Қаржылық бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 18:36, реферат

Краткое описание

Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған.

Вложенные файлы: 1 файл

Қаржылық бақылау22.docx

— 31.62 Кб (Скачать файл)

Қаржылық  бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.

Қаржылық  бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару  сияқты басқа элементтерімен тығыз  байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық  бақылаудың болуы экономикалық категория  ретінде қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы  қаржы бөлудің  қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың  ара салмағы, оларды қалыптастырудың  көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы  материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне  қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан  ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: Бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен  толықтырғанда; бұл органдардың  құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау  функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде  қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір  бөлігін білдірсе, қаржыны басқару  элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория  болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау  нысанында жүзеге асырылады, бірақ  бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.

Бақылау функциясы  – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану  болып табылады.

Ғылыми негізделген  қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының  орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа  жағынан, қаржылық бақылаудың  нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда  пайдаланылады.

Қаржылық  бақылаудың өзгешілігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.

Қаржылық  бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы  қоғамдық өнім мен ұлттықтабыстың құнын  бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік  мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен  қорлардың, басқа заңды тұлғалардың  еңбек, материал және қаржы ресурстарының  қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен  қатар салықтық бақылауды да кіріктіреді.

Қаржылық  бақылаудың  іс - әрекетінің сферасы  бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси  бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан  қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде  мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының  көбінде шаруашылық қызметтің басқа  процесстері қамтып көрсетіледі.

Қаржылық  бақылаудың функциялары:

  1. қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
  2. қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
  3. есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Бақылауды жүзеге асырудың  негізгі  қағидаттары  мыналар болып табылады:

 

  • бақылаудың  реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
  • бақылаудың  превентивтілігі,  яғни оның алдын алу сипаты;
  • әрекеттілік, нақтылық, жариялылық -  бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
  • бақылаудың  алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
  • бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

 

Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген  ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.

Қаржылық  бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған  жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейде  жүргізіледі.

Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл  мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру  мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:

  • ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
  • қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
  • қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.

Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың  объектісі  болып  көрінеді.

Жиынтық қаржы  жоспарлары (сметалары),  аумақтық, салалық  тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып  табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері  талданады, жинақтап қорытылады  және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру  жөнінде ұсыныстар жасалады.

Биліктің  заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің  барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші  субъектілер деңгейіндегі бақылау.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:

 

    • кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
    • шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі  мен толымдылығын қамтамасыз ету;
    • қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
    • ресурстардың барлық түрлерін пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жұргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.

 

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржы  – шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың  объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік  құн, аударысдар, салықтар және басқалар) оның предметі болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.

Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын  жасағаннан кейін (бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.б.) жүргізілетін бақылау және алдын ала бақылау  мен ағымдағы бақылау кезінде  анықталмаған бұзушылықтарды ашуға  жетелейді.

 

 

 

 

 

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы  мен әдістері

 

Қаржылық  бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі  айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау  үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша  жіктеледі.

Қазақстан Республикасының  қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып  ажыратылады.

 

Қаржылық бақылаудың түрлері  бойынша сыныпталуы

Қ а р ж ы л ы қ   б  а қ ы л а у

М е м л е к е т т і  к

Қ о ғ а м д ы қ 

       

Жалпымемлекеттік

Ведомстволық

 

Ішкішаруашылықтық


 

Парламенттік (депутаттық) бақылау


Қоғамдық ұйымдардың:  кәсіподақтардың, партиялардың,  жастардың, бұқаралық  қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі  қорлардың бақылауы

А у д и т о р л ы қ  б а қ ы л а у


 

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) –  мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша  есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің  гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген  қызметтерді) өткізуден түсетін  өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану  бөлігіндегі қызметінің Қазақстан  республикасының заңдарына сәйкестігін  тексеру.

Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері –  Қазақстан Республикасының Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға  жауапты мемлекеттік органдар, республикалық  және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелер, олардың  ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің  гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары –  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық  уәкілетті орган.

 

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай  типтерге бөлінеді:

  1. сәйкестікке бақылау жасау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау;

 

  1. қаржылық есептемені бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;

 

  1. тиімділікті бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадайтүрлерде  жүзеге асырылады:

  1. кешенді бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

 

  1. тақырыптық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

 

  1. үстеме бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.

 

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары  міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау  стандарттарымен айқындалады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын  мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялар, ішкі бақылау службалары, олардың  қызметкерлері мен мүшелері орындауға  міндетті.

 

 

 

 

Қаржылық  бақылаудың әдістері

 

Қаржылық  бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен  немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы  әдісті қолдану қаржылық бақылауды  жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау  іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.

Қазіргі кезде  қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:

  • тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру);
  • инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру);
  • қадағалау (кәсіпорынның қаржы – қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу),
  • тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру);
  • қарап шығу;
  • қаржы жоспарларының жобалары;
  • өтінімдері;
  • қаржы – шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау;
  • баяндамаларды тыңдау;
  • лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары.

Информация о работе Қаржылық бақылау