Баспасөз және сөз бостандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

"Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеоло гиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білі гіне байланысты. Күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негіздел ген жаңа заманға бастайтын жаһан дану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздері нің әрбір сөзі үшін моральдық жауап кершілікті терең сезінуі керек",- деді Н.Назарбаев. Елбасының пайым дауынша, "сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқан дайтын да қуатты күш. Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауап кершілігі деп те танығанда рыңыз жөн".

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................. 3
1. Баспасөз және баспасөз бостандығы ........................................................ 6
1.1. Қазақстандағы баспасөз саласының қазіргі жағдайы ................. 8
1.2. Баспасөз саласындағы көкейкесті мәселелер ............................... 9
2. Сөз бостандығы саласындағы «сөз шектеулер» ................................... 13
2.1. Сөз бостандығы саласындағы көкейкесті мәселелер ................ 13
2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығының жағдайы ...................... 15
Қорытынды ................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

БАСПАСӨЗ ЖАНЕ СОЗ БОСТАНДЫГЫ.doc

— 246.50 Кб (Скачать файл)

БАҚ-тың  ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

БАҚ-тың  білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі  ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан  жаратылыстану ғылымдарына дейінгі  танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

БАҚ-тың  әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды  сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгітнасихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.

БАҚ-тың  мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті түсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бүқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік қүрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.

БАҚ-тың  жүмылдырушы қызметі адамдарды  нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың  осы қызметі саяси қаты настар саласында аса маңызды болып  табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жүмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.

БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау  мақсатында қолдану азаматтарға  және қоғамға аса қауіпті болып  табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады. Алдапарбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық үйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты үйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерция лық), мемлекеттік және қоғамдық-қүқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бүқаралық ақпарат қүралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бүл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында.                     Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын үйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бүл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бүл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қазақстан Республикасында бұқаралық  ақпарат құралдарының қалыптасу  тарихы

 

90-жылдары  республикалық, аймақтық және  жергілікті БАҚ-тар негізгі қоғамдық-саяси,  экономикалық және жарнамалық-коммерциялық басылымдар деген бағыттарға жіктелді. Ақпарат алаңында тек бейімделгіш, оқырман, көрермен сенімінен шыға білген БАҚ-тар қалатыны белгілі болды.

Өтпелі  кезеңде мемлекеттік емес БАҚ-тармен әріптестік қатынаста болған мемлекеттік  БАҚ-тардың әрекет етуінің объективті қажеттілігі туындады.

Елде  реформалар көптеп жүзеге асырыла бастады. Ел экономикасын түзеу қолға алынды. Мемлекет саясатын халыққа жеткізіп, дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыру қажеттілігі, ұлтаралық бірлікті қалыпты  жағдайда ұстауға деген мұқтаждық мемлекеттің тарапынан белгілі бір БАҚ-тарды қаржыландыруға әкелді. Жедел ақпарат жеткізу ісіне баса мән берілді.

Орыстілді БАҚ көш ілгері тұрды. Ақпарат  кеңістігін, жарнама саласындағы  “құдайлық билікті” «Караван» газеті иемденді. Нарықтағы анағұрлым мықты да танымал мемлекеттік басылымдармен «Панорама», «Мегаполис», «Ковчег» секілді тәуелсіз басылымдар бәсекеге түсті.

Ол  кезде өзекті болған, ол қазақтілді басылымдардың жай-күйі еді. Жарнама  берушілер көп ретте өз жарнамаларын орыс тілді басылымдарға беруді жөн көрді. Себебі, ол тұста қазақстандықтардың 95%-ы орыстілді басылымдарды оқитын. 1997 жылдан бастап кейбір БАҚ-тарды тұрақты қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Сол тұста мемлекет есебінен                17 газет-журнал жарық көрген.

Демократиялық қоғамда БАҚ-тардың бостандық деңгейі  мен өзінше әрекет ете алу деңгейі  мына үш негізгі фактормен тығыз  байланысты:

  1. лайық келетін заң жобасын жасау;
  2. бейімделе алу, нарықтың түрлі жағдайларында әрекет ете білу;
  3. халық пен қоғам алдындағы кәсібилік, жауапкершілік сезіну [2].

Қазақ баспасөзі нарыққа бейімделу  тұсында алуан түрлі амал-әрекеттерді  қолданып, қалыптасу процесін бастан кешті. Қазір біз оған тәжірибе деп  қана қараймыз.

Сол жылдары  болған тағы бір өзгеріс ол холдингизация  немесе біріктіру процесі. Қазақ басылымдары бюджеттен тыс қалды. Бұл ілгеріде бюджеттен қаржыландырылып келе жатқан басылымдарға кері әсерін тигізді. Қаржы болмаған соң, мәселе тұйыққа тірелді. Баспаға қарыз көбейді. Газет-журналдар айлап шықпай қалып, тираждары азайып кетті. Тығырықтан шығу үшін  қазақ басылымдарына бір жерден қаржыландыру  мақсатында ұйымдарға бірігуге тура келді. 1999 жылы 12 маусымда жеті бірдей қазақ басылымы «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамы аясына бірікті. Олардың барлығы да рухани, (қоғамдық-саяси) басылымдар болатын. Басылымдарды басқару орталықтанғаннан кейін мәселені нарықтың жағдайына бейімдеп шешу жайы қолға алынды. Қазіргі шарттарға бейімделген басқару аппараты құрылды.

2003 жылы  «Қазақ газеттері» акционерлік қоғамы нарық жағдайына бейімделіп, әрекет етуін бастады. Құрылғаннан бергі 10 жыл ішінде, әуелі жабық акционерлік қоғам болып, одан кейін 2006 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып құрылып, құрылымдық өзгерістерді бастан өткерді. Қазір «Қазақ газеттері» серіктестігі құрамында үш газет, үш журнал, жиыны алты басылым шығып жатыр.

Медианарықтағы  барлық аспектілер, бағыттар, тараптар, ақпараттың ресурстық сегменті бәрі-бәрі өзара байланысты. Бір аспекті  жетіспеген жағдайда журналистің нарыққа  ұсынар өнімі өз құнын жоғалтады, арзандайды не мүлдем сұранысқа ие болмайды.

Сонымен нарық, бұл  – қаржы, ақша, капитал. БАҚ өнімі де капиталдың өңделуі  нәтижесінде пайда болады. Оның дайындалуының  өзі қаржыны талап етсе, одан кейінгі  сатылымға түсуі де сол қаржының артығымен қайтуына сеп болады. Кей кезде бұл байланыс бұзылуы да мүмкін. Ондай жағдайларда БАҚ дағдарысқа ұшырайды. Медианарықты БАҚ құрайды. Бұл енді белгілі жайт. Міне сондықтан да медианарықтың қаржы көздері туралы айтқанда БАҚ-тағы түрлі бөліністерді ескеру керек.

Қазақстандық медиакеңістік өз кезегінде үлкен екі бөлініске түседі. Олар: орыстілді және қазақтілді БАҚ. Мұның өзіндік себептері бар. Көбіне тарихи факторлар әсер етсе, екіншіден гоесаяси жағдай да ықпал етеді. Яғни, Қазақстан медианарығына шетелдік  капитал, соның ішінде Ресей мемлекеті тарапынан қаржылай инвестицияның құйылуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарының  құрылуы 

2.1. Бұқаралық ақпарат құралдарын  қаржыландыру көздері. 

 

Қазіргі таңда Қазақстан ақпарат нарығында  мемлекеттік емес БАҚ-тардың салмақ үлесі 85%-ды құрап отыр. Ал қазақтілді баспасөзде бұл арасалмақ біршама төмен. Қазақтілді басылымдардың негізгі иелері: министрліктер мен ведомствалар, әр деңгейдегі әкімшілік құрылымдар, мемлекеттік құрылымдар, жеке компаниялар мен фирмалар [3].

Қазақстан медианарығын қаржыландыру көздері:

Біріншіден, Қазақстандық БАҚ-тағы тілдік бөлініс  басты фактор ретінде әсер  етуде. Себебі,  орыстілді БАҚ-тың аудиториясы  кең. Және олардың артында тұрған күштер де ықпалды. Екіншіден, БАҚ-тағы меншіктік бөлініс. Яғни, мемлекеттік және мемлекеттік емес(тәуелсіз) БАҚ бөлінісі. Қазақстандағы БАҚ өздігінше дами алмайды. Көбіне көп мемлекетке арқа сүйеп, мемлекет тарапынан құрылған медиахолдингтерге, құрылтайшылық тарға бірігеді. Және де мемлекеттен мемлекеттік тапсырыс алады.

Яғни  дотация бөлінеді. Дотацияны кез  келген мемлекеттік құрылым: министрлік, комитет, әкімшілік, т.б. бөледі.

Бұл мемлекеттік  емес БАҚ-тарға да қатысты. Мемлекеттік  емес БАҚ-тар да дотация арқылы әрекет етеді. Мұнда дотацияны бөлетін, ол түрлі саяси ұйымдар, қозғалыстар т.б. болып табылады.

Үшіншісі, ол несие алу. Қаржыландырудың мұндай тәсілі бізде  жоқ, бар болған жағдайда дамымаған. Себебі, бізде БАҚ-тың  құрылуына, аяққа тұруына  қаражат  бөлетін банктер жоқ. Олар БАҚ-қа  сенім білдірмейді.

Көп жағдайларда  БАҚ белгілі бір жинақталған  қаржы есебінен құрылады. Кейін келе нарықтық жағдайлардағы түрлі кері әсерлер тарапынан, не дұрыс ұйымдастырылмаған  менеджменттің салдарынан тоқырауға  ұшырайды. Содан соң  белгілі бір  қаржылық бизнес құрылымдар қолына көшеді.                      Ол БАҚ-қа қаржылай көмек береді. Бірақ есесіне сол БАҚ көп ретте қаржы құйған құрылымның иелігінде көшіп, өз қызметінде әлгі құрылымның мүддесін білдіріп, тәуелсіздігінен айырылады. Сол құрылымның, не қаржы лық топқа қызмет етеді.

Соңғы қаржыландырылу көзі ол БАҚ-тың өзін-өзі  қаржыландыруы. Бұл дегеніміз жарнама  орналастыру, жарнама уақытын сату, не пиар материалдар жариялау.

Қазақстанда БАҚ-тың өзін-өзі қаржыландыруында да тілдік бөлініс пен меншіктік  бөліністің әсері бар. Яғни, қазақтілді және орыстілді БАҚ-тарға жарнама берушілер тарапынан   екі деңгейдегі көзқарас бар.

Жарнама бұл кіріс көзі. БАҚ-тың тәуелсіздігі ең әуелі экономикалық дербестігіне байланысты. БАҚ неғұрлым жарнамадан кіріс келтірсе                    соғұрлым ондағы қызметкерлер де сапалы өнім ұсынады. Ал жақсы жарнама тек тиражы көп, материалдарын оқырман, не көрермен іздеп жүріп оқитын БАҚ-қа беріледі. БАҚ сол үшін де жақсы өнім беруге тырысады. Ал ол үшін бастапқыда басқа тараптан қаржы келуі керек. Көп ретте БАҚ осы бастапқы қаржыны табу үшін түрлі саяси не қаржылай күштерге арқа сүйеп, кейін келе солардың ықпалында қалып қояды.

Және  бір жаңаша кейінірек қалыптасқан  «бұлақ» бар. Ол шетелдік капи тал. Қазақстан  ақпарат кеңістігіне шетелдік БАҚ-тардың кірігуі өте жоғары. Бұл әрекет көбіне көп Ресей мемлекеті тарапынан байқалады. Бұл да өз кезе гінде отандық өзіміздің БАҚ-тарымыздың дамуын тежеуде.

Қазақстан медианарығында әрекет етіп жатқан БАҚ-тардың қаржылану көздеріне қысқаша  сипаттамасы осылай.

Кеңес дәуіріндегі журналистика мен қазіргі  нарық заманындағы журналистиканы мүлдем салыстыруға келмейді. Екеуі  екі басқа әлем.

Өткен 19 жыл ішінде Қазақстанның жаманды-жақсылы  журналистикасы қалыптасты. Негіз бар. Бүгіндері отандық журналистика жан-жақты дамуда.

Ең  бастысы, сауатты бәсеке қалыптасып келеді.

Ел  ішінде 2002 жылы 1754 медиа-компания жұмыс  істепті. Ал қазір Қазақстан Журналистер  Одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың  айтуынша, шамамен елімізде 1824 БАҚ  жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 1202-сі газет, 483-і журнал, 124 телерадио стансалары және 10-12 ақпарат агенттігі бар.

Орыстілді аудиторияға қарағанда, қазақтілді аудиторияның ауқымы тар. Сондықтан бүгіндері қазақ тілінде шығатын 300-ден аса газетке, 50-ден аса журналға оқырман тарту – бұл да медианарықтың басты қажеттіліктерінің бірі болып отыр [4].

Оқырманның  көңілінен шығу үшін БАҚ-қа қойылатын  талаптар да ерекше. Ең бастысы, шығарып  отырған басылым тауар ретінде  өтімді болуы керек. Ал үлкен сұранысқа  ие болуы үшін басылымның қандай болғаны  дұрыс? Біріншіден, нақты әрі сапалы ақпарат беру. Екіншіден, ішкі-сыртқы әлеуметтік-экономикалық және саяси, мәдени оқиғаларға сараптама жасау. Үшіншіден, оқырманды бей-жай қалдырмайтындай аса маңызды, өзекті деген тақырыптарды қозғау. Төртіншіден...

Бүгінгі таңда қазақстандық БАҚ бизнес ретінде қалыптасу үстінде. Нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп отырғандықтан нарықтық құндылықтар да БАҚ-қа мейлінше әсер етті…

Сондықтан ақпарат кеңістігі де бұл заңдылықты айналып өте алмайды. Өз уақытында  бизнес-жоба ретінде өмірге келген «Караван» сияқты газеттер бірнеше сатылулардан өтіп, қазір де әрекет етіп келеді.

Осындай жағдай қазақтілді баспасөзге де тән. Бірқатар аймақтық басылымдар, оның ішінде Шымкенттен шығатын «Айғақ», «Костанайские новости» секілді газеттер пайдамен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бірте-бірте іскерлік басылымдар пайда болды. Бұлардың қатарына «Панорама», «Деловая неделя» «Капитал», кейінірек жарық көрген «Бизнес & Власть» газеттерін жатқызуға болады. Олардың легіне «Қазақстан іскері» де қосылды. Бұл басылымдар негізінен жарнама, PR мақалалар арқылы табыс тапса, ал қазақтілді баспасөз негізінен саяси науқан кезінде пайда табады. Қазақтілді БАҚ-та жарнама бар, бірақ оның шамасы аз. Саяси науқан кезінде қазақтілді БАҚ бір жағынан саяси белсенділігін арттырады, екінші жағынан табыс табады. Сол кезде кейбір танымал газеттердің бір қолдан екінші қолға өтетін кездері де болады. Мұндайда басылымдар әрі саяси, әрі іскерлік бедел жинауға тырысады. Бірақ күні бүгінге дейін ірілі-ұсақты кәсіпкерлер, қаржы-өндірістік топтар бизнес жоба ретінде қазақтілді басылымға ықылас танытып отырған жоқ. Олар негізінен тәуекел ету арқылы, кейде жолы болуынан, кейде тағы басқа жағдайлардың ықпалынан табыс табады.

Қаржы-өндірістік топтар БАҚ-ты идеологиялық қару ретінде  пайдаланады. БАҚ көбіне бизнес құрылымдардың мүддесін қорғауға қызмет етеді. Олардың артында қуатты-қуатты қожайындар тұр. Ақпарат құралдарында бизнес пен идеология қатар жүреді. Қоғамдық пікір тудыруға тырысады. Астана мен Алматы қалаларында, ірі облыс орталықтарында қазір бизнестің жіктелуі жүріп жатыр. Жекелеген адамдар, топтар, тіпті ол партия болуы мүмкін өз өңірінде ықпалын жүргізу үшін басылым ашып жатады.

Информация о работе Баспасөз және сөз бостандығы