. Ал, бұл кілтті табудың жолы әрқилы. Журналист алдымен кейіпкерінің мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын, ой дүниесін байқап, ішкі сезім әлеміне кіре білгенде ғана оның жан сарайын бар қырынан жапрқырата аша алады. Өткірлік пен батылдық қатар қонақтап, тоғысып жатса хабар арқауы қиюласып, етек-жеңі жинақтала түседі. Жалаң ой мен сылдыр сөз, ұзақ сонар сірескен тіркестер көрерменді оп-оңай жалықтырып жібіретіндігін ұмытпағайсыз. Нақтылық пен фактіге құрылған дәлдік, серкесөз, көсемсөз, қысқалық және нысаналы ой ғана редакторға шабыт, жүргізушіге қанат бітіре алады. Тікелей эфир кезінде сан құрсаулы ой тізбегінің шебін бұзып, арналы ойдың нөпірінен малтымай шығуға да шын шеберлік керек. Сел дария жүректерден жыр дария болып төгіліп, атогй салған шақтардағы ой жарысының додасынан суырыла шыққан ой тамшыларына, жүргізуші тіліне үйіріле қалған сөз орамдарына не жетсін!

Эфирдегі тербеліс пен  тебіреністің жүргізуші бойынана құяр қуаты да тым тегеурінді. Баппен байыбына барлау жасап, жүрек пен  миға салқындылық дарытып, шабыттың ойдың айдынынан қажеттісін ғана қармаққа іліндіру керек-ақ! Теледидар айдыны тереңдігіне орай аса жылылықты да, аса салқындықты да сүймейді. Теледидарға үш бірдей тұлға: редактор, режиссер, оператор ойы бір арнада тоғысып, бір-бірін нәрлендіріп отырғаны жөн.  Теледидар  тележурналистеріне көрікті келбет, толымды ой, шалқарлы шабыт керек. Осы үшеуінің біреуі олқы соқты дегенше көрермен көңілінен шығатын дүниелер тумасы анық. Эфир – ойын алаңы емес, ол – көрермен алдындағы өте жауапты сын, яғни олармен бетпе-бет келетін майдан іспетті. Тележүргізушінің жетістігі оның көрермендеріне қаншалықты әсер еткендігіне де байланысты. Үкілі үмітпен теледидар алдына жайғасқан сан мың көз бен құлақ сенен татымды ой, мәнерлі сөз мәйегін күтуі заңдылық. Ал халық асыға күтіп, ойына азық, жанына ләззат алатын талантты жүргізушілердің аздығы да өмірдің сайқымазақ бір заңдылығы шығар.    

Сонымен, санамалап айтар  болсақ, тікелей эфир – уақытқа  тәуелді қайталанбайтын құбылыс, электронды бұқаралық ақпарат құралдары  мен халық арасындағы тығыз қарым-қатынасты жүзеге асыратын интерактивті әрекет, шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс, шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім негізінде нәтижеге жететін тележурналистиканың жаңаша жұмыс тәсілі. Тікелей эфирдің табиғатын тану оның өзіндік сипатын, өзіне тән ерекшеліктерін анықтаумен шектелмейтіні белгілі. Өйткені, оны құбылыс қалпында бастан кешіретін,  процесс есебінде орындайтын, тәсіл ретінде қолданатын адамдар.  Демек, ақпараттық технологияның орасан зор мүмкіндіктері аясында тележурналистиканың өміршең бағыт алып, ілгері бастауының бір себебі, тегеурінді техникадан емес, сол саланың тұтқасын ұстаған тұлғалардың, яғни журналист мамандардың сол техника тетіктерін теледидарға қаншалықты дәрежеде оңтайлы да тиімді пайдалана білетіндігінде болып отыр.

Жалпы тележурналистикадағы жұмыс процесін эфирге дейінгі, эфир кезіндегі деп екіге бөліп  қарастыратын болсақ, эфирге дейінгі  жұмыс процесі ұжымдық үйлесім  үлесіне тимек. Әрбір телеарнаның  ұстанған бағыты, айқын көзқарасы, жұмыс жоспары, оның қызметінің мәнісін айқындайтын бет-бейнесі болады. Тікелей эфирдегі бағдарламаның қай-қайсысы ұжымдық туынды. Сол себепті ұжым мүшелерінің әрқайсысы өз міндеттерін жете түсініп, жауапкершілікпен жүзеге асыруы тиіс. Бір хабарды эфирге шығару үшін үлкен шығармашылық топ жұмыс істейді. Жүргізуші-журналист, сценарий авторы, режиссер, дыбыс режиссері, оператор, байланыс қызметкері және техникалық инженер – бәрі дерлік өз ісінің кәсіби шебері болғанда ғана, солардың бәрі бірге хабардың мәнісін түсінгенде ғана жоғары сапалы жақсы хабар дүниеге келмек. Ал хабардың сапалы болуы үшін техникалық мүмкіндіктер де үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызметкерлер атқаратын қызметтердің сипатына қарай шығармашылық, техникалық болып екіге бөлінеді. Бірақ, тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастықты ұжым бір кісідей жұмылып әрекет еткенде ғана жүзеге асыра алатыны белгілі. Өйткені, тікелей эфирдің өзі – техникалық мүмкіндіктің жемісі. Негізінде, эфирдегі техникалық тетіктердің ақаусыз әрекетін бақылап-реттейтін маман-инженер. Тікелей эфирге жан бітіріп, тыңдарман мен журналисті табыстыратын телефон желісіндегі әңгімені қамтамасыз ететін маман - байланыс қызметкері. Студиядағы әр қимылды қалт жібермей қадағалап, қырағылығымен әр кескінді (планды) үлкен шеберлікпен ұштастыра білетін студия операторы және оператор алған кескінді талғамына, шығармашылық ізденісіне қарай эфирге таратып отыратын режиссер. Жалпы қазіргі тікелей эфир хабарларында жүргізушіден кейін міндетті түрде оператор мен режиссердің қолтаңбасын аңғару қиын емес. Телережиссер - өндірістің көркемдік жетекшісі, эфирге дайындалған арнаның өнімі техника жетістігіне қоса табиғи талантына сай телекамералардың екі жағындағы құбылыстарды, нысандарды техникалық-шығармашылық топ пен көрермен қауымның арасындағы көпір. Ал «көпірдің» сәулетті болмысы режиссердің білімі мен біліктілігіне байланысты. Тележурналист, телесценарист, телекомментатор еңбегін көз көріп, құлақ естиді. Ал көрерменнің ойына, оның сезіміне әсер ету режиссерлік шешімге байланысты, ұсынып отырған осы үш саланы біріктіретін теледидар синтездік парасаттың жемісі. Теледидар режиссурасының негізгі талабы – техника тілін түсініп, күнделікті көркемөнер жұмыс барысына пайдалану, кино, музыка, қылқалам өнерлерін жете зерттеп, журналистика мамандығын кәсіби талантпен қоса, актерлік шеберліктің әліппесін үйреніп, заман, уақыт тербелістері мен тілек-талаптар үдесінен шығу. Жоғары санатты телережиссер, Қазақ Театр қайраткерлері одағының мүшесі Жеңіс Мұқатай «Қазақ әдебиеті» газетініде 2ОО4 жылы 27-тамызда шыққан «Қазақ телережиссурасы қандай?» атты мақаласында қазірге телережиссерлерге өзінің бағасын бере келіп, мынандай қорытынды жасайды: «Қазіргі телережиссураны негізгі екі топқа жатқызғым келеді. Біріншісі -технократ режиссер, екіншісі-көрерменге саңылау іздейтін өнер адамдары. Технократ реиссер -ол техниканың бүгінгі жетістігін жүздеген арнайы эффектілерді қисынды-қисынсыз қолдана беруші (спецэффект), сенгені компьютер. Екінші бағыттағы режиссерлер қазақ тілінің айтылу ерекшелігін, сөз саптауын жіті бақылап, әрбір сюжеттен бейнефильмдерге дейін «жусан иісі аңқып тұратын» ұлтжанды, оқыған-тоқығаны бар, теледидар техникасының соңғы жетістіктерін режиссерлік орамға, ойға, мақсатқа орынды пайдалана біледі. Әттеген-ай, олар саусақпен санарлық. Міне, алтын қор осылар». /6.3 б./. Қазіргі күнгі тікелей эфир хабарларының барлығын дерлік өз ісінің майталмандары, мықты режиссерлер жасайды деу қиын. Десек те, «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет», «31 арнадағы» «Дода», Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы «Оян, қазақ» бағдарламалары білгір режиссерлермен өзге де шығармашылық, техникалық топтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде көрермен көзаймына айналғалы қашан.

Студиядағы сан тараулы  көріністі жүйелеп, жинақтап, қас-қағым  сәттегі елеусіздеу көріністерге дейін көрерменге ұсынатын тұлға – оператор. Операторлық өнер – бұл бейнелеу өнеріндегі ең кенже қалыптасқан сала. Оның ерекшелігі – экранда жарықтың көмегімен нәрсенің түрін, түсін, жалпы айтқанда, барлық болмысын, қимылын көруге болады. Бейнеленген затты қозғалысқа келтіріп көрсету-бұл операторлық өнердің басқа бейнелеу өнерінен (живопись, графика, скульптура) ең басты артықшылығы. Операторлық өнердің міндеті-хабардың нақты және дәл мазмұны мен мағынасын көрсету. Мұндай творчестволық міндетті оператор өз өнерінің, шеберлігінің арқасында шешеді. Сурет өнеріндегі шығармалардан оператор шығармасының айырмашылығы мұнда жеке адамның шығармасы деген болмайды және оператор динамикалық түрде қозғалатын кескін жасап шығарады. Қозғалыс тікелей эфир хабарындағы ең басты құбылыс. Оператор өзінің ең басты қаруы- жарық пен камераны пайдалана отырып, қолына қалам мен бояу ұстаған суретші немесе жонатын құрал ұстаған скульптор сияқты өз характерін көрсетеді. Оператор көрерменге тек адамның сырт бейнесін емес, сонымен қатар ішкі жан дүниесін, сезімін, қуаныш-қайғысын да көрсетеді. Тікелей эфирді түсіруде негізгі рөл атқаратын режиссер. Оған оператор мен суретшіден бастап ассисенттер мен гримерлерге дейін бағынады, оның айтқандарын орындайды.   

Иә, тікелей эфирде кімдер қызмет ететінін тізбектеп атап өттік. Ендігі ретте, ұжымдық үйлеім мен шығармашылық тұатастықты жүзеге асырудың эфирлік заңдылықтары мен негізгі кәсіби принциптерін жүйелеп алуға тура келеді. Бұл бағыттағы ең бірінші заңдылық – тікелей эфирдің қайталанбайтын құбылыс екенін ескеру. Сондықтан да ұжым мүшелерінің бірлесіп қызмет етуі, мұның өзіның шығармашылық үндестікке ұласуы кәдімгідей қажеттілікке айналады. Сонымен қатар, шаруаның ең негізі бөлігі эфирге дейінгі кезеңде атқарылуы тиіс. Эфирде жіберілген қателікті қолма-қол қайта түзеу мүмкін емес. Олай болса, ұжым басшысы бекіткен эфирлік жұмыс кестесінен бастап, журналистер таңдаған тақырыптың бағдарламалық жобасы, әрбір арнаның өзіндік стилі болып танылатын форматы, эфирге шығатын жүргізуші-журналистің жұмыс тәртібі, қызметтерінің реті, тілшілердің жұмыс жүйесі алдын-ала жоспарланып, жолға қойылуы шарт. Ұжым барлық мәселені бірлесіп шешкенде ғана біртұтас нәтижеге қол жеткізеді. Қазіргі күнгі көрерменнің талғамы өзгерген, әлдеқайда дамыған. Сол себептен де, қай арна болмасын, өзі ұсынып отырған хабарын көрермен талғамынан шығатындай етуі тиіс. Бұл орайда тікелей эфирдегі кәсіби деңгей үлкен рөл атқарады. ЮНЕСКО-ның құметті профессоры, радиожурналистиканы зерттеуші ғалым Намазалы Омашев өркениетті әлемдегі БАҚ-тың ілгерілеушілік бағытын былайша сипаттайды: «Дамыған елдер журналистикасы бұрынғы ауыр да үлкентехникалық құрал-жабдықтардан бас тартып, аз ғана топпен игеріп кетуге болатын ыңғайлы, әрі тиімді аппаратураларға көшті. Студияларда зілдей болып, адамның еңсесін басып тұратын суық темірлер азайған. Хабарлардың да ресмилігінен гөрі табиғилығы басым. Топырлаған көп адам жұмыс істейтін біздегідей телерадиоорталықтар аз. Барлығы компьютерге жегілген. Электронды монтаждардың жетілген түрлері қолданылады. Өмірлік құбылыс, оқиға мен олар жайлы жасалатын хабарлардың берілімі арасындағы уақыт алшақтығын нольге теңеуге болатын талпыныс басым. Станциялар, редакциялар арасындағы бәсеке дамып кеткен. Бір сөзбен айтқанда, ұшқырлық – дамыған елдер журналистикасы деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне айналған». /7.88 б./.

Міне, сол тұрғыдан алғанда  еліміздегі ең ұшқыр, ең жедел, уақытпен ұштасатын оперативті сала – тележурналистикадағы тікелей эфир. Ендеше тікелей эфирді жүргізетін тележурналист жоғары кәсіби біліммен қатар, қазіргі заманғы журналистикадағы ақпараттық деректерді іріктеу принциптерін, студия қызметтерінің ерекшеліктерін, телебағдарламаларды беру тәсілдерін, эфирді жүргізудің кәсіби әдістерін, яғни, идея жоспары мен сценарийлік жобадан бастап, оны жүзеге асырудағы бүкіл техникалық тетіктер мен технологиялық процестерді толық меңгерген маман болу керек. Ендеше, журналист – эфир – аудитория тізбегінен келіп, кәсіби этика – кәсіби деңгей – рейтингтік көрсеткіш сабақтастығы туындайды. Себебі, журналист тікелей эфирді жүргізгенде кәсіби этиканың принциптік негіздеріне сүйенеді. Ал тікелей эфирдің дәрежесі, жеткен биігі кәсіби деңгеймен өлшенеді. Шығармашылық шеберлік, технологиялық жүйелілік, техникалық сапа – соның сан-салалы тармақтары болып табылады. Техника дегенде, журналист үшін ең қажет құрал - микрофонға ерекше тоқталуға болады.     

Микрофон дегеніміз  грек тілінен аударғанда «микро»-шағын, «роне»- дыбыс деген сөз. Ал аудиотехника тілімен айтқанда, ол дыбыстың тербелісті электрлік тербеліске айналдыратын бірден-бір құрал. Шығармашылық тұрғыда микрофонның кілтін табу - әрбір журналист үшін қиын да, күрделі іс. Өйткені, шағын дыбыс деген мағынаны білдіргеніне қарамастан, бұл құралдың эфирде негізгі тетігі ретінде атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Әлбетте, теле, радио саласындағы журналист өзінің сабақтаған ойын, жұптаған сөзін көрерменге микрофон арқылы жеткізетіні белгілі. Сондықтанда, жүргізуші шеберлігінің бір қыры оның микрофонды қаншалықты дәрежеде меңгергендігінде болса керек. Микрофон-өте сезімтал құрал. Ол жүргізушінің  көңіл-күйін, ішкі жан тебіренісін, тіпті, денсаулығының жағдайын, яғни тамағының ауырғанын, мұрнының бітіп қалғанын- соның бәрін әп-сәтте қағып алып, тіркеп қояды. Одан әлденені жасыру қиян-ақ. Тегінде «сөйлеуші үшін микрофон- жүрек, жүйке, ми қызметінің ахуалына әсерлі із қалдыратын айрықша толқу әрекетінің қайнар көзі». Мейлі тікелей эфирде болсын, мейлі алдын-ала студияда жазылған хабар болсын микрофонмен бетпе-бет келгенде кім-кімнің де бұл күйді бастан кешіретіні анық. Олай болса тікелей эфирде хабар жүргізетін журналист-жүргізуші эфир басталмас бұрын психологиялық жағынан алдын-ала арнайы ахуал қалыптастыруы қажет екенілігін ескергендігі ләзім. Демек, жүргізуші өзінің микрофоннан айтатын сөзінің мән-мағынасын, мазмұнын, тақырыптық ерекшелігін, соған сәйкес таңдалып алынған дауыс ырғағын, тіл қату мәнерін, дыбыс реңкін кәдімгі сценарийлік жоба тәрізді ой елегінен өткізіп, іштей әзірленуі тиіс. Сонымен қатар тікелей эфирде уақыт санаулы. Әңгіме ауаны бір бағыттан келесі бір бағытқа ауысуы мүмкін. Сондықтан да тікелей эфирдегі хабардың даму желісіне мұқият көңіл бөлген жөн. Басқасын былай қойғанда, хабар басталған кезде асығып –аптығып, әрең үлгеріп келеген жүргізуші ентігін басып болмастан эфирге шықса, міндетті түрде соның бәрі байқалып тұрады. Әрине, жылдар бойы тікелей эфирге бойы үйреніп, микрофон алдына келгенде түк болмағандай қаннен-қаперсіз қалыпқа түсіп, микрофонды өзінің жан дүниесінің сенімді серігіне айналыдып, сергек те сезімтал көңіл күймен күнделікті өзінің жұмысына кірісіп кететін жүргізуші некен-саяқ. Мұндай тапқырлық эфирге қызмет ететін журналистердің әрқайсысының маңдайына жазыла бермесе керек.

Телевидение тек  мәліметтер арнасы ғана емес, сондай-ақ, өнер өрісі болып әрдайым қала бермек. Адамзат тіршілігін бейнелеуді телевидениенің өзіне ғана тән, тек  соған ғана берілген орасан зор мүмкіндіктері бар. Эфир жүргізушісі айтылар ой барысындағы дауыс ырғағын, сөз алдындағы және сөзден кейінгі үн үзілісін, екпін түсіру тәсілін, дыбыстардың айтылуын, алуан түрлі атаулар мен ұғымдардың түсінікті, анық жеткізілуін қадағалауда өз өнерін ой-өрісін, білім деңгейін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтіп, шеберлігін шыңдаған үстіне шыңдап, күннен күнге тәжірибесін молайтып, кемелдене түсуге талпынуы хақ.

Иә, жүргізуші  журналисті мокрофонмен қауыштырып, көрерменмен табыстырып жіберетін  бір фактор – оның дауысы. Әйтсе де кез-келген дауыс, тіпті күнделікті өмірдегі әдемі дауыстың өзі микрофоннан ауқымды, әуезді, жағымды болып естілуі мүмкін. Қалай болғанда да, тек қана дауыстың телевидениеге тән болуы барлық мәселені бірден шеше алмайтыны анық.

Тележурналист үшін ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыра білудің маңызы ерекше. Әдемі сөйлеу мәнері, дұрыс қойылған дауыс ырғағы, екпіннің қажет жерде түсірілуі, тіл қату кезіндегі жағымды әсер, әңгімелесуші адамды сөзге тарта білу, өзінің не айтып, не қойғанын жіті қадағалау журналистің кәсіби сапасының негізгі қырлары болып табылмақ.

Микрофонда  жұмыс істейтін адам – дыбыстық әрекетті эфир заңы бойынша, талапқа  сай, уақытқа сәйкес үйлестіріп, яғни хабардың бастауына да, одан әрі  өрбіп жалғасуына да, аяқталуына да жауап беретін, сол прцесс барысында әрі оператордың, әрі режиссердің тетік тегершігінде жұмыс істейтін қызметкерлердің кез-келгенінің роліне ену нәтижесінде біртұтас күрделі шаруаны ұйымдастырушы.

Рас, эфирге дейін  тақырып таңдалады, нысан анықталады, уақыт белгіленеді, алдын-ала шығармашылық байланыстағы қызметкерлермен келісім жасалады. Бірақ, солай бола тұрса да, хабарды сол жоспарлаған қалпында жүзеге асырып, көздеген мақсатқа жету қиынның-қиыны. Демек сахна сыртында қалатын басқа қызметкерлердің еңбегін еш етпестен, тәп-тәуір тамаша тықырыптың берекесін қашырмастан мәнді де сәнді етіп, тыңдарманға жеткізу, жүргізуші-журналистің парызы. Соны түгел дерлік ішкі толғаныспен ой елегінен өткізіп, өзін-өзі алдын-ала даярлап, қысылтаяң шақты қолдануға лайықты азды-көпті сөз қорын әзірлеп, күні бұрын барлық жағдайды келісіп қойғанның өзінде жүргізуші-журналист қандай да бір қателік жіберіп, сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Себебі эфир заңы – қатал. Оның үстіне тікелец эфир қолма-қол ретке келтіруге мүлде мүмкіндік бермейтін өзгеше құбылыс.

Теория мен  тәжірибені ұштастыру негізінде  тележурналистиканы зерттеп-зерделеп жүрген Құдайберген Тұрсынов өзінің «Сөз сиқыры» деген кітабында  микрофон алдында сөйлеудің ең жауапты  сәтін сезіну тұрғысынан жүргізуші-журналистке  мынадай кеңес береді: «Дауыстың діріліне, әрі үніне, сұлу сөздің сиқырлығына мән бере біл! Өзіңнің табиғилығыңды таныта біл, қазақтың шетсіз де шексіз дариядайтолқын сөздің нақышын, бай ойнақылығын, қорғасындай салмақтылығын, алмас қылыштай алғырлығын кәдеңе жарат. Әр сөздің мәні бар, сөйлемдегі тұрған орнында өзіндік екпіні бар. Соларды іздеп тап та, сол кілтипанды табанда тап баса біл». /8.112 б./.

Информация о работе Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары