Дауысты және дауыссыз дыбыстардың талдану үлгісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 17:38, реферат

Краткое описание

Дыбыс – сөздің материалы. Дыбысты айтамыз және естиміз Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады.

Содержание

Дыбыс
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстардың түрлері
Жалаң дауыстылар
Құранды дауыстылар
Дауыссыз дыбыстар және олардың жасалуы,түрлері.
Дыбыс үндестігі.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың талдану үлгісі.
Ф онетикалық талдау.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 70.10 Кб (Скачать файл)

Жасалу орнына карай - тіл үшы (тіл түбі);

Жасалу тэсіліне қарай - жуысыңқы (ызың);

Дауыс қатысына қарай - үнді (тербелімді). ">'-

Й дыбысы қазақ тілінде сез басында келмейді. Й сөз ішінде тек 
дауысты дыбыстардан соң ғана тұра алады, дауыссыздан соң түруы 
мүмкін емес. Мысалы: циын - цыйын, киім - кійім, дүние - дүнүйе, 
ине — ійне, ит — ійт, жиын — жыйын, тиіс — тійіс т.б.

У дауыссызы қос ерін арқылы жасалады. Яғни у дыбысы екі 
еріннің дөңгелене жуысуы арқылы пайда болады. Сонымен, у - қос 
ерін, ызың дауыссыз.

Жасалу орнына қарай - қос ерін;

Жасалу тэсіліне қарай - жуысыңқы (ызың);

Дауыс қатысына қарай - үнді (тербелімді).

У дыбысы да қазақ тілінде сөз басында келмейді. У сөз ішінде тек 
дауысты дыбыстардан соң ғана түра алады, дауыссыздан соң тұруы 
мүмкін емес. Мысалы: уакыт - үуацыт, уайым - үуайым, буын - 
бүуүн, уьщ - үуүц, уіл - үуүл, уәде - үуәде, уәкіл - үуәкіл т.б.

У дыбысының еріндік күші, тіпті, еріндік дауыстылардан да 
басым. Сондықтан ол өзінен кейін келген ы, і сияқты езуліктерді 
айтқыздырмайды. Мысалы: ауыл - ауүл, тәуір - тәуүр, сэуір - сәуүр, 
әуен - зуөн, әуез - әуөз, әуе - әуә, түйе - түйә, сурет - сүурөт т.б.

М - екі еріннің бір-біріне нық тиіп, жымдасып барып, кілт 
ажырауынан жасалады. Яғни астыңғы жэне үстіңгі еріннің тоғысуы 
арқылы пайда болады (бүрын қабысыңқы деп айтып келдік).

Жасалу орнына қарай - кос ерін;

Жасалу тәсіліне қарай - тоғысыңқы (шүғыл);

Дауыс қатысына қарай - үнді (тербелімді).

М сөздің барлық шенінде қолданылады жэне өзге дыбыстардың 
ықпалынан өзгеріске түспейді.

Н - тілдің үшы күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы 
жасалады. Яғни н-ны айтқанда, тіл ұшы күрек тіске (қызыл иекке) 
нық тиіп, тез ажырайды. Тіл ұшы төменгі күрек тіске тіреледі не сәл

 

жоғарырақ түрады. Фонациялық ауа мүрын қуысынан шығады. 
Жасалу орнына қарай - тіл үшы; 
Жасалу тәсіліне қарай - тоғысыңқы (шұғыл); 
Дауыс қатысына қарай - үнді (тербелімді).

Н дыбыс сөздің барлық деңгейінде үшырайды. Өзге 
дыбыстардың эсер, ықпалына бейім түрады.

Ң - тіл арты мен тілшік арқылы жасалады. Яғни тілдің арт жағы 
жүмсақ таңдаймен жымдасады да, тез ажырайды. Содан барып, 
фонациялық ауа мурын жолы арқылы шығады.

Жасалу орнына қарай - тіл арты;

Жасалу тәсіліне қарай - тоғысыңқы (шүғыл);

Дауыс қатысына қарай - үнді (тербелімді).

Ң сөз ортасы мен сөз соңында ғана қолданылады, сөз басында 
келмейді.

Жинақтай айтқанда, үнді дауыссыздар акустикалық (естілу) 
айтылу сапасына қарай да іштей екіге бөлінеді: 
- ашық үнді дауыссыздар: р, л, у, й; 
-міцгір үнді дауыссыздар: м, н, ң.

Қысқасы, үнді дауыссыздарды дауыстылар мен үнсіз 
дауыссыздардың аралығында түрған өзіндік қолданылу ерекшелігі 
бар дыбыстар деп айта аламыз.

 

2) үнсіз дауыссыздар

Үнсіздерде үн, дауыс мүлдем жоқтың қасы деуге болады. Олар 
естілуі (акустикалық) жағынан біркелкі емес. Оларды дауыс (үн) 
қатысы жағынан екі түрлі жолмен ажыратуға болады:

а) үнсіздердің бірін айтып, жүтқыншаққа саусақты тигізгенде, 
аздап діріл пайда болса, үяң дыбыс болады да, ондай діріл сезілмесе, 
қатаң дыбыс болады.

3) екі қүлаққа екі қолды қойып, үнсіз дыбыстардың бірін 
қаттырақ айтқанда, жаңғырық естілсе, үяң дыбыс болады да, ондай 
жаңғырық естілмесе қатаң дыбыс болады.

Міне, осындай акустикалық қасиеттеріне байланысты үнсіздер 
іштей екіге бөлінеді:

  1. қатаң дауыссыздар: п, қ-к, т, ш, с;
  2. үяң дауыссыздар: б, ғ-г, д, ж, з;

 

а) қатаң дауыссыздар

Қатаң дауыссыздардың бэріне ортақ белгі - дауыстың қатыспауы.

Яғни қатаң дауыссыздардың жасалуына дауыс желбезегі қатыспай, 
бейтарап қалады. Оларды үйыстырып отыратын бірегей белгі осы 
болып табылады. Қатандарда мүлдем үн болмайды, өйткені оларды 
айтқанда, ауа қарқыны дыбыс желбезегіне соқтықпайды, сондықтан 
желбезек қимылдамайды. Ауа қарқыны ауыз қуысындағы тиісті 
сөйлеу мүшесіне күшпен келіп соғылады да, тек салдыр ғана естіледі. 
Енді қатаң дауыссыздардың өзіндік жасалу ерекшеліктерін кең түрде 
таратып айтып көрейік:

П дыбысын айтқанда, екі ерін бір-біріне нық тиіп, жабысады да, 
өкпеден шыққан ауа екі ерінді бүзып өтеді. Содан барып ауа кілт 
үзіліп, дыбыс тез, шүғыл айтылады.

Жасалу орнына қарай - қос ерін;

Жасалу тэсіліне қарай - тоғысыңқы (шүғыл);

Дауыс қатысына қарай - қатаң (тербеліссіз).

Т - тіл үшы мен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы 
жасалады.

Жасалу орнына қарай - тіл ұшы;

Жасалу тэсіліне қарай - тоғысыңқы (шүғыл);

Дауыс қатысына қарай - қатаң (тербеліссіз).

Т - өзге дыбыстың ықпалынан алмасуға үшырамайтын дыбыс.

Қ - тіл түбі мен тілшік арқылы жасалады. Ягни ц дыбысы тіл түбі 
мен тілшіктің тоғысуы арқылы пайда болады.

Жасалу орнына қарай - тіл түбі (арты);

Жасалу тэсіліне қарай - тоғысыңқы (шүғыл);

Дауыс қатысына қарай - қатаң (тербеліссіз).

Қ сөздің барлық шенінде қолданылады.

К - тіл ортасы мен тандай арқылы жасалады. Яғни к дыбысы тіл 
ортасы мен тандайдың тогысуы арқылы пайда болады. 
Жасалу орнына қарай - тіл ортасы; 
Жасалу тэсіліне қарай - тоғысыңқы (шүғыл); 
Дауыс қатысына қарай - қатаң (тербеліссіз).

К сөздің барлық шенінде қолданылады жэне сөз ортасында, 
негізінде, үяндап айтылады.

С - тіл үшы мен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы 
жасалады. Яғни с дыбысы тіл үшының күрек тіс-қызыл иек 
шекарасымен жинақы жуысуы арқылы пайда болады.

Жасалу орнына қарай - тіл үшы;

Жасалу тэсіліне қарай - жуысыңкы (ызың);

Дауыс қатысына қарай - қатаң (тербеліссіз).

 

 

 

Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады.

Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз).

 Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.[3]

Дауыссыздардың жуандауы орыс. твёрдость согласных — көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өн, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.

Дауыссыздардың жіңішкеруі орыс. мягкость согласных — тілдің орта шені таңдайдын орта шеніне нық тиіп, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы жасалып, әрдайым жіңішке айтылатын дауыссыздар: к, г. Орыс сөздерінде кездесетін ч, щ дыбыстарының да жуан сыңары жоқ, ал қалған дауыссыздар буын ыңғайына қарай жуан, жіңішке болып айтыла береді. Мысалы: қазақ тілінде am — em, үн — үн, тор — тер, аз — әз.

Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі 
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың да сөз ішінде қолданылуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақтың сөздері б, в, г, ғ, д, щ дыбыстарына аяқталмайды, ң, й дыбыстарынан сөз басталмайды. 
 
1. Б, в, г, д әріптеріне аяқталған орыс тілінен енген сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталады: клуб — клубқа, актив — активке, педагог — педагогтен, завод — заводты. Сөз соныңда бұл дыбыстар қатаң болып айтылады. 
2. Айыру (ь), жіңішкелік (ь) белгілері ешбір дыбыс білдірмейді, тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Сөздік түбірі жіңішкелік белгіге (ь) бітіп, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, ол түсіріліп, ал оған жалғанатын қосымша дауыссыздан басталса, жіңішкелік белгі (ь) сақталып жазылады: календарь — календары, календарьлық. Медаль — медалы, медальға, медальдан. 
3. Бір буынды сөз жіңішкелік (ь) белгіге бітсе, қосымша жінішке түрде жалғанады, ал сөз көп буынды болып келсе, қосымша сөздің соңғы буынына қарай жалғанады: ноль — нольге, нольді; февраль — февральда, сентябрь — сентябрьде, сентябрьден. 
4. В, ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика, цирк, кофе, борщ, лифт, шифр, цифр, очерк, центнер, циркуль т. б. 
Ескерту. Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы ,кеще деген сөздерде ғана жазылады. 
Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Фарида, Фатима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние) т. б. 
X әрпі орыс тілінен және араб-парсы тілдерінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: химия, археология, цех, хал, хат, тарих, кітапхана т. б. 
5. Соңғы дыбыстар ог, уг және рк, рг, ик, мк, нк, кс, кт, ск, лк, окт, ель, брь, кль, бль, сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме сөздерге косымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: педагог тер, педагог-тік, бинокль-ді, парк-тен, пункт-тер, округ-ке т. б. 
6. Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды кірме сөздер мен соңғы буынында е, э дыбыстары бар кірме сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі сақталады да, дауысты дыбыстан басталатын, қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі жазылмайды. Мысалы: рольдері және ролі, осьтері және осі, дуэтке, актердің т. б. 
7. Кт, нк, нд, нг, мп, мб, ск, кс, фт, рв сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме термин сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның арасына дәнекер ретінде қысаң ы не і дыбысы жазылады. Мысалы: факт-і-лері, танк-і-ге, митинг-і-ні, объект-і-лер, штамп-ы-лау, киоск-і-ні т. б. 
8. Қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына немесе ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен кірме сөздерге қосымша жалғанғанда, қосар дыбыстың соңғысы немесе соңғы т, ть, д дыбыстары дыбыстары түсіріліп 
жазылады. Мысалы: металл — метал-ға, класс —клас-тын, грамм — грам-дап, прогресс — прогрес-тік, трест — трес-ке, съезд — съез-ге, поезд — поез-дан, ведомость — ведомос-қа т. б.

 

 

Отбасы-6 әріп,6 дыбыс,3 буын,от-тұйық буын,ба-ашық буын,сы-ашық буын.

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;          

т - дауыссыз, қатаң;

б - дауыссыз, ұяң;

а - дауысты, жуан, ашық, езулік;

с - дауыссыз, қатаң;

ы - дауысты, жуан, қысаң, езулі

 

Өсімдік1 -7 әріп,7 дыбыс, 3 буын, ө – ашық, сім – бітеу, дік - бітеу.  
Ө-дауысты,жіңішке,ашық,еріндік;  
с-дауыссыз,қатаң;  
і-дауысты,жіңішке,қысаң,езулік;  
м-дауыссыз,үнді;  
д-дауыссыз,ұяң;  
і-дауысты,жіңішке,қысаң,езулік;  
к - дауыссыз, қатаң. 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 1995
  2. Аралбаев Ж. А. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.
  3. Қалиев.Б.А  Қазақ тілінің фонетикасы.Алматы.2014
  4. Оралбаева Н.  Қазақ тілі. Алматы, 1993

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



45


Информация о работе Дауысты және дауыссыз дыбыстардың талдану үлгісі