Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 21:58, реферат

Краткое описание

Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр.
Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар.
Осының барлығы мемлекеттен кесімді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Және маған әлеуметтік мәселелерді әркез бақылауымда ұстап, оларға тұрақты түрде қайта оралуыма тура келеді.
Менің назарымдағы басты мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету.

Вложенные файлы: 1 файл

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.docx

— 136.36 Кб (Скачать файл)

Бүгінде әлеуметтік үдерістерді басқару жүйесін сәйкес жағдайға келтіру қажет.

Біріншіден, әлеуметтік жаңғырту жөніндегі барлық жұмыстар бірегей жоспарлы негізде құрылуы тиіс.

Екіншіден, азаматтық қызметті заңдық реттеудің маңызы үлкен болатынға ұқсайды.

Бұл 1,5 миллионнан астам қазақстандыққа, соның ішінде 370 мың педагог пен 184 дәрігерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қатысты. Олар - жаңғыртудың басты күші. Олардың құқықтары мен міндеттері заңдық негізде реттелуі тиіс. Осынау сапалық өзгерістерсіз білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінде табысқа жету өте қиынға түспек.

Үшіншіден, әлеуметтік үдерістерді тыңғылықты түрде зерттеу қажет.

Әлеуметтік мәселелер  жөніндегі шешімдер мұқият есептеліп, ғылыми негізделіп, алдын ала, яғни олар әлеуметтік проблемалар мен дау-жанжалдарға ұласпай тұрғанда қабылдануы тиіс. Сондықтан мемлекеттік ғылыми-сараптамалық құрылымдардың жұмысын сәйкес жағдайға келтіріп, мемлекеттік емес сараптамалық секторды дамытуға ықпал жасау қажет.

Төртіншіден, әлеуметтік үдерістерге басшылық жасаудың «кабинеттік стилінен» бас тартқан жөн.

Отандық мемлекеттік шенеуніктер  әлеуметтік үдерістерді басқарудың барлық деңгейдегі басшыларымен тұрақты семинарлар өткізуі тиіс.

Бесіншіден, әлеуметтік жаңғырту мәселелерін шешу міндеті жүктелген басқару буындарын үйлестірудің нақты вертикалін қалыптастыру орынды.

Алтыншыдан, басқару жүйесі үкіметтік емес сектормен әріптестік қағидаты негізінде жұмыс істеуі керек. Мемлекет үшін үнқатысудың сан түрлі алаңқайларын құру мен оларға қолдау жасаудың, бұқаралық іс-шараларды бірлесіп өткізудің маңызы зор.

Бұл басқарудың әрбір деңгейіне де тән болуы тиіс. 

20-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі:

- 2012 жылдың соңына  дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбасшылық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиімділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар әзірлеп, енгізсін;

- 2012 жылдың соңына  дейін азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттесін;

- 2013 жылдың 1 шілдесіне  дейін Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлесін. 

 

*  *  * 
Бүгін мен өз сөзімді барлық қазақстандықтарға арнаймын. 
Біз әлемдік дағдарыстың қиыншылықтары арқылы ХХІ ғасырға жаңа -  
ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ  
трендінің қалай біртіндеп еніп келе жатқанын  
айқын көріп отырмыз. 
Либералдық бағыттағы да, сол сияқты социалистік бағыттағы да

қиялшыл идеялар  өткен ғасырдың еншісінде қалуда.  
Әлеуметтік реализм  
іс жүзіндегі векторға айналуда. 
Сондықтан біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті  
ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН  
құруға бағытталуы тиіс. 
Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек  
ЕҢБЕК  
қана барлық қазақстандықтардың  
ӘЛ-АУҚАТҚА   
және жаңа  
ӨМІР САПАСЫНА  
қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. Мен қазақстандықтардың

әлеуметтік жаңғырту саясатына қолдау көрсететініне, оның сыртында

оны жүзеге асыруға  барынша тікелей және мүдделі түрде  
атсалысатынына мейлінше сенімдімін.


Информация о работе Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам