Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 00:40, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс екі тараудан, төрт тараудан тұрады.
Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.» деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған.
Екінші тарауы «әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде» деп аталады. Бұл тараудың бөлімдерінде әлеуметтік нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қарастырған.
Курстық жұмыстың максаттары:
- құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау.
- қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қарастыру.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2

1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі............................................................................................................................3

1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі...................................................................................................3
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері.......................................................................................................................7

2. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.....................................................................................................................16
2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны..................................................16
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері .......................................................24
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі................................................................................31

Қорытынды............................................................................................................35


Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...36

Вложенные файлы: 1 файл

әлеуметтік нормалар.doc

— 266.50 Кб (Скачать файл)

Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны  жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікіплер мен көзқарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың иүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

   Сонымен құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.[8]

 

 

Қазақстан Республикасының  құқықтық нормалары.

Қазақстан тәуелсіздікке  қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде  құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.

Құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттеп-басқару үшін өмірге келді. Бұл  – объективтік процесс. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамуда:

  • қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп-басқару үшін құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауда;
  • қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару үшін алдын-ала нормативтік актілерді дайындау;
  • қоғамның өткен дәірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік қорытындылар жасап құқықтық нормалардың сапасын жақсарту.

Сонымен құқықтық нормалар қоғамның экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктері [9]

Арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын да реттеп-басқарып отырады.

Осы процесте халықтың, ұйымдардың қоғамның дамуы қажеттілігін, тілектерін жақсы дұрыс түсінуін – объективтік құқық дейді. Ал сол объективтік процесті нормативтік актілер арқылы реттеп-басқаруды – субъективтік құқық дейді.

Бұл екі процестің  арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-әрекетінде бірлестік болады. Бұларсыз объективтік және субъективтік процесс дұрыс, жақсы дамымады. Сондықтан мемлекет бұл процестің біржақты дамуына жол бермеуге тиісті. Субъективтік құқықтың белгі-нышандары:

  • субъектілердің құқықтарының заңды түрде болуы;
  • ол құқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;
  • субъектілердің бостандығын, құқықтарының дұрыс дамуын мемлекеттің бақылауында, қорғауында болуы.

Қазақстан мемлекетінің құқығының объективтік және субъективтік қалыптасу жолдары осындай. Бұл  жолмен әлемдегі барлық мемлекеттерде өтті. Құқықтың даму негіздері де, нысаны да ұқсас деуге болады. Тек аздап ерекшеліктері бар. Мысалы, біздің Қазақстан мемлекетіміздің құқығының даму процесінде діни нормалардың тәжірибесін және прецеденттік нормаларды өте аз пайдаланады. Дамыған елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін өте кең пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түолері:

  • құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр;
  • құқықтық прецедент;
  • нормативтік шарттар;
  • нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан мемлекетінің нормативтік актілерінің түрлері, жүйелері Конститутцияда толығымен көрсетілген. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзіретіне, өкілеттілігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады. Олар Конститутцияға нұқсан келтірмеуге міндетті. Конститутцияның талаптарының дұрыс орындалуын Президенттің аппараты мен Конститутциялық Кеңес бақылап отырады.[8]

Республика Конститутциясында  көрсетілген жағдайда Президент  заң күші бар және жай жарлықтар  шығарады. Республика Президентінің жарлықтары Конститутция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің жарлығымен:

  1. Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін Президенттің конститутциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.
  2. Конститутцияда және өкімет органдарының халқының алдындағы жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі.
  3. Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкәмет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады.
  4. Республиканың экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы жөніндегі стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

     Республика парламентінің актілері: Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Конститутциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі Парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзіретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды.[10]

Парламент пен Палаталар  өз құзіретіндегі мәселелер бойынша  үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.

Үкімет актілері –  заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік актілері және жеке қаулылары. Үкімет актілері алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-министр қол қояды. Премьер-министр өз құзіреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премьер-министрдің өкімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал Премьер-министр жоя алады.

Жоғары сот актілері – Республика сот билігінің жоғарғы органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл жоғарғы соттың Президимуы, Пленумдары мен Төралқасының қаулылары мен өзге де актілері. Сот практикасының мәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республикасының жоғарғы сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

Министрлік – ведомстволар өз құзіреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. өздерінің жүйесінде бұл  актілердің заң күші болады. Олардың  орындалуын өздері бақылап отырады.

Жергілікті мемлекеттік  басқару органдарының актілері –  Кеңестер, Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор, әкімдер – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Конститутцияға сәйкес мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қортындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.

Парламеттік Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент, сайлауда жеңіп шыққан саяси  партия өкілдерінен Үкімет құрылады. Үкімет өз жұмысы жөнінен парламентке бағынышты және оның алдында есеп береді. Парламент конститутциялық, төтенше тағы басқа заңдарды қабылдайды, бекітеді, қаулылар қабылдайды, шығарады.  

Мемлекеттің басқа органдарының нормативтік актілер шығару, қабылдау, бекіту құзіреттері Президенттік Республиканың көп айырмашылығы жоқ. Қазақстан 1993 жылғы Конститутция бойынша Парламенттік Республика, 1995 жылғы екінші Конститутцияға сәйкес – Президенттік Республика болды.[11]

 

 Құқық нормаларының мазмұны.

Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың нақтылы мағынадағы құқықтық жағдайларын, мінез-құлықтарын бекітеді. Құқықтық қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:

«мен солай істеуім керек, құқық нормасы меннен соны талап етеді» деген талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты құқықтық нормаларының мазмұны мынадай ерекшеліктермен анықталады:

  1. Құқықтық нормаларда қайсыбір болмасын заманның, тарихи жағдайлардың тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің барлық талаптарын бекітті (жерді тартып алу, завод, фабрмкаларды тәркілеу, байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әменгерлікті, көп әйел алушылықты жою).
  2. Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары мен міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер заңсыз деп танылады.
  3. Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұйымдылығы оны жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды. Шашыраңқы, түсініксіз, қайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған құқықтық нормаларды қолдануда көптеген қиындықтар туындайды. Құқықтық нормалар математикалық формалар сияқты нақтылы-айқын және қысқа болулары шарт. Көпсөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға жол ашады, заңсыздыққа әкеп соқтырады.
  4. Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін пайдалану арқылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.
  5. Әр кезде тиімді құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше, тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларының мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады.[9]

 

                       Құқық нормалары және дара кесімдер.

Құқықтық нормалар басқа  әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей қолданылатын мінез-құлықты бекітеді. Осыдан мынадай қортынды туындайды: құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан алуан рет қолданылады және ол жеке бір субъектке бағытталмайды жалпыға бірдей болып табылады. Мемлекеттік органдар өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды қабылдайды. Бірақ, қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық нормалар болып саналмайды. Олардың шығарған көптеген кесімдері әр түрлі жағдайларға байланысты болған сәттерге арналып шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің бір адмды орденмен марапаттау туралы шығарған жарлығы, министрдің төменгі сатыда тұрған бөлім, басқарма бастықтарын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары, облыс әкімінің аппараттағы бөлім басшысын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары және тағы басқа бұл жерде лауазымды тұлғалардың шығарған кесімдері өздерінің құзырларына байланысты, бір ғана жағдайларға байланысты бір ғана жағдайларға қатысы бар, басқа адамдарға ешқандай қатысы жоқ. Судьяның заң негізінде шығарған шешімдері мен үкісдері де дара кесімдер қатарына жатады. Дара кесімдер құқық нормалар сияқты нормативтік сипатқа ие бола алмайды, бір ғана жағдайларға қолданылады, сонымен өзінің күшін жояды.[12]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Әлеуметтік нормалар  қоғамдық қатынастарды реттеуші  ретінде

 

    1. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны.

 

 

   Өркенитте адамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде қолданылатын көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар  пайда бола бастады.Соның ішінде; моральдық, құқықтық, саяси, эстетикалық, корпоративтік адамгершілік, діни,дәстүрлі,әдет-ғұрып..Норма-бұл белгілі әлеуметтік қоғамның қатысушыларының іс-әрекеттерінің үлгісі.Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда болмайды. Заңгерлер көбінесе құқықтық нормаларды  зерттейді. Барлық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан,олар үнемі басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып отырады.

        Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін  реттейтін талаптар.Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар: 1) қоғамдық маңызы бар іс-әректтерге ынталанудан шығады мақсат,ой-арман,рухани құндылық т.б. 2) белгілі бір жүйеге  сәйкес келетін,міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді; 3) қоғамдық ұйғарымның  санкцияның негізі болуы керек.

        Заң ғылымында қоғамдағы нормаларды 2 үлкен топқа бөледі:әлеуметтік және техникалық.Бұл жалпы бөлудің өзіндік  мәні бар.Екі топтыңда өздеріне тән ерекшеліктері,негіздері болады.Құқықтанушылар техникалық нормаларды зерттеумен көп шұғылданбайды-бұл олардың қызметі емес.Олар тек өздерінің мамандықтарына қажет жағдайда ғана айналысады және  техникалық норманы  әлеуметтік нормадан ажыратулары қажет.Бір-бірінің объективтік критерилары мен ерекшеліктерін бөліп көрсету өте маңызды.Техникалық норма мен әлеуметтік норма өздерінің зерттеу объектісі бойынша ерекшеленеді.

     Әлеуметтік  норма-адамдардың бір-бірінің,адамдардың  бірлестіктермен қарым-қатынасын,  басқаша айтқанда әлеуметтік  өмірді реттесе,ал техникалық  нормалар адамдардың ішкі ортамен,табиғатпен,техникамен қарым-қатынастарын реттейді. Бұл қарым-қатынас ״адам және машина»,«.адам және еңбек құралы»,«адам және өнекәсіп »типінде болады. Көрсетілген қарым-қатынастың  ерекшелігі -екінші бір жағында  жансыз заттар болады. Сондықтан оларды жартылай әлеуметтік маңызға ие деп айтуға болады.Техникалық нормалар ғылыми әдістерді,техникалық операциялар мен процестердің тәсілдерін анықтап отырады.Әрине, техникалық нормаларды  табиғат құбылыстарымен.заңдарымен салыстыруға болмайды.Біріншісі адамдар қолымен құрылса,екіншісі адамадардың еркіне байланысты емес.Әлеуметтік және техникалық нормалар мазмұны,құрылымы жағынанда бір-бірінен ерекшеленеді.Техникалық норма мен әлеуметтік норманың ұқсастығы екеуіде адамдардың қызметімен тығыз байланысты,ал ерекшелігі олардың зертте объектісі мен тәсілдерінің  әртүрлілігі.[13]

Информация о работе Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі